№12 (160)Желтоқсан, 2019 жыл
Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол және өте киелі де қасиетті мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, әр ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді
Қазақ өнеріндегі дара тұлғалардың бірі Сыр елінің сері Бестей із, өнегелі іс қалдырған жан. “Тау алыстаған сайын биік көрінеді” демекші, жылдар жылжып өткен сайын оның бейнесі, тұлғасы кесектеліп, сомдала түсіп, абыройы асқақтап, өрісі өсіп келеді. Бұған нар тұлғалы Нартай Бекежановқа халқының көрсетіп келе жатқан құрметі мен ілтипаты мен ізгілікті көңілдері айғақ. Оның әрбір жырынан әділдіктің, адамгершілісі /wp:paragraph —>
Нартай Бекежанов 1890 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданына қарасты “Коммунизм” колхозы, Үлгілі ауылында орта шаруаның отбасында дүниеге келді. Нартай екі жасқа келгенде әкесі дүниеден озады. Анасы Бақтыгүлдің қолында тәрбиеленді. Нартайдың анасы Бақтыгүл ақындығымен, әншілігімен өз ортасына белгілі жан еді. Сырдың бай манаптары Көшкінбай мен Толғанбайдың малдарын бағып жалшылықта болады. Талабы таудай, зерек бала Нартай ана бойындағы асыл өнерді қағып алып, бойына сіңіріп отырған. Анасымен қатар, тапқырлығымен, ақындығымен танымал туған ағасы Мәнсүр Нартайдың бойында бұлқынып тұрған ағынды аңғарып, оның өнер жолына түсуіне көп ықпал жасаған.
Қазақта ақындық пен әншілікті қатар алып жүрген Ақан сері, Біржан Сал,Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Әміре сияқты әмбебап н,заманында олардың қатары сирек кездесетін. Сондай жан-жақты, сегіз қырлы жандардың көш басында Нартай тұрды. Ақын ел арасында ең алғаш әншілігімен танылған. Кейін жақсы жыр, айшықты сөз орамына терең мағына, күшті екпін беру үшін өзінің асқақ әндерін арқау етеді. Демек, оның композиторлық өнерінің де шоқтығы биік. Нартай Бекежановтың әншілік- композиторлық өнеріне, оның қазақ көркемөнеріне өзіндік бет бейнесімен, қолтаңбасымен енгеніне, сіңірген еңбегіне ешкім де шек келтіре алмайды.
1990 жыл ұрпағына өшпес мұра қалдырған сырдың дүл-дүл ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық тойын Шиелі ауданының басшылары, еңбек ардагерлері айтарлықтай атсалысып Министрлер Кеңесіне, Қызылорда облыстық партия комитетіне, облаткомға келелі-келелі ұсыныстар қойып, атап өту мақсатында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылды. Осы күрделі іске дайындық барысында оның ішінді музей құрлысына, ішкі құрылымына мәдениет саласының үздігі Әшімхан Оспановтың, Нартай ақынның төл шәкірті Арзулла Молжігітов, Жолдыбай Ақмолдаевтың (колхоздың 28 жыл төрағасы болған) ұйымдастырушылық қабілеттері ерекше қырынан көрінді.
Сонынітың ұлттық музыкалық аспаптары даңғыра, шертер, сазсырнай, үскірік, жетіген, тайтұяқ, қобыз, шаңқобыз және ақын Нартай Бекежановтың сырнайы, домбырасы, сақтаулы. Нартай Бекежановтың алаңсыз өнерге бет бұруына, яғни сырнай аспабын меңгеруіне Арқаға атағы кеңінен жайылған Үкілі Ыбырайдың жиені Тайжан Қалмағанбетов үлкен себепкер болады.Арқаның арқалы ақыны, әншісі Тайжан өзімен бірге ән мен өлең ала келеді. Міне, Нартай Бекежановқа алғаш рет сырнай мен домбыраны қатар алып жүруді үйретіп, өлеңдерін шырқатып кеткен Тайжан ақынды Нартай Бекежанов ұстазым деп құрметтеген. Бір жылдан астам уақыт бірге еріп жүріп, бауыр басып қалған Нартай оның өлеңдерін жаттап, әндерін сырнай арқылы орындауды ерінбей үйренеді, зердесіне түйеді, қыр-сырына қанығып, өнер жолын бастайды. Нартай Тайжан ақынды ардақты аға тұтып, құрметтейді.
Сөйтіп, Нартай он жеті жасқа келгенде айтулы ақын ұстазының батасын алып, өз жүрек қалауымен ел аралап, той-думан, жиындарға қатысып, халық алдына шығып, әсем үн қалықтатып, жыр жырлайды. Мұнан соң өзінің өнердегі шамасын таразылаған Нартай өнер жолына алаңсыз, шын ниетімен енеді, өлең өлкесін еркін аралайды. Нтқ өнер бұлағының көзі, арнасы ашылып, тасқынды селге айналды. Иығында сырнайы, қолтығында домбырасы бар Нартай Бекежанов жүрген жерінің бәрінде халықты сән-салтанатқа, ән мен жырға, думанға бөлеп, өнерге шөліркегенгендерді сусындатып, айызын қандырды.
Ал, енді музей қорындағы ұлттық музыкалық аспаптар жайынан сыр шертелік.
Музей іске қосылмай тұрып, экспонаттар Алматы қаласындағы орталық музейден қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары әкелініп, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері экспозициялық құрылымын құрып, үлкен әдістемелік көмек көрсеткен, музей қызметкерлері облыс, аудан бойынша үй- үйді аралап көне жәдігерлерді жинақтайды. Жан-жақтан үлкен еңбекпен жинақталған экспонаттар қазіргі таңда баға жетпес музей құндылығына айналып отыр. Әшімхан Оспанов ауылдағы Ордабек Құрақбаев, Сұлтан Жұманазаров, апалы-сіңілі Анар мен Дана Сүлейменовалар, Зүлфия Оралова, Үміт Әбілқасымова, Фарида Оспанова, Құттықыз Шайыққызы, Айшахан Молжігітова сияқты өнерпаз қыз-жігіттердің басын қосып, «Нартаноруға кірісіп, колхоз (қазіргі таңда Нартай ауылы) төрағасы қаржылай көмектесіп, музыкалық аспаптар, сахналық киімдер жасатуға жағдай жасады, Бұл құрал-жабдықтарды жасатуға, киімдерді тіктіру Алматы қаласында тұратын ел өнерінің жанашыры Әбдісаттар Оспанов тікелей басшылық жасады. Нартай Бекежановтың музейі құрылғанда, Алматыдағы қаласындағы орталық музейден алынған музыкалық аспаптарды осы музей жанынан «Нартай сазы» фольклорлық- этнографиялық халықтық ансамбльі құрылып, ансамбль мүшелері сырнай, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, шаңқобыз, қылқобыз, даңғыра, жетіген, тайтұяқ, асатаяқтардың түрлерін ойнап үйренеді және шәкірттеріне үйретіп, ансамбльге қосып, алғаш рет концерттерінде ойнады. Ансамбль көп ұзамай колхозшылар алдында, көрші ауылдарға, аудандарға шығып концерт қойып, тойларда қызмет көрсетіп, ақын тойына қажетті қаржы таба бастады. Ансамбльдердің республикалық, облыстық байқауларында жүлделі орындарға ие болып, арада шамалы уақыт өткенде халықтық атағын алды.
Жоғарыда аталған аспаптардың ерекшеліктеріне тоқталып өтейін.
Сырнай аспабы-қазақ халқында кеңінен таралған музыкалық аспап.
Сырнай аспабы қазақ жеріне орыстар арқылы келген. Орыс халқы бұл аспапты
гармонь деп атайды. Олар бұл аспаптың сүйемелдеуімен кез келген әнді орындап,
мерекелердің сәнін келтірген. Сырнай аспабы-қазақ, татар, украин халықтары
арасында таралған, бірнеше ұлтқа ортақ музыкалық аспап. Сырнай аспабымен ән
салып атағы шыққан Нартаймен қоса Майра, Шашубай сынды әнші Домбыра — қазақпен егіз аспап. Рухани мәдениетімізді осы күнге
жеткізген қасиетті қара домбырасы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын,
өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін
аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра
жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық
шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап
болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың
бірі. Қылқобыз– екі ішекті, ыспaлы музыкалық аспап.Қылқoбыз – қазақ халқының
ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 — 10 ғасырларда өмір сүргенбе үзілмей келеді. Жалпы, ұлттық
аспaптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қaтaр,
қанша ғасырлар қойнауынан жетсеүргі
үні бір сарынды. Сeбебі оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан
тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқoбыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың
ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды хaлқымыз киелі аспап ретінде
қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын — шайтан жоламайды деп
ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны») Қазақ халқы қыл қобыздарға өте бай болып
келеді.Солардың бірі осы қылқобыз болып табылады.Қазақ халқы үшін ұлттық аспаптардың
маңызы өте зор болып табылады.Қазақ халқы күй атасы-Құрманғазы десе,қобыз
атасы-Қорқыт деп санаған. Жетіген 1966 жылы Болат Сарыбаев Өзбек ССР-не қарасты Бұхар
облысындағы Тамды ауданына экспедицияға барады. Осы сапарында жергілікті қариялардан естіген түрлі мағлұматтарға
сүйене отырып, қазақта жетіген деген
аспаптың болғандығын анықтап, сол аспапты жасайды. 1972 жылы осы жетіген аспабын жасағаны туралы авторлық куәлік алады. Сыбызғы, сазсырнай, үскірік,
шаңқобыз, жетіген, асатаяқтардың түрлерін
Болат Сарыбаев өзі ойнап үйренеді және шәкірттеріне үйретіп, ансамбльдерге қосады. Сазсырнай 1978 жылы ұйымдастырылған археологиялық экспедиция Қожа
Ахмет Яссауи кесенесінің айналасында
қазба жұмыстарын жүргізеді. Сол қазбадан сазбалшықтан жасалған
сазсырнайдың бір үлгісі табылды. Жер
астында ғасырлар бойы көміліп жатқан үш ойықты, дыбысы өте таза аспаптың Болат
Сарыбаев дыбыс көлемін, регистрін, тембрін т.б. зерттеп, бірнеше айдан кейін
осы аспапта ойнауды үйреніп, дыбыс диапазонын кеңейтіп, қазіргі көптеген
ансамбльдерде, «Отырар сазы» оркестрінде оркестр тембріне ерекше үн қосып
тұрған ғажап аспап сазсырнайды өз қолымен жасап, орындаушысын үйретіп,
өнеріміздің дамуына аса бағалы сый тартқанын мақтанышпен айтуға болады. Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертер де домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші,
бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен
қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып
келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең
тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау
тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып
келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған.
Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне
қарай бөлінген. Үскірік — халық үрлемелі
музыка аспабы. Дауысы қыстың аязды күндері соғып тұратын үскірік салқыа нда Үскірік деген атауға ие болған.
Үскіріктің дыбыс бояуы сазсырнайдың тембріне ұқсас; дыбыс диапазоны 2-октаваның
до, ми, фа, соль ноталары ғааңріктің
тасбақаға, түйеге, құсқа ұқсайтын түрлері болғандығы айтылады; оны көбіне
балалар ойнаған әрі жеңіл әндерді орындауға пайдаланған. Шаңқобыз — темірден немесе
күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек
кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы
дыбыс шығарылады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы.
Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым. Бұл аспаптың
темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де
өзгеше. Шаңқобыздтібысы тілшені
саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы
аспап резонатрдың қызметін атқарады. Шаңқобыздың негізгі дыбысы тілдің
мөлшеріне байланысты. Аспап тартушы тілінің қимылы арқылы түрлі дыбыстар шығара
алады. Әуенді әрлеп мақсатында шаңқобыз орындаушылары саусақтарына қоңырау іліп
ойнайды. Сыбызғы — халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың
отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде
музыканттар ол арқылы ескі аңыздар—жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі
құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның
қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті
шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында
кең тарagagraph —>
Даңғыра — қазақтың көне
ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық
әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды. Асатаяқ (сылдырмақ) — қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған.
Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған.
Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай «күмбезді, «жалпақ басты»,
«ай басты», «жылан басты», «сопақша»,
«қалақша», т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап
ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана
секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс
беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады. Асатаяқ туралы
деректер Г.М. Броневский,
П.Бекетов, Р.А. Пфеннинг, т.б. зерттеуші-этнографтардың еңбектерінде кездеседі.
Асатаяқ туралы Ш.Уәлиханов
пен белгілі зерттеуші Б.Сарыбаевтың
еңбектерінде жазылған. Асатаяқтың көне түрлері Ықылас атындағы Қазақ музыкалық
аспаптар мұражайында сақтаулы. Асатаяқ қазіргі кезде «Отырар сазы«, «Сазген«, «Шертерклркестрлер мен ансамбльдерде қолданады. Тайтұяқ (тұяқтас)- қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап.
Ұзатылған қыз ұзатылуына 3-4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін
тайтұяпен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға
қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін
әбден тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде
ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. Осы айтылған қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары қазір де
өз мәнісін, қадір қасиеттерін жоғалтпай,
«Нартай сазы» халықтық фольклорлық
ансамбль мүшерінің қолынан түспей халыққа қызмет етіп келе жатыр. Міне елдің
жырын жырлаған Нартай ақын келер ұрпаққа
өзінің әндері мен жырларын мол мұра етіп
қалдырды. Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер мұражайының ғылыми қызметкері Жанат Өтеева,