№6 Маусым, 2024

Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Зергерлік өнер ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Зергерлердің әшекей  бұйымдарының қатарына әйел адамдарға арналған әшекейлер де жатады. Әшекейлердің  түрі тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты боллеі өз хал-қадірінше әр турлі әшекейлер иемденуге, тағуға тырысқан.

Өңіржиек. Күйші Б.Сарыбаева қолданған. ХІХғ.
Күміс,қалыптама.
8*51см; НҚТ -44. С-98

          Әшекейлерді қасиетті тұмар ретінде ұстанған. Тұмар тағушылар осы киелі зат өзіме күш-қуат береді, пәле-жаладан, көз-сұқтан, төтенше қауіптен сақтап қалады деп түсінген. Зергерлік әшекейлердің тұтас түр-сипаты, жекеленген бөлшектері де, материалы, ондағы ою-өрнектері де белгілі бір мән-мағынаны білдіреді. Әшекейге қондырылған асыл тастарды халық әдетте тас немесе көз деп атайды. Көз қондыркөр деген ұғымды білдірді. Асыл тастардың ерекше қасиеттері туралы тусінік Шығыс халықтарының бәріне кең тараған.

:iagraph —>

           Асыл тастар емдік қасиетке және киелілік қасиеттерге де тән. «Дәрі-дәрмек қазынасында «ақық тас» жүректің толқуын басып, дұшпаныңа сұсты болуыңа игі әсерін тигізеді. Асыл тастың қасиетіне сенушілік қазақ халқының тұрмыс дәстүрінде әлі де болса сақталып келеді. Інжу көз қарашығын шел басудан, көз сүйелінен сақтаса, ал маржан тас дуаның әсерінен сақтап, құлпырма тас көз тиюден қорғап әрі дұрыс жолға бастайды, ақық мол бақыт әкеледі деген тусінік болса, сердолик әшекейдің сәндігі үшін ғана емес, сонымен бірге оны тақса көз-сұқтан сақтайды деп түсінген.

            Қазақ халқы ежелден күмістің адамға игі әсер ететін айрықша қасиеті деп білген. Күміс жүзік тағумен ғана шектелмей, нәрестені шомылдырғанда суға күміс тенге тастап: «Баланың күні күмістей жарық болсын»,- деп жоралғы жасаған.

           Сақина мен жүзіктің де киелігі м ғбұл халықтар әйелдің қолында міндетті түрде  жүзік не сақина болуы керек деп санап, ол болмаған жағдайда оның дайындаған тағамын арам деп білген.

Белдік. Мәмбет төре тұтынған. ХІХғ.Тапсырған Б. Медетова, 2011ж
Ақ түсті металл, перуза мата
6,5*78см; НҚТ -16864

            Әшекейлік бұйымдардың қоғамның барлық әлеуметтік топтарының арасына тарауы– зергерлік өнерде көбіне күміс пен оның қоспаларының пайдаланылуына әсер етті.

Күміс –жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін және де жарқыраған ашық түсімен көз тартады.     

      &nbsptrеше ерекшелігімен көзге түсетін әйел адамдарға арналған әр түрлі әшекей бұйымдар да көптеп қойылған. Батыс Қазақстанда жасалған заттардың әшекейлері ауқымды, өрнегі ірі келеді. Сондықтан бұл бұйымдар асқақ әрі салтанатты көрінеді.           

      Тамақ алқа- бір-біріне тізбектелген асыл тастар арқылы жасалады. Тік жаға- барер күміс қапсырмалармен де әсемделеді.

      Тамақша- матадан жасалып, үстіне ақық тәрізді асыл тастармен күміс қапсырмалар қондырылады.

      Сырға- әр турлі үлгілері нұсқалары өте көп. Көбіне өрнекті жалпақ түрі кең тараған. Сырғалар тас көзді, жұқа селдір өрнекті, шар үлгісіндегі немесе ұзын салпыншақ болып келетін күмбез сырға, қозалы сырға, қоза сырсаекі қатарлы болып келетін сәндік қозаларымен ерекшеленеді.

     Әйелдердің бас киімдеріне де тағылатын сәндік қапсырмалардың үлгілері де әр түрлі. Бас киімдерге тағылатын әшекейлердің үкі аяқ, тұмарша дегендері де қызықты.

      &nbsәштен жасалынған үкінің ашалы тырнағы іспетті болса, тұмарша – үш бұрышты жалпақ тілік болып келеді. Бұйымдарға үзбелі шыншырлар арқылы бекітілетін өрнекті салпыншақтар мен селдір гүл жапырақшалар да әшекейлердің құрамдас бір бөлігі болып болып саналады. Әлбетте, бұл бұйымдардың бетіне өрнек түсіріледі немесе алтын жалатылады.

         Бір-біріне қозғалмалы етіп байланыстырылған тас көзді білезіктерден тұратын тасты білезік те көзге нәыпдың тағуы үшін нәзік әрі сымбатты өрнектеліп жасалатын жұқа селдір білезіктердің іс мәнері де ерекше.     

          Шолпы– шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бұйымдарының ішіндегі ең асылы.

         Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы а меруерт шолпы, ақықты шолпы) алтын шолпы, күміс шолпышашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады.

         Шолпының күміс , алтын теңгелермен тізбелеп жасалған түрі – шаштеңге. Шолпы мен шаштеңге шашбаунаі халық шолпы таққан қыздардың шашы ұзын, әрі сұлу берік өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған.

        Шашбау- шаштың ажрлбау түрлі түсті асыл тас орнатылып, моншақ тізіліп, ұзын күміс шыншырлы баумен немесе қымбат, берік матадан жасалған алтын, күміс теңгелер мен сөлкебайлар тағылған бұйым.

        Шолпыда өзгешелігі: ол бұрыммен қоса өріліп, теңгелер мен күмістері, тағымы шаш ұшына байланады. Әшекейлі өрнекті шолпылардың ұзындық мөлшері 25-35сантиметрден  аспайды.

Қапсырма- асты ілгекті, үсті тұтас күміс пластинка болып келетін немесе алтынмен апталып, түрлі ою-өрнек салынған, әйел киімдерінің әшекейлі ілгегі, ілгекті түйме. Қапсырманй імдік тектес өрнектер салынып тастар қондырылып көркемделеді. 

       Шекелік– екі шеке самай тұстан бас киімге, шашқа тағатын салпыншақ әшекей. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында басқа киетін шекелік кең тараған.   

> >

         Бойтұмар- мойынға тағылып, кеудеде салбырап тұратын ұзын, әрі үлкен, оның үстіне түрлі салпыншақтармен безелген тұмары бар зергерлік бұйым; әр түрлі формадағы әшекейлі тұмар түрі.

        Бойтұмар алқа- тұмарлы алқа, әшекейленген тұмардың өзі. Тұмар қорабы алтын жалатылып, күміспен әшекейленеді.   

        Өңіржиек- көйлек сыртынан немесе кәжекейдің өңіріне, омырауға тағатын тақталы, шынжырлы, салпыншақты күміс не алтын жалатқан әшекей, алша тіл-көзден, бәле-жаладан сақтайды деп сенген.

   Әйелдердің  өңіріне тағылатын алқаның қанша түрі болса, олардың жасалу техникасы мен атауларында да соншалықты өзгешеліктер бар. Батыс өңірінде алқаны өңіржиек, өңірше деп атаса, оңтүстік, солтүстік облыстарда алқа деп атайды. Оның да бірнеше түрі бар. Бұл жасатушының тұрмыс дәулетіне қарай алтынмен апталып, күміспен күптеліп, өте!-

        Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің этнографиялық залы көрмесінде Ырғыз ауданында дүниеге келген, Ақтөбе облыстық филармониясының алғашқы әртістерінің бірі күйші Балтұрсын Сарыбаеваның әшекей бұйымдарынан өңіржиекті көруімізге болады. Сонымен бірге музей қорында күйшінің домбырасы да сақталуда.

Өңіржиек. Күйші Б.Сарыбаева қолданған. ХІХғ.

Күміс,қалыптама.< - -->

8*51см; НҚТ -44. С-98

       Музейде жүзіктің де бірнеше түрі бар. Кейбірі қолға әзер ілінетіндей  нәзік, ал енді біреулері саусақты көміп кетерліктей үлкен. кө тараған түрінің бірі –құс мұрын жүзік. Құстың суреті қолөнер туындыларында өте жиі ұшырасады. Құс ежелден –ақ еркіндік пен бақыт, қайырымдылық пен бейбіт өмір белгісі іспетті.

Жасы ұлғайған әйелдер салтанатты жиындарда арнайы тағатын салмақты  сақиналардан өзге жүзіктер мен сақиналардың үш-төртеуін әдеттегі әшекей ретінде, күнделікті тұрмыста да таға береді. Көпшілік арасында тасты сақиналар мен түрлі түсті шыны көзді сақиналар кең етек алған.

          Құстұмсық жүзік- қыздар тағатын сақинаның бір түрі. Қызы тұрмысқа шыққаннастріне қосып жіберетін болған. Қыздың інілері, сіңлілері жағдайын білуге келгенде қыз жүзікті төркініне қайтарса, ол оның жағдайының жақсы болғаны. Қыздың шешесі қуанып, «құдағиыма рақмет, қызыма өз қызындай қарайды екен» деп ауыл-аймағын қонаққа шақырып, Құстұмсықты көрсеткен.  

           Құдағи жүзік. Ертеректе салт бойынша қыз шешесінің құдағиына сыйлайтын қос д қөз қондырылып, сірке салынған, алтынмен апталған аса қымбатты жүзігі. Бұл кәдімгі қос балдақ жүзікке ұқсас, бірақ көркемделуі жағынан ерекше болып келеді әрі мұны қыздың шешесі зергерге арнайы жасатады да, екі жастың қатар тұрған қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша бірге өмір сүруін тілейтіндігінің белгісі ретінде құдағиына сыйға тартады. Қос дөңгелекті құдағи жүзікті қыздың шешесі өзінің жақсы көретін яғни келінін өз қызындай тәрбиелейтін құдағиының қолына салуды ерте кезден әдетке айнаngaph —>

Жүзік. Айшуақ ханның ұрпақтары тұтынған. Тапсырған Айсұлу Айсұлтанова, 2001ж

Күміс металл,шыны, қалыптама

4,7*6см; НҚТ -15720, 2С-125

     Муік бұйымдар алуан түрлілігі жөнінен және сапасы жағынан елеулі жиынтық болып саналады. Жинақталған заттардың ішінде ер-тұрман, ер адамның белдігі, әйел адамның белдіктері әр қилылығымен, әсемдігімен көз тартады. Күңгірт былғарыға күптелген күміс бұйымға өзгеше сән, көрік береді.

Музейде жалпақ, жіңішке, бұрама белдіктердіңде бірнеше үлгілері бар.

        Кемер белбеу-stен әшекейленген жалпақ сәнді белбеу. Ерлер мен әйелдер үшін шомбалдап немесе жайылған жұқа күмістен оюлап, неше түрлі өрнекті белбеулер жасалады. Батыс Қазақстан, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан жағы ер адамдардың белбеуін «дөңмент», әйелдердің белбеуін «кемер» деп атайды. Белбеулер әр түрлі жасалады. Кейбірлері құйылып қалыппен жасалып.

Белдік. Мәмбет төре тұтынған. ХІХғ.Тапсырған Б. Медетова, 2011ж

Ақ түсті металл, перуза мата

6,5*78см; НҚТ -16864

        &nonрихи-өлкетану музейіне күйші-домбырашы Қамбар Ерғожаұлы Медетовтың (1901-1937) қызы Бибізада Қамбарқызы Медетова және немересі Құрманғазы атындағы консерваторияның аға оқытушысы Айжан Рахманқұлова тапсырған. Қамбар Медетов төре тұқымыннан шыққан, Әбілхайырханның тікелей ұрпағы. 1936 жылстінің он күндігіне қатысқан күйші. 1934 жылы қазақ ұлт аспаптар оркестрін құрушылардың бірі және алғашқы дирижері.

        Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихына бойласақ, ел іші он саусағынан өнері тамған өнерпаз саңлақтарға кенде болмағанын көреміз. Олар жасаған өнер туындылары айналадағы табиғат құбылысы, күнделікті кәсібіне, қоғамдық құрылысына қарай не замандар бойы ұрпақтан-ұрпаққа м д бугінгі күнге жетті.

         Қазақтың сәндік әшекейлерін талдап қарастыру халық шеберлерінің эстетикалық табысы мен суреткерлік жетістігі жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Әсерлілік қуаты мол, түрі мен өрнегінің айқын үйлесімімен ерекшеленетін қазақ әшекейлері бұрын- соңды өткен талантты зергерлердің айшықты мұрасы болып табылады әрі ұлттық мәдениеттің асыл қазынасына қосылады.

      Халық қолөнерінен туған бұйымдар тек музейлер мен көрме залдарында ғана тұруы керек десек қателескен болалыі асыл бұйымдарды, заттарды музейлерден көріп тамашалаумен бірге  күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданып, қажетімізге жаратсақ, қандай жақсы болар еді.   

Майра Сүлейменова, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері