№3 Наурыз, 2024

25 қаңтар күні Алматы қаласында жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы табыс етілді. Еліміздің ақын-жазушыларының туындыларына, шығармашылық жұмысына белсенді түрде қолдау көрсететінін айтқан министр Аида Балаева, номинация иегерлеріне арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тарту етті. Президенттік арнабиі» номинациясы бойынша жеңімпазы – ақын Олжас Қасым. 

Олжас Қасым – Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-орын иегері, Мемлекеттік «Дарын», «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. Біршама уақыттан бері балалар әдебиетіне ден қойған ақын өнімді жұмыс жасап келеді. Олжас бір сұхбатында алғашқы балалар әдебиетіне басқан қадамы жайлы сыр шертеді: «Тұңғыш балаларға арналған шығармаларды өз балаларымның игілігі үшін жаза бастадым. Қазір біреуі 4 жаста, екіншісі жасқа толдгі. Жаттайын десе, әлгі өлеңнің жолдары бір-бірімен ұйқаспайды. Баланың тіліне де ауыр. Сосын өзім «Алғыс айтамын» деген өлең жазып бердім. Оны балам қазір жатқа біледі. Содан кейін балалар әдебиетіне қаламлеіргі өміріне сай келгенін қалаймын. Өздері пайдаланатын ролик, самокат, найнбот сияқты «көліктер» туралы жаздым. Бүгінгі баланың танымы, тіршілігі бөлек қой. Бұрынғыдай шана туралы немесе «Мен ақылды боламын» деген мәндегі өлеңдер өтпейді»,–дейді ол. Расында, жаңа қоғамның балаларына жаңаша мәнердегі тақпақтар керегі анық. Өйткені әр қоғам ұрпағының ойлау жүйесі әртүрлі, бір-біріне ұқсамайды. Сонымен бірге ақын бүгінгі балалар мәселесі жайлы нақты пікір қозғайды. Бір пікірінде: «Қазіргі балаларға қаһармандар жетіспейді. Оларға бұрынғы Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлар немесе Құртқа, Қыз Жібек, Ақжүніс сияқты апаларымыз емес, Анна мен Эльза («Мұзды өлке» мультфильмі кейіпкерлері) сияқты заманауи кейіпкерлер қажет. Балалардың санасында тез жатталатын, кейпі де ерекше батырларды жасап шыққан дұрыс. Мұны өлең, проза ретінде жазудан бұрын анимациялық фильм етіп жасаудан бастау керек шығар. Содан кейін балаларға арнап шығарма жазатын ақын-жазушылар бұл бағытты іліп әкетеді деп ойлаймын»,–дейді ақын. Балалар әдебиеті бір қарағанда жеңіл көрінгенімен, үлкен маңызға ие. Себебі балалардың даму көкжиегі, ақылы, бітім-болмысы жыл сайын жаһандану үрдісімен бірге жаңарып келеді. Ендеше, Президент арнаулы әдеби сыйлығынан топ жарған ақын Олжас Қасымның «Достарыммен мақатанамын» атты шағын топтамасын оқырман қауымға ұсынамыз. 

Достарыммен мақтанамын

(Топтама)

Шахматшы

Әр қадамын басарда,

Ол ойланып жүреді.

Қарсыластың қашанда

Осал тұсын біледі.

Желден жүйрік оның кіл

Пілі менен аты да.

Қателессең дайын тұр

Саған қояр маты да…

Өнертапқыш

Үлкендерден бата алған

Асыл досым Ағабек.

Өнерімен атанған

Өнертапқыш бала деп.

Білім оның серігі,

Таудай биік талабы.

Ойлап тапқан көлігі

Күннен қуат алады…

Батыр бала

Табылатын жанымнан

Менің досым Бердібек,

Ерлігімен танылған

Нағыз батыр, ержүрек.

Қорқынышты жек көрген,

Ол үйінің қорғаны,

Қиындықтан тап келген

Бауырларын қорғады.

Шамы сөніп қаламның,

Түннің келген шағында

Үйі кенет олардың

Ораныпты жалынға.

Үйде бірақ сол grgraph —>

Ата-анасы жоқ еді.

Аңда—!— wp:paragraph —>

Жанған өрттен қауіптphph —>

Бауырларын батырың