№2 Ақпан, 2025
Сәулебек Асылханов есімі кеңестік және қазақ театр көрермендері үшін жақсы таныс. Театр реформаторы, Әзірбайжан Мәмбетовтің мектебінен тәлім алып, көптеген тың дүниеле ұен еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Сәулебек Асылханов — 1966 жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының жанындағы екі жылдық студияға оқуға түседі. 1968 жылы студиян.Ә актерлік труппасына қабылданады. Ол жылдары аталмыш театрда сахна корифейлері С.Қожамқұлов, С.Майқанова, Х.Бөкеева, Ы.Ноғайбаев, З.Шәріпова, Ф.Шәріповалар жұлдыздай жарқырбое Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов «Ана-Жер-Ана» трагедиясынан Жайнақтың рөлін береді. Академиялық театрдың жас актер Сәулебекке берген тәлімі мен өнегесі «режиссура» атты күрделі салаға бет бұруына алып келеді. 1971 жылы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда КСРО халық артисі Ә.Мәмбетов «драма театр режиссері» мамандығына оқуға түседі. Оқып жүріп, терең білім ала отырып, 1974 жылы сол кездері көптеген, режиссерлердің спектакль қоюға батылы бара бермейтін М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрына М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясын сахналайды. Айманды-Бақыт Жанғалиева мен Жұмагүл Мейрамова, Шолпанды-Рахиялм Машурова мен Шәмшәгүл Меңдиярова кескіндеді. Әуезов театрында С.Асылханов сахналаған «Айман-Шолпан» өте табысты өткен қойылымдар қатарында болды. 1975 жылы Талдықорған қаласынан қазақ драма театры бой көтеріп, оның негізің қалануына дарынды режиссер Мұхтар Қамбаров, Қалмахан Бейсенбаев, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның «драма театр және кино актері» мамандығының түлектерімен бірге жас режиссер Сәулебек те, атсалысады. Жас театр жалынды режиссерге сарқылмас шабыт сыйлайды. Аталмыш театрда Т.Ахтановтың «Әке мен бала», А.Вампилов «Сүйінші, табылды, табылды» комедиясын сахналайды. Қазақ театр тарихында Абылай ханға арнап тұңғыш спектакль қойған режиссер Сәулебек Асылханов болатын. Кеңестік идеологияның іске асырылып, ел тарихындағы қазақ хандары мен сұлтандары, билері, көрнекті қайраткерлерінің есімі аталуға тыйым салынған уақытта Сәулебек Асылханов үлкен ержүректілікпен, батырлықпен Т.Қалихановтың «Алтын бесік» драмасын сахналайды. Кеңестік тұста, сол кездегі өнер сүйер қауымға ұлттық рух сыйлаған қойылым болды. Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясын еліміздегі театрлардың көбісі сахналады, сахналап жатыр, сахналай да, бермек. Дегенмен, аталмыш туындының «ең бірінші біздің театр сахналады, біз қойдық»-деген көптеген театрларымыздың актерлері айтып жатады. Бірақ та, «Күшік күйеу» комедиясын ең алғаш сахналаған, тіпті арнайы жаздыртқан Сәулебек Асылханов екенін бүгінгі ұрпақ біле жүргеніміз жөн. Пьесаны Тахауи Ахтановқа арнайы жаздырып, музыкасын Нұрғиса Тілендиевке, ән сөздерін Қадыр Мырзалиевке жаздыртты. Ең алғаш Талдырған облыстық қазақ драма театрында С.Асылханов режиссурасымен сахналанған өте табысты жүрген туынды болды. «Күшік күйеу» комедиясының алғашқы режиссері С.Асылханов. Талдықорған театрында сүбелі еңбек еткен Сәулебек Асылханов М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрына режиссер болып орналасады. Академиялық театрда ұстазы Ә.Мәмбетовпен бірге А.Чеховтің «Ваня ағай» шығармасын сахналайды. Д.Исабеков КСРО халық артисі, театр анасы С.Майқановаға арнап «Мұрагерлер» атты пьеса жазады. Аталмыш туындыны Сәулебек Асылханов сахналайды. Сахна корифейі Сәбира Майқановнаның екінші тынысын ашқан спектакль болды. М.Әуезов театрында Сәулебек Асылханов Тұңғышбай Жаманқұловқа арнап «Кішкентай ауыл» драмасын сахналайды. Бұл қойылымға: ««Академиялық театрдың «Ана – Жер-Анадан» кейінгі үлкен табысы»-деп Асқар Сүлейменов баға берді. «Кішкентай ауыл» театр репертуарында ұзақ жылдар сахналанған спектакльдер тізбегінде болды. В.И. Немирович-Данченко: «режиссер-актер, режиссер-ұйымдастарушы, режиссер-айна» деп режиссер бойында болуға тиіс қабылеттерді айтады. Сәулебек Асылхановта осы үш қасиет те, бар. Сәулебек Асылханов Елордадағы Ұлттық дәстүрлер театрының негізін қалады. К.Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Театр және Өнертану» факультетінің деканы болды, бүгінгі таңда аталмыш оқу орнында жас режиссерлерді тәрбиелеп жатқан ұлағатты ұстаз. Сәулебек Асылхановтың қазақ өнеріне сіңірген өлеушсіз еңбегін бағалау, құрмет білдіру, бүгінгі ұрпақ парызы.
Бахтияр Тұрсын, театртанушы