№2 Ақпан, 2025
Қасиетті Мәдина қаласындамыз. «Исламның күмбезі» атанған бұл шаһар – миллиондаған мұсылмандардың бейресми астанасы. Киелі мекенге табанымыз тигеніне сенер-сенбесімізді білмей, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірін зиярат етіп шығып, екіұдай сезім құшағында тұрмыз. Қатты толқып кеткенімізді сезсе керек, жолбасшымыз Дастан Құрманбаев Пайғамбар мешітінің тарихына арн ш қазаққа қатысты құнды жәдігерлер бар», дейді досымыз. Қуана келістік.
Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған музейдің ішкі келбеті ерекше безендірілген. Пайғамбар мешітінің іргетасы қаланған алғашқы күнінен бастап қалыптасу тарихы кезең-кезеңдерімен сәтті ұсынылған. Мұнда экскурсия тек араб тілінде жүргізіледі екен. Аудармасын бір мезгілде әлемнің көптеген тіліне тәржімалай алатын электронды құралдар арқылы тыңдай аласыз. Бірақ, бізге оның қажеті болмады. Құран тілін жетік меңгерген Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы араб тілінен тікелей аударма жасап берді де тұрды.

– Нұреке, мына мінберге жақсылап зер салыңыз, – деді ол музейдікен Қайтпай атты сұлтан жасатып, Пайғамбар мешітіне сыйға тартқан. Бұрын-соңды Қайтпай сұлтан туралы естіп пе едіңіз?
Ауызымыз ашылды да қалды. Қайтпай сұлтанның есімін мүлдем естімеген екенбіз. Таңданатын да жағдайымыз бар. Өзі қазақтан шыққан сұлтан болса! Анау-мынау емес, Пайғамбар мешітіне арнап мінбер салдырса! Қалайша таң қалмайсыз?! «Қашан?», «Қалай?», «Қазақтан шыққан сұлтан дейсіз бе?» деп жолбасшымызды сұрақтың астына алдық. Ол болса, қабырғаға ілінген ақпараттан мінбердің тарихын аударып, түсіндіріп жатыр. Миымыз қорытып үлгермей әлек. Бәлкім, бұл жағдай осы туралы білетін аз ғана топқа таңсық емес шығар. Ал, бізге, көпшілікке таңсық ғана емес, мүлдем тосын жаңалық. Қайтпай сұлтан туралы білуге, оның өмірімен танысуға асықпыз.
Қош. Сонымен мінбердің тарихына
келейік. Біздің заманымызға дейінгі 886 жылы (1481 жыл) Пайғамбар мешітінен өрт
шығып, Алла ел омсыз күйге түсіп, көп ұзамай қалпына келтіру жұмыстары басталады. 888
жылы (1483 жыл) Мысыр мен Шамның (Сирия) билеушісі әл-Әшраф Қайтпай сұлтан арнайы
мінбер жасатып, оны Паыйшітте біздің
заманымызға дейінгі 998 жылға дейін қызмет етіпті. Дәл сол жылы ІІІ Мұрад
сұлтан мешітке жаңа мінбер орнатып, Қайтпай сұлтанның мінберін Құба мешітіне көшіреді.
Ал, Құба мешітінің адамзат баласын тура жолға шақырған Ислам діні келгеннен
кейінгі салынған ең алғашқы құлшылық ордасы екендігі баршаға белгілі. Құба
мешітінің құрылысына Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) өзі ар>
>
Хижра жыл санауы бойынша 1438 жылы Мәдина аймағының губернаторы, Мәдина ғылыми-зерттеу орталығының қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Корольдіктің ұлы мәртебелі ханзадасы Фейсал ибн Салман ибн Абдул-Азиз әл-Сауд бұл мінбердің «Мәдина тарихының ажырамас бөлігі және Пайғамбар мешітіне байланысты сирек мұра екендігін» айтып, оны қалпына келтіруді және музейге құнды жәдігер ретінде қоюды тапсырады. Осылайша, мінбер Құба мешітінен Пайғамбар мешітінің тарихына арналған музейге ауыстырылады.
Мінбердің өзі мәмлүк дәуірінде пайда болған аппақ мәрмәрден жасалыпты. Ал, үстіңгі бөлігі алтын бояумен бедерленген. Ағаш есіктен, жеті баспалдақтан тұрады. Есіктің жоғарғы жағындағы маңдайшасына Құранның «Нахыл» сүресінің 90-шы аяты ойып жазылған: «Негізінде Алла әділетті, игілікті ждысыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине түсінерсіңдер».
Бір ерекшелігі, мінберді жасау кезінде сол дәуірдегі ең атақты технологиялар қолданылған көрінеді. Әр бөлігіне дейін мұқият ойластырылған. Мәселен, бір ғана есікті жасау үшін ағаш өңдеудің түрлі әдіс-тәсілдері пайдаланыпты. Есіктің бөліктері ұқыпты өңделген ағаш кесектерінен жиналып, өрнектері піл сүйегінен ойылған. Мінбердегі ою-өрнектің бір бөлігі қашалған жазудан тұрады. Онда 1468 жылдан 1496 жылға дейін Египет пен Сирияны билеген Қайтпай сұлтанның есімі жазылып, мақтау айтылған.
Қайтпай сұлтанның есімімен тығыз байланысты екінші жәдігер – Пайғамбар мешітіндегі михраб. «Михраб» дегеніміз – мінәжат етушілерге арналған құбыланы бағдарлап тұратын бағдаршы, намаздағы имамның орнын көрсететін белгі. Көптеген деректерде Қайтпай сұлтанның михрабы аталған мешіттегі «Рауда шарифада» (қасиетті бақша) орналасқан делінеді. Бұл жерде «қасиетті бақша» сөзі тікелей мағынасында қолданылмайды. Ол – мешіттің бір бөлігі ғана. Онда намаз оқыған адам мол сауапқа кенеледі. «Қасиетті бақша» туралы Алла Елшісі көзі тірісінде: «Менің үйім мен мінберімнің арасы жәннат бақшаларының бір бақшасы» деп айтқан. Сондықтан, мұсылмандар Пайғамбар мешітіне барғанда міндетті түрде «қасиетті бақшаға» кіріп, сол жерде екі бас намаз оқуға асығады.
Сәті түсіп, бізге де осы «Рауда шарифада» болудың бақыты бұйырды. Сонда рае оттай басылды. Кәдімгі қазақтың қошқар мүйіз өрнегі. «Тайға таңба басқандай» салынған. Бір деректе Қайтпай сұлтан осы михрабты Пайғамбар мешітіне 1484 жылы сый ретінде жіберіп, ол сол жылдың 17 қаңтарында – «Құрбан айт» мейрамында орнатылған деп айтылады.
—е осы михрабты салдырушы бірнеше адамның есімі аталады. Бірақ, михрабтың артқы бөлігіндегі жазуда оны салдырған адамның есімі анық жазылыпты. Ол жазу арабтың сүліс стилі бойынша таңбаланған. Осыдан 7-8 ай бұрын шымкенттік Бекзат Сәкенұлы есімді жігіт оны суретке түсіріп алып, Алматы қаласында тұратын әйгілі хаттат, сүліс, насх, куфи жазуларының маманы, каллиграфия өнері бойынша Мысырда білім алған еліміздегі алғашқы маман Асылбек Байұзақұлына аудартыпты. Хуснихат шеберінің айтуынша, шынында да, жазбада михрабты қажылық қарсаңында Қайтпай сұлтанның салдырғаны көрсетіліп, алдымен Алла елшісінің, сосын Қайтпай сұлтанның атына мадақ айтылған екен.Киелі мекендегі Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітіне мінберді сыйға тартып, «қасиетті бақшада» әлі күнге дейін есімі мен даңқын асқақтатып тұрған михрабты салдырған,ныпен айтатын Қайтпай сұлтан кім болған? Оның қазаққа қандай қатысы бар? Енді осы жайлы тарқатып айтсақ.
Қайтпай сұлтан туралы айтқанда, ең алдымен, мәмлүктердің билікке келуі еске түседі. Даңқты Бейбарыс сұлтан Құтызды тағынан тайдырып, барлық билікті өз қолына алған соң, әскерді көшпелілер ұстанған Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» тәртібімен қайта құрады. «Ақ құлдар» атанған мәмлүктердің негізінен әскери адамдар болғаны белгілі. Мәмлүктерді 1382 жылдан бастап шеркештен шыққан сұлтандар басқарады. Бұл басқару жүйесі Мысырды османдықтар жаулап алған 1517 жылға дейін жалғасты. Ал, шеркештер – бүгінгі Кіші жүздің белді руы.
Тарихи деректерге сүйенсек, Қыпшақ даласынан шыққан 25 сұлтан асқмәмлүктерді, жалпы Мысырды билеген сұлтандардың ішінде Қайтпай сұлтанның есімі Бейбарыс бабамыздан кейін ерекше дәріптеледі. Оның даңқы дарынды басқарушылық өнерімен, соғыстағы ержүректігімен, қайтпас-қайсар батырлығымен, айрықша қайырымдылығы және Ислам дініне сіңірген еңбегімен шыққан. Кейбір араб аңыздарында Қайтпай сұлтан «Бейбарыстан кейінгі ең құдіретті және әділетті патша» болып сипатталады.
Қайтпай сұлтанның толық ныспысы – әл-Әшраф Сейіт ад-Дин Қайтпай. 1416 (18) жылы Дешті Қыпшақ топырағында кіндігі кесілген. Қыпшақтың шеркеш руынан шыққан. Сол дәуірдегі қанқұйлы соғыстың бірінде бала Қайтпай құлдыққа түсіп, туған топырағынан жыраққа кетеді. Содан 20 жасында мысырлық саудагердің құлы болып жүрген жерінен Каирға барып табан тірейді. Қайтпай бала кезінен садақ атудың шебері, «құралайды көзге атқан» мерген болған. Оның сонысына қы (тпайды 50 динарға сатып алған. Одан Шақпақ сұлтанның (1438-1453 жылдар) қарауына өткен. Кейіннен осы Шақпақ сұлтан Қайтпайды құлдықтан азат етіп, өзінің жеке хатшысы етіп тағайындайды. Шақпақ дүние салғаннан кейін ол алты бірдей сұлтанға қызмет етеді. Осы кезеңдерде әскери өнерімен көзге түсіп, сарай күзетінің мүшесі, мәмлүктердің мыңбасысына дейін жетеді. Ал, Темірбұға сұлтанның (1467-1468 жылдар) кезінде атабек, яғни, бас қолбасшы атағын алады. Соңыра Темірбұғаның орнын басып, 1468 жылдың қаңтарында 52 жасында сұлтан тағына отырады. Сөйтіп, Қайтпай Мысыр мен Шамның (Сирия) мәмлүктерден шыққан он сегізінші сұлтаны (1468-1496 жылдар) атанады.
Қазақтан шыққан Қайтпай сұлтанның ел басқару стилі де ерекше болған. Біз Мысырды билеген елуге жуық мәмлүк cұлтанының қырықтайы жас кезінде-ақ қаза болғанын білеміз. Көбісі қудаланған, тақтан тайдырылған немесе қастандық жасалған. Қайтпай сұлтан болса, 28 жыл ел басқарып, мәмлүктердің ең атақты сұлтандарының біріне айналады. Ол билікке келген алғашқы күннен бастап өзінің сенімді серіктері мен жақтастарын, сарай ақсақалдарын маңайына жинап, жаңа басқарушы кеңес құрады. Екі адамды өзіне атқарушы сұлтан етіп таңдап алып, басқа тағайындаулардың бәрін солар арқылы реттеп отырған. Мәмлүктерді билікке, ел басқаруға көптеп тартады. Көбінесе билікті соларға қалдырып, сарайдан ұзақ уақ Ондағы әмірлердің өзіне деген адалдығын, беріктігін тексеріп отырыпты.
Ол тек дарынды басқарушы ғана емес, есепке, қаржыға келгенде де алдына жан салмаған. Соның арқасында мәмлүктердің экономикалық жағдайын жақсартып, елдегі сауда-саттық мәселесіне түбегейлі реформа жасайды. Осының негізінде, алыс-беріс, жәрмеңке, базар жұмыстары дамиды. Ерекше дипломатиялық қабілетімен Осман империясымен шектесетін Мысыр сұлтандығының солтүстік шекарасын нығайтады.
Бірақ, солай бола тұра, Қайтпай сұлтанның атын әлемге танытқан мұсылмандардың сәулет өнерін дамытып, оны биікке көтергені болатын. Ол өзі билік құрған 28 жылдың ішінде 230 сәулет ескертеноның кейбірі күні бүгінге дейін «мұрты бұзылмай» аман жеткен. Сұлтан Мекке, Мәдина, Каир, Құдыс (Иерусалим), Дамашық (Дамаск), Халеб (Алеппо), Александрия секілді қалалардың құрылыс нысандарына қолтаңбасын қалдырған. Осы тұста ерекше атап өтерлігі – Қайтпай сұлтан өзі тұрғызған ғимараттарға, мешіттерге қазақтың қошқар мүйіз оюын салдырып отырған. Мәселен, осы қошқар мүйізді Пайғамбар мешітіндегі михрабтан бөлек, Мысырдағы әл-Азһар мешітінің маңдайшасынан, Александриядағы Қайтпай қорғанынан көруге болады.
Мұсылмандардың сәулет өнері дегенде, біздің есімізге тек мешіт пен медреселер ғана түсетіні жасырын емес. Бірақ, біздің бабаларымыз онымен шектелмеген. Бейбарыс сұлтан сәулетті көпірлер салдырса, Қайтпай сұлтан ғажайып субұрқақтар тұрғызған. Ғалымдар Қайтпай сұлтанның сәулет өнеріне ерекше ден қоюын оның ел басқарған кезі мұсылмандардың жаймашуақ кезеңіне сәйкес келуімен, саяси салқындық саябырлап, мәмлүктердің әскери қуатының артуымен байланыстырады. Сұлтан осы кезеңдерде мәмлүктердің дәстүріне дем беріп, тұрғызылған мысырлық ескерткіштердің бәріне мәмлүктердің өрнегін қостырып отырады. Қазақтың қошқар мүйіз оюы – осы өрнектердің біреуі ғана. Ол Мысыр билеушілері тарихерыр сұлтан болыпты. Өзінің тікелей араласуымен Мысырдың Александрия мен Рашид (Розетта), Шамдағы Дамаск пен Алеппо қалаларында жаңа құрылыстар жүргізген. Құдыстағы Қайтпай субұрқағы мен Газадағы Әшрафия медресесін де өзі салдырған. Араб түбегіндегі қалаларды да гүлдендіріп, сонау Пайғамбар, сахабалар дәуірінен келе жатқан мешіттер мен медреселерді жаңғыртады. Біз жоғарыда атап өткен 1481 жылы Мәдинадағы Пайғамбар мешіті өртке оранған кезде Қайтпай сұлтан киелі мешіттің қайта бой көтеруі үшін көмегін аямай, түгелдей қалпына келтіруге атсалысады. Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаның да сәулетін арттыруға баса мән береді. Осылайша, қос харамға қызмет етіп, қан дінінің гүлденуіне үлкен үлес қосады. Қасиетті мекенге сапар барысында біз өз көзімізбен көріп, қолымызбен ұстаған мінбер мен михраб – оның дінге деген қалтқысыз қызметінің жарқын көрінісі.
Сұлтанның Ислам дініне қызмет еткендігінің тағы бір айқын дәлелі – ол 1472 жылы Меккеге барып, қажылық сапарын өтейді. Осы сапарында Мекке халқының кедейшіліктен көз ашпағанын көріп, ғұмырының біраз бөлігін осы қасиетті қала халқының тұрмысын көтеруге арнайды. Қасиетті Қағбаның сәулетін жақсартуды қолға алатыны да осы кез. Осындай қамқорлығын көргендіктен болар, ондағы мұсылмандар Қайтпай сұлтанды әлі күнге дейін жанындай жақсы көреді.
Қайтпай сұлтанның даңқын асырған құрылыс – Александриядағы «Қайтпай қамалы». Бұл қамалдың тұрғызылуы сұлтанның Жерорта теңізіндегі беделін жоғарылатып, османдықтардың сағын сындырады. Құрылысы 1477 жылы басталған қамалдыныФарос аралының шығысындағы бұрынғы «Әлемнің жеті кереметінің» бірі – атақты Александр шамшырағы (маяк) орналасқан жер таңдап алынады. ХIV ғасырдағы жер сілкінісі салдарынан жермен-жексен болған Македонский шамшырағының үстіне қамал салу арқылы Қайтпай сұлтан көне тарихты қайта тірілткісі келгенге ұқсайды. Қамалдың жалпы құрылысына қазынадан жүз мың динар бөлгізіп, оны салу кезінде жер сілкінісінен қирандыға айналған маяктың кейбір материалдарын пайдаланады. Қорған ішкі және сыртқы қабырғалармен қоршалып, ішкі бөлігінде күзетшілердің жатын орындары мен қару-жарақ қоймалары жабдықталады. Сыртқы қабырға ішкі қабырғаның биіктігі деңгейінде салынып, оқ атуға арналған ойықтар жасалған. Үш қабатты қамалдың төрт бұрышына жартылай дөңгелене біткен төрт мұнара орнатылған. Бірінші қабатының алаңына кішігірім мешіт тұрғызып, қорғаныс кезінде әскерлер әрлі-берлі қозғалуға ыңғайлы өткел жолдар қойылған. Екінші қабат ұзын өткелдерден, бірнеше бөлмеден жкеғынан дұшпан әскерінің үстіне ыстық май төгетін тік ойықтан тұрады. Ал, үшінші қабатта күншілік жердегі кемені байқауға арналған, үстіңгі жағы күмбезделе біткен үлкен бөлме, дән тартатын диірмен мен нан пісіретін ошақ болған. Сүйірленіп келген үш жағы теңізге қарата салынған қамал құрылысы не бәрі екі жылда толық аяқталып, ең мықты деген мәмлүктерден қамалдың күзеті жасақталады. Оларға жалақы төлейді. Қаншама шайқастарда қабырғасы сетінегеніне қарамастан, қорған осы күнге дейін аман жетіп, 1952 жылы қайта жөнделіп, теңіз музейіне айналды. Александрия қаласының «Тарихи орындар» бөлімінің директоры Мұхаммед Мүтәуәлидің айтуынша, «Қайтпай сұлтан қамалы» туристік орын ретінде қала бюджетіне жыл сайын 10 миллион египет фунты көлемінде кіріс түсіреді екен. Сондай-ақ, аталған қамал Мысырдың ұлттық банкнотының бірінде бедерленіпті.
Көпке дейін бізге белгісіз болып келген тұлғаның атын аспандатып тұрған тағы бір тарихи нысан – «Қайтпай сұлтан кешені». Каирдың солтүстігінде орналасқан бұл кешеннің құрылысы 1472 жылы басталып, 1474 жылы аяқталған. Ол туралы кешеннің солтүстік қасбетіндегі кіреберістің оң және сол жақтарында анық жазылған. О баста кешен салынбай тұрғанда ол жер шөл дала болыпты. Кешен құрылысы оған жан бітіріп, қала солтүстікке қарай едәуір ұзарып, жаңа қоныстар пайда болған. Көрші елдермен сауда-саттыққа жол ашылып, Қызыл теңізге, Шамға шығатын керуен жолдары құрылады. Сондықтан да, бұл кешен Мысырдағы алғашқы сауда үйлерінің бірі ретінде тарихта қалған. Кешен мешіт, медресе, Сұлтан сарайы, суару жүйесі және шәкірттер үйінен тұрады. Қайтпай сұлтан көзі тірісінде, 1474 жылдың желтоқсан айында осы кешеннің ішінен өзіне арнап зират та салдырған.
Кешеннің сәулеті өзіндік үйлесімділігімен, ішкі-сыртқы безендірулері және жазуларының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Есіктері түрлі-түсті мәрмәрмен және жазулармен безендірілген. Үсті ойылған мұқарнастармен (мұқарнас – жабыстырмалы жақтау түріндегі сәндік бұйым – Н.М.), ақлға Мысырдағы ең биік мұнаралардың бірі саналатын мұнара (биіктігі 39,62 метр) орналасқан. Шығыс қасбеті құбыла жағынан геометриялық жазулары бар биік күмбезбен аяқталады. Орталық алаң төрт күмбезді иуанмен (иуан – ислам сәулет өнерінде үш жағынан қабырғасы қоршалған, төртінші жағынан ашық күмбезді бөлмені білдіреді – Н.М.) қорғалған. Алаңның едені түрлі-түсті мәрмәр шеңберлерімен, ал, кіреберістердің едендері әртүрлі тастармен безендірілген. Шығыстанушы Сырым Құрмаштың айтуынша, «Қайтпай сұлтан кешені» – мәмлүктер даласында салынған нысандардың ішіндегі көптеген бөлшектері сақталып қалған жалғыз ескерткіш. Оған Араб көне жәдігерлерін сақтау комитеті 1893-1897 жылдары жөндеу жұмыстарын жүргізіп, төбелері мен едендерін, терезелерін қайта жаңғыртқан. Ал, 2015 жылы Қайтпай сұлтан хауызын қалпына келтіру жұмыстарын жасаған. Кешен әлі күнге дейін мәмлүктер заманынан қалған ең көрнекті әрі көне ескерткіш ретінде мемлекет қорғауына алынған.
Құдыстағы «Қайтпай субұрқағы» да кезінде сәулетімен ерекше көз арбаған, сол дәуірдің ең әдемі құрылыстарының бірі. Әл-Ақса мешітінен жиырма метрдей жерде орналасқан бұл субұрқақты салуға мысырлықтардан бөлек, шеркеш шеберлері де қатысқан. Түгелімен мәмлүк өрнектерімен безендірілген субұрқақтың келбетін Құдысты османдықтар басып алғаннан кейін мүлдем өзгертіп жіберген.
Бір қызығы, Қайтпайдың атын алған нысандардың барлығы сұл ті салдырған нысандардың бәрінде сол заманның сәулет өнерін сақтап қана қоймай, түрлі әдістерді қолданып, одан әрі дамыта түскен. Мысалы, тастарды әшекейлеп кесудің алтын дәуірі тура сол кезден басталыпты. Құрылыстарды мәрмәр тастардан тұрғызу да дәл сол кезде қанат жайған.
Енді Қайтпай сұлтанның соғыстағы жаужүректігі туралы бірер сөз. 1485 жылы Осман империясы мәмлүктердің шекарасына жақындап, әлсін-әлсін сес көрсетеді. Сұлтан бейбіт келісімге келуді көздегенімен, османдықтар оған көнбейді. Сөйтіп, 1486 жылы Адана түбінде түріктер мен мәмлүктердің арасында кескілескен шайқас болып, түріктер ойсырай жеңіледі. Осы қанды қасап ұрыста Қайтпай сұлтан мәмлүктерді е арқасында жеңіске бастайды. Ал, 1491 жылы Мысыр мен Осман билеушілері Қайтпай және II Баязит сұлтан ресми келісімге қол қойып, бір-біріне сый-сыяпат тарту етеді. Діні бір екі мемлекеттің арасында елшілік байланыс орнайды. Қайтпайдың қос мұсылман елін бір келісімге келтіруі оның мұсылман халықтары алдындағы беделін одан сайын арттыра түсіп, тек мұсылман елдері ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де даңқы жайылады.
Міне, сәулеті келіскен зәулім ғимараттар тұрғызып, халқының жүрегінен мәңгілікке орын алған Қайтпай сұлтан 1496 жылы 80 жасында дүние салады. Сүйегі өзі салдырған Қайтпай кешеніндегі зиратқа жерленеді. Ал, сұлтан тағына ұлы Насыр Мұхаммед отырады.
Қазақ даласында кіндігі кесіліп, құлдықтан сұлтандыққа жеткен Қайтпай сұлтанның тек ғұмыры ғана емес, дүниеден өтуі де ерекше болған көрінеді. Қайтпай сұлтан туралы алғаш болып қалам тербеген белгілі журналист Серікбол Хасанның жазуынша, ол өмірден жүрелеп отырған күйінде өтіпті. «Қателеспесем, қазақтың белгілі жазушысы Смағұл Елубайдың мақаласынан оқыдым-ау деймін, ол көрнекті қаламгер Рақымжан Отарбаевтың Мысырға барғанын, сондағы зираттарға барып зиярат еткенін айта келіп, қыпшақтардан шыққан мәмлүк сұлтандарының басына барып Құран бағыштағанын жазады. Сонда зират шырақшысы мәмлүк сұлтдадамды көріп есі шығып кете жаздайды. Неге десеңіз, Қайтпайдың жаны жүрелеп отырған кезінде кеудесінен шығып кеткен екен. Сондықтан, мысырлықтар жүрелеп отырған адамды «Қайтпай құсап отырма» деп тыйып тастайтын көрінеді. Мына көрініс оғаш әсер еткен болуы керек, әлгі шырақшы Рақаңмен жақынырақ танысады. Рақаң өзінің Қазақ жерінен, Қыпшақ даласынан келгенін айтады. Сонда әлгі шырақшы: «Мен бүкіл өмірімді осы зиратты күзетуге арнадым, сонда Қайтпайды іздеп келген бір қандасын көрмеп едім. Қыпшақтар бабасын неге іздемейді деп ойлаушы едім. Жер бетінде қыпшақтың тұқымы қалмаған болар деп түйгенмін. Сұлтанның іздеушісі бар екен ғой. Сіз мәмлүктерді іздеп келіп тұрған бірінші қыпшақсыз» деп егіліпті», – дейді ол.
Бүгінде Қайтпай сұлтан салдырған ғимараттардан бөлек, көзі тірісінде өзі ұстаған, тұтынған заттарының біразы сақталған. Мәселен, АҚШ-тағы атақты Метрополитен музейінде Қайтпай сұлтанның осы заманға дейін жеткен тостағаны бар. Мәмлүктер қорында сақталған, диаметрі 36,8 см болатын тостаған күмістен жасалған. Оны музейге 1891 жылы Эдвард Мур деген коллекционер өткізіпті. Тостағанды 1517 жылы түріктер қолды қылып, өрнектерін аздап өңдеген. Сондай-ақ, Түркияның Топқапы сарайында Қайтпай сұлтанның сауыты болған. Сауыттың сұлтанға тиесілі екенін 1963 жылы доктор Рахман Заки растапты. Бірақ, бұл сауыт кейіннен Метрополитен музейіне көшірілгенге ұқсайды. Себебі, еліміздегі Informburo.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Жолдас Өрісбай 2019 жылы әлемдегі төртінші үлкен мұражай саналатын Нью-Йорктегі музейден дайындаған фоторепортажында Қайтпай сұлтанның сауыты туралы жазып, суретін де ұсынады. «Сұлтанның киімі болат, темір, мыс және алтыннан құралған. Бұл мәмлүктер өркениетінен қалған 4 соғыс сайманының бірі екен. Қайтпай мәмлүктер сұлтандығын 1496 жылға дейін билейді. Ал, 1517 жылы Мысырды Осман түріктері жаулап алған. Қайтпайдың соғыс киімі жеңістің символы ретінде Ыстамбұлдағы Осман арсеналында ұзақ жылдар бойы сақталып келіпті», дейді Ж. Өрісбай.
Бұған қоса, Вашингтондағы музейде Қайтпай сұлтанның қару ораған кілемшесі қойылған. Ені 210, ұзындығы 220 см болатын кілемше 1965 жылы музейдің тоқыма қорына өткізіліпті. Каирдағы 100 мыңнан астам тарихи жәдігері бар «Ислам өнері музейінің» бірнеше залы шеркеш сұлтандарына арналған. Осы залдың бірінен Қайтпай сұлтанның тамғасын көруге болады. Мұның бәрін былай қойғанда, тіпті, бізге сұлтанның суреті де жеткен! «Ұлы Қайтпай, Мысыр сұлтаны» деп аталатын сурет алғашқыда ағашқа бедерленіпті. Суретті 1575 жылы италиялық атақты суретші, тарихшы-ғалым Паоло Джовио cалған. Сонымен қатар, мысырлық ғалымдар қасиетті Қағбаның суағарындағы қошқар мүйіз өрнегін де Қайтпай сұлтанның салдырғанын дәлелдеген.
Қайтпай сұлтан билік құрған уақытта, Мысыр мемлекетінің құрамына қазіргі Мысыр, Сирия, Ливан Республикалары мен Иордания Хашимит Корольдігі, Израиль, Палестина жерлері түгелдей кіртк, Түркия Республикасының Сирия елімен шекаралас аймағы, Сауд Арабиясы Корольдігінің Мекке мен Мәдина қалалары орналасқан Хижаз аймағы, Ирак Республикасының Евфрат өзенінен оңтүстікке қарайғы жерлері де сұлтан басқарған осы Мысыр мемлекетіне қараған. Міне, осыдан-ақ Қайтпай билеген мемлекеттің қандай ауқымды болғанын көруге болады. Солай бола тұра, Қайтпайдың кезінде Мысыр өз дамуының ең шарықтау шегіне жеткен.
Арабтар шеркеш сұлтандары салдырған құрылыс кешендері орналасқан жерді «мәмлүктер сахарасы» деп атайды. Бейбарыс сұлтанның заманында бұл ашық далалық жер болған көрінеді. Оны әскерилер жаттығу өткізетін орын ретінде пайдаланған. Қалалық кешендер шеркеш сұлтаны Барқұқ билікке келген соң салына бастаған, кейінгі сұлтандар құрылыс жұмыстарын жалғастырғаағрнайы зерттеулер жүргізіліп, ғылыми еңбектер де жазылған. Солардың бірі – «Шеркеш мәмлүктер дәуіріндегі мұсылман архитектурасы» атты көлемді зерттеу еңбек жазған арабтың тарихшы ғалымы Атия Абулхафиз аталған кешенді бұрын-соңды болмаған дәрежеде көркейтіп, өркендеткен Қайтпай сұлтан екенін айтады. Абулхафиз өзінің осы еңбегін бір жыл бұрын Мысыр еліне арнайы сапармен барған мемлекет және қоғам қайраткері Сәрсенбай Еңсегеновке сыйға тартыпты.
– Сапар барысында байқағанымыз, мысырлықтар Қайтпай сұлтанды ерекше құрмет тұтады. Оның есімі бірнеше мектепке берілген. Бізге соның бірі – Александрия қаласындағы Қайтпай сұлтан атындағы ұлдар мектебінде болудың сәті түсті. Қайтпай сұлтанның қабірі орналасқан жерде Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ізі бар қорап тұр. Оны кезінде сұлтанның Меккедегі арнайы өкілі әкеліпті. Қайтпай сұлтан оны 20 мың ділдаға сатып алған. Кейін Осман империясының сұлтаны І Селим Пайғамбардың ізін Ыстамбұлға алып кетеді. Бірақ, Қайтпай сұлтан оның түсіне кіріп: «Бұл – Пайғамбардың қалауы, сондықтан оның ізін орнына апарып қой» деп аян береді. Осыдан кейін І Селим сұлтан зор құрметпен Пайғамбар ізін Каир қаласындағы Қайтпай сұлтанның кешеніне қайтарыпты, – дейді Сәрсенбай Құрманұлы өзінің естелігінде.
2022 жылдың қазан айында Атырау қаласындағы Еркінқала ауылынан ашылған 850 орындық мешітке Қайтпай сұлтанның есімі берілді. Мұны жат жерде билік құрған бабамызға деген құрмет деп қуана қабылдағанымызбен, Қыпшақ даласынан шыққан сұлтандардың ішінде Мысыр мемлекетін ең ұзақ билеген, есімі тарихта алтын әріптермен жазылып қалған, өзге әлем зерттеп, дәріптеп жүрген Қайтпай сұлтанның даңқты жолдары мен жеңістері, жасампаздық істері туралы өзіміздің білмеуіміз өкінішті. Шынында да, бойында қазақтың қаны бар, араб жерінде ерекше із қалдырған Қайтпай сұлтанды қазаққа танытатын уақыт келген сияқты. Ол еліміздің тарихынан лайықты орын алуға құқылы.
Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Мәдина қаласы.