№5 Мамыр, 2024
Ішкі туризм туралы әңгіме бастар алдында оқырман қауымға қолдан келгенше жалпы туризм, яғни сапаршылық жөнінде тоқталып өтуді жөн көрдік. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері әсіресе, сапаршының, яғни, туризм саласына ерекше назар аударуда. Бұл салаға бүкіл әлем мемлекеттері зор маңыз беріп, үлкен бір табыс көзі ретінде қарайды. Егер туризм тек саяхр с көзі екенін ескерсек біз ішкі де, сыртқы да туризмге кең жол ашуымыз керек.
Қазақстан табиғи жер байлықтары өте мол елдердің бірі. Бізде Менделеев кестесінде көрсетілген жер үсті һәм жер асты, тіпті, су асты байлықтарының һәммасы молынан бар. Алайда, бір ғана жер байлығына қарап, сонымен дамимыз, сонымен күн көреміз деу 21-ші ғасырдың талабына да, ұғымына да қайшы келеді.
Президентіміз осыдан екі жыл бұрын жасаған баяндамасының өзіінде де туризмнің пайдалылығына ерекше көңіл бөліп, атап өткен болатын.
Міне осы орайда Жаңа Қазақстан идеясында елімізде туризм саласын дамытуға да көптеп көңіл бөлініп келеді.
Туризм тек кіріс көзі, экономикалық қажеттілік қана емес. Ол тек әлемнің алыс-жақын жатқан елдерімен, халықтармен, олардың мәдениеті мен тарихымен таныстыруға, олармен бейбіт қатар өмір сүруге күн болады.
Туризм, әсіресе, ішкі туризм тәуелсіз елімііздің бұрын жамағатқа беймәлім болып келген, кеңес заманында өімізден жасырылып, айтылмай келген ұлттық мәдениетімізді, ұлттық тарихымызды бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, өнеге сипатында ұсынудың өте күшті оқулығы, құралы деуге болады. Туризмд дамыту арқылы біз қазақ халқының арғы-бергі бай тарихымен, ерте замандардан бастап бүгінге шейін ұлтымызбен қатар өмір сүріп, талай тарихымыздың куәгері болған мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен әлемнің басқа халықтарын таныстыра аламыз.
Ал бұл іс әсіресе, Қазақ Елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ қолға алынған болатын. Соның бір ғана мысалы ретінде осыдан бірер жыл ғана өткізген ЭКСПО-17 көрмесін айтып өтсек те жеткілікті. Біздегі бүгінгі туризм саласының өркендеуіне сол ауқымды шараның да қосқан үлесі аз болған жоқ. Сол көрмеге әлемнің әртүрлі елдерінен 350 мыңға жуық меймандар келген екен. Сол кезде туристік әртүрлі нысандары бар өңірлер қомақты қаражат тапқанын да баспасөзден оқып, телеарналардан да көргенбіз. Тіпті, бір ғана Байқоңыр ғарыш айлағына келіп-кеткен сапаршылардың өзінен өте зор қаржылық кіріс түсіпті. Қазір осы Байқоңыр өңіріне жыл сайын жүздеген сапаршылар келіп кетеді.
Жыл сайын елімізге кемінде 5-6 миллион турист келіп кетеді екен. Туризм саласын зерттеушілердің мәліметінше Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан экологиялық туризм орталығы ретінде, ал Оңтүстік өңірі – мәдени туризм, Батыс өңірі – мәдени және жағажайлық туризм кластері ретінде мәлім екен. Сол мамандардың айтуынша Қазақстанда шетелдік туристермен қатар отандық туристер тынығатын мекен-жайлар жыл санап көбейіп келе жатқан көрінеді. Және елімізде 30-ға жуық 5 жұлдызды мейманхана бар екен. Олардың көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстауда орналастырылған. Бір таңғаларлығы шет елдерден келген сапаршы, саяхатшылардың, 70 пайыздан астамы жергілікті мейманханалар мен пансионаттар қызметіне жүгінсе, қалғандары табиғатты, қорықтарды, көркем жерлерді аралауды қалайды екен.
Бұның бәрін айтып отырған себебіміз, қазір 21-ші ғасырдың ең бір мәдени де бейбіт саласының бірі – туризм, яғни, сапаршылық әлем мемлекеттерінің негізгі табыс көзінің біріне айналғаны және оның біздің елімізде де жақсы жолға қойылып келе жатқанын паш ету еді.
Мыркен Сахиұлы