№5 Мамыр, 2024
Жұрт көрмегенді көңілмен оқитын суретшілер қауымы ел рухының шежіресін кескіндеп келеді. Қарт тарихтың түбінен сыр р қ сарайына тасушы көпір іспетті.
Ас 1 көрменің ашылу салтанаты өтті. Мерейтойлық көрмеде музей қорында 10 жыл бойы жинақталған бейнелеу өнерінің жауһарлары ұсынылған. Олардың қатарында Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайылов, Оралитв, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Ысмайылова, Камиль Муллашев, Амандос Ақанаев, Ерболат Төлепбай, Алпысбай Қазығұлов, Ағымсалы Дүзелханов сынды белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары бар. Көрмеге келген қонақтар барлығы 50 автордың 250 туындысымен танысуға мүмкіндік алды. Шарада аңызға айналған туындылармен қатар талантты жас авторлардың заманауи дүниелері ұсынылған. Сонымен қатар дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар көрерменге көрсетілді.
– Бүгінгі көрме – Ұлттық
музейдің 10 жылдық мерейтойы аясында тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылып
отырған алғашқы кураторлық жоба. Мақсатымыз – келушілерді қазақ кескіндемесінің
тарихы мен оның даму жолымен таныстырып қана қоймай, әлемдік өнердегі өзіндік
орнын көрсету. Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы терең, музейде бір ғасырдан астам
уақыт сақталып тұрған суреттеріміз де бар. Сондай-ақ 2022-2023 жылдары бұл
қорды жас суретшілердің жұмыстарымен толықтырдық. Биыл он жылдыққа байланысты
жыл соңына дейін әртүрлі көрме ұйымдастыру жоспарда бар, оның ішіне отандық
көрмелермен қатар халықаралық көрмелер де кіреді. Бүгінде Ұлттық музейде
20-ға тарта коллекция, 200 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Олардың барлығын,
әрине, экспозицияға көрсету мүмкін емес. Осындай көрмелер арқылы болашақта қала
тұрғындары мен қонақтар назарына ұсынып отыратын боламыз, – дейді Ұлттық музей
директорының міндетін атқарушы Айбек Сыдықов.
– Суретшілер неғұрлым талантты болған сайын
дүниенің жарқын көрінісін соғұрлым терең көре бастайды. Мәселен, мына
суреттегі Абрам Черкасский – алдымен Қазақстанға жер аударылып, бүкіл өмірі
елімізбен тікелей байланысқан суретші. Ол Алматыға келгенде қалада алғашқы
суретшілер училищесі ашылады. Черкасский сонда оқытушы болып, бүгінгі біз
танитын көптеген корифейлерді ұясынан қанат қақтырды. Солардың ішінде
Сабыр Мәмбеев сынды әйгілі суретші бар. Білгенге, Қазақстан тек дала мен
таулардан тұрмайды. Міне, Михаил Шаталовтың мына бір суретінде аспанмен астасқан
теңіздің, құстар мен зәулім кеңістіктің бейнесі келісті көрініс тапқан, – деді
куратор.
Көрмеге қойылған сурттерде елдік рухты көтеретін
ұлттық нақыштар, салқар дала, сабылған көш, шұрқыраған жылқылар бейнесі жиі
көрініс тапқан. Ұлы даланың кербездігі мен кеңдігі бейнеленген туындылар
арқылы ұлт өмірінің көркем шежіресіне қиял қанатымен еркін сапарлауға
болады.
Тортай Үсен