№6 Маусым, 2024
Қайраткерлігін жазудың азабы мен қуанышы қатар жүретін күрделі жолымен үндестіріп жүрген санаулы қазақ қыздарының бірі – Сайраш Әбішқызы деп, жазушы Мағира Қожахметова апамыз айтқандай, «қазақ журналистикасының жастығы – «Социалистік Қазақстан (Егемен Қазақстан)» мен «Қазақста зақстан мектебі» журналын басқарған тұлға.
Сайраш Әбішқызы 1944жылы 13 мамырда (бұрынғы Семей облысы) қазіргі Абай облысы Ақсуат ауданының Ерназар ауылында өмірге келді. Әкесі Әбіш Қинаубаев – қарапайым еңбек адамынан шыққан шаруашылық басшысы. «Жаңанесіп» мойынсерігін ұйымдастырушылардың бірі болған. Екінші рет шаңырақ көтергеніне де көп боенда аттаныпты. Соғыс өрті басталған күннен қан қасаптың ішінде қалған ортаншы інісі Шөжен (азан шақырып қойған есімі Әбіжан) Беларусь ормандарында партизандық шайқастың ортасында жүреді. Ол 19ымынан Семей қаласына оқуға жіберіледі. Сол оқудан 1941 жылы әскери міндетін өтеуге Беларуссияға бет алған. Әкесінен кейін іле-шала 1942 жылдың көктемінде «Ерназар» мектебінің директоры, ұжымшардың партия ұйымының жетекшісі жұмысынан кіші інісі Тілеген Қинаубаев та соғысқа аттанады.
Соғыс өрті ортасындағы үш ұлының амандығын тілеп Рахима әжесі үш келіні мен Шөженнің екі ұлына, Тілегеннің үш қыз, бір ұлына бас ие болып, Ерназар ұжымшарында тұрып қалады. Үлкен ұлы Әбіштің әйелі Нұрбиса шешесі қайтыс болыпты. Кіндігінен перзент қалмаған екен. Әкесінің інісі Шөженнің ұлы Сайлаубекті өз атына жаздырыпты. Тілеген аға кенже қызы Әскенді Төлеубек жұбайы соғысқа кетіп жалғыз қалған, Ақсуат ауданы орталығында тұратын қарындасы Нұршағидың бауырына беріпті.
Әкесі Әбіш Сталинград шайқастарына қатысып жамбастан, Дондағы Ростов майданында шынтақтан ауыр жараланып, бірнеше ай госпитальдарда емделіп, бірінші топтың мүгедегі болып, 1943 жылдың ақпанында ел-жұртымен аман-есен қауышады. Майдангер, екінші топтың мүгедегі Әбіш аға тылдағы қыруар еңбектің қайнаған ортасында жүреді. Келесі 1944 жылдың сәуірінде әкесінің 42 жасында Сайраш апай дүние есігін ашыпты. Туу туралы куәлікте 13 мамырда туған деп жазылған. Соғыста жүрген екі ағасы аман-есен оралып сайрандап жүрсін деген ниетпен Рахима әжесі атын Сайрангүл деп қойыпты. Еркелетіп Сайраш деп кеткен екен.
Рахима әжесі үлкен ұлы Әбіштен көрген тұңғыш немересі болғандықтан Сайраш апайды сегіз айлығында бауырына басыпты. Әкесі Әбіш Қинаубайұлы 1947 жылы «Көкжыра» (Шверник) ұsp(кейін Амангелді, одан кейін Сұлутал, бүгінде Жәнтікей) ұжымшарларын басқарады. Зейнеткерлікке шыққанға дейін аудан экономикасын, қоғамдық мал басын арттыру саласында абыройлы еңбек етіп ел құрметіне бөленеді.
Балдәурен балалық шағы. Сайраш апай немеренің тұңғышы болғандықтан, әжесінің тәрбиесінде өсіп, ержетті. Жақсы азамат болып өсуіне Рахима әжесінің сіңірген еңбегі ерекше. Әжесі ауқатты отбасынан шыққан, ер мінезді, әйел жүректі, бір ауылды, абысын-ажын, келін-кепшек, замандастарған ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған, өр мінезді, от жүректі, жаны жайсаң, көңілі дархан, жағасы жайлау, етегі кілем дейтіндей үлкен жүректі ана болған. Кескін-келбеті де кесек, қазақтың бес биенің сабындай дейтін атқа лайық, береке-ынтымақтың, қолы ашықдіші тәрбие алған Нұрбатима апасы да, қазақтың «келін қайын ененің топырағынан» дейтініндей, от мінезді, орақ ауызды, ойы ұшқыр, тілі жүрдек, күміс көмей, жез таңдай, аса ділмар, өмірлік тәжірибесі мол, кемел ақылды ана болыпты. Отырған ортасын жайдары да жатымды әзіл-қалжыңымен күлкіге бөлеп отыратын табиғатында таза адам еді. Екі ананы тел емген Сайраш апамыз тіл мәйегіне осы екі анасынан ауызданған: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, Сайраш апай да өз құрбы-құрдастарының, аға-жеңгелерінің, апа-жезделерінің және келіндерінің арасында жарасымды әзілдерімен, жайдары ашық-жарқын мінезімен отырған ортасын толықтырып отырады. Сайраш Әбішқызының ерік-қайратының күшті, ағайын-туғанға бауырмал, үлкен жүректілігі осы аналарынан дарыса керек. Кішкентайынан Рахима әжесінің тәрбиесінде, ауыз әдебиетінің, ертегілерінің жыр, аңыздарының сиқырлы әсеріне бөленіп, елгезек, сезімтал, пысық болып өседі.
Білім жолында. Сайраш Әбішқызы 1961 жылы аудандағы мектеп-интернатта он жылдықты күміс медальмен бітіріп, Алматыға аттанады. Сол ж Адагогикалық институтының тарих-филология факультетінің студенті атанады. Халық жауы деген жалған айыппен ондаған жылын темір торда өткізген академик ғалым Қажым Жұмалиевтен, тарихшы-профессор Халел Әділгереевтен керемет дәрістер алғанын тағдырдың сыйы деп санайды. Әдебиетші, тілші, тарихшы Төкен Әбдірахманов, Қабдолла Қалиев, Асқат Әбілқаев, Нұржамал Оралбаева, Хасен Әдібаев, Шайхы Кәрібаев, Дәулет Әлімжанов, Күлтай Бейсембаева, Шәмшия Бәйтікова, Бексұлу Шымырбаева, Маргарита Айтбакина, Разия Рүстембекова (жазушы М.Иманжановтың әйелі) педагогика ілімінен Райхан Ержанова, психолог Мәжит Мұқанов сияқты ғылым-білімнің, оқыту әдістемесі ілімінің ақтаңгерлерінен алдынан дәріс алады. Институтта үшінші курсты бітіріп, жазғы демалыстан оралған соң, жас студентті үлкен жаңалық н іп, филология факультетіне ауыстырылады. Үш жыл тарихтан дәріс алғаны үшін анықтама беріліп, оқу мерзімі төрт жылдық болыпты. Жас студент төрт жыл бойы үздік студент атанып, көтеріңкі стипендия алады. Студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларының бел ортасынан көрінеді. 1965 жылы мемлекеттік емтиханды үздік тапсырып, институтты қызыл дипломмен бітіреді.
Мұғалімдік еңбек жолы. Жас маман институтты тәмамдап,дипломды екі жыл мұғалім болып қызмет еткеннен кейін алатын болып, жолдамамен өзінің туған жері Ақсуат ауданына келеді. 1965 жылдың тамыз айында аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен Социалистік ауылындағы Ю. Гагарин атындағы сегіз жылдық мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімі болып, еңбек жолы басталды. Бір оқу жылын аяқтап, 1966 жылдың тамыз айында әкесі тұратын Сұлутал ауылының Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебіне ауысады. Еңбек жолымның осы кезеңі туралы №1 Ақсуат орта мектебінің 70 жылдығына арналған аудандық газетте «Біздің мақтанышымыз» деген мақаласында осы оқу орны директорының орынбасары Серікқазы Алдажаров: «Институт жолдамасымен туып-өскен ауылына келген, еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, ұйымдастырушылық қабілеттілігімен тез танылған Сайраш 1966 жылдың күзінде аудандық комсомол комитетінің хатшылығына сайланды» деп жазады («Ақсуат арайы», 1997 жыл, қараша).
Бас-аяғы бір оқу тоқсаны жұмыс істеп, Ақсуат ауданы орталығына қайта келіп, аудандық партия комитетімен бір ғимараттағы аудандық комсомол комитетінің қызметіне кіріседі. Бұл қызметте партия мүшесі болу керек екен. Көп ұзамай Коммунистік партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылданады.
Жас маманды аспирантураға шақыру. Алматы қаласындағы Абай атындағыҚазақ Педагогикалық институттан аспирантураға оқуға шақыру хаты келіп, ауданның комсомол жастар ұйымының кезектен тыс конференциясы шақырылып, Сайраш Әбішқызын хатшылық жұмыстан алғыс айтып босатып, құрметпен Алматыға шығарып салады. Аудандық партия комитетінің кезектен тыс бюро отырысы өтіп, оны кандидаттықтан партия мүшелігіне қабылдайды. Бюро мүшелері аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Нүриден Қабышев, екінші хатшысы Дүйсен Сұлтанов, аудандық атқару комитетінің төрағасы Бейсен Қаженов, халықтық бақылау комитетінің төрағасы Қабдеш Әйетов, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Эдгар Шұқыжанов Сайрашты құттықтап, жылы тілектерін айтады. Еліміздің жоғары оқу орындарының қара шаңырағы ҚазПИ-ден аспирантурада оқуға шақыру алу аудан жұртшылығы айта жүретін үлкен жаңалық болғанын, жастар үшін үлгі-өнеге екенін айтып, менің болашағыма зор сенім білдіреді. Осылайша облыс орталығынан шалғайда орналасқан Тарбағатай баурайы қарды рахметін айтып, 1967 жылдың желтоқсан айында Алматыға аттанады. Алматыға келісімен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, академик Қажым Жұмалиевтің алдына келеді. Жылы қарсы алып, өзі және ректор С. Толыбеков қол қойған аспирантурада оқуға шақыру қағазын алып, ректорға кіріп шығады. Шыққаннан кейін «Жүр, Сайраш» деп, асықпайтын салмақты жүрісімен алда, мен соңында кабинетіне келіп: «Ал, Сайраш, құттықтаймын! Сен бүгіннен бастап ҚазПИ-дің қызметкерісің. Аспирантураға қабылдау емтиханы өтетін келесі 1968 жылдың қыркүйегіне дейін аспиранттар мен ғылыми ізденушілер жинағының редакторысың. Жұмыс орның – институттың партия комитетінің хатшысы кабинетіндегі бір үстел» деді. «Жұмыс орныңа бара бер. Маған ертең сағат үшке кел» деді. Парткомға келіп, есікті қақтым. «Кіріңіз». Табалдырықтан аттадым да, тұрып қалдым. Сәлемдестім, Қуанғаннан жүрегім тулап барады. Өзіміздің ақсуаттық ағайым, дефектология ілімінен ұстазым, доцент Қабдолла Қалиев сол баяғы байсалды қалпымен «Әбішева жолдас, келіп қалдыңыз ба, отырыңыз» деп, орындықты нұсқады. Бұрынның білемін, бұл өте жылы пейіл танытқаны. «Ақсуат қалай?» деп сұрады да, жауабымды күтпестен, «Бәрін білемін. Сіз туралы әңгіменің ішінде болдым. Әсіресе, Қажым Жұмалиев « Алғыр, мінезі ғылымға керек» деп, сізге риза болып отыр. Жұмыс орныңыз міне. Бұрышқа жақындау тұрған үстелді нұсқады. Бұрыннан білемін, бұл өте жылы пейіл танытқаны. «Ақсуат қалай?» деп сұрады да, жауабымды күтпестен, «Бәрін білемін. Сіз туралы әңгіменің ішінде болдым. Әсіресе, Қажекең, Қажым Жұмалиев «Алғыр, мінезі ғылымға керек» деп, сізге риза болып отыр. Жұмыс орныңыз міне». Бұрышқа жақындау тұрған үстелді нұсқады. «Қызмет бабында бастығыңыз – аспирантура бөлімі. Қоғамдық жұмысыңыз – партиялық мүшелік жарна жиналуын қадағалайсыз. Әр айдың онынан қалдырмай, мені жазбаша хабардар етесіз. Сіз енді біздің ұйымның мүшесісіз. Үстеліңізге қойдым. Жалпы жиналыстардың шешімдерімен танысыңыз». Сөйтіп, қызу жұмыс басталып кетеді. Зыр жүгіріп жұмыс істеп, қанша кітап ақтарып жүріп, 1968 жылдың күзінде аспирантураның емтихан уақыты тез жеткенін бірақ біледі. Емтиханды жақсы бағаларға тапсырып, аспирант атанады. Бұл кезде ұстазы Қажым Жұмалиев ауруханада жатқан еді. Көп ұзамай желтоқсан айының соңына қарай қазақтың жұлдызды азаматы дүние салды. Сөйтіп, қазақтың қайсар қызының үміті ақталмай, ғылыми кеңесте диссертациялық зерттеу тақырыбы бекітілмей қалады. 1969 жылдың көктемінде жас ғалымды институттың қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профақлікті өзі алуы үшін кеңес дәуірі әдебиетінен зерттеу тақырыбын ұсынады. «Кеңес дәуірінің жиырмасыншы, отызыншы жылдарындағы поэзияның бейбітшілік тақырыбы» ғылыми диссертациялық жұмысының тақырыбы болып бекиді. Жас ғалым жетекшінің берген бағыт-бағдарымен күн-түн демей жұмысқа кірісіп кетеді. Екі жылда диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысын жазып, бірнеше мақаласы ғылыми журналдарда жарық көреді. Аспирантурада оқу мерзімі аяқталған 1971 жылы қыркүйек айында жетекшісі диссертациялық ғылыми-зерттеу жұмысын кафедраның ғылыми кеңесінің талқылауына ұсынады. Кафедраның ғылыми кеңесі ескертпелерімен ғылыми атақ алуға, қорғауға ұсынылатыны жазылған шешім шығарады. Бірақ бұл бағыттағы ізденіс жұмыстарын жалғастыруға аспирантты материалдық жағдайы мойын бұрғызбады. Сайраш Әбішқызы аспирантура қабырғасында жазған кандидаттық ғылыми-зерттеу еңбегің 1988 жылы «Жыр арқауы – бейбітшілік» атауымен «Мектеп» баспасынан кітап етіп шығарады.
Журналистік қызметте бағы жанды. Аспирантурадағы оқуын бітіргеннен кейін ғылым жолындағы ізденісті тоқтата тұрып, күнкөрістің қамымен жас ғалымкүнкөрістің жағдайын ойлап, 1971 жылдың қазан айында республикалық «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясына барады. Бұл жерде Қаби ағасының қолдауымен жұмысқа орналасады. Журналистік еңбек жолының университеті болған «Социалистік Қазақстан» газетінде 1971 жылдың қарашасынан 1977 жылдың қарашасына дейін еңбек етеді. Қызметке кіші әдеби қызметкерден еңбекшілер хаттары және спорт бөлімінің әдеби қызметкері, ғылым және оқу орындары бөлімінің аға әдеби қызметкері сатыларынан өтеді. Зор құлшыныспен еңбек ете жүріп, Алматы қалалық журналистік шеберлік институтын тәмамдайды. Журналистік оқу-еңбек саласызанов, Мағауия Машақов, Қаби Мыңжанов, Сапаржан Қайдаров, Сарбас Ақтаев, Мыңбай Ілесов, Совет Шиманбаев, Бекболат Әдетов, Тоқтарбек Қызықбаевтардан журналистік ілімнің қыр-сырын үйреніп, мол тәжірибе жинақтайды. Сол жылдары аға газет ұжымына Ақселеу Сейдімбек, Мыңбай Ілес, Нүри Муфтах, Мамадияр Жақып, Бекболат Әдетов, Тоқтарбек Қызықбаев, Қойшығара Салғарин сияқты қаламы қарымды журналистер келіп қосылды. ҚазМУ-дың түлектері қатарынан алдымен Сауытбек Әбдірахманов, кейіннен Ержұман Смайыл редакцияға жұмысқа қабылданады. Осы азамаслекеттік қызмет саласында үлкен лауазымды жұмыстарға дейін көтеріледі.
1977 жылы қараша айында Сайраш Әбішқызы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің идеология бөлімінің шешімімен «Қазақстан әйелдері» журналының жауапты хатшысы қызметіне ауыстырылады. Бас редакторы, Ленин орденінің иегері, журналист Әтина Жәкетова, редакцияның жетекші бөлімдерінің редакторлары жазушы-журналист, «Ақ босаға» кітабымен, жазбаларымен кең танымал болған Қазақстанныңның еңбек сіңірген қызметкері Күләш Бейсенбиевамен, ақын-журналист, әдемі әзіл сөзге шебер Рза Қунақовамен тез тіл табысып, үлкен-кіші демей достасып кетеді.
Иә, сонау 1977 жылдың күзінен 1983 жылдың 10 қаңтарына дейін Сайраш апай еңбек еткен «Қазақстан әйелдері» журналы редакциясындағы шуақты жылдар ұмытылмайды. Журналдың таралымы жылдан-жылға артып, өрісі ұзара берді. Шығармашылық сапарлардан қалыспай, тың кейіпкерлер, тың тақырыптар іздеді. Ізденіс нәтижесі тың жаңалықтар әкелді. 1980 жылдың қорытындысында « Қазақ ССР-і Компартиясының 60 жылдығы қарсаңында» айдарымен жарияланған әдеби жазбалары мен очерктері үшін Қазақстан Журналистер одағының екінші сыйлығын алды.
Осы тұста Қазақстан Журналистер одағы тұңғыш жариялаған Мұхаметжан Сералин атындағы сыйлықтың бірінші иегері болғанын айта кету керек.
Орталық Комитеттің ауыстыруымен 1983 жылы республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналы бас редакторының орынбасары – «Бастауыш мектеп» қосымшасының редакторы қызметіне кіріседі. Бұл журналдың негізін Ахмет Байтұрсынұлы мен Смағұл Сәдуақасұлы сынды қазақтың біртуар арыстары қалаған. Журналдың бас редакторы журналист, әдебиет сыншысы Мұқаш Сәрсекеев зейнеткерлік демалысқа шығып, 1987 жылдың шілде айында Оқу министрі Қожахмет Балахметовтің бұйрығымен «Қазақстан мектебі» журналының бас редакторы қызметіне тағайындалады. 1983 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың шілдесіне дейін 28 жылдан астам, оның 24 жыл 8 айы бас редактор қызметінде болған. 1925 жылдан Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін еліміздің білім, ғылым саласының барлық жүгін бір өзі көтерген қазақ баспасөзінің қара шаңырақтарының бірегейі «Қазақстан мектебі» журналынан құрметті зейнеткерлікке шықты.
Жеке адам туралы жазғанда есею жылдары, есейген кезеңі деп, өмір жолдарын тағы басқа бірнеше сатыларға бөліп баяндаймыз. Сайраш апайдың «Қазақстан мектебі» редакциясында бас редактор болып істеген жылдары оның нағыз есейген кезеңі болды деп санаймын.
«Қазақстан мектебі» журналының қосымшалары қаһында бірер сөз. Кеңес Одағы тұсында Мәскеуден орыс тілінде жиырма шақты педагогикалық журнал шығып тұратын, ал Қазақстанда соның бәрінің дерлік міндетін жалғыз «Қазақстан мектебі» атқарды. Мұнымен барлық пәндерді қамту, әрбір мұғалімнің қажетін өтеу мүмкін емес-ті. Қосымшалардың ашылуы осылай басталған. Қаншама есіктер қағылды, мөрлер мен қолдар жиналды. Сөйтіп, Сайраш Әбішқызы қазақ баспасөзі тарихында өзіндік орны бар, 1925 жылдан бастап шығып келе жатқан «Қазақстан мектебі» журналының өрісін одан әрі кеңейтіп, шыққан биігін жоғарылата беруді мақсат етеді. Әуелі, 1959 жылы жабылып қалған «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы шыға бастады. 1991 жылы «Отбасы және балабақша», 1992 жылы «Информатика, физика, математика», 1993 жылы «Қазақ тарихы», 1996 жылы «Биология, география және химия» атты қосымша журналдарын шығарып, кең тарауына ұйытқы болды. 2002 жылдың қарашасынан бастап шыға бастаған «Тәрбие құралы» журналының дүниеге келуі де — Сайраш Әбішқызының іскерлігі мен біліктілігінің жемісі. Бұл қосымша журналдарды біртіңдеп «Қазақстан мектебі» журналынан бөліп шығарады. Сөйтіп кеңес дәуірінде жетпіс жылдай қазақ тілді жалғыз журнал болып келген «Қазақстан мектебі» басылымының мазмұндық өрісі кеңейіп, жаңа сипатқа ие болды. Еліміздің білім беру жұмысының қай мәселесіне болсын атсалысып, жедел үн қатуына кең жол ашылды. Авторлар құрамы да молыға түсті. Салалық баспасөздегі бұл жаңалықтар ел назарынан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар республикада қазақ тілді педагогикалық басылымдар қатарының өсуіне, қазақ журналистеріне жаңа жұмыс орындарының ашылуына қол жеткізілді. Қазақстандық білім жүйесін, қазақ журналистикасын дамытуға қосқан үлесі лайықты бағасын алып, еңбекқор педагог-журналист құрмет биігіне көтеріледі.
Журналистің марапаттары мен жеткен жетістіктері: «Социалистік Қазақстан» газетінің Құрмет грамотасы (1977); Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері (1981); Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озық қызметкері (1985); Қазақстан Журналистер одағы басқармасының мүшесі (1983-1988); Ы.Алтынсарин атындағы медалінің иегері (1992); Құрмет орденінің иегері (1995); Қазақстан Журналистер одағының М.Сералин атындағы сыйлығының тұңғыш иегері (1997); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты (2001); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс грамотасы (2002); Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы (2004); Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медаль (2005); Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2005); Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері (2007 ж. Үздіксіз 20 жыл бас редакторлық қызметі үшін); ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері (2011); Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014).
Журналистік қызметімен қатар қоғамдық өмірге де белсенді араласқан. Атап айтсақ, 1989-1992 жж. – Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы; 1990-1992 жж. – Алматы қалалық кеңесінің депутаты; 1994-2000 жж. Қазақстан Республикасы шетелдермен достық және байланыс қоғамының «Ағайын-бауыр» қауымдастығының басқарма мүшесі; 1989-1999 жж. – «Қазақстан – Қырғызстан» бауырластығының төрайымы; 2005-2011 жж. – Алматы қалалық тәл саясаты жөніндегі қалалық жұмысшы тобының мүшесі; 1974 жылдан КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Төрт кітаптың авторы: 1. «Нұрлы жол» — Қазақстан баспасы, 1986 ж. (Очерктер жинағы); 2. «Жыр арқауы – бейбітшілік» — «Мектеп» баспасы, 1988 ж. (Ғылыми зерттеу еңбегі); 3. «Оттай ыстық он жыл». – «Атамұра» баспасы, 2001 ж. (Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған); 4. «Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым». – «Фолиант» баспасы, 2019 ж. 5. «Еңбегі мен қайраты екі жақтап…» — Алматы, 2004 ж. (Құрастырғандар: Қайран Ә, Сарманов Ж, Шағыр Қ. Сайраш апайдың 60 жылдық мерейтойына арналған).
Республикалық әр түрлі мерзімді басылымдарда 100-ден астам мақала, очерктері жарық көрген. 2004 жылы 60 жылдық мерейтойына орай «Еңбегі мен қайраты екі жақтап» тақырыбымен әріптестерінің, замандастарының жылы лебіздері мен жемісті еңбек жолы белестерінің өмірбаяндық деректі жинағы жарыққа шықты. 2011 жылдан республикалық ғылыми-педагогикалық төрт журналдың («Тәрбие құралы», «География және табиғат», «Химия мектепте», Биология және салауаттылық негізі») бас редакторлар кеңесінің төрайымы қызметінде еңбек жолын жалғастырып келеді. Бүгінде Республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналының бас кеңесшісі.
Қаламгер әріптестері мен шәкірттерінің естеліктері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист, абайтанушы Төкен Ибрагимов: Сайраштың өр үнді, өжеттік өршіл мінезі қажырыңды қайрап, өзіңді ширатып тастайтын сәттер аз болмайтын. Сонымен қоса оның жылауға бейім, аялай қалғыш сәттері рахатқа бөлейтін. Ойына сай сөз нәшіндері түптен тартар таным тереңдігін әркім-ақ тез сезінетін. Сөз жылдамдығы іскерліктегі шапшаңдығымен үйлесіп, кімді де болса үйіріп алатын мінез ерекшелігі байыптылыққа сарқатын. Кесек мінезден кесімді кесек ойлы сөздер жік-жігтаы табиғат болмысының қалпы – бар ғұмырының үлкен таяныш тірегі. Ол сонысымен өршіл тұлға танытып, мерейлендіріп тастайды. Білім, пайым, ой парқын биіктен көрсететін әдемі де айдындылығымен көп мықтымсығандардан жоғарыдан көрінетін. Осы азаматтық болмысы көп сүйсінтетін, еліне сонысымен сүйікті, сыйлы.
Жазушы, филология ғылымының докторы, профессоры Ақселеу Сейдімбек: Қазақтың қайраткер қыздарының бірі, тәжірибелі педагог әрі қарымды қаламгер Сайраш Әбішқызының «Оттай ыстық он жыл» атты кітабы тәуелсіз Қазақстанның он жыл ішіндегі тыныс-тіршілігін әр қырынан қамтиды. Мақалаларының шынайылығы мен жүрекке жақындығы сонда, автор тек сырттан бақылап ой толғаушы емес, күреске толы өмірдің бел ортасында жүріп өзі куә болған ізгілік пен игілікті, кедергі мен келеңсіздікті жеріне жеткізе жазады, бет жүзіне қарамай батыл айтады.
Шетелге саяхат жазбалары («Бавария сабақтары») жай тамсану, тамашалау емес, сол елдің білім жүйесін зерделеу, салыстыру, озық үрдісін ортаға салу мақсатын көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда жолжазба топтамасы өз алдына ғылыми зерттеуге бергісіз дер едік. Сондай-ақ кітапқа баспасөз шежіресі, ұстаз ұлағаты, бауырластық тағылымдары туралы қызықты мақалалар енген. Қалам қуатымен ұстаздық ұлағатын бір арнаға тоғыстырған педагог журналист ретінде автор, әсіресе, қазақ мектебі мен қазақ тілінің қағажу көруіне, жымысқы саясат пен көзбояушылыққа ымырасыз күрес ашып, дер кезінде дабыл қаға білген. Сонау кеңестік қоғамның қаһары қайтпаған кездің өзінде рухани жұтаңдықты ұлт болашағына жабысқан індет деп танып, «Қазақ ұлтының болашағына қауіп төнді, XX ғасырдың соңғы он жылы ішінде қазақ жастарын рухани дамудың жаңа көкжиегіне алып шығудың жолдарын айқындап, жедел қолғңа алатын қазір дер шақ деп жазды («Жауырды жаба тоқып, не ұтамыз?»).
«Құрмет» орденінің иегері, белгілі журналист Мамадияр Жақып: Белгілі журналист Сайраш Әбішқызы өз кітабын «Оттай ыстық он жыл» деп атапты. Бұл – еліміздің тәуелсіздікке қолы жеткелі бергі он жыл. Сондықтан да ол айырықша. Әйтпесе журналистің қалам тартқанына отыз жылдай болған. Соңғы он жылдан бұрынғы жазғандары да кітап етіп шығаруға жетерлік. Бірақ автор тәуелсіздікке қол жеткен, сол тәуелсіздікті баянда ету жолындағы күреспен өткен жылдарда жазғандарының басын құрап, кітап етіп шығаруды жөн көріпті.
Сайраштың жазғандарын кезінде оқып та жүрдік. Оған бір жағы өзінің журналистік жолын «Социалистік Қазақстаннан» бастағаыз қадамдарына назар аудармай тұра алмайсың. Сондағы жазғандары өзінше бір ізденісімен, тақырыптарының айырықша өткірлігімен ерекшеленетін. Әйелдердің қоғамдағы орны жайлы толғаныстары оқырмандарға үлкен ой салғаны белгілі. Әсіресе, Сайраш Әбішқызы негізгі екі тақырыпқа – қазақ тілін өркендету және қазақ мектебін дамыту мәселелерін өнімді жазды.
Жазушы, журналист, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мағира Қожахметова: Ізденісімен,еңбегімен бүгінгі ұлттық қоғамымыздың іргетасын белсенділікпен қаласып және соның лайықты жемісін де татып келеді. Бұл арада ұлттық деген теңеу тегіннен тілге оралмаса керек. Сайрашқа қатысты әңгіме қозғағанда, ең алдымен оның өз ұлтына деген адалдығы, елім, жұртым, тілім деп соққан жүрек лүпілі көңілімізге жақын. «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Оттай ыстық он жыл» кітабы да, міне айтқан саналы ізденістің заңды жалғасы. «Ойтұмар», «Азаттықтың ақ жолында», «Баспасөз – шежіре», «Ұлт бесігі – қазақ мектыңты тарауларға бөлініп берілген мақалалары бір-бірімен логикалық шымырлықпен байланысып, мемлекетіміздің алдында тұрған білім беруге, тілге, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелері нақтылы айқындалған. Және бұлар жалаң баяндау емес, себеп-салдарына терең үңіліп, жан-жақты зерттелінген, талданған мәселелер. Арзандыққа ұрындырар жалаң ақылгөйсу мұнда жоқ. Бұдан бұрын айтқан «Кез келген халықтың тамыры ортақ үш бірлігі: ел мен жер және тіл тағдырына немқұрайды қарау – қиянаттың ең ауыры» деген пікірінің бүгін де, ертең де мәнін жоймайтынын қалай ғана мойындамассың. Автордың осындай терең тұжырымдары кітаптың негізгі өзегін құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Қүләш Құнантаева: Қазақ баспасөзі үшін, педагогика саласы үшін талай істерге бас болған тәжірибелі педагог-журналист бүгінде өз алдына бір мектеп іспетті жан. Олай дейтініміз, Сайраштан тәлім-тәрбие алған, қамқорлығын көрген тақаларының білгірлеріне айналып, жер-жерде еңбек етуде. Олардың қай-қайсысымен кездесіп, тілдесе қалсаңыз да «Қазақстан мектебі» журналын, Сайраш Әбішқызын ұстаз тұтып, өз өмір жолындағы бір мектеп санайды. Әрқашан да игі істі бастарда осы кісіден ақыл-кеңес алуды жөн көретіндері де аз емес. Осының бәрін ескере келе, біз толтыра айтуымызға әбден болады.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Әбубәкір Қайран: Жұрт білетін Сайраш Әбішқызы алдаспандай өткірлігімен ерекшеленетін. Бойынан көсемдік пен шешендік қатар көрініп, атойлап тұратын. Мен осы адамның сарқылмас қайратына, жемірілмес жігеріне таң қаламын. Бұл кісі тек халық үшін, адам үшін жаратылған сияқты. Қанша жылдар қатар жүріп, өз басының қамын күйттегенін көзім көрмепті. Тіпті, кейде ауырып отырған кезінің өзінде журналдың немесе әлдебір қызметкерінің қамын ойлап отыратынына таңғаласың. Жатып қалған кезінің өзінде телефон соғып, шаруаның мән-жайын тексеріп отыратыны тағы бар. Біздің қай-қайсымыздың болсын кішкентай ғана жетістігімізге шексіз қуанып, ажарланып, нұрланып кететін., ауыз толтырып айтып жүретін алтын апайымызға көңіл өтеуінен басқа ешқандай жақсылық істей алмадық-ау деп ойлағанда , өзімнен-өзім ұялатыным да рас. Бірақ «Көп тілегі – көл» деген ғой, сол көптің біреуі ретінде, жанымен жақсы көретін бауыры ретінде Сайраш апайыма сәт сайын саулық, саламаттық тілеп отыратыным – Алла алдында ақиқат!
Қазақ әйелдері арасында марапатқа тұңғыш ие болған ұстаз-журналист. Сайраш Әбішқызы 1981 жылы тізбекті очерктері үшін Журналистер одағының сыйлығын тұңғыш рет иеленді. Ол жазған очерктері 1986 жылы «Нұрлы жол» атты кітабына топтастырылып берілді. Педагогикалық баспасөз саласындағы осындай еңбегі жоғары бағаланып, 1995 жылы «Құрмет» орденін алған тұңғыш ұстаз әрі журналист, қазақ әйелдері арасында да мемлекет тарапынан марапатталғандаызұңғыш» сөзінің төңірегінде өрбітіп көрейікші. Ата-ананың тұңғыш перзенті, «Қазақстан мектебі» журналының тұңғыш әйел редакторы, қазақ тіліндегі жеке пәндерге арналған тұңғыш журналдарды дүниеге әкелуші. 1997 жылы шетел сапарларында жазылған жолжазбалары үшін Мұхаметжан Сералин атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері атанды. 2000 жылы алыстағы Ұлыбританияның үздік жетістіктер мәліметтерін тіркейтін Кэмбридж әлемдік-ғұмырнамалық орталығының энциклопедиясына білім беру және журналисткіа ретінде есімі енгізіліп, арнайы Дипломмен марапатталған тұңғыш қазақ әйелі… Үкімет тарапынан педагог-журналист ретінде Ыбырай Алтынсарин атындағы медалімен, білім беру ісінің үздігі атақтарымен де тұңғыш марапатталғандардың қатарында болды. Осылайша әрбір жақсы істің басында тұру үшін «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, Абай айтқан үш қасиетті бойға сіңірген бөлек жаратылыс иесі болу керек шығар. Бұл қасиеттердің алғашқысы халық үшін қызмет еткізіп, қайраткерлікке жеткізсе, екіншісі – жан байлығымен жарасым тапқан қаламгерлікке жетелейді, ал үшіншісі – табиғатына біткен тәлімгер ұстаздықтан туатын жылы жүрек пен мейірім.
Байқасаңыз, бір емес бірнеше адамның еншісіне бұйыратындай-ақ іс-әрекет, атақ, абырой. Мұның бәріне тынымсыз еңбектің нәтижесінде жетсе керек. Журналистік, ұстаздық ізденісінің негізінде қандай мәселені қаузаса да бүге-шігесіне шейін нақты талдайтындай өресі таңғалдырады. Кез келген қатардағы мақаласына зер салайықшы, кәдімгі ғылыми зерттеулерге жетелейді.
Қолынан қаламы түспеген апайымыздың алар асуы әлі де алда. Талай-талай терең мағыналы ойларын оқитынымызға шүбәміз жоқ. Жан-жағына нұрын шашып, лебізінен мөлдірлік пен тазалық, мейірімділік пен халқына деген сүйіспеншілік лебі есетін Сайраш Әбішқызын мерейлі 80 жасқа толуымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі мен мәдениет пен ақпаратты дамытудағы айырықша үлесі үшін қайраткер-журналист, «Құрмет» орденінің иегері Сайраш Әбішқызына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсе, бұл өз кезегінде келесі жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтетін «Қазақстан мектебі» журналының шаңырағына үлкен олжа, журналистер қауымына деген үлкен мәртебе болар еді.
Хасенов Сырым Серікқазыұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы, Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері