№2, ақпан 2020 жыл
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұлттық тарихымызды жаңданднаққа жеткізу мақсатында «Әбілхайыр хан: саясаткер, қолбасшы» деген тақырыпта тарих сағаты өтті.
Қазақ хандығы кезінде әсіресе, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде Әбілхайыр ханның алар орны ерекше. Ол 1693-1748 жылдары өмір сүріп, Қазақ мемлекетінің ішкі, сыртқы саясатына белсене араласып, ел басқару ісінде даналығымен, айлакерлігімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, батырлығымен көзге түсті.
Өздеріңізге белгілі, Әбілхайыр өмір сүрген заман қазақ халқы үшін ел басына қиын-қыстау күн туған кезең болды, жоңғарлар, қалмақ-бааткөп күйзеліске ұшыратып жіберген еді. Осындайда ол мемлекеттің басына төнген қауіпті дер кезінде көре біліп, қазақ халқының ұлт ретінде тарих сахнасында сақталып қалуына, көрші елдермен қарым-қатынас жасауына ат салысып, Ресей еліне алғаш елші жіберіп, даналығымен ел жадында мәңгі қалды. Әрине, Қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуі, пайдасы мен зияны, алып империяның өлкені әскери отарлау саясатының бағыт-бағдары еш-бүкпесіз оқырмандарға жеткізілді.
Біз шындығында, Әбілхайыр ханды жан-жақты танып білдікgrgraph —>
Сонау ХYІ-ХYІІ ғасырларда қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде қойдай қырылып, азапқа түсіп, өз елінен безіп кетуге мәжбүр болды. Халықтың басына түскен қиын жағдайдан шығудың бірден бір жолы қазақ елінің басын шашыратпай, ортақ жауға қарсы күш біріктіру қажеттілігі туындады. Міне, бұл Әбілхайыр ханға бұйырды. Кіші жүзге хан сайланғаннан кейін өзінің батырлығы мен қолбасшылық қабілетінің арқасында қазақ жерінің тең жартысын жау қолынан азат етті. Сөйтіп 1726 жылы Әбілхайырды жоңғарларға қарсы күресте қазақ әскерінің басқолбасшысы етіп сайлады. Шынында да, сол заманда оған тең келер қолбасшы болмаған еді. Алайда, қазақтың хан, сұлтандары арасындағы «алтыбақан алауыздықты», соны жіті бақылап отырған орыстың патшасы мен генерал-губернаторлары қалмақ, башқұрт, қазақтарды ұдайы бірі-біріне айдап салып, араларына оттастап өз мүдделеріне пайдаланып қалуға тырысты.
Хандыққа таласты да пайдаланды. Соның арқасында генерал-губернатор Неплюевтің айдап салуымен Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор
бекінісінен қайтып келе жатқан, жанындр п, оны өлтіреді.
Бұл тарихи сағаттан түйгеніміз, Әбілхайыр солйш, дара қолбасшы хан-сұлтандардан жоғары болды. Оның мемлекеттік қайраткер, шебер ұйымдастырушылық қабілеті, өз елінің, жерінің қамын ойлайтын батылдық, ерлік жолы жас ұрпақ үшін өнеге, мақтаныш. Әбілқайыр ханға арналған «Хан моласы»мемориалдық кешені Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Толыбай елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындаең басты көңіл бөлген мәселесі «Қазақстанның киелі орындарының географиясын» жасау еді. Бүгінде «Хан моласы» киелі орындардың қатарына еніп отыр.
Рима Убайдуллақызы Мәндібаева, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы
Мектепке дейінгі және төменгі класс оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің меңгерушіс