Бөкей жерінің мәселесі
Бөкейлік қазақтар Жайықтішың табиғи тыңғысы екенін көрдік. Орыс үкіметінің қазақ даласына ұмтылуының себебін жоғарыда баяндадық, Ертіс пен Жайықка казак-орысты орналастыру мақсатын көрсеттік.
Қоныстың шын тарылуы техниканың доғал, мәдениеттің жартымсыз кезінде болады. Аңшы иә көшпелі мал бағушыларда техникаға доғал келеді. Соның үшін бұлар арасында қоныс шын тарылады.
Техника ілгерілеген кезде, еңбекші таптың өндіретін табысы өз қара басының керекті мұқтажын өтеуінен ауысып қалады. Ол ауысқан табысты қожалық қылып тұрған тап үстінен жырып жейді. Жердің берекеті бұған да жетіп тұрады. Айырбас шыққан соң қожалар табы ол жырып алған нәрселерін сәндікке тұтынатын заттарға айырбастайды. Бері келе еңбекшілердің жерден шығаратын табысын ойсыратып ала бастайды. Еңбекшілердің қолында сәндік түгіл, күн көріп тұруға ғана керек заттар жеткіліксіз қалдырылады. Еңбекшілер ашыға бастайды. Жұтқа ұрынады, ауруға шалдығады, өлім артады, қысаңшылыққа душар болады. Елдің саны артуы тоқталады. Адам баласы хайуан күйде тұрған кезде де, хайуан түрінен шыққаннан бері қарай еңбекшілер қоғамның құрдасы, көпшілігі, қожалар аз болып келеді. Еңбекшілер күйзелсе, жұрттың ең көп жағын күйзелді деп ұғыну керек. Міне, әлгі айтқан төменгі түрде ел қысаңдыққа ұшырағанын — қоныстың қалытқылы тарылуы дейді. Ресейде қара шекпендерді құлдықтан босатар алдында қоныс қалытқылы тарылған. Босанар алдында, 20 жылдай ұзағынан Ресейде мұжық саны артпаған.
ХҮІІІ ғасырда қазақ техникасы доғал, елдің саны артса да жерден шығарар пайдасы молаймайды. Ғасыр аяғында қазақ халқы бұрынғысынан да көбейді. Қоныс Сарыарқада шын тарылды.---->
Қоныс қай түрімен тарылса да, жұрт қысаңшылықтан екі жолмен ғана құылады. Бірі — артылған адамын жаңа қонысқа аудару. 2) Техниканы ілгерілету.
Мәдениеті төмен, алғашқы қоғамдардың салт-санасы ескішіл, жаңалықтан қашқыш болатынын көреміз. Ілгері аттағысы келмейтінін аңғараашалсыз ілгерілегісі келсе де, техниканы ілгерілетуге өнер-білімі жетпейді. Сонымен қоныстың шын тарылуынан техниканы ілгерілетіп барып құтылу мәдениетсіз елдің қолынан келуі қиын. Бірақ ауысқан адамына жаңа қоныс тауып беру тағы оңай емес. Қоныс алу үшін көрші елмен соғысу керек. Соғысып жеңуге техникасы басым болуы тиіс. Сонда да қарап отырып жұрт қырылып, жоқ болып кетпейді. Қалайда ілгерілегенін көреміз. Қоныстың шын тарылуы дегеніміз бір үйге кісіні толтыра қамап, түндігі, есігін бітеп койған тәрізді. Ондай кезде жанталасып амалсыз есікті, иә бір жерді бұзып таза ауаға шығасың. Болмаса қырылып қалу да оп-оңай. Сондықтан қазақта қоныс шын тарылған соң, жан сауғалап, қоныс іздеп, амалсыз маңындағы көршілермен соғысып тұрған. Қазақтың жауынгерлігінің тамыры, міне, осы жерде. Қазақ халқының орыс үкіметіне қарсы көтеріле берген себебі де осы. Қазақтың 160 жылдан аса Ертіс пен Жайыққа таласқан себебі де осы. Бөкей қазағының Жайық өткен себебі де осы. Ескі замандарда қай ел болса да соғысшыл болған себебі осы. Тарих жазушылар әлі күнге дейін былай дейді: Бөкей ағаларына өкпелеп, қасына әлденеше мың үй қазақ ертіп Жайық өтті деп. Бұлай деу қата: бұл ғылым жолына, тарихи материализм көзқарасына қиғаш.
Оқ-дәрі жоқ сарайдың ортасына от жақсаң да, еш нәрсе болмайды. Ішіне дәрі толтырып, ұшқын тастасаң, сарайдың күл-талқаны шығады. Қазақтың Бөкей соңына еруі де осы сияқты. Қоныс іздемесе Бөкейдің соңына қазак ермейді. Бөкей қазағы Жайық өтпейді. Ондай ырза болмаған сұлтанның соңына «иттің табаны қышыса, керуенге ереді» деп ерген қазақты тарих білмейді. Бұл бір. Қала берді, қай ел, қай ұлт, қай тап, қай сой кай заманда болса да, тұрмысына, мүддесіне үйлеспейтін іске ұмтылмайды. II Екатерина кезінде Ресейдің шығыс ауданында ақсүйек сойына үкіметке қарсы еңбекшілдер көтеріліс шығарды. Мұны Емельян Пугачев ауасы деп (көтеріліс деген ұғым. З.И.) атап кетті. Қалмақ Халқы осы ауада Пугачевқа қосыллғтың жанын ұртына тығып, қыса бастады, езе бастады. Ол кезде Ресейдің қалмағы Еділдің екі бетін қоныс қылып тұратын. Оң беттегі қалмақтың бірқатары Кавказға қарай босты. Сол жағында Жайық пен Еділ, екі ортасында Нарын құмында тұрған торғауыт деген аталығы Қытай жақтағы туысқаны жоңғарға (шүршітке) карай босты. Еділ мен Жайық йлқаңырап қалды. Бұл 1772 жылы болды. Нарында аз-мұздап көше алмай қалғаи қалмақтар тұра берді. Кіші жүз бұлардың бос жеріне баса қонып араларынан жанжал шыға берді. Бұған шара қолдану керек болды. Кіші жүз бастығы Бөкей болып Нарыннан түпкілікті қоныс сұрап, үкіметтің мазасыыңіру киын болды. Бұл бір. Екінші, Нарынның шағыл құмы жерсіз қазаққа ғана болмаса, үкіметке қызғылықты да емес еді.
Қазақты көшіре алмасын білген сон, Орынбор губернаторы қалмақты өзенге шығарып, қазаққа жер белгілеп бермесе болмайды деп карта жасап, жоғарғы үкіметке ұсыныс кіргізді. 1897 жылы 3 ноябрьде патшаныц жарлығымен бұл ұсыныс бекіп, келесі жылы 17 ғинуарда 3 ноябрь жарлығы қайта бекітіліп, қазақ сол картадағы көрсетілген шектен шықпасын делінді, Орынбор әкімінің сөзін Аштрахан губернаторы және бергі Кавказ бас әкімі Кнорринг қуаттады. I Павел патша 1801 жылдыц II мартының белгілі жарлығын шығарды. Бұл жарлық бойынша Бөкейгс өзіне қараған қазағымен тілеген жерінде мәңгілік көшіп жүруге рұқсат болды. Бөкеймен өткен бастапқы 5 мың үйден асу қазақ соңынан бір-екі жыл ішінде 5 мың үйдейт ағы қосылды. Калған калмақ пен қазақ арасында қонысқа қыңкыл сөз шыққан соң және казақ жерді көп алып қояды деген оймен 1805 жылдың 19 майында жарлық шықты. Қазақ тұратын жердің шегі белгіленді. Сондағы шегі мынау деп көрсетілді: Бөкейге қараған Кіші жүзге Қараөзеннен бастап Боғда (Басқұншақ), Шапщашты тауына дейін (қалмаққа көшуіне берілген жерге кірмей), таудан Шапшашты басым «Дудайск», иәки «Телепноба» ватағасына шығып, тап теңізге дейін. Бірқатар қазақтардың қыстауы «Дудайск», «Телепноба» және Кониеп ватағасының арасында (ватаға — балықшылар тұрып, балығын тұздап, дұрыстайтын орын) болады. Қалғандары теңіз жағасындағы қамыс аралдарында қыстайды. Бөкей жерінің алғашкы жалпы шегі, міне, осы. Сарыарқада коныс шын тарылып, жүз алпыс жылдан астам уақыт Жайыққа таласып, осы конысты алған қазақты «Бөкейлік» дейді. Жайық өткен соң, Бөкейлік қоныстан тарықпады ма? Бұлардың қонысына ешкім тосыннан келіп табақтас болмады ма? Бос жатқан жерге келіп орнаған Бөкейлік әуелгі кезде көгін алдыруға қысып жүріп жіберген ат сияқты шалқып, байып, елі көбейеді. Сол кезде бұларды теңіз жақтан орыстың жерқұмар «титул» иелері граф, княздары Арқаға қарай ығыстырғысы келіп, жеріне қоқандай бастайды. Бөкейлік пен «титул» (даража) иелерінің арасында жерге талас шығады. Бөкей қазағы оңай жер, олжа тапқысы келген князь Юсупов және граф Безбородколармен дауласып, Петрбордағы жоғарғы үкіметке дейін барысады. Ақырында, істі қарастыруға сенатор Энгель келеді. Істі зерттеп болып Энгель баяндама қылды. Бөкейлік қазағы малын бағып, тыныш тұрады. Қазынаға және орыс кәсібіне аса көп пайдасын тигізеді. Халқы мықты байыған жылына 2 млн. сомнан артық нәрсе сатаар Қараөзен және Сарыөзен арасындағы жерді және тұтас Қамыс Самар көлдерін беру керек. Оралға таяу жер атты қазақтан бос жатыр. Сол атты қазақтан бос жатқан иесіз жерден өз жерлері шегіне жалғас Оралға қараған даладан 600 мың десятина жер беру керек деді. Бұл кісі 1827 жылы Бөкейлік келіп, 1828 жылы баяндамасын берді. Дәлелі аса маңызды болды. Сенатпен бірге Азия комитеті Бөкейлік арызын орынды тауып, теңіз жағасы казаққа тиіс. Қазақтан басқа еңбекпен жерді пайдаланып отырған ел жок, қазақтан өзге жерге тарығып тұрған адам жоқ деп шешсе де, теңіз жағасындағы даулы жер күшпен графтар, князьдар қолында қала берді. Бұл жердің жартысын үкімет сатып алып, қалғанын қазак арендаға алып тұра берді. Оралдың сол жағынан жер іздеп өткен Бөкейлік жаңа қоныста да жеткілікті жер таба алмай, 1830 жылдары Жәңгір кезінде жерсіздіктен теңіз жағасындағы граф Кошелиев, Безбородко, князь Юсуповтардын сырттан иемденіп тұрған жерін қазак арендаға алып, күн көріп тұрады. Қазаққа жер сол кездің өзінде- ақ аса тар, тапшы болғансын жалғыз князь Юсуповке Жәңгір кезінде 970 сом жылына аренда төленгенінен байқауға болады. Сол жерге тарыққан қазак жерін Жәңгір хан да жеуге себеп болған. Жәңгір Бөкей қазағының жерінен 400 мың десятина жерді өзі алып, бірқатарын жақындарына үлестіріп берген. Сол Жәңгір мен орыс князьдарына қарсы 1829 жылы Қайыпқали (қазақ Қайболлы дейді) көтерілісі болды. 1836-1838 жылдары
Жоламан, Исатай, Тайман балаларының зор көтерілісі болды. Осылар — жер үшін болған көтерілістер. Бұларды атты қазақ шығарып, қазақты қырып шаққа басты. Қайболды, Жоламан, Исатай, Махамбет — қазақтың Пугачев, Степан Разиндері. Бұлар жер үшін қазақ бұқарасының хандарға, князьдарға, ақсүйектерге қарсы көтерілісінің тудырған балалары. Жай тыныштық жолымен іс өнбейтін болған соң, жер үшін обырларға қарсы қару алып шыққан қазақ бұқарасының қолбасылары — Исатайлар. Исатай көтерілістері — Орта жүз, Кіші жүз бұқарасына ортақ көтеріліс. Бүтін қазақ даласын шарпыған көтеріліс 1838 жылы Кенесары, Есет көтерілістері де болған. (Исатай Жәңгірханға, князьдарға қарсы көтеріліс туралы Орынбор архивінде бірнеше том іс бар).
Бері келе Юсупов арендасы XIX ғасыр аяғында 125 мың сомға мінген, теңіз жақ бетінде қазақ жеріне «титул» иелері табақтас болып жүргенде, шығыс қабырғасында Орал атты қазақтары да тегін аренда алғысы келіп, пайдаға алақаны қышып, тыныш жата алмайды. Пайдаланып, еңбек сіңіріп отырған жерін тегіндікпен қазақ бере қоймай, іс жоғары үкімет қарауына түсіп, 1833 жылы 21 февральда Орал атты қазағы мен қазақ арасына шек белгілеп патша жарлығы шығады. Бұл жарлық бойынша шек былай көрсетіліп жүреді: 1) Орал атты қазағының шегі Сарытау губерниясынан басталып, Қараөзеннің (Большая река) сол жағасын қуалай отыріp:paragraph —>
2) Қараөзен мен Сарыөзен арасындағы жерді тұтасынан, бірақ Сарыөзеннің (Малая река) сол бетіндегі Бесқала жерін қоспай (Талобск), Бервовский, Обинский, Мокринский, Глиняный — бұлар қазақ отырықшы болуына үлгі болар — өз еркінше қыстап, жайлап отырықшы болып тұруына Бөкей ордасының қазағына беріледі. Бірақ мәңгілік меншікті емес. Тек пайдалануға және келесі тәртіп болғанша беріледі. Сарыөзенде малын өткізуге қазақтың көпір салуына рұқсат. Қазаққа қалдырылатын жерде біреу салған қала бар екен, онда 10 үйден кем болмаса, жан басына 15 десятинадан жер берілсін деп сенаттың ұсынғанын қабылдамай, патша ол қала бұзылып, көшірілсін деп әмір қылған. Осы жарлық шыққандағы қаулысында сенат айтады: «Ішкі орда берілген жерге орнап, көбейді, байыды. Осы күні ерген жаны 42 мыңнан кем емес, 500 мың жылқы, 100 мың сиыр, 2 миллиондай қойы бар. Мұнан көрінеді — отырықшылыққа бір тиын пайдасы жоқ жерден қазақ қана ыңғайлы кәсіп қылып тұрып пайда шығаратыны. Сол қазақтар отырықшы елдің кәсібіне айырбас арқылы байлықтың бұлағы», — деп. Бөкейлікте, шынында, қазақ болмаса, басқа жұрт күн көре алмайды. Оның себебін әлі алдымызда көрерміз. Жоғарғы айтылған қалмақтың көшіп, қонып жүретін жеріне қазақ қатыспайды дегені. Александровский мен Багтурский деген Шапшашы мен Боғда жақтағы ұлыстары болады. Осы Жәңгір тұсында Шапшашы — Боғда арасында тұз таситын жолдың (солевозный тракт) екі уезінен қалмақ ұлысының 3 және 5-болыстарынан, қазақтың II округінің 12-болысынан үкімет «жолға» деп жер кесіп алады. Он шақты жылдан соң «тракт» құрыған соң қазына оны қазақ пен қалмаққа қайтып берудін орнына оброчный статьяға айналдырады. 13 тілімге бөліп, сол жері кеткен қазақтардың өзіне «арендаға» беріп тұрады. Сол аренда Қазан төңкерісіне дейін созылып келді.
Бөкейлік жерінің 70% қолайсыз, шағыл кұм. Қашаннан Бөкейлік қонысқа тарықпаған, басқаға телмірмеген күні жоқ. Бөкей заманынан бері қарай ішкі Орданың қай бөлімі болса да ақша төлеп, арендаға жер алып кана күн көрмегені жоқ. Мәселен, атам заманнан бастап ІІ округтің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9-болыстары, I округтің 1, 3, 11, 12, 13, 14, 15, 16-болыстары және Бөкейліктің басқа бөлімдері де Аштарқан уезіндегі «Манақ» сопылардан, Краснояр уезіндегі атты қазақ және Қондырау татарларынан, Жаңатай мен Чернояр уездеріндегі атты қазақтардан, қалмақ халқының Бағатсақұр және Александр деген ұлыстарынан, Келеші поселкесінің татарларынан, қазынадан (Прокофьевы бугры деген қазына жерін), граф Игнатьев, Безбородко, Кубшелиевтерден княгиня Юсуповадан және басқалардан арендаға жер жалдап алып қана күн көріп жүрген. Бұл мағлұматтан Бөкейліктің жерге аса 1 мұқтаждығы көрінеді. Жерге зәру қазаққа «рентнер» болмаған, қанамаған, сормаған елдің иә сойдың жоқтығы айқындалады. Бөкейлікке осы айтылған түрлі татарлар, түрлі атты қазақтар, түрлі қалмақ ұлықтары, түрлі титул иелері, орыстың сопылары 1918 жылға шейін рентнер қожа болып келді. Осылардың бәрінің малын бағушы қазақ, пішенін шабушы қазақ, құдығын қазушы қазақ, күлін шығарушы қазақ, отын жағушы қазақ, жерін жыртушы қазақ және осы еңбегінің орнына аренда төлеуші қазақ болып келді. Жерсіз деген, міне, осы. Бір ел социальный құлдықта болу деген міне, осы. Аренда қазаққа арзанға түспеген. Қазақ жер жалдап алмай, амалы жоқтығына түсінген рентнерлер жылма-жыл аренданы арттырып отырған. Төленген аренданың мөлшерін теріп жазып отырмай-ақ, жоғарғы 11 округінің бір өзі ғана XIX ғасыр ортасында 200 мың сом жылына төлегенін көрсетсек, қазақка аренда қанша қымбатқа түсіп тұрғанын толық аңғаруға болады.
Осындай күйде жүрген Бөкейлік жеріне шығыс беттен Орал атты қазағы табақтас болуға ынтасын салғанын жоғарыда көрдік. Екі өзен мен Қамыс, Самар көлдеріне талас ұзап, күшейіп неше жылдар созылып, мұнан 80 жылдай ілгеріде, әсіресе екі өзен арасына жанжал күшейеді. 1833 жылғы патша жарлығы бойынша, бұл ара Бөкейлік қазағына қалған. 1828 жылы сенатор Энгель екі өзен арасына қазақ еңбек сіңіріп, пайдаланып отыр, атты қазақтың дақылы жоқ жерді қазаққа беру керек деді. Мұны сенат пен Азия комитеті мақұлдады. Сонда да «Алла қойды көрсе көзі ауырған арыстан» сияқты бұратана қазақтың құқын аттап өтіп атты қазақ екі өзен аралығына ие болғысы келді. 1855 жылы Недорезов деген землемер шығып, теңіз жағасынан бастап, Қамыс, Самар көлдеріне қарай шек жүргізді. Арқа жақтағы екі өзен арасы қазақ қолында қала берді. Атты қазақ сырттан жүріп жер менікі дегенін коймайды. 1864 жылы жаңадан Орал атты қазағы мен Бөкейлік қазағының арасына шек тартуға Болшаков бастық болып комиссия шығады.
Бұл комиссия Недорезовтың теңіз жақта қазаққа қалдырған жерін Орал атты қазағы орналасқан жердің ішіне кіргізе шек тартады. Қараөзеннің қазақ жағынан қуалай 125 сажень жерді атты қазақ пайдасына қалдырады. Сондағы дәлелі: орыс өзенмен пайдаланса, қазақ жағынан 125 таяқ жер керек болады- мыс. Бұл қасқырдың қозыға «суатымды лайлайсың әрі тұр» дегенімен бір. 1-округтің бірінші болысына Недорезов «Шолпан» деген жерді қалдырғанда шекті Құлбабаның моласы Толыбай, Жаманалы құмдары Шаң моласы қылған. 1864 жылғы комиссия Құлбаба моласын әлденеше шақырым атты қазақ жерінің ішіне тығып жібереді. Қазақ мұнымен жерден көше қоймайды, айтысады, тартысады. Ақырында, Орынбор генерал-губернаторы жанарал Кржижановскийдің ұсынған жобасына сүйеніп, кіргізген Мемлекеттік кеңес пікірі патша тарапынан 1871 жылдың 28 мартында бекітіліп, қайтадан шек тартылатын болды. Осы жарлық бойынша 1873 жылы жанарал қасында айрықша аманат жұмысты орындаушы чиновник (Членов особ. пор.) Шмотин бастық болып комиссия шығып, соңғы рет шек жүргізілді. Кржижановскийдің ешбір мағлұматқа сүйенбей, Қараөзеннің қазақ жиегін қуалай 125 сажень жер атты қазаққа берілсін Қамыс Самар көлдерінен тіке «Пороховинск бугорге» қарай шек тартылсын» дегенін патша бекітіп, аяғын былай толықтырды: «шек теңізге қарай Пороховинский бугорге қарай тартылмасын, Құрқай аңғарына қарай тіке жүргізілсін (Құрқай Орал жақта, Бугор қазақ жақта), теңіз жағасынан Бугор мен Құрқай арасында атты қазақтар балық аулағанда пайдаланатын бір шақырым жер қалынсын, қазақ ішінде шекке жақын жерлердегі көлдер де балық аулау үшін атты қазаққа берілсін деп.
Қазақ жерін орысқа қалдыру жағынан комиссия Кржижановский мен патшаны да жолда қалдырып кетті. Мырзалығын асырып шықты, балықты көлдердің суы түгіл, маңындағы құрлық жерлерді де 125 сажень жағаның орнына 1025 сажень жерлерді атты қазақ пайдасына кесіп кетті. Мәселен, Талекпе бөліміндегі Аққкөлдің айналасындағы жерлер атты қазаққа қалдырылды. Қараөзен бойындаТөрткөл деген жерге келгенде 1025 саженьнеп кесті. Бөкейліктен комиссияның ішінде болған уәкілдер Шығайұлы мен Бекмағамбетұлы және комиссия бастығы Шмотин бұл орасан зорлыққа көнбей, қарсы болып, дәлел көрсетіп іыллов пен қазақ-орыс уәкілі полковник Хорошкин сөздері (бұл екеуі де комиссияда болған) іске асып, Бөкейлік пайдасы бүктемеде қалды. Кржижановский тыңдамады. Осы соңғы шекті жүргізу жайындағы жарлық Орал бойында ені 10 шақырымдық алқап алынатын жарлықпен тап бір күнде шыққанын оқушы сезген болар. Сезсе, қазақ сөзі далада қалғанын да аңғарған шығар.
Міне, осы комиссия шек жүргізгенде Талөкпе, Қамыс-Самар, 1 округтен тосыннан-тосын, бұрын атты қазақ пайдаланбақ түгілі аяғымен де баспағап 130520 десятина жер сонымен қазақ-орысқа кетті. 120 мыңнан аса малы бар, 7370 үй қазақ қашаннан отырған қыстауын тастап, қонысынан бет алды құла түзге ауып шұбыратын болды. 70 жылдан артық кір жуып, кіндік кесіп, күл төгіп, қыстау, қора-қопсы салып, шабынын шауып, пайдасын тауып, еңбегімен нұрландырып, терімен суландырып отырған ата қонысынан босап, тышқандай шұбырып тағдырдың құрығынан ұстап, ыдырайтын болды, Үкімет екі өзен арасын қазақтан орысқа неге тал түсте тартып алып берді? Қазақ басқа жері болып, қонысы болып, көкірегі азып жүрді ме? Қазақ-орыс қонысы жоқ болып, тынысы тарылып, жергс тарығып, тәңіргс жазып жүрді ме? Тіпті жоқ. Бұл келте жауабымызды сипаттау үшін сол кездегі сенат тілі мықты дәлел. Уақытша Кеңес есебінше, Бөкейлікте 7106967 дссмтииа жер---->
бар. Суды шығарып тастағанда 6929893 десятина құрлық қалады. 49° бастап, шығыста Қамыс, Самар көлдерінің жайылмасының, өзен жағасының Орал облысының шегімен жүріп, Ақ теңіз (Каспий теңізі. З.И.) жағасының батыста Қондырау татарлары жері шегімен, басқұншак тұзымен, Тұзқала жолымен және Орда қаласымен. Міне, осы ортаның бәрі тұтасынан жалпақ, ысылдақ, жалаңаш құм мен шағыл. Бұл құмнын ұзыны Арқадан теңізге қарай 240 шақырым, ені батыстан шығыска қарай 220 шақырым, ауданы 500000 десятина. Салыстырғанда Бөкейлік жерінің 70% ысылдақ, жалаңаш құм. Қалған жерінің көбі татыр, сор, ашуат. Саз, татыр, ашуат сордың ауданы 540 мың десятина. Барлық Бөкейлікте құм, сор, татыр су ауданы: 177074 су 5500000, құм + 540000 татыр = 6217174 десятина болады. Мұны 7106967-ден шегерсек, Бөкейлікте тәуірсымақ жер 889893 ғана десятина болып шұнтиып қалады. Егінді көп салып жүрген жылдары Бөкейлікте жердің 1% ғана айналдырып жүрген. Оқымысты агрономдар (мәселен Айбанов) мен жер мекемелерінің мағлұматына қарағанда Бөкейлікте жер тіпті аз сол 1 % -нен асыру қиын, қалған жерді қолымен суырып қана егуге болады. Сонда да суы жарамсыз және жеткіліксіз Бөкейліктіңдеен басқа жерінде ел суды құдықтан ішеді, қатқылдағы құдығы әлденеше құлаш жерден шығады. Шоңай стансасында, жаңылмасам, бір ноғайдың құдығы 14 құлаш. Мал бағып, тұқымын жақсыландыруға да жері қолайсыз. Неге десеңіз, Бөкейліктегі оңбаған, жексұрын шөпті көнбісті дағдыланған тек қазақ малы ғана қорек қылады. Бөтен тұқымды мал тамақсынбайды иә сіңіре алмай қырылып қалады дейді агрономдар. Олай болса, Бөкейлік мал бақпасқа амалы жоқ. Мал бақса, қазақы тұқым ұстамасқа лажы да жоқ. Бұлай болмаса, Бөкейлік қазағы қырылады. Соның үшін балық сумен ғана тұра алғанындай, Бөкейлік қазағы, бұл мәдениет басқышында тұрғанда, бұл өндіріс әдістерінің түрінде тұрғанда, тек мал бағып қана күн көре алады. Бөкейлік маман айрылса да сырттан жәрдем беріп, шаруасын көтермелеуге, жандандыруға болады деу қияли адамның артымен бал ашқаны болмақ. Бөкейлік сықылды елдің шаруасы сырттан емес, тек өз ішінен ғана жанданып дем алып тұрады. Ішінен құрыса қайта түзеуге дауа жоқ.
Енді Бөкейлік жері, шаруасын әлгі өзен арасындағы жер кеткен мезгіліндегі Орал атты қазағының жері, шаруасымен салыстыралық. Осы өзендер дауын айыруға Петрбордан жандарал Маслокобец шығып, Бөкейлік пен Орал атты қазағының жерін, суын, мүддесін ресми мағлұматтар арқылы және аралап көріп қарастырған. Уральское поездковое хозяйственное правлениеден келіп мағлұмат алған. Сол жанарал Маслокобецтін 1905 жылғы есебінше, Орал атты қазағында 6446400 десятина жер бар. 1894 жылғы санақ бойынша бір қазақ-орысқа 45 десятина жер келеді, болмаса 17 десятина жақсы жер келеді. Бір бас малына 5 десятина жер, болмаса 4,5 десятина жақсы жер келеді. Маслокобец есебінше, Бөкейлік қазағының бір бас малына 0,95 дссятина қолайлы жер келеді. Бұл ілгергі санақ. Бұл атты қазаққа өзендер кеткен мезгілдің сәл соңындағы санақ. Бұл Орал атты қазағына Бөкейлік жерін тартын алып бергенде кімде қанша жер барлығын, кім жерге шын мұқтаждығын, кімнің еріккеннен жергс жерік болғандығын,
қім тоңып секіргенін, кім тойып секіргенін айқын сипаттайды. Қазақтың бір қарасына қолайлы жер бір десятинадан кем. Атты қазақтың бір қарасына 4 жарым десятина қолайлы жер келіп отырса да, қазақтан 130 мың 520 десятина жерді талма тал түсте орысқа тартып алып беруі зұлым патша үкіметінің қазақты атты қазаққа жем қылғаны болады. Қазақтың көз майын атты қазаққа тірідей ойып алып бергені болады. Қазақ-орысқа жері кеткеи қазақ орнын тастап көшпеген. Тұрмысқа үйлеспейтін заңның құны солай болады. Бірақ атты қазаққа семіз малай, тілсіз құл болған қазақтар қонысыи өзі арендаға алып тұра берген. Арендаға XIX ғасыр аяғында қазынаға төлеген алымнан 9 рет артық ақша төлеп тұрған (40472 сом 50 тиын аренда).
1901 жылы қазақ-орыстар жерімізді арендаға да бермейміз деп сходтарында қаулы жасады. Қазақты қуып шығатын болған соң, қазақ атты қазаққа малайлыққа жазылып, малына орыс таңбасын басып, жең ұшынан жалғасып күн көріп, жермен пайдаланып тұра бастады. Бұлай бұлтарудың себебі мынау: Войсковое хозяйственное правлениенің «1890 жылдың 22 апреліндегі № 25 циркуляры бойынша: әр 16цер 150 ірі қара, 1200 уақ мал, обер-офицер — 100 ірі қара, 800 уак, мал, жай атты қазақ 25 ірі қара, 100 уақ мал ақша төлемей әскер жерінде ұстап тура алады. Мұнан артса әскер пайдасына алым төлейді. Соның үшін қазақ атты қазақ пен өзара жең ұшынан келісіп, әлгі санға толғанша, малына орыс таңбасын басып, өзі орысқа малайлыққа жазылып, астыртын орысқа аренда төлеп тұра беретін. Араздасса таңбалы малды орыс сіңіріп кеткені де В.С.-тің (Временный Совет) ескі істерінен көрінеді. Осылай астыртын келіскені үшін орысқа қазақ соңғы жылдарға шейін ірі қараның басына жылына 1 сом 30 тиын, уақ малға 60 тиыннан шөпауыз төлеп тұрды. Кейде «ревизор» келіп қалып қазақ малын таныса, қазақ айып төлеп қалатын. Айып аренда ақыдан 2 есе артық болатын.
Атты қазақ әскер жерінен пішен шабуға қолына куәлік қағаз алып, кебен басына 8-10 сомнан алып куәлік қағаздарын қазаққа сататын еді. Қазақ пішенін шауып алатын еді. «Ревизор» келіп қалса, пішеннен де, төлеген ақшадан да, сіңірген еңбегінен де тұтас жұрдай болатын еді. Қыстыгүні ел аралауға «ревизор» шықса, аз-мұз қарасы бар орысқа жалданып отырған қазақмалын үйіне кіргізіп, шымылдық түріп жаңа түскен келіншектей қылып, білдірмеске қоршап қоятын еді. Көбінесе қазақ айыпты жылына 2 рет тартатын еді. 1905 жылы Маслокобецке берген арызында осы жері кетіп арендатор болып отырған қазақтар айтады: «Қазақтың жаны да, тәні де атты қазаққа мәңгілік құлдыққа арналған» деп. Әрине, бір ел бір елді мұнан артық құл қылмас.
(Жалғасы келесі санда)
Телжан Шонанұлы