№5 Мамыр, 2024
«Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген даналық сөздің түбірі терең. Отан – қасиетті анамыз, біздің барымыз. Ұлы Отан соғысы батырлары – санамызда ерлік отын жаққан, ұлтымыздың рухын танытқан алаугерлерімізлі ардагерлеріміздің құрметі артып келеді.
Астана қаласының Достық үйінде Жеңіс күні мерекесіне орай «Аталардың ерлігі – жастарға үлгі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға елордалық ҚХА және Ақсақалдар кеңеарде қонақтар қатысты.
Басқосудың негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, ата-бабаларымыздың ерлігін ұлықтау, жастарға отаншылдық рухты насихаттау болатын. Аталар сөзасп, сұрақтары қойды. Сондай-ақ ғимарат фойесінде Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен көпшіліктің назарына Ерлікке тағзым” деген атаумен мұрағаттық құжаттардың көрмесі ұсынылды. Көрмеде майданға қатысты ескі құжаттардың қырық бес түрі көрсетілген. Құжаттарда майданға қатысушы батырларымыздың өмірі, суреттері, майданнан естеліктер ұсынылған.
Ал іс-шара соңында жиналғандардың алдында соғыс жылдарының жан тебірентерлік репертуарымен «Радуга» орыс әндерінің ансамблі өнер көрсетті.
Бүгінгі жастар кешегі аталардың не үшін соғысқанын, майдан дегеннің не екенін, оның мәнін ұғына білуі тиіс. Сонда ғана болашақ ұрпақтрың ұлтжандылығы жоғарғы деңгшейге көтеріледлі,-деді тыл ардагері Евгений Галюк.
Тортай Үсен