№5 Мамыр, 2024

Елордамыздың алға қойған мақсатының бірі де бірегейі спорт түрлеріне нағыз даңғыл жол ашу екені уақыт өткен сайын дәлелденіп келеді. Мысалы былтырғы өткен алуан түрлі спорт жарыстары мен мерекелері турақарап-ақ оған анық көз жеткізуге болады.

Иә, өткенді айтып, бүгін мен ертеңге үлгі ету де үлкен ғанибет. Ал бүгінгі Елордада спорт мәселесі қалай жолға қойылып отыр. Міне, бүгін осыған қысқаша болса да тоқталып өтуді жөн көрдік.

Айдар:Бала шағым – болашағым
Әл-Фараби бабамдай ғалым болғым келеді

Даниял Алманов, Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы


Астана мерейтойы театр мерейтойымен тұспа-тұс келді

Астана қаласы әкііміінің орынбасары Есет Байкеннің бұл мерейтойда сөйлеген сөзі жұртшылықты қатты тебірентті. «Иә» осыдан 5 жыл бұрын Елордамыздың 20 жылдық мерейтойының құрметіне Астанадағы Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театры атты осынау қасиетті өнер ордасы қалың көрерменге өз есігін айқара ашқан болатын,-деді ол. – Міне, енді Елордамыздың 25 жылдық мерейтойымен осынау өнер ордасының 5 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Әрине, 5 жыл деген бір қарағанда көзді ашып-жұмғандай бір сәт қана сипатты. Бірақ осы аз ғана уақыт аралығында театр ұжымы қол жеткізген табыс ұлан-ғайыр деуге тұрарлық. Бүгінде бұл ұжым тек Астана қаласының ғана емес, сонымен бірге бүтін еліміздің театр өнерін көрсету арқылы республикалық һәм халықаралық фестивальдерде жүлделі орындарға ие болып келеді. Соның бір ғана айғағы сипатында театр репертуарындағы «Боранды бекет» қойылымы өткен жылғы арнаулы «Ұмай» сыйлығын ұтып алып, елііміздің 400 премьерасының үздік бестігінің құрамына енді,-деді ол.
Театрдың мерейтой жиынының алдында әуелі БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылған болатын. Онда осы театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов өнер ордасының соңғы бес жылдағы қол жеткізген жетіістіктері мен болашақ жоспары туралы әңгімелеп берді. Шығармашылық ұжымның репертуарында қазір 22 спектакль бар екен. Қазір олар Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы бойынша қойылымның алғашқы нұсқасына даярлануда.
Осынау ауқымды мәдени іс-шара кезінде Астана қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов құттықтау сөз айтып, қалалық мәслихаттың төрағасы Ерлан Қаналимовтың құттықтау хатын табыстады. Іс-шара барысында театрдың бір топ қызметкерлеріне «Түріксой» халықаралық ұйымының «Түрік әлемі мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Бұл арнаулы награданы осы ұйымның Бас хатшысының кеңесшісі Шавхат Исмайлов тапсырды.
Ал Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Байкеннің:
«Мен әуелі Номад деп аталған бұл шығармашылық ұжым Әзірбайжан Мәмбетов атағына өте лайықты табысты ұжым деп білемін. Театр әлемінде Әзекең қалдырған ұлы жол – сара жол, мәңгілік жол деп білемін.
Мерейтойларыңыз құтты болсын!» деген жалынды сөзіне қалың ел тебірене қол соқты.

М.Кенжебай