№2 Ақпан, 2025
Күн жылынып, қар ери бастағанда көк тас та бірге ериді деп сенген қазақ нанымы бұл тасты «Самарқарның көк тасы» дейді. Әсіресе, суығы ұзаққа созылатын Сырдың орта ағысының қазақтары оның еріитін уақытын «18 наурызға тура келеді» деп есептеген. Бұл мәліметті Сыр бойының тумасы, жыршы Берік Саймағанбет жеткізеді. 58 жастағы Ақтөбе аймағының тұрғыны Темір Тұрмағамбет те 18 наурызда Самарқанның көк тасы еріген соң, «бізде 19 наурызда көже жасайтынрепырағында Самарқанның көк тасы 13 наурызда, амал тойынан бір күн бұрын еріген дейді 56 жасар Мұхтар Әуелбек.

Наурызда баяғыда
«Самарқанның көк тасы жібіді ме?» деп сұрайтыны содан екен. Сол тас
жібісе ғана шынайы көктем келеді, суығы сонымен кетеді деп қараған. Сонда
үйінде Самарқанның көк тасын сақтап отырғандар дауыстап «жібіді, жібіді,
Көк(шөп) шығып қайта тірілді» деп жауап береді екен. Арқа қазақтары осылай
дейді. Бұл тас сонау күнгей қиырдан Арқаға да жеткізіліп тұрған екен.
Атырау жағындағылар да қыс соңында сол көк тасқа қайта-қайта қарап, еріген күні
«Самарқанның көк тасы еріді» деп төңірекке шүйіншілеген. «Көп өтпей наурыз тойы
тойланып, наурызды бастардың алдында сол көк тасты әкеміз кертіп аузына салып
жіберетін еді» дейді 67 жастағы Мүнира Рүстембек. Осыдан-ақ оның «жеуге болатын
тас» екені <тастың еруі тас шыққан жерде
отырған өзбектерге де белгілі. Бірақ, Самарқандықтар оны көк тас демейді, көк
тұз дейді. Бұл біздің калий тұзын әлі түсінбейтін кезн н көк тұзды біз ерімтал тастың бір түрі деп есептеппіз.
Бұл ең сирек кездесетін, ең қымбат тұз. Сонымен бірге, өте ерігіштік қасиеике
ие. Көк тұздың дәмі оңай кетпейтін, барынша ұзақ сақталатын қасиеті бар. Ол
кесек күйінде көкпеңбек болып жылтырап тұрады да, ұнтақталған кезінде біртіндеп
түсі солғындап өңінен айырыла бастайды. Пиццаның кейбір түрлерінің шетіне
көгілдір әйнек тізіп қойғандай етіп ерекше сәндеу үшін осы көк тұз
қолданылатын.
Самарқанның көк тасын, яғни көк тұзының шығатын жері — Самарқанның батысындағы
Лалмикон тұз кеніші. Бұл тұз ас тұзы секілді жер бетіне шығып жатпайды, көмескі
қабаттарда жатады. Лалмикондағы тұз құмтас, қаңылтыр тас, әктас жыныстарының
астында кездеседі. Ас тұзы асқа істетілсе, көк тұз калий тұзы делініп,
ауылшаруашылығында тыңайту жұмысына пайдаланылады.
Медициналық тұрғыда қажеттілігін айтсақ, жүрек соғуына күш беретін құрам ол —
калий. Калий тапшылығына тап келген дененің жүрек қызметі бұзылады. Сол кезде
осы калий тұзымен оны қалпына келтіруге болады.
Ерте кездегі қазаққа оның тыңайтқыштық құны білінбеген соң, не асқа
қолданылмаған соң, ерімталдығын ескере келе «жылуға еріитін тас» деп есептеген.
«Өзбекстан ұлттық энциклопедиясының» 2000 жылы Ташкентте басылған 1 томында
жазылуына қарағанда, Самарқанның көк тұзы Лалмикондағы өте терең қабаттағы тұз
қорында ас тұзымен араласып, 1950~1960 жылдардағы барлау кезінде 3~5 метрлік
қабат түзіп жатыпты. Кейін келе, оның 3~5 метр емес, 400~500 метр қалыңдыққа ие
ірі қабатты құрайтыны белгілі болған. «Бұл кеніште 2-3 миллиард ас тұзы қоры
бар» деп межеленген. Соның 200 миллион тоннадан астамы осы көк тұз. Бұл кеніште
көк тұз 600~1000 метр төмен қабатта жатса, бұл көк тұз ерте кезде жұрт қолына
қалай түскен?
Оның себебі, жер асты сулары осы тұз қабаттарынан өткенде, тұз қабаттарын
үңірейтіп кеуектер қалыптастырып, сол кеуектердің ауызы жер бетіне шығар
ауыздарға дейін ұласып, көк тұздар сол ағынмен сыртқа шығып отырған.
Самарқанның көк тұзы 10 ғасырдан бастап әйгілі болған екен. 10~13 ғасырларда
сауда керуендері осы көк тұзды тиеп, оны оңтүстік-шығыста Ауғанстан, Пәкістан,
Үндістан жеріне, оңтүстік-батыста Иран, Араб елдеріне, солтүстікте және
солтүстік-батыста Бұхара, Хорезм жұрты мен Ферғана ойпатына жеткізіп отырған.
Бұл көк тұз — Самарқанды білетін төңіректегі елдер тарапынан «Самарқанның көк
тұзы(көк тасы)» делінсе, Еуропа елдеріне Парсы арқылы тарағандықтан,
Еуропалықтар бұл тұзды «Парсының көк тұзы» деп атаған.
ШЛЕМ СӨЗІ НЕДЕН ШЫҚТЫ?
Шлем — дулығаның бір түрінің аты болған. Бастапқыда славян әлеміне дулығаның
бір түрінің аты ретінде Түрік қағанаты тұсында кірген атау бірте-бірте
дулығаның жалпы атына айналып шыға келген. Орыстар
дулығаны «шлем» деп, кейде «шелом» десе, украиндар оны «шолом» деседі.
Шлем атауымен аттас халық
Шлем, шелом, шолом деген дулыға түрімен аттас халық ең ескі тарихи әдебиеттерде
алғаш рет Ғұндардың билік ұстаған бес ақсүйек руының бірі ретінде Шүлін(丘林氏) деген атпен ауызға алынады. «Кейінгі Ханнама.
Оңтүстік Ғұн баяны(后汉书·南匈奴列传)»
-ында бұл руды 1 ғасырда пайда болған ру деп есептейді.
Бұдан кейін Сяньбилер дәурендеген 2 ғасырда, Солтүстік Сяньбилердің арасында
бұл ру Шулум деген атпен танымал болады. Бұл рудың ол кездегі қонысы — Теріскей
Алтай. Қыпшақ шежіресінде бұл ру «Шүлім», «Сүлім» деген екі түрлі атаумен
алынады. Адай шежіресінде Айтумыстан туатын «Шылым» руының аты аталады.
Осы аталған елдің шыққан ана өзені — Шүлім өзені Хакасия, Красноярск қиыр,
Томбы аймағы жерлерінде ағатын өзен. Ұзындығы 1799 шақырымға жетеді.
Осы өзеннен шығып жан-жаққа тарап кеткен ескі шүлім қауымының аты мен тілін
сақтап қалған мыңға жетер-жетпес чулым(шүлім) қауымы Красноярск қиыр, Томбы
жерлерінде отыр. Қазіргі уақытта Сібір татарларының бір бөлігі саналады. Ғұн,
Сяньби заманында дәурендеп, Қыпшақ тұсында тағы бір дүрік көтерілген осы елдің
өзгеше дулығасының бүгінгі славяндардағы шлем, шелом, шолом деген дулыға
атауының қалыптасуына түрткі болғаны анық.
Шлем қалай жасалды?
Шлем, шелом, шолом деп аталған дулығаның үлгісін байырғы Сербиядағы Авитус
деген шебердің қолынан шыққан, 4 ғасырдағы Аландар кезеңіне жататын дулығаның,
Англиядан табылған 8 ғасырдағы Англ, Сакс және Ют тайпаларының кезеңіне жататын
Йорк дулығасының үлгісімен сәйкестендіреміз.
Бұл дулыға үлгісінің жасалуына пішін және атау жағынан бірден-бір себепкер
болған қызыл жидек бар. Ол негізінен Шығыс Түркістанның оңтүстігінде Тарым
ойпатында өсіріледі. Ұйғырлар «шылан» деп атаған бұл қызыл-күрең жидек қытайша
«大枣» және «红枣»
деп таңбаланады.
«Шылан» атауы өзінің ежелгі шолом деген атауынан жаңғырып бүгінге жетіп, орта
ғасырлар жүрегіне жол тартқан шолом, шлем, шелом деген нұсқалары арқылы дулыға
әлемінде танымал болды.
Қазақтың «шүлен шашу» дегені де ескі уақытта қуанышты жиын-тойларда шашу
ретінде қолы жеткеннің уыстап шылан(шүлен) шашқанын аңғартады.
Көкбөрі Мүбарак, этнограф