Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», -деп атап көрсеткеніндей бүгінгі қазақ мәдениеті әлемдік аренаға батыл қадамдар жасап, көкжиегін кеңейтіп келеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы мен өзге де жекеменшік киностудиялардың түсірген туындылары халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Биыл ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тарсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Qazygurtfilm» киностудиясы жазушы, драматург Дулат Исабековтің сценарийі бойынжоаласында өткен 50-Халықаралық кинофестиваліне қатысып қайтты. Фестиваль аясында «Әлемдік премьера» категориясы бойынша 60-қа жуық туындылардың халықаралық тұсауы кесілді. Аталмыш категория бойынша «Балуан Шолақ» фильмі «Үздіұл туындының ішінен тек 6-ы ғана таңдалып алынғандығын ерекше айта кеткен жөн. Фильмді көрерменге қоюшы-режиссер Нұргелді Садығұлов пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров таныстырып, фильм Азияның беделді халықаралық кинофестивальдеріне жолдама алды. Режиссер Н.Садығұлов фестивальдегі үнділік көрерменнің фильмді қалай қабылдағаны туралы: «Фильмді үнділік көрермен мен фестиваль қонақтары өте жылы қабылдады. Алғашында біздің тарихымызды қалай қабылдар екен? Түсіне ме, түсінбей ме деген сұрақтар көкейімде болды. Бірақ, көрермен өте жақсы қабылдады. Залға көрермен сыймай қалды. Фильм біткесін де бізді жарты сағаттай жібермей тұрып алды. Қазақтың әні мен Көкшенің әсем табиғатына, ұлттық костюмдерімізге, актерлердің ойындарына, фильмдегі кейіпкерлердің әрекеті мен сөзіне үлкен қызығушылықтарын білдірді. Және мұндағы көрермен тарихи тақырыптағы шынайы фильмдерді өте жақсы қабылдайды екен. Осы фестивальдегі көрсетілімнен кейін халықаралық екі фестивальге жолдама алдық», — деген қуанышты хабарымен бөлісті.

«Балуан Шолақ» көркем фильмінің барша шығармашылық тобын аталмыш жеңісімен құттықтап, толағай табыстар мен жеңістер тілейміз! Ұлттық бояуы қанық қазақ кинотуындылары көбейе берсін.

Ахмет АҚМОНШАҚ