№4 Сәуір, 2024

Еліміздегі қалалардың даму проблемаларын зерттеу кезінде жазба, мұрағаттық, археологиялық, нумизматикалық, эпиграфиялық, сондай-ақ, ауызша деректемелер маңызды. Алматының тарихы мен мәдениеті жөнінде мәліметтері бар деректемелерге ең алдымен қолжазбалар, сирек кездесетін шығыстык және батыстық ескі баспалық (литографиялық әдіспен басылған) кітаптар, орыс мұрағаттық материалдары мен әртүрлі құжаттар жатады. Жазба деректемелер мен олардың мұрағаттары жақын және шалғай шетелдердің (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, ҚИрсыр, Ұлыбритания, Франция, Италия және т.б.) ғылыми орталықтары мен қолжазбалар қоймаларында сақтаулы.

Нақ солар ғалымдардың мемлекеттілік, көшпелілертану мәселелерін, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әрекеттестігі проблемаларын, сондай-ақ далалары проблемаларын зерттеуге жаңа тұрғыдан келуіне көмектесті. Осы мақсатпен «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» мемлекеттіқ бағдарламасы бойынша әртүрлі қолжазбалар қоймалары орталықтарына маршруттар сапарларға бару белгіленді. Шығыс қолжазбалары мен ескі баспа кітаптарды анықтау, көшірмелерін алу, кейін оларды талдау үшін Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар шетелдердің де мұрағаттарын, қорларын жоспарлы, жүйелі зерттеу жүргізілді, сондай-ақ, өзге елдердің шығыстанушыларымен ғылыми байланыстар орнатылып, бұрынғы байланыстар ұлғайтылды. 2004 жылдан бері 22 археографиялық экспедиция (Ресейге, ҚХР-ға, Моңғолияға, Қырғызстанға, Туркияға, Арменияға, Вена)ияның тарихы мен мәдениеті жөніндегі бірегей деректемелер болып табылады. Археографиялық экспедиция жасақтары жұмысының нақты нәтижелері, атап айтқанда Шығыс қолжазбалары мен басқа да мұрағат мкілеріндегі көшірмелері Қазақстан қолжазба корының негізі болады, бұл қор болашақта да үздіксіз толықтырылып отыруға тиіс. Қазақстан мен Орта Азиядағы ежелгі және ортағасырлық дәуірлердегі тарихи тұрғыдан зерттеулердің деректемелік тұрғыда қамтамасыз етілуін республикадағы жаңа табылымдар да едәуір толықтырып, сапалық тұрғыдан жақсарта алады. Нақ осы себептен де Қазақстанньң облыстарына археографиялық экспедиция жасақтарын жіберіп отырған жөн, ол жерлерден ғылымға беймәлім немесе белгілі болса да зерттелмеген шығыс тілдеріндегі бірқатар ежелгі жазба ескерткіштер табылуы мүмкін. Олар ескі қолжазба кітаптар, аудандық және мектептердегі өлкетану музейлері мен жеке адамдардағы шаруашылық және заңдық сипаттағы құжаттар, кенттер мен қалардьң тарихы жөнінде құнды материалдар беретін жартастардағы, құлпытастардағы және ортағасырлық архитектуралық гимараттардағы жазбалар түрінде болуы мүмкін.
Археографиялық зерттеулер біздің деректемелік базамызды ұлғайтып, осы арқылы ғалымдардың алдына бірқатар жана ғылыми проблемалар қоюға мүмкіндік береді.
Кенттер мен қалардың дамуының барлық кезеңдерін бейнелейтін деректемелер кешені ғылыми айналымға алғаш peт енгізіліп отыр. Археографтар анықтаған деректемелерде қалардын тарихы жөнінде ғана емес, сонымен қатар сауданың, сауда жолдарының, жерімізде болып қайтқан экспедициялардың тарихы жөнінде де бірегей мағлұматтар көп. Олар сонау XII ғасырдан бастап Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа өткен сауда жолының неғұрлым маңызды болғанын көрсетеді. Бұл жол Ұлы Жібек жолының бір тармағы болды.
XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап бұл жол жаңа қарқын алғаны анықталды. XVI-XVIII ғасырлардағы жазба деректемелерден нақ осы кезеңде Қазақстан арқылы Қытайды Үндістан мен Орта Азияны байланыстырған сауда жолдары дамығаны белгілі; бұл жолмен тәуап етушілер, қолөнершілер, әскери жасақтар жүріп өтетін. Сауда Каспий теңізі арқылы Астрахань мен Маңғыстау арасында теңіз жолымен де, сондай-ақ Каспийдің солтүстік жағалауы, Хиуа, Бұхара арқылы құрлықпен де жүргізілді. Бұл сауданың деңгейі мен түрлері туралы барлық деректемелермен салыстырғанда неғұрлым толық мәліметтер Қытайдьң Бірінші тарихи мұрағатынан табылған құжаттарда бар.
XIII ғасырда Орталық Азияда жаңа қалалар қауырт пайда болып, олардың халқының саны көбейді, сауда өркендеді. Жазба деректемелерде тарихи география жөнінде бірегей мәлметтер бар. Оларда жер бедері, климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, халық және оның этностық құрамы, сондай-ақ, шаруашылықтың әртүрлі салалары сипатталған. Алматыньң және Алматы өңірінің ортағасырлық тарихы жөніндегі жазба материалдар біршама. Бұлар — араб, парсы, түркі тілдерінде ортағасырлар кезеңі мен одан кейінгі ғасырларда құрастырылған шығармалар, сондай-ақ орыс және батысеуропалық саяхатшылардың жазбалары. Алматы (Алмату, Алмати, Алимту) кейінгі ортағасырларда қазіргі атауымен кеңінен мәлім болды, мұны Алматы қаласы туралы жазба деректемелердегі нумизматикалық деректер айғақтайды.
Қаланың ежелден 6epi бар екенін оның атауында түркі-моңгол тілдеріне тән «ты» қосымшасының сақталуына қарап та пікір түюге болады, бұл қосымша заттың көпше түрде екенін білдірген. Ал қазіргі тілде, грамматикалық ережелер бойынша — «лы» қосымшасы қолданылады. Демек, Алматыны қазіргі ыңғайға лайықтап атайтын болсақ, Алматының аты Алмалы болып айтылуға тиіс болар еді. Соған қарамастан — «ты» қосымшасы орныққан.
Ә. Бретшнейдердің пайымдауынша, А-ли-ма-ли немесе Алмалық моңғол дәуірінің тарихшыларында, сондай-ақ, сол уақытта Батыс Азиядан Моңғолияға барған саяхатшыларда жиі айтылады. Оның «Зерттеулерінің» бірiнші бөлімінде қытай саяхатшыларының А-ли-ма-лиді сипаттаған кейбір деректерін табуға болады. Осы деректерге сүйеніп ежелгі Алмалық Моңғолиядан Парсы жеріне баратын күре жолда, қaзipгi Құлжаға таяу жерде орналасқан деп болжауға болады.
Парсы тарихшыларының Алмалық туралы алғаш айтуы 1211 жылға қатысты. XIII ғасырдағы парсы тіліндегі «Тарих-и джахан-гушай» (Әлемді бағындырушының тарихы) атты хрониканың авторы, Шыңғыс ханның сарай тарихын жазушы Ата-Малік Жувайни Қазақстан аумағында, соның ішінде Жетісу жеріңде моңғолдарға дейінгі уақытта көптеген қалалар болғанын хабарлайды. Жент, Отырар, Қойлық, Алмалық, Баласағұн және т.б. туралы деректер осындай. Кейде қала тұрғындары туралы дерек беретін цифрлар келтіріледі. 1310 жылы Баласағұнда оны қарақытай әскерлері алған кезде 47 000 адамның қаза болғанын ескергенде, ол ipi қала болған деп ұйғаруға болады. Бұл қалалардың төңірегінде көптеген қоныстар болған. Мұнда суармалы егіншілік кеңінен қолданылған.
Жамал әл-Қаршының «әл-Мүлхақат би-с-сурах» шығармасында Қазақстан туралы Шағатай ұрпағы дәуірінің басқа деректемелерінде жоқ маңызды деректер бар. Ортағасырлық Қазақстан аумағында болған оқиғалар туралы «Ислам дәуіріндегі Мауренахрдағы және басқа өңірлеріндегі түркі қағандары туралы ескертпе» деген тараудан бастап айтылады. Жамал әл-Қаршы Жент, Барчлығ кент және т.б. қалаларды егжей-тегжейлі сипаттайды.
Шығыс және шетел авторларының шығармаларында бар айғақтар дала қалаларының сауда қарым-қатынастарындағы рөлі, сондай-ақ, бұл қатынастардың жүйелілігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Шын мәнінде де, қазақтар мен көрші халықтар арасында сауда үнемі жүріп тұрған, бұлғақтар мен соғыстар оның дамуына күшті кедергі болғанымен, сауда тіпті осындай уақыттарда да жалғасқан.
Алматы аумағы (кең мағынада Жетісу өңірі) ортағасырлар тарихында маңызды орын алады. Арабтардың Орталық Азияға тереңдеп енуіне қарсы козғалыстың күшті орталықтарының бірi осында болды, осы жерде Қараханилер мемлекеттігінің негізі қалыптасты (840-1212). Кейіннен бұлардың билігі босаңсыған жағдайларда олардың ішкі істеріне қаракытайлар тарапынан (1137-1211), Хорезмшахтар тарапынан (1097-1231), Күшлік тарапынан (1211-1218) және Шағатай ұрпағы тарапынан (1227-1363) қолсұғұшылық орын алған күрделі қайшылықты оқиғалар болды. Нақ осы уақытта мұнда әртүрлі оқшау конфессиялар (христиандық, манихейлік, зороастрийлік және т.б.) біртіндеп мұсылмандыққа айнала бастады. Бірақ, бұл тарихи үрдістер жазба деректемелерде онша бейнеленбеген, деректемелер үздік-создық болғандықтан осынау маңызды өңірдегі оқиғалардың қалай өpбігенін аңық айта алмаймыз.
XII ғасырда Алматы бастапқыда қидандар, кейіннен наймандар мемлекетінің ipi сауда орталығы және астанасы болды. «Моңғолдың құпия шежіресі» бойынша Шыңгыс ханның Алматыны жаулап алуға жасаған екі әрекеті сәтсіз болып, наймандармен он жыл бойы соғысқанда ештеңе өндіре алмаған. Үшінші әрекетінде ғана қаланы алып, Отырарға қарай осыдан кейін ғана жылжыған. Өңірдің мәдениеті ол туралы бізде алғашкы мәліметтер бар моңғол басқыншылығы кезеңіне қарай едәуір дамыған болса керек. Шыңғыс ханның батысқа жорығы кезінде онымен бірге болған Елюй Чуцайдың айтуынша Алмалықка басқа 8-9 қала бағынышты болган; сол саяхатшының айтуы бойынша Іле жазығында «астықтың бес түрінің бәрі өсірілген», мұның өзі егіншілік мәдениетінің едәуір дамығанын көрсетеді. Чань-Чунь сондай-ақ егісті қолдан суару туралы да айтады.
Темір жорықтарының тарихында Іле жазығы туралы мәліметтер өте-мөте бұлдыр. Алмалық Іледен оңтүстікке қарай орналасқан. Бұған қарағанда бұл жерде қытай деректемелерінде айтылған Алмалық туралы емес, қазіргі Алматы төңірегі туралы айтыльш отыр деуге болады; мұны Темір әскерінің Алмалықтан шығып, Іледен өтіп Қараталға келген фактісі де қуаттайды. Тегінде Жувайни де сол қаланы айтатын болса керек; онда Батудьң ұлы хан Күйікке келе жатып Алмалыққа келіп тоқтағаны, мұның Қойлықтан 7 күншілік жерде екені және осы жерде ұлы ханның өлгені туралы хабар алғаны айтылады. Алматы туралы Бабырда да айтылады. Мұхаммед-Хайдар Алматыны Моғолстандағы мәлім өңірлердің бірі деп атайды.

XIV-XV ғасырлардағы жазба деректемелерде Орталық Азияның су объектілері туралы бірқатар деректер бар. Осыған тән сипатты деректер бұл кезеңнің жазба деректемелерінде Арал теңізі мен Әмудария өзеніне қатысты. Қазіргі уақытта Арал проблемасы экологиялық тұрғыдан ең көкейкесті проблема екені белгілі, осы тұрғыдан да тарихи-географиялық мазмұндағы материалдар маңызды мән алады. Бұл кезеңдегі жазба деректемелерде су объектілері қатарында Сайхун өзені немесе Ходженд немесе Ахси өзені (Сырдария өзені), Шу өзені, Іле өзені, Көкше теңіз көлі (Балқаш көлі) аталады.
XIV-XV ғасырлардағы деректемелерде Орта Азияның тау жүйелері туралы деректер өте аз. Хафиз-и Абрудың «Географиясында» тау жоталары түрінде таулардың сипаттамасы бар. Мәселен, осындай жоталардьщ бірі Шынның (Қытай) шекарасынан басталып батысқа қарай Ферғанадан, Усрушаннан, Самарқанд пен Кештен өтіп сол жерде бітеді. Тұтас алғанда жазба деректемелерде Түркістан таулары — Орталық Тянь-Шань мен Алтай таулары айтылған.
Алматы туралы материалдар моңғол, манжұр және қытай деректемелерінде кездеседі және XVIII-XIX ғасырларға қатысты. Жоңғар хандығы ыдырағаннан кейін, әсіресе, Қашғарды өз иелігіне қосып алғаннан кейін Манжұр-Цин империясы Орта Азия жеріне бұрынғыдан да көбірек ден қоя бастады. Нақ осы себептен кытай және манжұр тілдеріңде жазылған шығармаларда Қазақ, Бұрыт (Қырғыз) жерлері және т.б. туралы деректер көбейді. «Сиюй тучжи» және «Сиюй шуй дау цзи» (XVIII ғ.) атты екі географиялық еңбек — ортаазиялық халықтардьң тарихы жөніндегі маңызды қытай деректемелері.
«Сиюй тучжи» кітабында «Алматы» сөзімен байланысты үш атау кездеседі: біріншісі — Алимату Баршук ғол (өзен) Еміл өзенінен батыс-оңтүстікке қарай деп көрсетілген (кітаптың 25-цзюанында). Яғни бұл өзенді Алматыдан шалғайда, Барлық тауынан іздеу керек; «Алимату» жерінің екінші атауы Алимату ғол (өзен) өзенінен шыққан. Автордың айтуынша ол «Іле өзенінің солтүстік бөлігіндегі Шаған Усудың батыс-солтүстік бөлігінде, Іледен (Құлжадан) 100 лиде (12 цзюань)». Демек бұл өзен қазіргі СҰАА-ның, Хоргостың батыс-солтүстігінде болуға тиіс. Ал үшіншісі — монғолша «Үш Алматы» делінетін Гурбан Алимату — бұл атау қазіргі Алматы өңіріндегі өзендермен байланысты деуге болады.
Алматы туралы мәліметтер моңғол, манжұр және қытай деректемелеріңде сақталған. Мұны Ш.Ш. Уәлиханов «Қырғыздар туралы жазбаларда» келтірген қызғылықты фактілер айғақтайды. 1856-1858 жылдары ол Тарбағатай және Тянь-Шань өңірлерінің ойрат, кытай және ежелгі турік тілдеріндегі географиялық атауларына салыстырмалы талдау жасаған. Бұл еңбегінде ол Ресей Географиялық коғамының мүшесі Я.В. Ханыковтың (1818-1862 жж.) картасы бойынша өңірлердің атауларына сілтеме жасайды. Ол картада Ыстықкөл (моңғ. Темурту нагур), Нарын, Манас, Боротала, Ақсу, Қарасу, Алтынемел, Ташыбалық, Күнгей, Анжиан, Астақ, Ақсай, Сарбағаши, Шу, Талас, Күрті, Түрген, Талғар, Гурбан Алимату, Іле, Тарбағатай және т.б. географиялық атаулар кездеседі. Бұл тізімде орыс тіліне «Үш Алматы» деп аударылатын «Gurban Alimatu» деген өңір атауы бар, түркі тілінде бұл атау араб жазуымен « Gurban Almatu» деп белгіленген.
Алматының ескі атауы ойрат-моңғол деректемелеріңде «Гурбан Алматы», яғни «Үш Алматы» деп тіркелген. Тегінде бұл атау XVIII ғасырдьң аяғында таралған болса керек.
Жазба деректемелерде Алматы қытай және манжұр тілдерінде «гуарбан Аламуту» немесе «гуербан Алимату» («Үш Алматы») аталады. Бұл атау ойрат тіліннен шыққан және ол осы төңіректегі Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің атауларынан шыққан деуге негіз бар.
Сонымен, Қазақстанның ортағасырлар кезеңіндегі қалаларының тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін зерттеудің деректемелік негізін айтарлыктай ұлғайту, жаңа деректемелер тарту, оларды жүйеге келтіріп, топтастыру және талдау қажет. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жөнінде мағлұматтар бар қолжазбалардың микрофильмдерін түсіріп алу жөнінде жоспарлы түрде дәйекті жұмыс жүргізілуі өте-мөте қажет.
Зерттеу жұмыстарының бұдан былайғы уақытта ойдағыдай жүруі үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде халықта сақталған шығыс қолжазбаларын, ескі баспалық кітаптарды, сондай-ақ калалар мен ауылдардьң тарихы жөнінде қазақтар арасында сақталған ауызша тарихи ақпаратты табу және жинап алу жұмыстарын атқаратын археографиялык экспедицияларды жандандыру қажет. Археографиялық экспедиция жасақтары атқаратын жұмыстың нақты нәтижелері, атап айтқанда шетелдік қорлардағы шығыс қолжазбалары мен мұрағаттық материалдардың микрофильмдері, ксерокешірмелері Қазақстан қолжазба корының негізі болады, сөйтіп Алматының тарихы мен мәдениетін кайта бағамдауға, ол жайында көпшілікке арналған бірқатар ғылыми еңбектер жазылуына себептесетін болады.
Алматының тарихы жөнінде материалдар бар деректемелер әртүрлі шығыс және батысеуропалық тілдерде құрастырылған. Олардан өңірдің ежелгі замандардан бергі тіршілігі туралы мағлұмат алуға болар еді, алайда олар сонау көне замандарда жарияланған, сондықтан олардың кейбіреулеріңе қол жеткізу қиын. Бұл материалдардың өңір тарихын зерттеу үшін маңызын ескере отырып біз жарияланған бастапқы дереккездерден үзінділер жинауды, сондай-ақ жарияланбаған дереккездердегі мағлұматтарды қазақ және орыс тілдеріне аударып алуды ұйғарып отырмыз.


Меруерт ӘБУСЕЙІТОВА,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор