№12 (160) Желтоқсан, 2019 жыл
Фестивальдің бас жүлдесіне Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» пьесасын қойған Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық театры, бірінші орынға Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы академирыp>
Нұрлан Жұманиязов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Әміре» пьесасының режис>«ат еді…» «Әміреден» бұрын мен Рахаңның нашақор бала туралы «Көлеңкесіз жолаушы» пьесасын қойғанмын. Бұл қазіргі қоғамныңн н. «Әміреге» келсек, пьеса тумай тұрып, әнші Әміре тағдыры өзімді қатты толғандырып жүретін еді. Үлкен дарын иесінің өз еркінен тыс солақай саясаттың құрбаны болуы, өлгеннен кейін де жоқтаушысыз қалып, басына қойылған құлпытасына дейін қастандық істелгені, сол сияқты, Әміренің аты аталса болды, көп қайшылықтар туып кететіні көптен көкейімде сұрақ болып жүр алқатынасы бар деп кіналағандар — оның дарынын іштей көре алмаған өнердегі өз қатарластары болатын, сол үшін де қызғанды, жек көрді. Егер Әміре өлімінің негізгі себептерін іздей бастасақ, оның ізі бүгінгі күнге алып келеді, әнші өліміне кінәлілердің ұрпағы бүгінгі күні де «жабулы қазан сол күйі жабулы қалса екен» дейді. Осыдан кейін Әміренің өмірі туралы материалдарды зерттеп, сахналауға бел байлағанда, мен Рахаңмен өзім хабарласып, сөйлесіп, екеуіміз көп нәрсені ақылдасқан едік. Пьесаны жаздыру идеясын ҚР халық әртісі, театрымыздың көркемдік жетекшісі Талғат Теменов те бірден қолдады, Рахаңа өзі телефон соғып, қолқа салған соң, Рахаң жұмысқа кірісіп кетті. Тапсырысты Рахаңа беруіміздің де себебі бар: бізге қарымды қаламгердің тілінің өткірлігі, ой ұшқырлығы, сөз өнеріне адалдығы керек болды. Рахаңның жалтақтық танытпайтын, еш мәмілеге келмейтін мінезі, турашылдығы керек болды. Бұл кез-келген талант иесінде кездесе бермейтін қасиет. Оның үстіне, Рахаңның «Мұстафа Шоқай» пьесасының Әміре әнімен басталып, онда Әміре мен Шоқайдың кездесуінің бір сәтін бейнеленіп кетуі де ой түсірмей қалмады. Қағазға жазылған пьесаны
спектакль сахнасына айналдырудың
өзіндік қиындығы болады, әрине. Бұл үшін «тақыр жерге егін еккендей» тер төгілуі керек. Әміре туралы қауесет әңгімелер,
соның ішінде, «Әміре араққа жақын
болды» деген сөздердің осы күнге дейін ел ішінде
жүргені рас. Тергеуде жүргенде «бұл туралы
ешкімге сыр ашпаймын» деп жазғызып, қолын қойдырып алған құжат, деректер де бар. Сөйтіп, оған азап көрсетушілер «ел тыныштығын бұзбау»
желеуімен, әншіге көрсеткен қорлықтарының неғұрлым жария болмауын қатты қадағалаған. Жоғары музыкалық қабілетіне
қызыққан театр о баста Әміреге Төлеген ролін берген екен. Әншілік қабілетін қолпаштап, Брусиловскийлер оны біраз пайдаланған. Бірақ сол кездегі үкіметтің: «театрдың маңына жоламасын» деп пәрмен беруі Әміренің өмірін қиындата түседі. Бір жасқа толмаған ұлының шетінеуі, т.б. отбасындағы трагедиялар да оған оңай соқпады. Елді өнерімен ләззатқа, рахатқа бөлеп, әнімен тербетуге жаралған Әміренің Құдай берген таланты өз басының сорына, қып-қызыл қорлығына алып келген. Алғашында Әміре рөліне Қ.Қуанышбаев театрының аса талантты актерлері Қасымхан Бұғыбай мен Асылбек Қапаевты ұсынған едім. Асылбек бұл рөлді өте жақсы меңгерді, бірақ оның басқа да рөлдері бар еді. Сондықтан мен оған: «бұл рөлді Қасымханға басы бүтін тапсыр»,-деп қолқа салдым. Себебі, бұл пьесаны бір құраммен алып жүру ойымда болды. Өтінішімді жерге тастамай, Асылбек осы жерде үлкен ірілік танытты. Сөйтіп, бұл Әміре Қасымханның еншісіне тиді. Қасымхан ән де айта алады, жұмыс істеу қабілеті де зор. Сол сияқты, Оразке рөлінде ойнайтын Сая Тоқманғалиева, Мұстафа Шоқай бейнесін керемет бейнелеген Жан Қалдыбектің актерлік шеберлігі пьесада жақсы көрінеді. Сол сияқты медсүлған Боранбай, тағы басқа актерлер өз рөлдерін жақсы алып шықты. Ғажайып талант иесін – ән иесін сахнада көрсету, оның басынан өткерген азаптарын көрерменге жеткізу, сөз жоқ, қиын болды. Бұл орайда пьесаның, Әміренің әр әнінің мазмұнына сай әндерді таңдап, қойылым шырайын ашуға көп септігін тигізген вокал тобына, хор жетекшісі Амантай Жұмашев сынды талантты азаматқа алғыс айтқым келеді, оның үлкен талантын, мінезін қатты сыйлайтынымды, қадір тұтанымды жеткізгім келеді. Пьесаны көруге Рахаңның өзі келді, кейбір сәттерде көзіне жас алды да. Өйткені, бұл оның өз Әміресі еді. Әміренің аузынан шыққан әрбір сөзі – Рахымжанның өзінікі еді. Әміре – оның өзінің жан қиналысы, соны қағаз бетіне түсіріп, актерлар оны сахнада, өзінің көз алдында тірілтіп, жеткізгені оған үлкен әсері болды. Рахаңда, әрине, мақтаныш болды, осы дүниеге барғаны үшін, пьесаны өзі тудырғаны үшін де мақтанды. Әміренің бір іздеушісі Жарқын Шәкәрім марқұм еді, одан кейінгі жоқтаушысы сонау Атыраудағы Рахымжан болды. Бұл – Рахаңның ерлігі! &;&қ болсын… бір еркелейтін ағатайым еді… Қазақты еркелете білді, өзі де қазаққа еркелей білген азамат! Шыншыл, адал, белгілі бір қалыпқа сыймаған және оған көнбеген, еркіндікті бойына сіңіріп, сонысымен алысып өткен Рахымжан еді ол! Ана мінезінің асаулығымен қырық жасында өмірден кетіп қалар ма еді?! «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» ұстанымымен өткен есіл ерді сақтай білгені үшін мен Рахаңның отбасына, Сәуле жеңгейге, мұқым Атырау еліне өте ризашылығымды білдіремін. Өйткені, олар еркелете білді, «елдің азаматы ғой» деп, төбелеріне қоя да білді. Қасымхан Бұғыбай, Президент стипендиясының иегері, «Әміре» пьесасында басты рөлді сомдаған актер: «Премьераға Рахымжан келе жатыр» дегенде, әкем келе жатқандай қатты қуандым. Пьесаны оқығаннан бастап, сол кездегі солақай
саясаттың қазаққа көрсетпегені жоқ екенін түсіне түсіп, жанымыз ауырды. Бүкіл
әлемді аузына қаратқан, Парижді тамсандырып қайтқан Әміре Қашаубаев өз басынан
осындай қиыншылық кешсе, қалған қазақтың күні не болған сонда? Кейбір сәтте
кейіпкерді ойнау үшін оның басынан кешкен оқиғаларын, қаншалықты қиналғанын,
қандай деңгейдегі әнші болғанын актер жан сүзгісінен өткізуі керек. Әміре
өмірінің соңына қарай қатты қиналады, неше түрлі азап көріп, таяқ жейді.
Пьесаның сол тұстарын оқып отырып, ой елегінен өткізіп отырып, көзіме жас
келетін күндер де болады. Өз елінде, өз жерінде жүріп, ОГПУ-дің адамдарынан
соншалықты қорлық көрген, жаны нәзік әншіні ұрып-соққан, аузына зорлап арақ құйған. Спектакльді көрермен өте жақсы
қабылдады. Алғашқы премьерасы өткен кезде, әсіресе, әлеуметтік желідегі
парақшалар жылы пікірлер мен лебіздерге толып кетті. Сол жерден: «Әміре қайта
тірілді» деген пікірді де оқып қалған едім. Мұндай пікірлер актердің шабытын арттырады.
Бұрын біз Әмірені тек әнші деп қана білсек, спектакль арқылы оның бастан кешкен
ауыр тағдырына куә боламыз… Ол кісінің де жаны жәннәтта болсын… Әміре спектакліне алдын-ала
дайындалдым. Өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Жарқын Шәкәрім ағамыздың
еңбектерінен өзіме көп дүние алдым. Көзі тірісінде ол кісімен хабарласып, Әміре
жайында ұзақ сөйлесетінбіз. Кейбір деректерде: «далада ән салған Әміренің
дауысы 12 шақырымға дейін жеткен» делінеді. Әміренің қаншалықты алапат әнші
болғандығын осыдан да көруге болады. Пьесаны көрерменнің жақсы қабылдауының бір
себебі, Әміренің ә дегенде сахнаға жарқырап, жайнап шң
луі, барлығы бір көтеріңкі көңіл-күйде өтеді де, Парижден
қайтып, табаны Семей жеріне тигеннен бастап-ақ, Әміренің басына қара бұлт
үйіріле бастайды. Сөйтіп, трагедияға толы өмірі басталады… Спектакль соңына
қарай көз жасына ерік бермеген адамды көрмейсің. Соншалықты шынайы қабылданады. Спектакльдің алғашқы премьерасы
«Бейбітшілік және келісім» сарайында, жоғары деңгейде өткеннен кейінгі
қойылымдарында көрермен саны күрт азайып кетті. Көрермен аз жиналған сол
спектакльден шыққан соң, театрда жападан жалғыз өзім отырып: «Әй, сорлы Әміре-
ай, тіріңде көрмеген құрметіңді өлгенде де көрсете алмадық-ау» деп, көрерменнің
азайып кетуіне, автордың — Рахымжан ағамыздың, марқұм, әлі келмей жатқанына іштей
қатты налыған күндерім болды. Одан кейін араға бір ай салып, спектакльдің
авторы «Рахымжан ағамыз келе жатыр» деп, біз спектакльге қатты дайындала
бастаы а келе жатыр» дегенде, әкем
келе жатқандай қатты қуандым, қатты күттім ол кісіні. Күткеніміздей-ақ,
Рахымжан аға келгеннен кейін зал көрерменге лық толып, спектакльдің жолы ашылып
жүре берді. &nbs куі керек деп ойлаймын. Сол кездегі солақай саясаттың біздің қазақ
халқына қалай әсер еткенін әр қазақ білуі керек! «Әміре» пьесасы –сол бір қилы
кезеңді көз алдыңа бір сәт әкеліп көрсететін бірден бір шығарма. Айгүл Кемелбаева, жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты: Әміренің алғаны Оразке
рөлінде жас актриса, ҚР «Серпер» сыйлығының лауреаты Сая Тоқманғалиева.
Парижден оралған ғажап әншіні қос тыңшы дедектетіп ұстап әкетерде «Көкек» әні арқылы
Оразке құрбандыққа көнгенін сезбейді. Бұл керім әннің хорға ұласу градациясы
қандай көркем! Дала композиторы Біржан сал тудырған әндегі сүйіспеншілік
сезімін ораған асқақ құса сарынның Моцарттың әуен- сазынан еш кемі жоқ сиқырлы
әсеріне ерен қайран қалдымабОразке күйеуін қызғанып жылайды. Күйеуі Франц
Кафканың «Қамал», «Процесс» атауымен қос романдағы иррациональды тұтқын күйге
тұтылған соң жан күйзелістен тентіреп, өлімші халде құлазыпі
шілер жауап алған сайын «тыңшы, сатқынсың» деп әншіні
азаптайды, еденде құлап жатқан Әміреден қызыл комиссар аттап өтеді. Бұл нышан.
Уақытқа бағынбайтын өнер бағын тоталитарлық жүйе аяққа таптады, репрессия ірі
тұлғаларды күйретіп тынды. Комиссар Әмірені «Тұмсығыңа тұмылдырық тағып ал», —
деп мазақтап қағытады: «Бұл артист қой, артиске сенуге болмайды». Драма авторыРахымжан
Отарбаевтың Әміре образын сомдауйіа, тұтаса
жазғаны сезілмей қалмайды. Жазушы-драматург Әміренің
жеке басының трагедиясын
ғанаемес, өнерді шектеу, сирек туатын ерен дарынның обалына қалу арқылы тұтас бір ұлттыңқазынасын қорлау, өнер иелерінің қайғысын астыртын иірімменкөрсете алған. Автор тарихидеректерменнақты жұмыс істеген. Көрермен қауым қазақтеатрының тұңғыш актері Әміре
Қашаубаев екенін білді. Ержан Исатаев, театр директоры: Театр — тірі организм. Оның құлдырау кезеңі мен шарықтау кезеңі болады. Ал театрға фестиваль өте қажет. Фестивальдарда театр актерлері бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби театр сыншыларының сын елегінен өтіп, Сөз соңында айтарым, Атырау
театры да Түркістан облысында гастрольдік іссапарда болып, екі облыс арасындағы
өнердің алтын көпірін нығайта түссек деген ниеттемін. Айдар Наурызбаев, «Мұстафа Шоқай» пьесасының режиссеры: «Рахаң осы жұмысымды
жоғары бағалап, батасын берген еді…» Мұстафа Шоқай тақырыбы бұрыннан
жаныма жақыстдейін Жолтай Жұматтың
«Абақты ғұмыр» драмасында Абайдан
кейінгі ақиық ақын атанған Мағжан Жұмабаевтың рөлінде ойнаған едім. Бұл
спектакльдің режиссері, ҚР Халық әртісі ұстазым Райымбек Сейтметов болатын.
Бертін келе, өзім режиссер ретінде Дулат Исабековтың «Өйтпесе, Мағжан бола ма?»
драмалық эссесін сахналадым. Мағжаннан кейін Мұстафа Шоқайдай ірі тұлғаға
келуім де заңды еді. Рахаңның «Актриса», «Айна ғұмыр», «Бейбарыс» секілді дүниелері де мені қатты қызықтырды. Осы пьесаларының ішінен «Мұстафа Шоқай» драмасына тоқтап, көркемдік кеңеске ұсындым. Кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, Мұстафа Шоқайдың қайраткерлік тұлғасы театр сахнасынан көрінсе деген ниеттерін жеткізді. Сөйтіп, «Мұстафа Шоқай» пьесасын қоюға бел байладым. Әр драматургтің өз жазу стилі болады ғой. Рахаңның дүниелерінен де өз
қолтаңбасы ерекше көрініп тұрады. Оқиғаны шынайы суреттейді, тіл бояуы қою. Әр
образға кеңінен тоқталып, өзіндік сипатын іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі арқылы
молынан береді. Яғни, режиссерға образды айқындап береді. Әр
режиссердің режиссерлік шешімі, яғни трактовкасы болады, бұлай болуы —
заңдылық. Мен қойылымда Мұстафаның екі кезеңіндегі өмірін көрсеткім келді. Көзінде
от жалындап тұрған жастық шағын көрсеткен кезде, Марияға деген махаббатымен
қоса, қазақ елі үшін жасаған жанқиярлық іс-әрекетін қамтуға тырыстым. Мұстафаны
екі актер ойнайдысония елінде өткен орта жастағы өмірін бейнелейді. Басында бұл
екі кезеңді бір актерге берсем деп ойлағанмын, бірақ Рахаңның жазу шеберлігі ой салды. Сөйтіп, жастық атмосфераны жеткізу үшін бір рольді екі
актерға бөлдім. Біздін театрда Рахаңның бұдан
бөлек «Нашақор жайлы новелла» драмасы бар. Дегенмен,
біз осы фестивальға ымық. Оған себеп, осы «Мұстафа Шоқай» драмасы көңілінен шыққан соң, Рахаңның
арнайы шақыртуымен, Атырау қаласына
гастрольдік іс-сапармен барып қайтқан едік. Сол кезде Біздің театрдың труппасы – ұстазымыз Райымбек Сейтметов ашқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Өнер» факультетін бітірген түлектері. Мұстафаның жас кезін Жандос Маханов деген жас актеріміз ойнаса, орта жастағы кезеңін театрымыздың аға буын өкілі Мұрат Құрманбеков сомдады. Ал Мұстафаның жары Мария ролін актрисамыз Камшат Әштекова бейнеледі. Жалпы, режиссер ретінде актерларға тапсырмамды беріп, мақсатымды көздеп жеткіздім деп
театрдың шығармашылығын одан әрі өсіреді. Менің ойымша, театр өсуі үшін міндетті түрде фестивальдарға қатысып, шыңдалуы тиіс. Рахымжан ағаның атынан ұйымдастырылып отырған фестивальдің біз үшін жөні бөлек,
өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып жүр. Р. Отарбаевтың өнегелі өмірін жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында фестиваль өткізуінің өзі облыс басшылығы мен ұйымдастыру алқасының Рахымжан ағаның шығармашылығына деген жанашырлығы мен адалдығы деп білемін. Осы орайда, фестивальды өткізуге ұйытқы болып отырған барша ұйымдастыру алқасына, Атар басқармасы басшылығына және Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Қилекешұлына үлкен алғысымды
білдіргім келеді.
Рахаңның өзі режиссерлығымды жоғары бағалап, батасын берген болатын. Міне осы
себептен де, автордың өзі ұнатқан пьесасымен Атырауда өткелі отырған Рахаңның
өнер додасына қатысып, бақ сынауды жөн санадық.
ойлаймын. «Осы жұмысыңызға көңіліңіз толды ма?» — деген сұраққа жауап берер болсам, жалпы, труппаға ансамбль құрамы ретінде көңілім толды. Дегенмен, шығармашылық адамы ретінде ешқашан өз жұмысыма көңілім толған емес. Толық қанағаттанбаймын, үнемі ізденіс үстінде жүремін. Көңілім толған күні ізденісім тоқтайды деп ойлаймын.