№12 ЖЕЛТОҚСАН, 2024
Балаларды әдебиетке баулу, бойына қазақ мәдениетін сіңіру – ғибратты іс. Сол арқылтусылыққа баулуға болады.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Көркемсөз шебері» байқауы болып өтті. Бибігүл Төлегенова атындағы «Creative» мектебінде жекеменшік балабақшалықалалық байқау балаларды отаншылдыққа, елдікке тәрбиелеп келеді. Сондай-ақ, өнегелі жоба – мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру, тілін мәнерлі, бейнелі етуге машықтандыру, балалардың байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығын, тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін, сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамытуды мақсат тұтады.

Байқауға 68 балабақшадан 68 қатысушы өз бақтарын сынады. Шара соңында №37 балабақшаның тәрбиеленушісі Айбегім Абітжан, «Алпамыс» балабақшаның тәрбиеленушісі Айсара Ескенова үздік танылып, «Астана дарыны» орталығының арнайы кубогын иеленді.
Астанадағы қысқы серуен орталықтары
Қыс қабағын танытса да Астана тұрғындары мен қонақтары көптеген ойын-сауық түрлерінен бас тартқан емес. Мұз айын басқа орындар үлкен кісілер мен кіші жастағы балалардың сүйікті орынына айналған. Мұндай іргелі 60-қа жуық орын қаланың 6 ауданында ашылмақ және қыс бойы жұмыс істейдітыgraph —>
Елеулі шаралар қараша айының ортасынан басталып, желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады дейді мамандар. Атап айтсақ, Сарыарқа ауданында 12 сырғанақ пен 4 мұз айдынын жабдықтау жоспарланса, қалалық алаңда үлкен сырғанақ пен мұз айдыны, сондай-ақ мерекелік фотосурет түсіруге арналған қолайлы фотоаймақтар мен табиғи шырша орнатылады.
Сондай-ақ, Есіл ауданында дәстүрлі түрде ЭКСПО аумағында мұз айдыны, сырғанақтар және шырша орнатылады. Сондай-ақ, сырғанақ Пригородный елді-мекенінде де ашылуы жоспарланып отыр. Ал жаңа жылдық шыршалар Түркістан көшесі жағындағы Ботаникалық бақ пен Қабанбай батыр даңғылындағы көпір астындағы алаңда, Пригородный елді-мекенінде және Достық көшесі мен Нұржол бульварының қиылысындағы жаңа алаңда орнатылмақ. Мұнымен қатар өзге де көптеген орындарға шыршалар мен әртүрлі құрылғылар орнатылу жоспарланып отыр.
Қал брдамыздың әсемдігіне өз үлесін қосары сөзсіз.
Астана – туристер қаласы
Елорда – әлем қызығушылығын тудырған бірегей әсем қала. Еуразияның жүрегінде, Сарыарқаның төрінде орналасқан алып шаһарға келушілер саны бүгінде күннен-күнге артып келеді.
Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Астанаға 1 097 413 адам келген, олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды. Бұл жылы туристер елодамызға бұрынғыға қарағанда 12 пайызға көп келіп отыр. Атап өтейік, 1 097 413 адамның 261 964– ан.
Астанаға ең үлкен туристік ағын жаз айларында тіркеледі. Сонымен қатар, маусым айында қалаға 757 068 адам келсе, олардың саны шілдеде – 807 219, тамызда – 829 627 адамға жетіп, бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Сонымен бірге Астана ірі халықаралық іс-шараларды өткізу алаңына айналуда. Биыл елордада «Automechanika Astana 2024», «Eurasian Book Fthері, әйгілі Дат актері Мадс Миккелсеннің қатысуымен «Comic Con» заманауи гик-мәдениет фестивалі, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Димаш Құдайбергеннің ірі концерті, «Enactus World Cup 2024» студенттік кәсіпкерлік бойынша Enactus Әлем кубогі, грэпплингтен әлем чемпионаты және т. б. сияқты елеулі іс-шаралар болып өтті.
2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жоба аясында Астана қаласы 6 ірі іс-шараны жүзеге асырғанын атап өткеніміз жөн. Сонымен бірге 2024 жылғы 30 қазанда Visit Astana бренді әлемнің түкпір-түкпірінен туристік саланың 240-тан астам компаниясын біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болғаны мақтанарлық жаңалық.
Астанада жастар жарысы өтті
Спорт – денсаулық кепілі. Жастарды спортпен айналысуға сіс.
Елордалық Qazaqstan спорт кешенінде Funny Sport жобасы аясында жастар арасында кедергілермен жаппай жүгіру шарасы өлы адам ALL IN SPORT спорттық іс-шарасында өз күштерін, төзімділігін сынап,/p—>
Жарысқа үш кәсіби станция кіреді. Атап айтсақ, Crossfit станциясы – жалпы бұл дене шынықтыруды, бұлшық етті, төзімділікті және қозғалысты үйлестіруді дамытуға бағытталған жаттығулар жиынтығы. Ал жеңіл атлетика станциясы – төзімділік пен жылдамдық жаттығулары, соның ішінде қатысушының физикалық қабілеттерін көрсететтлкөтеру күшін сынауды және күш жаттығулары арқылы төзімділікті тексеруді ұсынады.
–Біздің басты мақсатымыз – елорда жастарын салауатты өмір салтына тарту. Ол үшін біз бірегей креативті жүгіру жолын ойлап таптық. Оған 220-ға жуық адам қатысуда және олардың әрқайсысы нәтижеге қарамастан жеңімпаз болады, – деді Funny Sport жобасының атқарушы продюсері Тимур Есімов.
Жарысты ұйымдастырушылар шара соңында қрлр, заманауи гаджеттер, спорттық аксессуарлар секілді түрлі сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ қатысушы арнайы медальмен марапатталды.
Елордадағы республикалық турнир
Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтуде.2 күнге жалғасатын бәсекенің алғашқы күнінде қатысушылар каратэнің теориялық негіздерін көрсететін «ката» бағдарламасында бақ сынаса, екінші күні «кумитэ» бағдарламасында жекпе-жек өтпек.
–Мұндай турнир екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы спорт түрі енді ғана дамып келе жатқандықтан, әзірге 9 өңірден 120 қатысушы келді. Салыстырмалы түрде бұл – жақсы көрсеткіш. Бүгін «ката» сайысы бойынша түрлі санаттағы спортшылар базалық элементтерді дәлме-дәл көрсетуі бойынша жеңімпаздар анықталады. Мұның ерекшелігі – жекпе-жекке түскісі келмейтін кей жандар және жасы үлкен азаматтар тек осы бағытпен шұғылданса болады. Мысалы, 44 жастағы қатысушымыз жастармен бәсекелесіп, ел ішіндегі додаларда топ жарып жүр, – деді Республикалық турнирдің бас төрешісі Максим Вавил.
публикалық жарысқа Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарынан 8 жас келген, олар жас санаттары бойынша әртүрлі жүлделерге таласып жатыр.