№1 (161) Қаңтар, 2020 жыл

Эпостың көне нұсқаларын алғашқыда Г.С.Саблуков (1830), Ғ.Дербісəлин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уəлиханов (1856), П.М.Путинцев (1856), В.Радлов (1869) халық арасынан жинап, хатқа түсіргендігі мəлім.

Сонымен бірге Н.Ф.Костылецкий, Г.Н.Тверитин, Н.Г.Потанин, Н.Н.Пантусов, Е.З.Баранов, Р.Ш.Əбдрахманов, т.б. оқыған азаматтар жыр мəтінін орыс тіліне аударып жариялаған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының жекелеген нұсқалары Қазан төңкерісіне дейін сан мəртежаақтың нұсқасының ізімен семейлік Бейсенбай ақын жырлаған делінетін тағы бір нұсқа 1936 жылы М.Əуезовтің құрастыруымен Алматыда жарыққа шығарылды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосы 150 жыл уақыт бойы əртүрлі фольклорлық жинақтар мен оқу құралдарында үзілмей жарияланып келеді.

&nbspтапос жайындағы зерттеулер топтамасы 2002 жылы Астана қаласында көлемді кітап түрінде басылып шықты. Ал 2003 жылы Мəскеуде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу. Қыз Жібек: Казахский романический эпос» деген атаумен қазақ жəне орыс тілдерінде жарық көрсе, 2005 жылы Алматыда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының нұсқалары» атты бағалы басылым оқырман қолына тиді.

Кеңестік дəуірде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры жайында көптеген зерттеу еңбегі жазылды. М.Əуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүй сенбаев, Ə.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Н.Смирнова сынды ғалымдар жыр сюжетін əр қырынан қарастырып, түрліше ой-пікір білдірді. Дегенмен, біз сөз еткелі отырған «Қозы Көрпеш – Баян қыз» атты жыр нұсқасы əлі күнге жеткілікті зерттеле қойған жоқ.

Қазақ фольклоры ғылымында «Потанин нұсқасы» немесе «Жанақ – Бейсенбай нұсқасы» деп аталып жүрген бұл екі жыр қолжазбасының мəтіндік жағынан елеулі айырмасы жоқ. Потанин нұсқасының қолжазбасы Ресей Федерациясына қар утапханасының қолжазбалар қорында сақталған (№151-іс, 7369-7388 б.б.). Қолжазбаны 1966 жылы ƏӨИ-дің аға ғы лыми қызметкері Едіге Тұрсынов тап қан. Академик Ə.Х.Марғұланның айтуына қарағанда, осы қолжазбаның дубликаты Омск қалалық мұрағатындағы Н.Я.Коншин материалының арасында сақталған көрінеді.

Аталған нұсқа жайында Ы.Т.Дүйсенбаевтың «Қазақтың лиро-эпосы» атты зерттеу еңбегінде, М.О. Əуезов атын дағы ƏӨИ қызметкерлері шығарған Г.Н.Потанин жинағында жан-жақты сөз болған.

Біздің қолымызда Ə.Марғұлан ескерткен, кейін арнайы мақала жазған екінші қолжазбаның фотокөшірмесі де бар. Екі қолжазбаның бір адамның қолмеаны білініп тұр. Біздіңше, Омбыдағы қолжазба түпнұсқа болуы да мүмкін. Өйткені Г.Н.Потаниннің Томск университетінің кітапханасында сақталған №151 істің сыртына «Д» белгісі соғылған, яғни бұл оның дубликат екенін білдіреді. Сондай-ақ біздің қолымызға тиген Омбы қолжазбасының 1-бетінде «1884 года, марта 2-го дня» деген мерзім көрсетілсе, Томск көшірмесінде «21-III, 1884» деп көрсеткен. Осыған қарап, академик Ə.Марғұлан тапқан эпос қолжазбасын түпнұсқа ретінде тануға негіз бар. Қолжазбаның соңғы бетіндегі дөңгелек жүзік мөр де осы сөзімізді қуаттай түседі. Өкініштісі, фото көшірмеден мөрдегі жазуды оқу мүмкін болмағандықтан жүзіктің иесін де анықтау қиын.

н сқасы алғаш рет 1972 жылғы Потанин жинағында үзінді түрінде жарияланса, кейін толығырақ мəтіні 2002 жылы эпостың 1500 жылдық мерейтойына орай шығарылған ғылыми басылымға енгені мəлім.

Потанин нұсқасын 1936 жылы М.Əуезов жариялаған нұсқамен салыстырғанда бұл екеуінің түпкі негізі – бір ақынның өңдеуінен, дəлірек айтқанда қаламынан қайта туған нəзиралық эпос екендігі айқын байқалады. Əйтсе де, классик-жазушының Г.Потанин архивінде, не болмаса, А.Коншин материалдарының арасында сақталған осы нұсқаның толық мəтінімен таныс болмауы оның шынайы қорытындылар жасауына бөгесін болғандығын аңғару қиын емес. Расында, эпостың Потанин – Коншин көшірмелері (Абай нұсқасы) 1884 жылы қағазға түскен болса, арада 40 жыл өткенде М.Əуезов өзі «Жанақ – Бейсенбай» варианты атаған дəл осы жыр нұсқасын 1924- 1925 жылдары Семей облысының тұрғыны Уəйіс Шондыбайұлы деген əнші-ақынның орындауынан жазып алған. Бір айта кетерлігі, М.Əуезов жариялаған «Бейсенбай нұсқасының» көлемі мұрағұстап айтқанда, Қарабай мен Сарыбайдың кездесуі, олардың өз жерінен кету себептері, Сарыбайдың асы, оған күмбез қойылуы, ең ақырында Қозының Қарабай еліне басшылыққа сайлануы, халыққа деген қайырымдылығы, Қозының Қожан деген дана саудагермен кездесуі, баласы Күлепті сол арқылы Балталыдағы шешесіне жіберуі, Күлептің үйленуі, оның Балталыкій-Уəйіс нұсқасында жоқ. Сондай-ақ Қожан мен Айбастың Аягөзге келіп, Ай мен Таңсыққа үйленуі, сол елге Айбастың би, Қожанның молда болуы, Қозының 35 жасында өз ажалынан қайтуы, Қозы Көрпештің мазары салынуы, Баянның жоқтауы, сосын зиратқа кіріп, тас болып қалуы сияқты эпизодтар да Əуезов жариялаған нұсқада ұшыраспайды.

Жыр мəтіндерінде ақын Абайдың қолтаңбасы барынша айқын сезіледі. Бір ғажабы, Абайдың эпостағы ақындық іздерін зерттеушілердің өздері де байқаған, бірақ неге екені белгісіз, «Жанақ нұсқасын өңдеген Бекбау, Сыбанбай, Бейсенбайлар, кейінірек Абайдың балалары Ақылбай мен Мағауия» деген болжамға ден қояды. Профессор Ы.Дүйсенбаев жырдағы Баянның сұлулығын:

… Аппақ керік маңдайлы, қылығы наз,

Малың түгіл, басыңды берсең де аз.

Сыртынан күлімсіреп сөйлесе де,

 Көңілі қош болмайды баймен араз, – деп сипаттайтын бірнеше шумақты келтіре отырып, былайша түйіндейді: «Осы жолдардың өзінен-ақ жазба əдебиет үлгілеріне өте жақындығы бірденақ көзге түспей ме? Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», яки «Айттым сəлем, қаламқас» іспеттес белгілі лирикалық өлеңдерімен салыстырып байқасаң, көркемдік теңеулер мен тəсілдерінің төркіні бір екендігі де айқын сезілмей ме? Өлең құрылысындағы орындаушы ақынның асқан шеберлігімен қатар ол психологиялық тың бейнелер жакіотырған жоқ па? Қысқасы, бұл нұсқа көп жағдайда жазба əдебиет үлгісіне жақындап, үнемі дерлік онымен барабар түсіп отырады». Шынында да, жоғарыдағы шумақтың мазмұны мен стиліне қарап, оны сол тұста жиырмадан жаңа асқан Ақылбай, Бейсенбайлар емес, қырықтың қырқасына қадам басқан «Абай шығарған-ау» деген ойға еріксіз ден қояр едіңіз. Ал Мағауия ол кезде кəмелет жасына да жетпеген ойын баласы еді. Осы тектес сұлу ақ.» өлеңінен де жолықтырамыз:

Кісімсіп дүрдараз,

Бұраңдап қылма наз.

Мал түгіл, басымды

Жолыңа берсем де аз.

Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңі арада сегіз жыл уақыт өткенде – 1891 жылы жазылыпты. Егер Бейсенбай, Бекбау, Ақылбай, Мағауия, Уəйіс ақындар Абайдан бұрын, яғни 1884 жылдары осындай ғажап поэзия үлгілерін, осындай ірі эпикалық поэма, келісті кейіпкерлер  туғызса, олар қалай ғана классик болып кетпеген?!

Төмендегі жыр тармақтарынан да Абай поэзиясына тəн сөз қолданыстары, көркемдік стиль, ұлы ақын сомдаған кесек образдардың өзіне хас белгілері айрықша танылады.

Қас асыл бой жетіпті, алтын кірпік,

Шақырып Қодар келсе үйтіп-бүйтіп.

Қара көзін қан басып қарағанда,

 Маңына жоламайды Қодар үркіп. …

Ақ күмістей жарқылдап оның мойны,

Бұл дүниенің бейісі һəр ойыны.

Тал шыбықтай бұралған сұлу Баян,

Іздеусіз иен қайтіп жатар қойны.

«Потанин нұсқасы» туралы алғаш пікір айтушы – Ə.Марғұлан бұл қолжазбаның Абайдікі екендігіне шүбə келтірмейді. Ғалымның деректі пікіріне сүйенсек, «Абай бұл жырды 1884 жылы жазып алып, оны өзінше «Қозы Көрпеш – Баян қыз» деп атап, қадірлі ғалым Г.Н. Потанинге тартуға жібереді. Онымен бірге ерте кезде жазған қысқа поэма «Жаңа закон» деген жырын қоса жібереді. Мекенжайын орысша жазып, «Семипалатинского уезда, Чингизской волости, А.К.» деген. Жырдың көлемі екі мың алты жүз жол, сөзі сондай ашық, көркем, халықтың жан- күйін жүйрік білген Абайдың жарқын, саңлақ ойынан шыққаны айқын көрініп тұр». Ə.Марғұлан Абайға тəн ақындық, суреткерлікті байқататын бірнеше мысал келтіреді. Мəселен, зерттеуші келтірген мына бір шумақ осының жарқын дəлелі:

Ойлашы, солар шыны дос емес пе?

Өзге доспын дегендер бос емес пе?

Бірі үшін жаратыпты бірін Құдай,

Ақ ашық, Алла қосқыр осы емес пе? …

Үлгі болған кейінгі білгендерге.

Бұл шумақта Абайға тəн лиризм, ақынға хас қайталау, оқырманмен етене, ашық сырласу мінезі көрініс тапқан. Махаббат лирикасына терең мəн беру, достық қасиеттерін талдай сипаттау, ойлаудың маңызына тоқталу сияқты стильдік ерекшеліктер Абайға дейінгі һəм оның заманындағы ақындарда болған емес.

Ы.Дүйсенбаев бұған қарсы уəж айтады: «Біздіңше бұлайша кесіп айтуға əзірге ертерек сияқты. Күні бүгінге дейін Абайдың өз қолымен жазылған бірде-бір қағазды (қолжазбаны) білмейміз. «Анабі деп жорамалдап жүргеніміз, шынында дəл емес, тек көңілмен жору, оймен долай жазылған тексті сөз ету мүмкін емес, бос əурешілік. Алайда, бұл туралырманысқаннан кейін ұсынармыз». Зерттеуші эпостың бұл қолжазба нұсқасы» p>

«Қозы Көрпештің…» жаңаша жаңғыруына Абайдың қатысы барлығын сол тұстағы беделді фольклортанушы Н.С.Смирнова да мойындайды. Оның «Бейсембай и Уаис – семипалатинские акыны из окружения Абая, от которых Г.Н. Потанин и М.О. Ауэзов получили не совпадающие по составу записи текста, – причастны к формированию этого признака романического эпоса. Найти его им помогли Абай (а через Абая Пушкин), казахская устная песенная лирика и дастаны» деген пікірлері назар аударарлық.

Омбы мұрағатынан табылған эпос қолжазбасының мазмұнымен түгел танысып, оны Абай өлеңдерімен салыстыра оқыған адам біздің пікірімізбен де санасуы бек мүмкін. Əлбетте, XIX ғасырдың екінші жартысында атақты Жанақтан кейін «Қозы Көрпешті…» Шөже, Сыбанбай, Бейсенбай, Түбек яки Майлықожаның жырлағанын ешкім жоққа шығармайды. Болжауымызша, аталған эпосты Абайдың орыс миссионерлерінің сұрауы бойынша нақ өзі өңдеп, сұлулап əрі өз қолымен қағазға түсіруі мүмкін. Бұған бірнеше дəлеліміз бар. Ең алдымен, қолжазбаның бірінші бетіндегі «Джанга закон» өлеңінің тақырыбы мен «1884 года, марта 2-го дня» деген уақыт мерзімі ерекше назар аударады. Өйткені өлеңнің тақырыбы, мерзімі жəне шығарманың мəтіні бір адамның қолымен көшірілгені анық. Ал өлең мəтіні араб əрпімен (қадім) жазылғанын ескерсек, қолжазбаны қағазға түсірген орыс жəне қазақ тілдерін еркін меңгерген қазақ азаматы болғандығын көреміз. Ендеше, XIX ғасырдың 80-жылдары осы өңірде орыс, қазақ тілдерінде сауатты əрі халық ауыз əдебиетін терең білетін, сондай-ақ қазақ қоғамына зор нəубет əкелген «Жаңа низам» заңы туралы өте ойлы өлең жазатындай Абайдан басқа ақын болды ма екен?

Екінші бір дəлелімізді Омбыдан табылған «Қозы Көрпеш – Баян қыз» жырының мазмұнымен танысқанда табамыз. Əсіресе Сарыбай өлгенде тазшаның ханымға айтң Абайдың Əбдірахман өлгенде жазылған белгілільүндесіп, көп жерде сөзбе-сөз қайталанып келуітауы – зерттеушілерге ой саларға керек. Мысал

Жер жүзіне жеткraragraph —>

Мырзалық, ерлік, даңқын да.

Білетін еді өзгеше

 Əр ақылдың шарқын да …

Немесе:

Бассыз қалған байғұс ел

Кір жұқты көңіл-көркіңе.

Көргеннен соң босарсың,

Намысың қоймwpwp:paragraph —>

Қайраттанып осы жерден

Ақыл тоқтап беркіне.

Сүйегіңе мін болар,

Жетпей кетсең сертіңе, – дейтін жолдарды Абайдың Əбдірахман /- wp:paragraph —>

Əділ, мырза, ер болып,

<ті.

Тəубесін ескеp:p:paragraph —>

Тентекті тиып, жерлепті … Немесе:

інgraph —>

Өлмектен басқа дауа жоқ,

Иенің салған өртіне.., –енағыналық жəне сыртқы сипаты жағынан да өте үндес, сарындастығы анығыранрахман өлгенде өзіне айтқан жұбатуы» атты өлеңінде Əбішті, Оспанды, Құнанбайды сипаттайтын сөздері мен Қозы Көрпешті ұлықтайтын Баянның монологында күшті жақындық бар.

Абайдағы:

Кəркиден, пілдей қуатты,

Тағы арыстан жүректі,

 Аплатон, Сократ ақылды,

Қаһарман Ғали білекті, – деп келетін бейнелеулер Баян сұлудың аузымен:

«Арыстан жүрек, піл қуат,

Əр дұшпаннан кек алған.

 Денесі – болат, миы алтын,

Талаппенен ел алған.

Көңілі – сарай, көркі артық

Нəсілі нұрдан жаралған.

Жүрекке – сүйеу, көзге – нұр,

Жұрт саяңда дем алған», – түрінде əсерлі айтылған. Соңғы сипаттар Абай өлеңінде Əбішке ғана емес, Ескендір, Темір, Шыңғыс хандай қасиетке ие Құнанбай қажығ мілі нұрдан жаралған» деп сомдалуы мен Абайдың «Шыңғыстай» деген тмеэпосты дамытушы, жаңғыртушы ақынның көне тарихтан, түркі-моңғол халықтхаан екендігіне көзіміз жете түседі.

Айбас, Қанragraph —>

Ақ көңіл, ер жүректі өңкей асыл, < - -->

Соларды біріктірген Алла тағала-ау!

стан, бірі елуден,

Кешікпей екі ұл туды екеуінен.

Қайраты да, нұры да қайтпаған жан,

Көрмейсің бе құрметтеп қыз беруден?

Бұл сияқты жыр жолдарынан да Абайдың талғамшыл, ойлы, қайратты, нұрлы поэзиясының биік деңгейі ерекше көз тартатындай.

Абайдың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры Оымен жіберуіне айғақ боларлықтай деректі құжаттар да кездеседі. Мəселен, Семей статистикалық комитеті хатшысының 1882 жылы жазылған мына бір дерегі осының айқын дəлелі. Онда қазақтың аңыз, ертегілерін жинастыру үшін орысша, мұсылманша сауатты, аймақтың өткен тарихы мен халық əдебиетін тəуір білетін бірден-бір кісі ретінде Абайдың есімін атай келе былай дейді: «К крайнему моему сожалению, я не могу оказать содействие отделу в сборе местных киргизских сказок по незнанию киргизского языка, так и по недостатку времени. Полагаю, что в этом отношении для отдела мог бы полезен Ибрагим Кунанбаевич Ускенбаев (управитель Мукурской волости Семипалатинского уезда), весьма развитый киргиз, умеющий притом писать по русски достаточно связоно». Бұдан шығатын қорытынды – 1882 жылдың бедерінде аталған қоғам Абайға ауыз əдебиетін жинастыру жөнінде ұсыныс жасаған болса, онда ақынның сол бірер жыл көлемінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының тəуір нұсқасын тауып, мəтінді жаңғыртып, эпос сюжетін өзге ұлтқа көркемдік тұрғыдан жоғары деңгейде таныстыру мақсатына бар ынтүмы Семей арқылы Омбы қаласына жеткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының нұсқасын тың теңеулермен, тосын көріністермен толықтыра түрлендіріп, эпостың стилін жазба əдебиет үлгілеріне бір табан жақындатқан Абай Құнанбайұлы десек, еш қателеспейміз.

Тағы бір орнықты дəлел, Томскіден табылған «Қозы Көрпеш – Баян қыз» нұсқасының қолжазбасы мен Абайдың өз қолымен жазылған «Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы біраз сөз» атты жалғыз зерттеу мақаласының жазу өрнегі, каллиграфиялық сын-сипат тары, қолтаңбалардың біртектілігі жағынан толықтай сəйкес келуі.

Серікбай ҚОСАН, филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы