№4 Сәуір, 2024

Қазақ балалар әдебиетінің даму көкжиегі жылдан-жылға кеңіп, жаңаша сипат алып келеді. Ұлт болашағы бүгінгі жас өскіннің қолында екенін ескерсек, еліміздің өсіп-өркендеуі тікелей балаларға байланысты болмақ. Қай кезеңде де балалар мен жастар ұлттың дербес бақыты мен бірлігін күзетуші. Осы орайда бүгінгі балалар әдебиетіне еңбек сіңіріп жүрген бірегей тұлғалардың бірі – Байбота Қошым-Ноғай. Ақынның балалар әдебиетінөзәлім. «Нешеу?» атты өлеңінде қаламгер балаларға саусақпен санауды үйретеді.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екеуден қалғаны
Нешеу еді ал бәрі,
Нешеу еді ал бәрі?

Бүгінгі есепшоттар мен телефон құрылғылары кең таралған кезеңде балалардың есепті саусағы мен өз ақыл ойына сүйеніп шығаруы маңызды. Өйткені бұл бала санасына, ой жүйесінің дамуына бірден-бір ық Бқ балалар әдебиетінің 10 томдық антологиясы жарық көрді. Антологияға Ахмет Байтұрсынұлы мен Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап Еділбек Дүйсенов, Әдина Жүсрд Көптомдықта балалар әдебиеті бағытында қалам тербеген азаматтардың өлеңдері мен әңгімелері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, мысалдары мен хикаяттары тізілген. Сондай-ақ, жинақташң фотоссуреттері де бар. Антология «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт күн», «Ғажайып құмыра», «Балапан», «Алтын киік», «Ортаншы ұл», «Алатау ертегісі», «Қарлығаштың ұясы», «Мынау ғазиз дүние» атты он кітаптан тұрады. Құрастырушы жарыққа шығып отырған еңбектер жөнінде бүй дейді: «Қазақ кітап өндірісінде тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл антология балаларға ғана емес, әрбір ата-ана, балабақша тәрбиешілері, млпжай қарай алмайтын исі қазаққа өте қажет». Байтота Қошым-Ноғайдың балаларға арналған жыр-жауһарлардан тұратын жеке жинағының есімі ¬ «Таңғажайып түс». Кітаптың алғашқы өлеңінде ақын ағынан жарылады.

…Суреттерін Сымбаттың,
Тамашалап келем мен.
Қызықтарын Қымбаттың,
Жазып жүрмін өлеңмен.

Қызғалдақтың мен көрген,
Қызығы да көп мүлдем.
Бұл кітапта сендерден,
Түк жасырған жоқпын мен!..

Иә, кітапта адамгершілік, бауырмалдық, ұлтты, отбасыны сүю сынды абзал қасиеттер жырланады. Балаларды тәрбиелі болуға, ешкімге залал келтірмеуге, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге үндейді. «Жас шыбық иілгіш келеді» дегендей, баланың санасына ертеден енген жақсы әдеттер өсе келе өз жемісін берері талассыз ақиқат.   

Қуыршақ, мінеки, қарашы,

Алдым мен саған деп ақ көйлек.

Киіп көп қалар бұл жарасып,

Ойлаймын өзіңе шақ қой деп.

Киіп көп шақ шығар, шынында,

Әдемі, ә, кестелі етегі!

Қос жеңі шілтерлі мұның да,

Оюы,

өрнегі жетеді.

Шынында шақ екен денеңе,

Сен енді тыңдағын сөзімді.

Ағамыз байғазы бере ме,

Жүр, алып барайын өзіңді!..

Осы бір өлеңінде ақын бағзыдан ата-бабамыздан қалған байғазы беру дәстүрін еске салады. Туыстыққа үндейтін дәстүрлерді бала санасына сіңіру арқылы мейірімді болуға, ағайынды қадірлеуге шақырады. Байбота ақынның жыр жинағы тілге жеңіл, жаттауға ыңғайлы. Зейінді бала бірнеше қайталағанан-ақ бойына сіңіріп алады. Елдікке, отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай әдеби жәдігерлер мемлекет тарапынан тиісті қолдау тауып, балаларға кітап оқыту мәселесі арнайы қолға алынса нұр үстіне нұр. Жастар түрлі смартфондардан емес, ғибратты кітаптардан үлгі алып өссе еліміздің болашағы сәулелі боларына сеніміміз кәміл.

Қорыта айтқанда, жарық көріп отырған балалар әдебиетінің 10 томдық антологиясы ұлт руханияты үшін үлкен байлық, бағалы сый. Әр үйдің төрінде тұруға лайық асыл еңбек ел ертеңіне қызмет ете беретіні сөзсіз.

                                                                                                  н /wp:paragraph —>