№4 Сәуір, 2024
Жиырмасыншы ғасырдағы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушыларының ішінде шоқтығы биігінің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Дегдар жазушының соңында қалған мұрасы кейінгі қазақ жазушыларына мол өнеге, сарқылмас қазына бола білді. Аймауытовқа соқпай өткен, жазушыдан үйренбеген шығармашылық иесі жоқ шқақа кеңінен танымал «Ақбілек» романы хақында сөз қозғамақпыз.
XX ғасырда қазақ жазушылары көтерген «әйел теңдігі» мәселесі ауқымды тақырыпқа айналды. Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов бірігіп жазған «Адамдық негізі – әйел» мақаласында: «Әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің хандолдалар себебінен әйелдер дәрменсіз, орайы келсе сабап алуға болатын, мал саудасын үдетер тиімді зат секілді дәрежеге түсті. Жеке құқықтары аяққа тапталды. Бұл жайлы «Қалың мал», «Бақытсыз Жаміс шығармаларда жазылған болатын.
«Ақбілек» – «Бақытсыз Жамалдан» кейінгі ірі дүние, сом бітім. Шығарма құрылымында ауыз әдебиеті сарыны, Еуропалық ырғақ білінеді. Ақбілек тағдыры арқылы сол тұстағы қазақ өмірінің бет-бедері, тіршілік-тынысы анық көрінеді. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару. Жазушының Ақбілек портретін сомдауы сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп…». Жазушы кейіпкер портретін шығарманың өн бойындағы салмақ-сапасына, оқиғалар желісін дамытуға орай түрлендіріп отырады. Ақбілектің ұлттық танымы, қазақ қызына тән назы мен еркелігі Бекболат тілімен әуезді айшықталады: «…алғаш барып көргендегі оның түрі қандай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып, сүйріктей еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді! Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түре келгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап, тəп-тəтті күлгені; əнтек жылмиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш сқ кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны; «Қош болыңыз» дегенде, көзін жалт еткізіп, басын əнтек изеп, артынан қарап қалғаны, – бəрі-бəрі сондағыдай сайрап көз алдыңа келеді».
Иә, қазақ қызы, қазақ әйелі болмысы бөлек, сойы ерек. Халқымыз екі-үш баласы бар әйелді ханым десе, көпбалалы ананы әулие санаған, құрмет білдірген. Әйел тақырыбы елімізде ғана емес, әлем мәдениетінде жоғарғы маңызға ие. Егер әйелдер психологиясын зерттеу жобасы құрылып жүз том еңбек жазылса да, әйел жанының тереңдігіне толық сүңги алмас еді. «Барлық өнердің бастауы – әйел». Кез келген алғадай тұлғаның соңында қажырлы әйел тұр. Федор Достоевский «Ағайынды Карамазовтарды» сүйікті әйелі Анна ханымға арнады. Әдебиет зерттеушілері Анна Григорьевнаның Достоевскийдің бұл туындыны жазуына аса көп ықпал еткенін айтады. Лев Толстой Григорьевна ханыммен бір-екі рет жолығып, аз-маз сөйлескеннен соң: «Көп орыс жазушыларының Достоевскийдің әйелі секілді әйелі болса, олар өздерін одан да мықты сезінер еді», деген екен. Ал Анна Григорьевна Лев Толстойдың әйелі Софья Андреевнаға 1910 жылдың 7 қарашасында жолдаған хатында: «Егер сіздің қадірлі еріңізге 83 жасқа дейін өмір сүру бұйырса, онда бұл үшін күллі Ресей сізге қарыздар… Сіздің оған деген қалтқысыз қамқорлығыңыз бен ыстық махаббатыңыз үшін», деп жазады.
Бипаз, биязы, нәзіктігімен-ақ бойды жылытып, рухани қуат құйған әйел жаны күші сарқылмас тақырып, қаланып болмас ескерткіш.
Қыз Жібектің дидары,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай,–деген ұлағатты жыр ұлт аруының тылсым тұлғасын бедерлесе керек. Ақбілек сұлу бейнесі – қазақ әйелінің мозайкасы. Бір ғана кейіпкер бойында бәрі бар: рай, күй, саз.
Тортай ҮСЕН