№3 Наурыз, 2024

Келді жайнап, к .
Сездіреді, сезіледі,

Қыс ызғары кеткенін.
Дала жасыл, абыр — сабыр,
қыз — к> ды,
исінді әлем боз дала.
Халқымызбен бірге жасап,
тойлануда Наурыз мейрам.
Тұсау кесу, атан жарыс,
үлкен — кіші мәз — майрам.
Асық атып, арқан тартып,
алтыбақан тебеміз.
Бақшамызға, саяжайға,
алуан гүлдер егеміз.
Кейуана әжеміздің,
кимешегі көркем — ақ.
Немересі бесіктегі,
ержетеді ертең — ақ.
Ару қыздың үкі таққан,
сәукелесін қарашы.
Бестас ойнап құрбысымен,
отыр олар жарасып.
Жарасып жүр жеңгемізге,
білезігі, шашбауы.
Жерошақта Наурызкөже,
берекенің бастауы.
Ақ жаулықты әзиз — Ана,
күмпілдетіп күбісін.
Өрмек тоқып көрсетуде,
ата — баба үлгісін.
Киіз үйде ағаларым,
шаңқобызбен жыр — жырлап.
Алқа таққан апалардың,
шолпылары сыңғырлап.
Зер шапанды абыз — Ата,
күңірентіп қобызын.
Ши ораған бойжеткендер,
шаршамайды күнұзын.
Көз тартады бұрымдының,
қарсы ілгекті камзолы.
Жыл басы Наурыз, Наурыз көктем,
мерекенің абзалы.
Керемет — ақ сәйгүліктер ,
аруана, нар желідегі
Бұрқырайды тары исі,
қасиетті келідегі.
Күмбірлейді күй тартылып,
домбырамен ән салып.
Кесте төккен жас бикештер,
тамашалар тамсанып.

Айналайын Әз-Наурыз
Әнге арналған

Көктасын Самарқанның
балқытқан Наурыз- Наурыз
Байлығын Сарыарқамның
шалқытқан Наурыз- Наурыз
Уыз сәт уылжыған
ұлыс күн Наурыз- Наурыз
Табиғат тамылжыған
күміс нұр Наурыз- Наурыз
Жаршысы жақсылықтың
тоқшылық (сың) Наурыз- Наурыз
Жалғасы жақсы үміттің
молшылық(сың) Наурыз- Наурыз
Бастауы берекенің
жыл басы Наурыз- Наурыз
Ұлысы мерекенің
жыр шашу Наурыз- Наурыз
Шақырған баршамызды
достыққа Наурыз- Наурыз
Толтырған қамбамызды
астыққа Наурыз- Наурыз
Ізгілік – игілік боп
(асқақ) ұраның Наурыз- Наурыз
Биікте мәңгілік боп
(қыран) ұланың Наурыз- Наурыз
Тыныштық-татулық боп
тірегің Наурыз- Наурыз
Ырыс пен ынтымақ боп
тілегің Наурыз- Наурыз Жер- Ана құдіреттің
иесі(сің) Наурыз- Наургеткен Наурыз- Наурыз
Өткеннің өнегесін
үлгі еткен Наурыз- Наурыз
Көп күтті төзімменен
шаңырақ Наурыз- Наурыз
Құт дарып өзіңменен
атырап Наурыз- Наурыз.

Қ Ұ Л А Р М Ы Н, Б І Р КҮН Қ Ұ Л А Р М Ы Н


Шегіп уайым, шерменде күй кешпедім.
Шырайландым, көрдім ұрпақ өскенін.
Шарболаттай шыдас берем, әйтседе
Шырағымның көрсетпеші өшкенін.

Шоқ басқандай табанынан күйдірдім,
Шиқандайын біреулерге жақпадым.
Шөліркеген шүйіркелесті інілер,
Шүкір — шүкір ізбасарлар тапқаным.

Шортанын да, шабағын да ауладым.
Шаласы емес, шоғы болып қауладым.
Шырағдан боп нұрлы аспанда лауладым.
Шежірелі бабалардан аумадым.

Шер шеменді шығармадым бұқтырып
Шолпандайын сәулелендім тік тұрып.
Шуақ шашып жолатпадым маңыма
Шырғалаң шақ көрсете алмас мықтылық.

Шындық іздеп шырылдадым, қайтпадым
Шеру бастап шықпасамда алаңға.
Шынжыр үзер айтылады айтпағым,
Шежірелі Шыңғыстауға шығам да.

Шырайланып кеудем толса үмітке
Шыр айналып шықпай қойды күдік те.
Шашыратқысы келгенде де шайтандар
Шаршамадым, ұқсадым нар жігітке.

Шімірікпес шырадай ем төзімді.
Шетінер шақ жетер болса мерзімді.
Шама бар ма шағым айтар АЛЛАҒА
Шетке тепсе шіркін тағдыр өзімді.

Шайтан емен, менде адам баласы,
Шам сөнетін күн де таяу қарашы.
Шұрық тесік көңге айналып қаңқиған,
Шіріп өлу шарт емес — ау шамасы.

Шаңқан шөлде Ширықтырып қамшылармын шамамды,
Шат күйімде таусылармын түн қатып.

Шабысымнан жаңылмастан құлармын.
Шулар ұл — қыз шақасындай ұлардың.
Шабытымның шаңын жұтқан, кезінде
Шұбатылар, дегізетін « бұлар кім?»

Шымбайыма батсадағы шыдармын.
Шімірікпестен тым биіктен құлармын.
Шыңңдбиікті сезбей жүрген шығармын.

Шаң баспаған пәк күйімде құлармын.
Шыттай жаңа ақ киімде тұрармын.
Шақырғанда Мүңкір Нәңкір жауапқа,
Шадияр достан мүмкін жәрдем сұрармын.

Шарты бітсе тағдырым мен Тәңірімнің,
Шыныдайын шарт етіп шорт сынармын.<раШағаладай оқ дарыған құлармын.

Шаттық сезім баяуласа шалқымай,
Шуақтамай ызғар сепсе батар күн.
Шиелі бақта шыра жанған таусылып,
Шөккен нардай, жардай болып жатармын.