№3 Наурыз, 2024
Қазақстан Республикасы мәі ласу.
Журналистік мамандықтың өз артықшылығы бар. Өйткені, қызмет бабында қаншама жүректері елім медаейін олар сенің туған-туысқандарыңдай жаныңа жақын болып кетеді.
Осындай адам баласын жатырқамайтын, дарқан жүректі, рухани жағынан кемел замандастарымыздың бірегейі өзіміздің Қостанай шаһарында ғұмыр кешіп жатқан Әлия Әбілқасымқызы Ерғалиева.
Бұл қазақтың аяулы қызымен облыс орталығындағы «Армандастар» мәдениет үйін басқарып жүрген кезінде танысып, өнерлеріне тәнті болған едім. Өзінің бойындағы әншілік, әртістік қабілеттері айқын көрінген-ді.
Міне, содан бері де арада қаншама жылдар өтті. Көптеген шәкірттері одан тағылымды тәрбие алып, үлкен сахналарда асқақтата ән салып, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй шертіп жүр.
Кейіпкерім құрметтіл жастармен қарым-қатынасын үзбей, олардың шығармашылықтағы табыстарына әрдайым тілектес болып отырады. Әрине, мәдениеттің қыр-сырлары жайлы өзіндік ойлары мен пайымдары да назар аударарлықтай.
Жуырда онымен арнайы жолығып, қойған сауалдарыма толымды да ой саларлықтай пікірлерін қойын дәптеріме жазып алған едім. Бүгін осы сыр -сұхбатты жұртшылық назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің
- Сіз, осы Қостанай өңірінде туып өстіңіз. Ата-анаңыз да есімдері көпке белгілі кісілер. Оны жерлестеріңіз де жақсы біледі. Бүгінгі әңгімемізді сонау артта қалған балалық шағыңыздан бастағанымыз дұрыс секілді?
- Өзімнің Қостанай секілді еліміздегі адамдары кең пейілді, мол мейірлі, ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпын жоғары қоятын аймақта өскенімді мақтан тұтамын. Мен Меңдіқара ауданына қарасты Екпінді деп аталатын елді-мекенде дүниеге келдім.
Ата-анам да өз ортасында өте қадірлі де сыйлы болды. Ардақты әкем заң саласының білікті маманы-тын. Ол ұзақ жылдар бойы бірқатар аудандар мен облыста прокурор болып қызмет атқарды. Құқық қорғау саласына сіңірген еңбегін бағалап, Меңдіқара ауданының орталығындағы прокуратура ғимаратының қабырғасына оның есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды.
Осындай кісінің перзенті болғаным, оның ғибратты сөздерін жастайымнан жадымда сақтағаным қашан да баға жетпес бақыт. Әкеміысзік, адамдық қасиеті бір басына жетерлік қарапайым әрі ерекше жан еді.
Ал анамыз Күләш та өз замандастарының арасында өте беделді-тін. Отағасы ерт, жуық тіршілік кешті. Ұлдары мен қыздарының, немерелерінің қызығын көрді. Есімде қалғаны ол жас кезінде өнерге бейімділік танытыпты.
Өздеріңіз де білесіздер, бұрындары халық арасында жалпы әртістік мамандық қыз балаға мүлдем жат секілді көрінетін. Ол уақытта бойжеткендер тек шаңырақтың ұйытқысы болуға тиіс деп есептелетін.
Міне, сондықтан соны алға тартқан нағашы әжеміз шешеміздің Алматы шаһарындағы өнер иелерін дайындайтын жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсуге құлшыныс танытқанда қарсылық білдіріпті. Үлкенді сыйлағандықтан болар, оның уәжіне көніпті.
Негізі анамыз жеті сыныпты үздік аяқтаған. Өнерге деген шексіз іңкәрлігінен де шығар, ол пародияның нағыз шебері ретінде көзге түскен. Кез келген адамның жүріс-тұрысын, сөйлеген сөзін айнытпай салатын. Менің қызым Гүлмира да осы Күләш әжесіне тартқан. Пародия жанрын бір кісідей меңгерді.
Алайда, шешеміз өнер адамы болмаса да өмірде өз орнын тапты. Әкеміз екеуі бірге шаңырақтың астында сыйластықпен өмір сүріп, үш ұл мен үш қызды өсірді. Осы арада бір тоқтала кетер жай, анам жалпы он үші құрсақ көтеріпті. Біраз балалары тұрмай, ерте шетінеп кетіпті.
Сол алты перзенттерінің бәрі өмірден өз орындарын тапты. Тұңғышымыз Шұға – педагог. Одан кейінгі Роза – дәрігер болып халыққа адал қызмет етті. Менен кейінгі інім Болат заңгер-ді. Ол өткен кезеңдерде судья да, адвокат та болды. Бір өкініштісі, мезгілсіз көз жұмды.
-Бір сөзіңізде бойыңызда асыл қасиеттер болса, олардың бәрі де әке-шешеңізден жұққандығын айтып қалдыңыз. Соны да аз-кем баяндап берудің сәті келген сияқты. - Бұлардың бәрі көпшілікке айта бермейтін жан сырым еді. Өзіңізді сыйлаған соң сол кеудемдегі сыр сандықты ақтарып отырмын. Әкем Әбілқасым біз үшін көрнекті тұлға. Үлгі алатын ерекше жан. Ол кезінде Қазан қаласындағы университеттің заң факультетінде білім алған санаулы қазақ жігіттерінің бірі.
Сондай-ақ, ол кісі өнерге үлкен құрметпен қарайтын. Өзі ән айтып, домбырамен күй тартатын. Осындай жан-жақтылығымен ұрпағына өшпес із қалдырды.
Оның қаламгерлік қабілеті де көпшілікке белгілі. Ұзақ уақыт заң саласында қызмет атқара жүріп, республикалық басылымдарға ойлы мақалалар жазып, штаттан тыс тілші де атанды. Әкеміздің мұрасы ретінде бірқатар көркем шығармалары да үйімізде әлі күнге дейін сақтаулы. Өзі облысымыздың Амангелдіде прокурор болып тұрған кезінде сол ауданда тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, біраз туындылар дүниеге келді.
Оның «Ана үшін» деп аталатын көркем шығармасы да бізге үлгі. Бірақ оны еш жерге ұсынған емес. Ардақты тұлғаның бұл артында қалдырған жазбалары ұрпақтарына мәңгілік рухани азық болатындығы даусыз.
Жалпы, қандай өнер түрі болсын тұқым қуалайтындығына мен шүбә келтірмеймін. Біздің арғы атамыз Бексұлтан Нұрмағанбетұлы да өз заманында айтыс өнерін өмірінің мәніне балаған ізденімпаз азаматтардың бірі болыпты. Содан әкеме дарыған болуы керек.
Анамның өнеге тұтарлық асыл қасиеттері қыздарына да жұқты. Отағасын сыйлауды, қонақ күтуді, адамдармен арадағы қарым-қатынасты, бала тәрбиесін және басқа да өмірлік маңызы бар жайларды сол кісіден үйрендік. Одан жаман болған жоқпыз.
Мүмкін жастық албырттықтан болар, шешемнің кейбір сөздеріне осы күнге дейін онша мән бере қоймаған екенмін. Ұрпақтары үшін мейірбанды кісінің емшілік қасиеті бар екендігін есейген кезде ғана білдім. Оның құлаққа жағымды жылы лебізі, адам баласына деген шексіз қамқорлығының өзі барша жұртшылық тағылым аларлықтай.
Жастайымнан өнерге ғашық болдым - Әлия Әбілқасымқызы, мәдениет саласына қалай келдіңіз? Себебі, өзіңіз кезінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шет тілдері факультетін аяқтапсыз. Алайда, құрметті демалысқа шыққанша мәдениет саласында еңбек еттіңіз.
- Сауалыңыз өте орынды. Мен жалпы кәсіби әртіс емеспін. Бәрі де тынымсыз ізденістің, өнерге деген шексіз іңкәрліктің арқасы. Әрине, бойымда табиғи дарын да бар шығар. Өйткені, өзіңіз білесіз, табиғаттан берілген қарым-қабілетің болмаса, қаншама университет бітірсең де одан талантты актер шықпайды.
Мен алты жастан бастап ән айтып, би биледім. Тіпті кішкентай кезімде яғни Амангелді ауданында тұрғанда үндінің өнеріне еліктегенім соншалықты, олардың мәдениетін меңгеруге талпынып, сыныптастарымның үйінде концерт қояды екенмін. Бұл әрине, қазір ойлап отырсам балауса балалық шақтың бір көрінісі екен. Бірақ сол кезеңдегі сахнаға деген ерекше ынтызарлықтың орны бөлек еді.
Әлгі өзіңіз айтқан институттың түлегі екенім рас. Оны аяқтаған соң төрт жыл таңдаған мамандығым бойынша жұмыс істедім. Уақыт өте облыстық кітапханада қызмет атқардым. Содан кейін, «Армандастар» мәдениет үйінде әнші, бертін директор болдым.
1989 жылы Қостанай қаласында «Тамаша» әзіл-сықақ театры ашылып, желтоқсан айында кәсіподақтардың мәдениет үйінде алғашқы концертімізді қойдық. Арадағы шамалы үзілістен кейін Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның жанында аталмыш театрдың жұмысын одан әрі жалғастырдық. - Әйел жүрегі қашан да нәзік әрі сезімтал. Өнер жолы да ауыр. Сол жылдары үй шаруасы мен шығармашылықты қалай үйлестірдіңіз? Осы жайлы айтып өтсеңіз?
- Сіздің бұл пікіріңізге толық қосыламын. Өйткені, әйел затының атқаратын жұмысы шынында да аз емес. Қызмет өз алдына, үйде оны қанша шаруа күтіп тұрады. Отағасы мен балалардың тамағы әрі күтімі бар дегендей. Соның бәріне де үлгеруге тиіссің.
Асыра мақтағаным емес, тағдыр маған Төрехан есімді қазақтың мәрт мінезді жігітін кездестірді. Ол менің нағыз жанашырым. Онсыз өнерде мен ештеңеге қол жеткізе алмас едім. Отағасы өте мәдениетті, парасатты, ақылды азамат. Менің көңіл-күйімді қас-қабағымнан тез сезе қояды.
Ашуланған кездерімде оның бір күле қарағанынан жүзім жадырап сала беретін. Әп сәтте ұясынан жарқырап шыққан күндей күйді бастан кешетінмін. Ол театрдың жетекшісі, мен қоюшы режиссері болдым. Жалпы ер кісінің басшы болғаны жөн деп есептедім.
Талантты шәкірттерімен мақтанамын - Сіз өнер қайраткері ғана емессіз. Әулетке сыйлы келінсіз. Төрехан ағамыз шаңырақтың үлкені болған соң ба, қайныларыңыз бен қайын сіңлілеріңіз өзіңізді жеңге деп емес, аналарындай құрметтегеніне де куә болдық?
- Қазақтың кез келген қызы ибалы келін бола алады. Солай болуға тиісті де. Өйткені, өзің табалдырығын аттаған үйдің ұлын сүйген соң, оның ата-анасын, бауырлары мен туған-туысқандарын да сыйлауға міндеттісің. Өзімді анам Күләш жастайымнан осылай ізгілікке тәрбиеледі.
Төрехан ағаларыңмен тағдырымды қосқанына елу жылдан астам уақыт өтті. Ата-енемді пір тұттым. Қайын атам Қамбар мен енем Мағыпия да көзі ашық, көкірегі ояу, түсініктері мол ардақты жандар-ды. Өмір деген қас-қағым емес пе. Олар да бақилық болып кетті.
Күйеуіммен бірге кейде осы біз үшін екі жақтағы ерекше қымбатты кісілердің алдында перзенттік парызымызды толық өтей алмадық-ау деген терең ойда қаламыз. Адам баласы тірі кезінде бір-бірінің қадірін білмейді. Өзіміз де қазір ата-әжеміз. Қимас жандарымызды сағынышпен еске аламыз.
Ал, қайындарым мен қайын сіңлілерім отбасын құрған кезде аға әрі жеңгесі ретінде олардың той-жиындарын өткізіп, өмірдегі барлық қуаныштарына ортақтастық. - Өзіңіз өнерде кімдерді ұстаз тұттыңыз? Репертуарларыңызды қалай таңдадыңыздар. Шәкірттеріңіз бен театрда бірге қызмет атқарған әріптестеріңіз жөнінде де білгіміз келеді?
- Мен бақытты жанмын. Кезінде Қайдар Мұқанов секілді тұлғалардан көп жайды үйрендім. Өзім де талай жастардың бағын ашып, оларға үлкен өмірге жолдама бердім. Бүгін олардың бәрінің атын атап, түсін түстеп жату да мүмкін емес. Өйткені, олардың саны да ауыз толтырып айтарлықтай.
«Тамаша» әзіл-сықақ театрында өзіммен бірге жұмыс істеген дарынды кісілердің қатарына қадірменді ағамыз Жұмабай Байқасымовты, талантты әртіс Зухра Рақымжанованы және өзге де дарынды жастарды қосар едім. Ұжымның мүшелері күллі өңірдің аудандары мен қалаларында, қазақ ауылдарында гастрольдік сапарда болып, қарапайым еңбек адамдарының рухын көтерді. Біз үшін нағыз марапат олардың шынайы алғысы еді. Азын-аулақ еңбегім ескеріліп, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі атандым. - Әрине, бір сұхбатта сіздің өміріңіздегі барлық кезеңдерін қамти алмаймыз. Ғұмырларыңыздың мәні мен сәні болып табылатын перзенттеріңіздің тыныс-тіршілігіне тоқтала кетсеңіз?
- Қазір отағасы Төреханмен құрметті демалыстамыз. Бос уақытымызды барынша мазмұнды, жансарайымызды рухани жағынан байытар құндылықтарға көп көңіл бөлеміз. Табиғат аясында кәусар ауа жұтып, серуендегенді ұнатамыз.
Гүлмира және Дулат есімді балаларымызды жастайынан парасаттылыққа тәрбиеледік. Бұл күндері қызымыздан қос немере сүйіп отырмыз. Ұлымыз Дулат журналистика факультетінің түлегі. Ол шетелде қызмет атқарады.
Әңгімелескен Оразалы Жақсанов