№6 Маусым, 2024
Биыл қарымды қаламгер, ұлт жанашыры, Алаш зиялысы, халық жазушысы, драмматург Жүсіпбек Аймауытовтің туғанына – 135 жыл толып отыр. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту» ауылында дүниеге келген. Ол қазақ халқының ұлы демократы, жазушы, ақын, драматург, Алаштың көрнекті қайраткері. 1917–1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады. Жүсіпбек Аймауытов 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922–1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Жүсіпбек алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары кбе «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды (Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. — Алматы: Жібек жолы, 2003 жыл).
Адам мәселесінің өзегі, Жүсіпбек Аймауытовтың көзқарасы бойынша, мәдениет, оқу-білім, тәрбиеге келіп тіреледі. Бірақ адамда руханилық пен адамгершілік жетіспесе, қандай жетістіктер де рахат пен ләззат әкелмейтінін ол былай көрсеткен: «Бұрын адам хайуан қалпында жүргенде тамаққа таласып, қандай алысып-жұлысса, бұл күнде жетіліп, мәдениетті болған адам да сол халден ұзап шыға алмай отыр. Мәдениеттің ілгері басқышындағы халықтар ғылымның жемісін зорлық, зомбылық, қиянат, озбырлыққа жұмсап отыр». Қазақ елінің ерекшелігі мен болмысын жете түсінген Жүсіпбек: «Еуропаға еліктей бермей, өз бетімізді, жұртымыздың белгісін көрсеткеннен не кемдік табылады? Қаза тексере берсек, Еуропаның өнеге қылуға жарамайтын жерлері де бар», — дейді. Әрине. Батыс мәдениетін қазақ халқына мүлдем керексіз демейді, оны да игеру керек, бірақ соған беріліп, соның жетегінде кетіп, өз ұлттық нақыштарын жоғалтыл алмауға мегзейді. «Қазақ — мәдениет жөнінде ерте туып, кеш қалған халық. Кенже қалғанымызда, әрине, көп себеп бар: жер, тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық (фанатизм), партия, өтірік, мақтан, міне, бізді ілгері бастырмаған осы сияқты себептер», — деп жазды Жүсіпбек. Ғылым-білімге дұрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек. Оқыту, тәрбие беруді кәсіби мамандығы санаған қаламгер өз шығармаларында осы мәселелерге де көп көңіл бөліпті. Жазушының мына сөздерінде көп мән жатыр: «Өнер, ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады. Қаражат жан асырайды, халықтың өнерлі болып жетілуіне де байлық керек, — дейді Жүсіпбек. Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу — өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты. Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз байлық баянсыз болмақ, бұлай болған соң, ғылым мен байлық екеуі де керек ғылым білімге қанады. Ғылымсыз білім сыңаржақ ғылым білімді ұлғайтады, ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнмдлімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсәрды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды. Міне, осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді. Педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімнен басталады. Өзінің «Тәрбие» деген мақалаларында Жүсіпбек адамның хайуаннан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасайды. Оның айтуынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек (Аймауытов Ж. «Қазақтың өзгеше мінезі» // Ақжол, 22 қараша, 1923 жыл).
Қорытынды. Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады, тіпті, одан да жоғары қояды: «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады», — дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін жете түсініп: «Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе — Отанның күзетшісі, қорғаны», — деп атап өтеді. Жүсіпбек – қазақ халқының ұлы кемеңгер демократы. Ол әрдайым азаттық пен теңдікті және елдің мүддесін биік қоя білген дарынды тұлға. Жүсіпбектің ұлттық – демократиялық ойлары – қазақ халқын Кеңестік коммунистердің ықпалынан босатып, өркениеті дамыған Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынас жасау еді. Алайда, Кеңестік сұм жүйе 1929 жылы Жүсіпбекті жазықсыз тұтқынға алып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы Мәскеудегі Бутырька түрмесінде өлім жазасына кесті. Жүсіпбек Аймауытовтің өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі тұсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады.
Дулат Маржан Адырбекқызы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығының таныстырушысы