№2 Ақпан, 2025

Ұлы сақтар басқа әлемнің күші мен о дүниенің бар екеніне сенімді болды, бұған қазіргі Орталық Азия аумағында табылған көптеген жерлеу орындары дәлел бола алады. Олардың бірегейлігі әр түрлі тайпаларда кездеседі, алайда олардың жерлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне тән айырмашылықтары да бар, бірақ оларды біріктіретін нәрсе — сақтардың адам жанының өлмейтіндігіне деген сенімі. рлн бірге оның жеке заттары мен оның лауазымына сәйкес мүлкі жерленді.

Ал сақ тайпасының жоғары өкілдері үшін мәйіттерді бальзамдау және мумиялау әдістері қолданылды. Ол марқұмның жылқысына да қатысты қолданылды, бұл олардың сенімдері бойынша күн Құдайына құрбандық шалу болған. Сактақтар мәйітті барынша сақтауға тырысқанына қарамастан, олардың жаны қайта адамдар арасына оралудан қорықты, сол себепті олар қорғандардың айналасында үлкен от жағып, от қорғаныс қызметін атқарады деп сенді.
Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл далада археологтар «Тарим мумиялары» деп аталатын ерекше мумияларды тапты. Екінші мен төртінші мың жыл бұрын пайда боінкірінше, олар еуропалық нәсілге жатады — Солтүстік Қара теңізден келген көшпенділер: сарматтар мен скифтер. Бұл жаңалық ежелгі сақ тайпалардың шығысқа бұрын даы.
Мумиялар Такла Макан шөлінің құрғақ климатының арқасында аман қалды. Олардың қызыл немесе аққұба шаштары, үлкен көздері, жұқа еріндер мен үлкен мұрындары олардың еуропалық нәсіліне тиесіл екенін растайды. Киімдері де жақсы сақталып, олардың арасында тоқылған шалбар мен жейделер, таңқаларлық оюлары бар жұқа көйлектер кездеседі. Бұл олардың жоғары шеберлігін көрсетеді. Мумияларды зерттеуге кіріскен алғашқы шетелдік зерттеуші, Беркли университетінің археологы Джанни Дэвис-Кимбэлл болды. Ол мумиялардың ауқатты жауынгерлерге, саудагерлерге және қолөнершілерге ұқсайтынын және олардың сақталуы ежелгі халықтардың өмірі туралы көп нәрсе білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Тарим аумағының оңтүстік және шығысында ондаған зираттарда ерекше табиғи жағдайларға байланысты өте жақсы сақталған мумиялар табылды. Нақтырақ айтсақ, құрғақ климат пен тұзды топырақ олардың сақталуына ықпал етті. Табылған мумиялардың мысырлық мумиялардан айырмашылығы, бұл денелер жасанды түрде өңделмеген, сақтар мәйттерге ыдырауға жол бермейтін тұзды және жақсы құрғатылған топырақтарда жерлеу арқылы сақтаған. Мыңдаған жылдар өтсе де, бұл жерлеуге бір тамшы ылғал енген жоқ.
Қытайдың «Кіші Өзен» зиратынан табылған заттар әсіресе ерекше. Олардың арасында «Сяохе сұлуы» бар, оның денесі соншалықты жақсы сақталған тіпті шаштары, ұзын кірпіктері және киімінің бір бөлігі анық көрінеді. Ол ақ жүннен жасалған күртешеге оралған, киіз қалпақ, былғары етік және белдемше киген. Онымен бірге ағаш түйреуіштері мен өсімдік дорбалары анықталған. Мұнда мумиялар сыртқы келбетін сақтау үшін ерекше рәсіммен жерленген бе, әлде бұл негізінен сақтар тайпалары өмір сүрген Орталық Азияның дала аймағына тән құрғақ климаттың, қорғандар мен ауа-райының салдары ма деп болжауға болады.
1951-1952 жылдары В. Ильинская мен А. Тереножкин археологтары Солтүстік Азов облысындағы Молочная өзенінің аумағындағы қола дәуірінің қорғандарын зерттеді. Екі қабірден олар ерекше рәсімнің іздерін анықтады: мәйіттердің бас сүйектері шайыр қабатымен қапталған. Бірінші қорғаннан ер адамның қаңқасы табылды. Ол сол жағына қарай жатып, басы мен аяғы бүгілген күйде болған. Бас сүйегінің маңдайында өлім соққысының ізі болды, ал омыртқалардың арасында өз ажалымен өлмегенін растайтын кішкентай жебе ұшы табылды. Бас сүйегінің төбе жағы мен желке бөліктері қалыңдығы 2-3 мм шайырмен жабылған. Екінші жағдайда, қорғаннан екі қаңқа табылды — ересек пен жас баланың денесі. Ересек адам оң жағында жатты, ал оның бас сүйегін қалыңдығы 1-2 мм шайыр қабаты жауып тұрды. Шайырда шаштың ізі сақталған, бұл оның шашқа тікелей жағылғанын көрсетеді.
Қорытындылай келе, мәйіттердің бірі өз өлімімен қаза таппағанына қарамастан, мәйіттер жергілікті тайпаның дәстүрі бойынша жерленген деп болжауға болады, бұл рәсімге оның туыстарының қатысуын көрсетеді, яғни рәсім ойдағыдай толығымен өткізілген. Шайыр шашты немесе басына шайырсыз ұсталмайтын нәрсені бекіту үшін қолданылған. Бұл рәсім жұмбақ күйінде қалып отыр, бірақ сақтар тайпаларында о дүниеде адамның рухы өзінің сыртқы келбетін сақтауы керек деген сенім болған деп болжауға болады. Сонымен қатар, мумиялау және бальзамдау рәсімдерінде бүкіл ағзаның сақталуы мәйіттің сыртқы түрінің сақталуы сияқты маңызды болмады. Мұны мысырлықтарда да, алтай сақтарында да зерттеу барысында кездесіп, орын алған жағдайлар дәлелдеп отыр. Сондықтан, мәйіттердің шаштарындағы шайыр олардың рәсімге сай барынша сақтықпен жерлегісі келетіндігін тағы да растап отыр.
Сақтар мәйтті бар күйінде сақтап қалу үшін бальзамдау әдісінен басқа, ауа — райының ықпалынан басқа тағы бір әдісті қолданған. Бұл қорғандарды салу кезіндегі ерекше техникасы. Сақтардың қорғандары әр түрлі болды: жер қойнауы, жер үсті, қабір шұңқырлары деп бөлінді. Бальзамдалған денелер үшін мәйітті жақсы жағдайда сақтауға мүмкіндік беретін арнайы жерлеу технологиясы болды.
2004-2007 жылдары Чирик — Рабат қалашығында орналасқан екі қорған табылып, зерттелді. №6 қорғаннан жасөспірімнің қаңқасы табылды, оның бас сүйегі және қол мен аяқтың бірнеше сүйектері сақталған. Бұған арнайы жерлеу техникасы ықпал етті: шұңқырдың ортасында, 4 метр тереңдікте кірпіштен қаланған және қамыс пен ағаштың алты қабатымен жабылған жерлеу шұңқыры табылды, үсті құммен жыбылып, сонымен қатар қорғанда арнайы ойықтар болды. Бұл қорғанның салқын температурасын сақтауға мүмкіндік берді, яғни «мұздатылған қорғандар» әсерін тудырды, мұнда әрқашан 0 °C төмен температура сақталып, бұл мәйітті сақтау үшін өте маңызды болды. Уақыт өте келе сақ тайпалары мәйітті өртеу рәсімі, бальзамдау рәсімі, кремация рәсімінің орнына мәйітті салтанатсыз, жай ғана жерлеуге біртіндеп көшті. Бұл Шығыс Арал маңындағы сақтарға тән болды және ғалымдардың пікірінше, бұл құбылыс олардың діни көзқарастарының өзгеруіне немесе халық арасында жаңа этникалық топтың пайда болуына байланысты өзгерген.
Қазақстан аумағында мумияланған мәйіттердің жарқын мысалдары да кездеседі. Жақсы сақталған жерлеу орындарының ішінде Шығыс Қазақстандағы Берел қорғандарынан табылған мәйіттер мен жылқылардың қалдықтарын атап өткен жөн. Бұл қорғандар сақ мәдениетіне жатады. Қорғанның орталық бөлігінде ер адамның мумияланған қалдықтары табылды, мүмкін басшы немесе жоғары лауазым өкілі болған. Оның денесі мұздатылған герметикалық қорған құрылымының арқасында жартылай мумияланған. Ер адам ағаш табытқа жерленген, ал жанында екінші адам, мүмкін жұбайы немесе жақын туысы жерленген.
Бұл қорғанның ең ерекше бөлігі — «мәңгі мұз топырағында» (температура 0 °C-тан аспайтын топырақта) көмілген және мумияланған 13 жылқының сүйектері табылған. Жылқылардың сүйектері мен терісі ғана емес, тіпті ішкі мүшелері де сақталған. Биолог ғалымдар жылқылардың асқазанындағы қоректенген шөптерді зерттей отырып, жануарлардың әртүрлі жерлерден әкелінгенін анықтады. Жылқыларды мақсатты түрде бальзамдағанының бір дәләлі — зерттелген шөптерде өлі жылқылардың ыдырауына жол бермейтін эфир майлары табылды. Бұл дегеніміз ежелгі сақтар бальзамдау өнеріне ие болды және денелерді сақтау үшін арнайы мәйітті жасанды мұзға орналастырды. Қорған салу кезінде олар оның биіктігі мен енін мұқият есептеп, жел ағындарын суықты ұстап тұрсын деп табыт тұрған жерге бағыттап құрған. Бұл техника температураны -4°C градусқа дейін ұстап, мұзды еріп кетпес үшін жел айналымын қамтамасыз еткен.
Сақтар тайпаларында мумиялау және бальзамдау рәсімі болған және жиі кездескен. Бұған Орталық Азия даласының құрғақ климаты ғана емес, сонымен қатар мәйітті жерлеу техникасы, арнайы майдан жасалған қоспалар, қорғандардың құрылымы, жерлеу орындарында «мәңгі мұз» техникасының пайда болуы ықпал етті. Бұл қола дәуіріндегі сақтардың салттық мүдделерінен туындаған жоғары шеберлігінің дәлелі. Зерттеулер бізге қазіргі кезде сақтардың мұраларын зерттеуге және мәдени байлықтары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Ақниет Жарылқасын
«Ұлы Дала Елі» орталығының қызметкері