№6 Маусым, 2024
Аспанда көп жұлдыз болғанымен, шоқ жұлдызы сирек. Әдебиет айдынындағы шоқ жұлдыз секілді дара жазушының бірегейі – Бердібек Соқпақбаев. Жіптей есіліп, ақ қардай оқырман рер тудырған қаламгерге биыл 100 жыл толып отыр.
Жазушы ұлт әдебиетін әлемдік деңгейге көтеріп, қаламынан туған «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қаенеледі. «Менің атым – Қожа» арқылы талай жас өскін ізгілік пен кереғарлықтың, еркіндік пен еркеліктің арасын айырып өсті. Бердібек Соқпақбаев көзінің тірісінде-ақ бағасын алған қаламгерлер. Көн өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден бекерге шимайламайтын еді ғой. Жазады, түбін түсіріп барып бірақ тоқтайды. Бұл Бердібектің шырайы, Бердібекке ғана тән қасиет» деп замандасына жоғары баға берсе, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Бердібек өзінің еңбегімен халықтың дара жазушысы атанды. Ол тәңірінің тумасынан, жаратылыстың болмысынан, өзінің талантымен де, болмысымен де халықтың нағыз жазушы ұлы болды» деп талантқа тағзым еткен болатын.
Жазушы әу бастан өзіне тән дара мінзімен, қара қылды қақ жарған әділетті болмысымен дараланды. Бердібек Соқпабев турасында аңыздар мол. Алматыға ат арытып, зәулім талантымен, аса ыждаһатты еңбекқорлығымен келген ол көп өтпей-ақ аузы дуалы ағалардың алқауына ілігіп, бірінен соң бірін кең шығармаларын өрбіті. Жазушы Тахауи Ахтанов: «Б.Соқпақбаев – бірінші жақпен жазуды мықтап меңгерген жазушы. Мұның өзі оқиғаға өмірде болған қилы-қилы құбылыстарға сенімділікті, жазушының нақтылы оқиғаға тікелей қатысын танытады. Бердібектің «мені» маған қан-сөлі тамып тұрған өмір, бәріміз тіршілік етіп жүрген жер бетіндегі үлкенді-кішілі адамдардың әрекеті, болмаса қуаныш-күйініші боп көрінеді» деп кестелі пікір білдірген еді.
Жазушының ең сүйекті, оқырманнан өз бағасын алған шығарсының бірі – «Өлгендер қайтып келмейді» туындысы. Романның басты кейіпкері – Еркін есімді 15-16 жас шамасындағы бозбала арқылы оқиғалар желісі баяндалып, Еркіннің образымен қазақ баласының ақкөңіл, қарапайым, шыншыл, намысшыл дара болмысы ашылады. Бірінші дәптерде мамыражай ауыл шырқын бұзған сұрапыл соғыстың басталуы баяндалып, ағасы Сәрсебек соғыенкіннің мойнына жүктеледі. Міне, тірлік талқысына түскен Еркін ауыр еңбек ете жүріп, әртүрлі адамдармен байланыс орнатады. Екінші дәптерде Еркін көңілі құлаған Ғалиямен қош айтысып, Сарыбелге ұстаздық қызметке аттанады. Сол жақта Еркін мен Алтын қарым-қатынастары басталып, жаңа өмір айдынында жүзеді. Шығарма желісінің көп үзігі жазушының өз өмірінен алынған. Бердібек Соқпақбаевтың жас сәбиі Жанар сәби кезінде-ақ қызылшадан шетінеп кеткені белгілі. Міне, осы қайғылы оқиғалар шығармаға еніп, оқырманның жүрегіне мұң табын құяды. «Өлгендер қайтып келмейді» – мыңдаған қазақтың ықыласына бөленген дара шығарма, ұлт әдебиетінің классикасы екені даусыз.
Ақын және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин жазушының әдебиеттегі орны жөнінде бүй дейді: «Бердібек Соқпақбаев – қайталанбас өзіне ғана тән болмыс-бітімі бөлек қалам иесі. Сондықтан болар, көзі тірісінде шығармалары 70-ке тарта әлем тілдеріне аударылған, «Менің атым – Қожа» фильмі арқылы қазақтың киносын, қазақтың прозасын жарты әлемге танытқан ұлы суреткер. Халықтың махаббатына бөленген қаламгер. Оның қаламынан туған «Менің атым – Қожа», «Жекпе жегі», «Қайдасы, Гауһары?», «Өлгендер қайтып келмейді» атты мықты романы сол дәуірдің кесек кеңістігін қаламынан қанын ағызып жазған батыл, батыр шығармалары болатын. Жазушы шығіл Соқпақбаев шығармаларына деген сұраныстың салмағын байқатса керек», дейді ақын.
Көрнекті қаламгердің ғасырлық мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін болды. Бұл қаламгердің мерейі, жоғарғы абыройының дәлелі.
Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?–деп Абай хәкім айтқандай, қазақ барда Бердібек Соқпақбаевтың бір елі де бәсі төмендемесі анық. Керісінше, заманалар көшімен алға оза берері талассыз ақиқат.
Тортай Үсен