№6 Маусым, 2024
Әбу Нәсір әл — Фараби 870 жылы көне Отырар маңындағы Оқсыз қалажұртында дүниеге келген, шығыстың ұлы ойшылы, ғұлама ғалым. «Ислам Аристотелі» атанған Әл — Фараби ортағасырдағы адам мен қоғам құндылықтарын зерттеп, білім мен өркениеттің дамуына өзіндік үлесін қосқан ұлы ұстаз. Әл — Фараби жастайынан араб, парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында Әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Бағдат, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Әл-Фараби тарихта 150-ге жуық еңбектер жазған, ол филоатн астрономия, математика т.б ғылым салаларында ұлы ғылыми жаңалықтар ашқан. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» жайлы трактат деп аталады.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды. Сондықтан да Фарабиді «Әлемнің екінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие болды. Әл — Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады. Әл — Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл — Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызға ие. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби шығыс пен батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда коммуникативті рөл атқарды.
Әл – Фарабидің әлем ғылымына қосқан үлесі зор. Мәселен, Әл — Фараби тіл ғылымының, калиграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретауәсір әл-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды. Оның көптомдық бізге жеткен ең үлкен ғылымиы бы» болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәселелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, таралуы, қозғалысы, резонанс т.б. көптеген пікірлер айтылады. Әл — Фараби геометрияны барлық жаратылыстық — философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Бұл идеаны «Философияны меңгерудің қажетті шарттары» деген трактатында анық келтірген. Астроном және астролог ретінде Әл — Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Жалпы, физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді. Әл — Фараби тамаша дәрігер ретінде сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Әл — Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Барлық елдер мен қалаларда Әл — Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астроном ретінде координаталарын анықтады. Ол Жаратылыстануға басты мән берді. Ол «қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді» деп жазды.
Физика саласындағы ғұламаның көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп аталады. Мұнда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыстыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей — дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дененің жылы ұғымы не кішіреюі, түсірілген кернеу — күшке, кысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі секілді заңдыwpwp:paragraph —>
Әл — Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандык категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытыңдының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Әл — Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Әл — Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: оның пікірінше, көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысты нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан -дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп саналды. Демек, Әл – Фарабидің этикалық ілімі қазақ халқының моральдық, психологиялық тұрғыдан жетілуіне және адамзаттың рухани кемелдену мәселесінде көшбасшылық сипатқа ие екендігі анық.
Қорытынды. Әл — Фараби өзінің ғылыми еңбектері арқылы жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырып, ғылыми дүниетанымның интеллектуалдық деңгейін жаңа биікке көтерді. Әл — Фараби ислам өркениетінің «алтын ғасырын» дамытуға үлкен үлес қосты. «Қайта өрлеу» дәуірінің алғашқы кезеңінде Әл — Фараби еңбектері латын тіліне аударылып, Еуропа жұртшылығына танылды. Сол арқылы бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды. Ұлы ұстаздың есімі қазақ жұртына белгілі болған кезден бастап, оның мұрасы ұлттық сананың оянуына және нығаюына ықпал етті. Адамды табиғатынан адамға жау деп ұғу да қате. Қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Адамды қадірлейтін, төл құндылықтарын сақтай алатын, кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, табиғатты құрметтеуді үйрете білетін ел ғана қайырымды мемлекетті құра алады. Сондай – ақ, бүгінгі таңда кейбір адамдардың рухани — моральдық тұрғыдан азғындауы, адамдық әрекеттерден шығып, руханилықтан баз кешуге демде ілігу жағдайлары орын алып жатқандығы шындық. Әрбір адамды түзету дегеніміз — қоғамды түзету және жаратушыны тану жолы деп білген Әл-Фараби имандылықты талдау, моральды түсіндіру, уағыздау арқылы қазақ халқына дұрыс өмір сүру идеясын ұстануға шақырады. Сонымен бірге, Әл – Фараби қоғамдағы адамзатты бақытсыздыққа душар ететін тәкаппарлық, көреалмаушылық, пасықтық, тойымсыздық, жалқаулық сияқты жағымсыз мінез – құлықтар мен сорақы әрекеттерден арылу қажет деп санайды. Бұл мәселелерді шешуге Әл — Фарабидің этикалық ілімі үлкен ықпал етіп, рухани серпін берері анық. Демек, Әл – Фараби ілімінде жаһандық мәдениет пен ғылымды өркендетудің жолы — білім мен тәрбие құндылықтарын ұштастыра отырып, адамзаттың зердесін ашу болып табылады.
Е.Абдуахитов