№5 Мамыр, 2024
Тарихы терең, рухы кенен қазақтың салқар шежіресі көп сырдан хабар берсе керек. Аласапыран жылдарда тарыдай шашылған алаш баласының іздері дүниенің әр бұрышында бар. Ал, айтүтерлік. Елім деп еміренген арыстарымыз қаншама?
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқуғын-сүргін құрбандарын ақтайтын мемлекеттік комиссия құру жөнінде заң қабылдаған : тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы «Жапргтуралы» заң қабылданды. 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды»,–деп тарих беттеріне көз жүгіртіп, бабаларымызды ақтаудың маңызын айтып өткен болатын.
Иә, ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, қазақтың тарихы қалың, қатпар-қатпар. Ұлт рухы үшін күрескен Алаш арыстарының орны бір төбе. Олардың арасында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар. Бүгінде Алаштану саласы кеңінен етек алып, ұлт жолында құрбан болған тұлғаларымыздың бет-бедері айшықталып, жылдан-жылға жас ұрпаққа айқын болып келеді.
Қазағым елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның.
Аш көзіңді оянып,
Қанбадыма əлі ұйқың?
Ұйқтайтын бар не сиқың?–деп қазақ халқына маса болып шырылған Ахмет Байтұрсынұлының үні, күллі зиялы қауымның жан шырылы еді. Тамұқтан көа,ққа қол созған арыстарымыздың тілегі орындалып, бүгін азат таңның сәулесіне жылынып отырмыз. Бұл үшін, әрине, бабаларымызға мың мәрте тағзым етіп, тәу етсек те артық емес.
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтайтын мемлекеттік комиссия соңғы жылдары қарқынды жұмыс жасап келеді. Өткен жылы ғана Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізіп, жиында комиссияның зерттеу, баспа және архив жұмыстарының жүзеге асырылу барысы талқыланған болатын. Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 1920-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырғаны белгілі.
Комиссия бүгінде әр облыста қарқынды түрде жұмыс жүргізіп отыр. Республикалық Саяси қуғын-сүржұпрофессор Ләззат Шотбақова өз сөзп — /wp:paragraph —>
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсұнұлы: «Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген болатын. Шын мәнінде, біз бабаларымызды ақтап, оларды тиісті құрмет тұғырынаызасқақтайтыны хақ. Тамыры терең ұлтымыздың болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.
Тортай Үсен