№4 Сәуір, 2024

Өз құндылығымызды өгейсініп, өзегінен теуіп, қағымыздан жеріп, «өзгенің қаңсығын таңсық еткен» осынау бір заманда тарихи санамыз қандай деңгейде? Тағылымды-тәрбиелік мәні бар дәстүрлерімізді қаншалықты сақтап, оның терең мағынасын ұғынып жүрміз? Заман ағымынан қалмаймыз деп, көптеген салтымызды түрлендіріп, тіпті халқымызға тән емес дүниелерді өзідүай, зорды «қор» етіп жүрген жоғалған ұрпаққа айналып барамыз…

Бұған дәлел ретінде «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің негізін қалаушы қоғам қайраткері Тұрар Сәттарқызының айтуынша, бүгінгі жаһандану заманында бабадан келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмыт болып, өзінің тәрбиелік мән-мағынасын жоғалтты.
«Қазақтың салт-дәстүрі – тұнып тұрған тәрбие мектебі! Бірақ кейінгі кезде сол тамаша салт-дәстүріміз: құрсақ шашу, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, ұл баланы сүндетке отырғызу, қыз баланың құлае бидің құлағын салонда «пистолетпен» тестіртуді «сән» көреді. Ал қыз баланың құлағын тесіп, сырға салу салтының тәрбиелік мағынасының терең екенін түсіне бермейді», – дейді Тұрар Сәттарқызы.

«Мұндай шаралар мемлекет тарапынан қолдау тауып, жан-жақты қаржыландырылып, жеке бағдарламаға айналып, республикадағы білім беру мекемелеріне таратылса, болашақта елін сүйетін, жерін сүйетін, халқын сүйетін қазақтың нағыз патриот балалары өсіп шығады. Осы орайда біздің тарапымыздан келесідей ұсыныс бар. Иә, балалар жылына орай елорда маңында «Сарыжайлау» этноауылын ашқандарыңыз шынында да керемет. Бірақ бұл жұмыстың ауқымын кеңейту керек. Менің ойымша, келесі жазғы уақытта балаларға арналған қазақи лагерь тек қаланың сыртында ғана емес, сондай-ақ баршаға қолжетімді болуы үшін қаланың ішіндегі саябақтарда да ашылса, құба-құп болар еді. Сонда қаламыздың кез келген тұрғыны төл мәдениетіміз бен құндылығымызды танып-білуге мүмкіндік алады. Мұны қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлы да қолдап, қуаттап отыр. Интернет, смартфон дамыған заманда тілімізді, ділімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді де жаңғыртып, замана көшіне ілестіруіміз қажет. Игі бастама алдағы уақытта да жемісті жалғаса береді деп сенеміз. Өнегелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деп, жүрекжарды лебізін білдірді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.
«Нұр-Сұлтан қаласы Тіл Басқармасының қолдауымен «Қара шаңырақ» тәрбие беру орталығы өскелең ұрпаққа қажетті көптеген рухани-танымдық шаралар ұйымдастырып жүр. Өздеріңіз куә болып отырған «Сырға той» салтының қыз бала өміріндегі тәрбиелік мәні зор», – дейді қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлы. Қала әкімінің орынбасары «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебіне қалай қолдау көрсеткеніне тоқталды. «Орталық басшысы Тұрар Сәттарқызы Шәкенмен Сарыарқа ауданы әкімі қызметінде жүргенде, бірлесіп үлкен жұмыстарды атқарғанымыз есімде. Бұл жоба мәслихат хатшысы Ерлан Ермекұлының жеке қолдауына ие болып, ауқымын кеңейтті. Мәслихат отырысында жобаға қатысты кейбір депутаттар арасында пікірталас туды. «Аталмыш жоба не үшін керек?», «Салт-дәстүр қазіргі заманауи қоғамға қажет пе?», «Әдет-ғұрып деп сендер жаһандануға бет бұрған өркениетті артқа тартқыларың келе ме?» деген сияқты түрлі пікірлер болды. Мен мұндай пікірлермен келіспеймін. Керісінше бұл жоба ұлттық салт-дәстүрімізді өркениеттің бүгінгі даму үрдісімен үйлестіру арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуді көздейді», – деп атап өтті Есет Байкен.
Есет Берікұлы да келер жылдан бастап «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі жұмысының ауқымын кеңейтетіндерін жеткізді. «Тал бесіктен жер бесікке дейін қазақтың бүкіл өмірі салт-дәстүрмен тікелей байланысты. Бүгінде біз, өкінішке қарай, бабадан келе жатқан тәрбиелік мәні зор салт-дәстүріміздің құнын түсіріп алдық. Іс-шара жүргізушісі айтып өткендей, дәстүрімізге немқұрайлы қарап, бүлдіршін қыздарымыздың құлағын салонда тестіре салатынымыз өтірік емес. Қазақта «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген жақсы сөз бар. Дегенмен қазақы болмыстан ажырамай, ұлттық ерекшелігімізді сақтап, әлемнің озық игіліктерін пайдалана отырып, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, сырға салу, тілашар және басқа да салт-дәстүрімізді қайта түлетіп, сақтауымыз қажет. Алдағы уақытта балабақшалар мен мектептерде осы игі бастаманы кеңінен енгізу туралы мәселені жан-жақты пысықтап, келер жылдан бастап жұмыстың ауқымын кеңейтуді жоспарлаудамыз», – деді қала әкімінің орынбасары.
«Ұлттың ұлт екенін көрсететін басты ерекшелігі – біріншіден, тілі, екіншіден, салт-дәстүрі. Бүгін міне, сіздер ата-бабадан қалған дәстүрді жаңғыртып, қоғамға шығарып, көрсетіп жатырсыздар. Өскелең ұрпағымыз ұлтымыздың осындай дәстүрі бар екенін біліп өсе берсін. «Елу жылда ел жаңа» дейді ғой. Жастарымыз батыстың жалған мәдениетіне еліктеп, өзіне жат ағымын бойына сіңіргенше, қазақтың қанына сіңген осындай ұлттық дәстүрді көзімен көріп, жүрегімен ұғынып өссе, ертеңгі ұрпағымыздың болашағына алаңдамай-ақ қоюға болар еді. Халқымыздың қай салт-дәстүрін алсақ та, онда рухани құндылық, тағылымды тәрбие жатыр. Осындай өнегелі іске атсалысып жатқан баршаңызға рақметімді айтамын. Жергілікті атқару органдары сіздерге қашан да қолдау көрсете берсін. Болашақта үлкен жобаға айналып, істеріңіз берекелі болсын!» – деп жылы лебізін білдірді «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Ықсанұлы.

«Бізде бәрі бар. Тарих та бар, дәстүр де бар. Бірақ біз оны әлі күнге дейін көрсете алмай, қастерлей алмай, қадірлей алмай жүрміз. «Қара шаңырақ»ктруі көңілге қуаныш ұялатады. Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз келер ұрпақтың бағасын алып, нәтижесін берсін. Идеяларыңыздың барлығы жерде қалып қоймай, әрі қарай жүзеге асатынына с– ы Азамат Кеңесұлы.
«Сырға той» салтына келген қонақтарға «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебі өз атынан қазақтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарханын жайды және сый-сияпат берді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жалғасын таба берсе екен деген ізгі ниеттерін жеткізді.

Зарина ӘШІРБЕК