№ 5 Мамыр, 2024
Композитор көп, бірақ Ілия Жақанов сынды дара дарындар жалғыз. Қазақ әніне жаңаша әр беріп, тынысын кеңейткен композитордың мұралары қазақтың өзіндей салқар, Б берік орын тапқаны да сондықтан болса керек.
Елордада «Әнім саған, туған ел!» атты шығармашылық концерт болып өтті. Салтанатты кеш Қанылығына арналып, әртүрлі танымал өнерпаздар қатысты. Композиторлықпен бірге сөз өнерін қатар ұстаған өнер иесінің жүрегінен 200-ден аса ән туған. «Еділ мен Жайық», «Жайлаукөл кешетері», «Асылым»ы н танылып, тыңдарман ықыласына бөленгені белгілі. Концертте Майра Ильясова, Светлана Айтбаева және Арайлым Рахым сынды мәдениет қайраткерлері өнер көрсетіп, композитордың бірегей шығармаларын орындады.
–Илья Жақанов ағамыз менің өнердегі, өмірдегі әкем сияқты. Ол кісіге бір ғасыр өмір тілеймін. Илья ағайдың қандай әнін айтсаң да маңызды, құнарлы, бір ғана «Жайлаукөл кештері», «Толағай», мен айтатын «Еділ мен Жайық» секілді әр әнінің құрылысы мен құрамы, бояуы әртүрлі,–деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Майра Ілиясова.
Рухани әлеуеті жоғары, эстетикалық талғамы биік өрелі әнге сусаған жұрт залға көптеп келген. Ұлтымыздың аспанын көркем сазға бөлеген композитордың шығармашылық кеші алдағы уақытта өз жалғасын табары сөзсіз.
Ақын есімі ұлықталды
Ақын мен жазушы – ұлттық рухты ұлықтаушы, ел өмірінің шежіресін бейнелеуші. Абай, Мағжан, Қасым бастаған салқар көштің шылбыры үзілмей, бүгінге дейін жалғасып келеді. Сол көште дара жанып, ерек тұрпатымен көрінер тарланбоз – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы.
Астанадағы мектептердің бірінде ақын Несіпбек Айтұлына арнап әдеби кеш өткізілді. Кеште ақынның жырлары бүлдіршіндер тілімен жаңғырып, сахнаны рухани атмосфераға бөледі. Айта кетейік, Несіпбек Айтұлы кең тынысты эпикалық дастан-поэмалармен қатар балалар әдебиетінің өркендеуіне де өз үлесін қосқан. «Саяхатшы шыбын», «Балаларға балдай жыр» жинақтары сөзімізге дәлел, пікірімізге тұздық. Ақын өлеңдерінің тақырыбы балалардың таным көкжиегін кеңейтуге, тәрбие мен үлгілі мінезді, әдеп пен ұқыптылықты қалыптастыруға бағытталған. Елордадағы білім ордасы мен шараға қатысқан Несіпбек Айтұлының отбасы кеште өлең оқыған балаларға жылы лебіз білдіріп, мектеп ұжымына ақынның әртүрлі кітаптарын сыйлады. Шығармашылық кешке мұғалімдер тыңғылықты дайындалған. Ақын кешіне жан салып қатысқан балалар мен ата-аналар жырдан шашу шашып, кештің жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.
–Қазақстан әдебиетіне моазақ міндетті түрде біліп өсуі керек. Несіпбек Айтұлы поэзияны жаңғыртқаны аздай біздің кішентай б қп. Мысалы 1-ші сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулығы ағамыздың өлеңімен басталады. Жиынға ақынның шәкірттері де келді. Олар шайыр туралы жылы естеліктер айтып, өмір жолынан сыр шертті. Кеште қаламгердің сөзіне жазылған әндер орындалды,– деді Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейі директорының міндетін атқарушы Шахризада Раш.
Сонымен бірге ақынның шәкірті, журналист Қайнар Қатбай Несіпбек Айтұлының екінші өмірінің басталғанын атап өтті.
–Әкем де осы қара өлең,
Шешем де осы қара өлең,
Қара өлеңім тұрғанда,
Қалай ғана мен өлем? – деп жырлаған Несіпбек Айтұлы бүгін ортамызда жоқ. Десе де бүлдіршіндер өлеңі өлмейтін ақынның өзі де өлмейтінін тағы бір дәлелдеді,– деді ол.
Тортай Үсен