№4 Сәуір, 2024
Мейлі суретші, мейлі киногер немесе жазушы сияқты шығармашылық қызметтерді қай қайсысы да мемлекет, қоғам өмірінде адам өміріне қажетті қарым-қатынастарды, тәрбиені қалыптастыратыны мәлім. Ол әсіресе, мәдениет қызметкерлерінің осы аталмыш саладағы жас буынын тәрбие, білім беруге зор септігін тигізеді. Елімізде бұл сала жыл сайын кең қанат жайып келеді. Бұл орайда әсіресе Елордамыз – Астана қаласы алғы шепте келеді десек қателесе қоймаспыз. Оған осында жаңа мәдениет алаңдары, нысандар, мәдени қызмет көрсету, оған қоса өткізілііп жатқан алуан түрлі іс-шаралар айқын дәлел бола алады. Бұл ауқымды шаруа ел өмірінің барлық саласында жүргізілетінін көзіміз көрііп отыр. Елордамызда халқы, ің, жалпы халқымыздың өткені мен бүгінін көз алдымызға елестетіп көне таарихи жәдігерлер түгелімен мемлекет қорғауына алынған.
Ал Астанаға келген ішкі де, сыртқы да туризм сапаршыларының ең қызығы қарайтын орындарының бірі мұражайлар. Қазір шаһар құзіретіне үш мұражай қарайды екен. Бұлар – Сәкен Сейфуллин мұражайы, «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мұражайы, сосын «Атамекен», «Қазақстан картасы» этномемориалдық кешен».
Ал әлемдік және отандық өнер жауһарлары бар аралдар: Тәуелсіздік сарайындағы қазіргі заманның өнер галереясы, Бейбітшілік және келісім сарайындағы «Құланшы» заманауи өнер орталығы, сондай-ақ «Астана-Бәйтерек» Монументііндегі кіші галереясында құрылған экспозиция бағалаушылардың сүйікті орны болды.
Егер картинадан біз суретшімен салынған бір сәтке тоқтатылған өмірді көрсек, онда олар қойылымы қандай ғасырда көрсін қазіргі заманға адамға жақын және түсінікті өзіне өмірлік тәжрибені жинақтаған жағдайды көрсетеді.
Қаланың театрлары – Қ.Қуанышбаев мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, Сатира театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, Қуыршақ театры өз көрерменіне, өз аудиториясына қызмет көрсете отырып, Елоүрк өнер шеберлерінің елордалық шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардыңңңңңңң бірлесіп көрсеткен өнері, сондай-ақ астаналық ұжымдардың шетелге гастрольдік сапары.
Мәдениетаралық жоба әлем х жрлеріімен алмасуға бағытталған. Бұдан басқа, әрине, олар сол немесе өзге ұжым, режиссер, әртіс қандай сатыда орналасқан және қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігін түсіндіреді.
Иә, Елорданың ел мәдениеті мен оның тарихы туралы өз елімізде де, шет ел жұртшылығына да зор мақтанышпен алға тартар ескерткіштері туралы баяндайтын нысандары туралы айта берсең таусылмайды. Оны бір мақала мен үлкен бір кітаптың еншісі десек те артық емес.
Мырзан Кенжебай