№3 Наурыз, 2024
Аңдатпа. Қазақстанның мәдени туризмі – бұл бірегей ландшафт және мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ халықтың жадында мәңгі сақталатын құнды тарихи-саяси оқиғалармен байланысты нысандар мен мұражайлар екені бәрімізге белгілі. Ал, мәдениет саласының негізгі тетіктерінің бірі, кез-келген халықтың қалыптасу тарихын, этно-мәдени ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап, насихаттап отыратын мекеме — римай, сонымен қатар, ұлттың көне менталитетін, дүниежүзі мәдениетінің қайнар көзін тоғыстыратын жер.
Қазақстан көптеген тарихи және мәдени ескерткіштері бар, мәдени мұраға бай мемлекет, ал бұл мәдени туризмнің сәтті дамуының кепілі. Бүгінгі таңда мәдени-тарихи туризм — туризмнің ең танымал түрі болып танылады. Жалпы мәдени құндылықтар туралы айтқанда біз оның көп қырлы құбылыс екендігіне, күрделі қозғалыс пен даму жағдайында болатындығына назар аударуымыз керек. Сол себепті, қазірде туристік қызмет пен мұражайлар бірте-бірте үлкен индустрияға, қызмет көрсетудің қарқынды дамып келе жатқан саласына айналуда. Мақалада мұражай мен туризм салалары бір-бірімен тығыз байланысты екені ашып көрсетілген. Бүкіл әлемдегі туризм саласының қарқынды дамып келе жатқандығы сияқты, біздің елде де мәдени туризм жеке бағытқа бөлініп, жыл сайын одан әрі дамуда. Яғни, мәдени-тарихи туризмнің негізі – әлеуметтік-мәдени ортаны кіріктіретін елдің тарихи-мәдени әлеуеті болып табылады. Ал осындай іргелі орталықтардың бірі ол мұражай. Өйткені, мұражай қойылымдарында орналасқаере мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын кез-келген халықтың жүріп өткен ізі, тарихы жатыр.
Туризм (франц. tourіsme, tour – «серуендеу») – адамның бос уақытында өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы.
Туризмнің өзектілігі танымал жерлерді насихаттаумен анықталады, оның мақсаты елімізге келушілерді материалдық және рухани құндылықтармен таныстыру. Себебі, қазақ даласында көптеген өркениеттердің іздері сақталып, археологиялық және тарихи құндылығы бар нысандар орналасқан, олардың арасында ортағасырлық қалашықтар ерекше көзге түседі. Бұларды, ашық аспан астындағы музейлер деп те атауға болады.
Бүгінде туризмді дамыту үшін музейдің алатын орны ерекше. Себебі, қазіргі таңда барлық туристердің 50%-ның шетелдерге бару мақсаты – белгілі бір жергілікті мәдениетке қызығушылық танытуынан. Ал, мұражайлар болса, туристерді осы қажеттілікпен қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылады. Мұражайлар ХХІ ғасырда, соның ішінде мәдениет саласында өзінің елеулі орнын тапқысы келсе, онда, туризм саласымен тығыз қарым-қатынас орнатуы қажет. Мұражайдың сан-салалы, соның ішінде туризмдік қызметін жандандырудың бірден-бір факторы ондағы ғылыми зерттеу ісін жандандыру, құнды экспонаттарға аса қатты назар аудару екендігін халықаралық мұражайлар саласындағы озық тәжірибе айғақтап отыр. Ондай факторларға тарихи, археологиялық, этнографиялық мәселелер жатады. Ол үшін музей қызметкерлері халықаралық және аймақтық ғылыми конгресс, конференцижұең керемет және құнды жетісітігі болып табылады.
Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. жиық қызмет атқаратын мекеме, сонымен қатар, мұражайлар өткен дәуір құндылықтарын болашақ ұрпақ үшін сақтап қана қоймайды, заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады, ғылыми ағартушылық және ғылыми зерттеу ісімен айналысады.
Мұражайлар мәдени мұраны жинау, сақтау және қорғау міндетіне ие, осылайша ойҚызмет көрсету нарығындағы мұражайлар төмендегідей қарастырылуы қажет:
1. Мәдениеттің негізгі бағыты ретінде;
2. Мемлекетті немесе белгілі бір аймақты зерттеу үшін туристердің бастапқы нүктесі.
Туристерді елдің табиғи рекреациялық немесе әлеуметтік- экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен бірге ол жердің мәдениеті, белгілі тарихи нысандары да үлкен қызығушылық тудырады. Мысалы Египетте «Пирамидалар», Парижде «Эйфель мұнарасы» мен «Лувр музейі», Нью-Йоркте «Азаттық мүсіні», Мәскеуде «Қызыл алаң» мен «Кремль», Санкт-Петербургта «Эрмитаж», Қытайда «Ұлы Қытай қорғаны» және т.б. мәдениет пен тіңктеріне байланысты туындайтын сұрақтарды мәдени туризм қарастырады. Ал, мәдени туризм дегеніміз – бұл баратын ел мен жердің мәдениеті, мәдени ортасы, дәстүрлері мен мәдени ландшафтарымен танысуды көздейтін туризмнің бір түрі. Мәдени туризмге жергілікті халықтардың мәдениетіне қатысты іс-шараларына қатысу, мұражайларды, ескерткіштерді аралау да кіреді. «Мәдени туризм» салыстырмалы түрде жақында пайда болған термин. XX ғасырдың 70-ші жылдары «мұралық туризм» деген атпен көпшілікке танымал болып, әлемге кең тарай бастады. Дамыған батыс елдерінде соңғы 30-40 жылдарда басқа елдерге түрлі мақсатта сапар шегу бұқаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналып, соңғы кездері басқа да елдерге де тарала бастады.
Тapиxи-мәдeни ecкepткiштepдiң Қaзaқcтaн тapиxындa aлaтын opны aйpықшa. Қазақстанның мәдени туризмі – бұл бірегей ландшафт және мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ халықтың жадында мәңгі сақталатын құнды тарихи-саяси оқиғалармен байланысты нысандар мен музейлер. Ocы тapиxи ecкepткiштepдi көpкeйтe oтыpып, көнe ecкepткiштepдi тypиcтiк жepлepгe aйнaлдыpып, бapыншa oтaндық жәнe шeтeлдiк тypиcтepгe жaғдaй жacaп, ecкepткiштepдi eл экoнoмикacының көтepiлyiнe ceбeбiн тигiзyiнe мүмкiндiк тyғызyымыз кepeк. Бұл қaзaқ eлiн, жepiн, тapиxын бүкiл әлeмгe пaш eтe oтыpып, экoнoмикaның көтepiлyiнe дe өз үлeciн қocaды жәнe Қaзaқcтaнның шeтeлдepмeн бaйлaныcын нығaйтa түceдi.
Қазақстан туризмін дамытудың жоспарының басты стратегиялық мақсаты – мұражайларды нарыққа жылжыту бағытында туристік көрікті нысандар және патриоттық-рухани сезімін ояту мақсатында мемориалды мұражайлар, аймақтың тарихымен танысу үшін өлкетану мұражайлары, өнерімен танысу үшін өнер музейлері арқылы туристерді тарту болып табақКеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды мұражайына шетелден келуші туристердің саны жылдан-жылға артуда.
Мұражай жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және ақтөбелік батырлардың есіміне, Ұлы Отан соғысы тарихына байланысты естеліктерді, құжаттарды жиып-теріп отырған орталық болып табылады. Негізгі мақсат – патриотизм мен батыр қыздың өмірін, ерлігін насихаттау. Бүгінгі таңда музейдің негізгі жұмыс бағыттары – экскурсиялық, қор, мәдени-ағарту болып табылады. Тұрақты келушілер мен мұражай достары – еңбек және соғыс ардагерлері, батырлар ұрпақтары, блокадниктер, ауған соғысы қатысушылары, студенттер, балалар, республика облыстарынан, алыс және жақын шетелдерден келген қонақтар.
Өзінің классикалық қызметтерінен ауытқып, талабы мен сыны жоғары, ақпарыжайға келушілерді қалай көптеп тартуға болады» деген сұрақ қазірде көптеген шетелдік мұражайлардың алдында тұрған мәселе. Мұражайдың экономикалық тұрғыдан тиімді қызмет етуі келушілердің санына байланысты. Бірақ бұл жерде мұражай қаржы табу жолында өзінің дәстүрлі қызметтері болып табылатын танымдық, рухани, әлеуметтік миссиясын жеңіл ойын-сауықтық формалармен еңкені әлемде көптеген мұражайлар табыс табу мақсатында классикалық мұражайлық тжаифрлы технологиялар мен IT саласының дамуы мұражайлық жәдігерлерді 3D моделдерін құру арқылы қайта қалпына келтіру ісін жаңа деңгейге көтерді. Қазірде дамыған батыогйған сала болып табылады. Енді өзіміздің елдегі мұражайлардың туристік әлеуеті мен оны арттыру жолдарына тоқталсақ. Республикамыздағы 231 мұражайдың біреуі ғана жеке меншікте қалғаны мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Кез келген қызмет көрсету немесе өнім сияқты мұражайлық қызмет көрсетуді өз еліміздің ішінде дамытып алмай, бізге бірден халықаралық туристік орталық болу өте қиын. Сондықтан өз ішімізде сұраныс тудыра алмасақ, әлемдік танымалдылыққа жету мүмкін емес. Осыны еске ала отырып, мұражайлық саланы ішкі және сыртқы туристерге қызықты болуы үшін жан-жақты ойластырылған кешенді бағдарламалар болуы тиіс. Туристік сала үлкен бір кешенді индустрия болғандықтан, онда болып жатқан әрбір үрдіс бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, бірегей тарихи-мәдени ескерткіш бола тұрып, оған баратын жолдар дұрыс болмаса, не қызмет көрсетуі тиісті деңгейде болмаса, қонақ үйлер болмаса ол жердің мүмкіндігін біз пайдалана алмаймыз. Сондықтан мәдени-кластерлерді құру бастамасы терең сараланып, икемді жоспарға сүйене отырып іске асырылуы қажет. Еліміздің климаттық, маусымдық, географиялық орналасуына байланысты шектеулерді ескерсек, туризмді жоғары деңгейге жеткізу үшін ведомствоаралық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арасында үйлесімді жұмыс қажет. Ол жерде БАҚ-ты, жалпы халықты қатыстыру өте маңызды. Мұражайлар арасында әріптестікті арттыру да келушілер легін ұлғайтуға бағытталған жақсы шара. 2015 жылы Ұлттық мұражай қабырғасында басқа өңірлердің мұражайларынан әкелген жәдігерлер көрмелерінің ұйымдастырылуы соған жақсы мысал болды. Осыған ұқсас шетелдік мұражайлармен әріптестік ұйымдастырылса, оның эффектісі одан артық болмаса, кем болмайды деп есептейміз. Шетелге баруға мүмкіндігі жоқ халық үшін басқа елдердің мұражайларында сақталған жәдігерлерді көрудің тамаша мүмкіндігі осы. Ондай мұражайаралық көрмелер ұйымдастыру әлемде қазір біршама кең тарап келе жатқан дәстүр десек болады. Әр мұражай жанында мұражайлық маркетинг бөлімі ашылып, мұражайлық қызмет көрсетуді, онда болып жатқан шараларды халыққа, инвесторларға танытатын арнайы бөлімнің жұмыс жасауы қазіргі заман талабы. Келушілерді наана емес, бүкіл мұражай қызметкерлерінің кәсібилігіне байланысты. Сондықтан мұражай қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып отыратын, мұражай ісі саласындағы соңғы тенденциялар мен өзгерістерден хабары болып, оны практикалық жағдайда қолдана білуі үшін мастер кластар мен семинарлар өткізетін бір орталықтың болуы да мұражайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін тағы бір шара деп айтуға болады.
Туристік әлеуетті көтеру мен келушілер санын арттыру мәселесін шешуде турбизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет. Ол байланыс тек қысқа уақыттық табыс табу аясында ғана емес, біріккен шаралар мен туристік маршруттар әзірлеуге бағытталған, ұзақ уақыттық әріптестік дәрежесіне жеткізу өз жемісін береді деп айтуға болады. Турбизнес өкілдерінде маркетинг басқа салаларға қарағанда жақсы дамуы және олардың туристердің нені ұнататындығы туралы ақпараттың болуы музейлерді жаңа шығармашылық ізденістерді алдыға жылжытуға жақсы итермелеуші күш болар еді. Турбизнес арқылы музейлердің жарнамасын еселей түсетін мүмкіндік ашылады.
Қopытындылaй кeлe, қазіргі кезеңде туризмнің негізгі түрлерінің арасында жетекші рөл мәдени туризм болып табылады. Оның қарқынды дамуы адамдарға әртүрлі салаларда өздерінің білімдерін кеңейтуге, зияткерлік деңгейін көтеруге деген қажеттілікке байланысты. Туризм — басқа мәдениетпен танысудың ең жақсы тәсілі. Осылайша, ол тек қаржылық пайда
әкеліп қана қоймай, сонымен бірге адамзаттың тарихи-мәдени әлеуетін сақтауға баға жетпес үлес қосады.
Тугулгалиева Адина Исатайқызы,
Кеңес Одағыныныwp:paragraph —>
Ақтөбе облыстық мемориалды мұражайының кіші ғылыми қызметкері