№5 Мамыр, 2024

Тәуелсіздік алғанға шейіін, халқымыздың небір асыл рухани қазынасы ұмыт болып, жадымыздан жат қалған болатынаңынаның ең құндыларының бірі қазақтың ұлттық тәрбиесі десек, оның өзі бесік тәрбиесінен басталады. Ал бесік тәрбиесі дегенде ең әуелі
Әлди, әлди, ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем.
Жыа,йін,
Байқасқаның құйрығын
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, ақ бөпем деп басталатын бесік жыры еске түседі.

Дүниеге жаңа келген жас сәбидің өмірге деген құштарлығын, айналасына деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын алғашқы қадам – ол ана жүрегін жарып шығатын «Бесік жыры. Ежелде «Бесік жырын» әрбір қазақ баласы тыңдап өсті. Алайда, бүгінде әженің әлдиі құлағына сіңіп өскен ұрпақтың соңы біз боламыз ба деген қорқынышты ой ұялайды. Өйткені бүгінгі ұрпақ бесік жырын естімей өсіп келеді. «Әлди, әлди» әнімен балбырап, ұйқыға кететін сәбидің санасына ұлттық мінездің таралуы да осы кезден басталады.
«Сәби дүниеге келген соң шілдеханадан бастап, қашан баланы бесіктен босатқанға дейін бесік жырын үзбеу керек» дейді әжелер.
Бүгінгі келіндер жылаған баланы қалай жұбатып жүр? Бесік жырымен бе, әлде «баю-баюмен» бе? Бар нәрсені жақсылыққа жоритын әжелеріміздің айтуынша, бесіік жырында баланың болашақта батыр, еліне, жеріне пап кен рөл атқаратын көрінед. Белгілі ақын Нармахан Бегалиев оқырмандармен кездесу кешінде көңілге кірбің ұялататын жағдайды қынжыла жеткізген екен. Жоғары оқу орнында оқытушы болып істейтін қызы Рауан сырттай бөлімде оқитын апайларынан емтихан қабылдапты. Жасы қырықтан асқан, бүгінде немере сүйіп отырған апайы еш бір сұраққа жауап бере алмай, қиналғанға ұқсайды. Содан ары сұрақ қояды, бері сұрақ қояды. Еш тұщымды жауап ала алмапты. Ақыры түк шықпасын білген соң, «Апай, ең оңай сұрақты қояйын. Бесік жырын айтып беріңізші» депті. Сөйтсе оған да жауап бере алмапты. «Енді балаларыңызды, немерелеріңізді бесік жырын айтып ұйықтатқан шығарсыз?» десе, «жоқ, жат ей, бабай кеп қалады» десем ұйықтап қалатын» деп қарап тұр дейді. Өзінен кейінгілерге үлгі өнеге көрсететін ұстаздарымыз қарапайым ғана тәрбие бастауын білмесе не дерсіз?!
Өнегелі сөздермен өрнектелген бесік жыры сәбидің жан дүниесіне рухани азық беріп, имандылықтың дәнін егеді. Сондықтан да әжелеріміз сәбиін әнмен жұбатқан, әнмен оятқан. Бесік жыры ауыздан-ауызға тарап, әр баланы жөргегінен-ақ батыр да батыл болуға тәрбиелеген. Төле би «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деп бекер айтпаған. Әдемі әуенмен астарында ізгі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі.
Жалпы бесік жырының ерекше маңызы туралы сөз қозғаған ғалымдар аз емес. Бесік жыры — сәбидің дұрыс жетілуінің бірден-бір кепілі. Нәресте үшін ана сүтінің маңызы қандай болса, бесік жыры да дәл солай құнды. Сәбидің миындағы нейрондар дамуы үшін, бесік жырынан артық дәрумен таппайсыз. Мұны әлем ғалымдары да дәлелдеп отыр.
1916 жылы психоневрология институтының негізін қалаған академик Владимир Бехтерев: «Балалардағы невроз ауруының алдын алу үшін, бесік жырын тыңдату керек» деген тұжырым айтқан.
Ал, психолог Виталий Леутиннің айтуынша, бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарындағы нейрондардың дұрыс дамуына түрткі болады. Америкалық психолог, медицина ғылымдарының докторы, трансперсоналды психология ғылымының негізін салушы Станислав Гроф «Beyond the brain» атты кітабында бесік жырының баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден-бір себеп бола алатынын ескерткен.
Нәрестенің барлық ақпаратты есту арқылы қабылдайтынын ескерсек, оған бесік жыры арқылы тәрбиенің іргетасы қаланады. Бар мейірім, махаббатты жеткізудің бірден-бір жолы осы. Бесік жырының осындай баға жетпес құндылығын ертеден білген дана халқымыз оны айтпай, сәбиін ұықтатпаған. Қазір қым-қуыт тіршілік қамытындағы аналарымыз бесік жыры түгіл, бесіктен қол үзіп жатыр. Сәбиіңіізді бесік жырымен ұйықтатуды ұмытпаңыз!

А.Орынбек