№4 Сәуір, 2024
Әрбір шармашылық иесі ерте күннен ізденіс жолына түсіп, өз жолын іздейді. Басын тауға да, тасқа да ұрып шарқ ұрған талант сантүрлі соқпақтардың басын шалады. Сол бір тынымсыз ізденіс үстінде бірде Руми болып ғайыпқа еніп, бірде Байрон болып аласұрып әрнешік көңіл күйді бастан кешіреді. Ждаің сұлбасы мұнартады. Ол – ұлттық мұзарт, аласармас ұлттық биік.
Бақсақ, қалам ұстаған нөпір жұрт арасынан зәу биікке жете алмай, еліктеу деңгейінде қалып жататыны да көл-көсір. Ал әлем әдебиетін зерделеп, жаһандық ақыл-ойдың інжу-маржанын тоқығандар соңғы бекетке тоқтап ат суарып, бар қазынасын ұлттық қазынаға құяды. Ұлттық қаламгердің жан күйі қазақтың қоңыр халіне, мейірбандық, адамгершілік нұрына толып, ар, ұят, обал, сауап шоғының ұясына айналады. Құлдыққа көнбейтін, одырайғанға құлақкесті бойсұнуды білмейтін нағыз ұлттық қаламгер – өркениетті елдің барометрі. Фараби тілімен айтқанда, материяны қажет етпейтін кемелдік дәрежесіне жетіп, ұлттық ойлау деңгейіне көтерілгенжо
Қазақтың Қадыр Мырза Әлісі бір сөзінде: «Орыстарда ұлы ақындар көп, бірақ ұлттық ақындар аз. Некрасов, Лермонтов, Маяковский, Цветаева бәрі ұлы ақындар. Ал Пушкин, Есенин, Твардовский – осы үш-төртеуі-ақ ұлттық ақындар, бұларда орыстың рухы бар. Ұлттық ақын өзінің ұлтына ғана тән болады да басқа ұлтқа қанша тықпаласаң да сіңбейді», деп ой қорытады.
Иә, ұлттық биікке шығу – екінің біріне бұйырар бақ емес. Бұл үшін туған топырақтан нәр алып, қантамырға халық рухының дәнін сіңіріп өсу қажет. Әйтпегенде, тамырсыз дарақтай, иіссіз гүлдей борпылдақ дүниелер ұлттық төбеге маңайламайды. Мәселен, Әуезовті оқысаңыз – қазақты оқисыз, Ілиястың «Құлагеріне» үңілсеңіз – өзіңізді танисыз, Тәкен Әлімқұловтың «Қараойына» көз жүгіртсеңіз – дарқан танымыңызға аунап құрт ішкендей құмардан шығасыз. Әбіш Кекілбаев, Қалихан Ысқақ, Асқар Сүлейменов, Қуандық Шаңғытбаев, Кеңшілік Мырзабеков, Жұматай Жақыпбаев, Есенғали Раушанов секілді ұлттық исі бұрқырайтын қаламгерлер туралы сөз бөлек. Тайға таңба басқандай еңку-еңку жер шолған ерен шығармаларды оқып, қазағуар би тұрпатты тұлғаға ұқсап алшаңдай басып, бұдыдааласындай биіктен төменге қонуды ар санайсыз.
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың».
Міне, ұлттық уыз, ұлттық иірім. Мұны шетел тіліне қалай аудармақсыз? Аударғанмен ұлттық дәстүр-ғұрыптан бейхабар жат ел баласы мұны түйсіне алар ма?
ай- /wp:paragraph —>Қалтырап жынданғандай қолы, басы.
Сағынай саптыаяққа сиіп өлді,
Тоқпақтай тоқсан төртке жетіп жасы».
Жансүгіровтің «Құлагерінде» елдік тұғырмен біте қайнасқан, балталасаң да айырылмас, уақыт жамбысынан ұшы майырылмас жебе-ұғым жетерлік. Ұлттық поэзияны тек сол ұлттың уызына жарып, топырағына тойған текті ұлы ғана жасай алады. Еуропа жұртшылығы орыс шежіресімен тамырласқан Пушкинді әлі аудара алмай, аударса да тұшына алмай келеді. Сол секілді Абай жырлары бүгінге дейін көршілес орыс тіліне тиісті деңгейде аударылды, шетел жұрты терең түйсінді деу қиын.
Жаңа заманғы кейбір прозаларды оқысақ, шетел жазушысының сәтсіз аудармасын оқығандай, можантопай вариация мен калька көзге ұрып тұрады. Не татымды тіл, не ұлттық ойлау жүйесі болмаған жұтаң дүниелер таңдайда қалмас тәтті іспетті. Мәселен, Әуезовті оқысаңыз, көкейге сіңген қайнардан мінезіңіз қоюлана түседі. «Тау қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара кемпір тау ішін құйындай құтыртып, кезіп жүргендей. Қара желімен «әпсін» оқып үшкіріп тұрғандай» немесе Ғазизаның «есі ауысыңқырап, көңіліне дүние дүниелігін жоғалтқандай, өзінен алыстап бара жатқандай» тек қазақ қызына ғана тән ар-ұят алдындағы шұңғыма жан арпалысын ұлттық қаламгерден өзге кім бере алмақ? Әбіштің «Аңыздың ақырындағы» «сусыма құм баянсыздықтың тылсым құдіретін танытқысы келгендей, құп-қу жүзіне жолап кет ждарын ұлы даланың қадір-қасиетін туабітті бойына сіңірген қаламгер ғана <
Бірде әңгіме арасында «қазақ болу қиын, бірсыы, азат бастың асқақтығын сақтап өту, кісілік қадір-қасиет биігінінзтуған жырау «Мадақ жырында» өзінің емес, қазақтың автопортретін жасаған-дүр.< - -->
«Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,---->
Айдаса – қойдың көсемі,
Ұстаса – қашағанны- — wp:paragraph —>
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Буыршынның бұта шайнар азуы,Бұл кешегі өңі бұзылмаған, рухы асқақ қазақ баласының суреті, анық сұлбасы. Ұлттың болмысын өзіне ғана тән бояуымен, ерекшелігімен, өзіне тән асқақтығымен шеберлік деңгейінде бейнелейтін қаламгер осы биіктің адамы, осы заңғардың төбесінен бүр атқан ерекше құбылыс.
Тортай Үсен