№12 Желтоқсан, 2024

Қазақ әу бастан өн ості жолдары.

Астаналық екінші сынып оқушысы Мұхаммедғали Әбдіқайым шахматтан Азия чемпионы атанды. Таила тан, Шри-Ланка шахматшыларын басып озды. Айта кетейік, Мұхаммедғали Әбдіқайым 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы. Үй іші де, мектептегілер де оны Мұқаш деп еркелетеді. Үйдегі төрт баланың кенжесі болғанымен, бала Мұқаштың мінезі байсалды. Торкөз тақтаға телміргендегі бет-жүзінен не ойлап тұрғанын аңғару қиын. Бангкоктегі чемпионат туралы сұрай бастағанда ол күлімсіреп, сапарынан естеліктермен бөлісті. «Ең қиын оппонент  Шри-Ланкалық шахматшы болды. Онымен ұзақ, яғни үш сағаттай ойнауға мәжбүр болдық» дейді жас шахматшы. Таиландтағы жарысқа апарған жаттықтырушысы Мұқаштың онымен тек бесінші күні сөйлесе бастағанын күліп айтады. Шамасы ойын баласы жауапты бәсекеге іштей дайындалып жүрсе керек. Шахматтан Мұқаштың жаттықтырушысы Әділ Ішмұхаметов өз сөзінде спорт түрінің қыр-сырын айтып өтті.

–Шахматта ұсақ-түйектің бәрі маңызды. Ойын кезінде үнемі ұту мүмкін емес. Кейде жеребенің өзі сәттілікке бастауы мүмкін. Өкінішке қарай, бізде олай болмады. Ең соңғы турда Шри-Ланкадан келген мықты қарсылас түсті. Мұқаш онымен классикада тең ойнады. Рапидте оңай болмасын екеуміз сол арада түсіндік. Тіпті бір кезде көңілім түсіп кетті, ойынды сыртынан бақылап отырдым. Содан соң тұрып, әрі бері жүрдім. Шығып кеткенін жариялады, мен Мұқашқа қарай жүгіріп бардым. Бір-бірімізді құшақтап, ойынның аяқталғанына қуанып, басқаларды күттік. Өйткені өзгелердің де қалай ойнағаны нәтижеге әсер етеді, – деді жаттықтырушы.

Шахматтан Азия чемпионын Астанадағы оқушының өз мектебі қуана қарсы алды. Сынып жетекшісі Фарида Әбішева Мұқаштың зерек оқушы екенін, есепке жүйрік, көбейту кестесін жатқа білетінін айтып өтті.