Иә, биыл «Жастар жылы» өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты дамыту мақсатында колледждің білім алушыларын азаматтыққа, адамгершілікке, отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру басты шаруаның бірі. Жастардың таңдаған мамандығына деген адалдығы мен қызығушылығын, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру. Алматы қазақ –түрік гуманитарлық –технологиялық колледжіндегі ақыл мен білімі тең «Аударма ісі» 103 тобының студенттері. Өткен қыркүйектен бастап ерекше көзге түсе білді.
Топ басшысы Хари Азиза Жастар жылы аясында және Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің 15жылдығына орай өткізілген «Жастар бизнесін жаһандандыру» атты бизнес жобалардың қалалық байқауында ІІІ-Дәрежелі дипломмен марапатталған еді. Оның жетекшісі Қоғамдық пәндер оқытушысы Сұлтанмурадова Гүлнар Досанқызының бұл істе атқарып жүрген ісі орасан зор.
Республикалық «Жұзден жүйрік» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауда Шымырбекова Дариғаға өзім жетекшілік еттім. Байқаудың «Туған жерім тамаша» номинациясында І – дәрежелі үздік бағалауға ие болды. Республикалық «Жұзден жүйрік» интелектуалды білім порталы алғыс хатпен марапаттады.
Ал «Ойзерек» қашықтықтан шығармашылық байқау өткізу порталы ұйымдастырған «Елбасы-елдің тірегі» атты блоймасқанова Аружанға жетекшілік етіп, мадақтама алдык.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Білім алушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет бере отырып, оның қара сөздерінің мағынасын ашу, ақыл, қайрат , жүрек және ғылымның адам өміріндегі алтын орнын, оның жан дүниесін түсінугасзеге асыруға, адалдық пен ізгілікке , білімді азамат болуға тәрбиелеу. Соған байланысты 103 тобы мамандығымен «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» деген тақырыпта Қазақ тілі пәнінің оқытушы аті. Қатысушылар бұл дәріс сағатының мәнді, мазмұнды өткеніне разылығын білдірді.
Жандыбаева Назгүл,
топ жетекшісі