№3 Наурыз, 2024
Ілияс Жансүгіров жайы сөз болғанда, «Құлагерден» аттап өту мүмкін емес. Ұлттық рухтың алдаспаны іспетті ірі поэма қазақ жанының бедерін айқындап, шебер суреттейді. Мұнда бір ғана Құлагердің тағдыры емес, сол кездегі нәубет кешкен қазақ халқының тағдыры бар еді. Ақынның толысып, кемеліне келген шағында үлкен шабытпен жазған дүниесі оқырманды бей-жай қалдырмайды. Тәттүйн Ақан және оның жан серігі болған Құлагер бейнесі поэмада шебер суреттелеген.
Әуелден қазақ ақыны – эпик. Арыға кетсек, алғашқы шығармалар эпикалық дастандар, поэмалар болғандүр. Гомер шалдың нешеме ұрпақты тәрбиелеген «Илиада» мен «Одиссейі» эпикалық туындылар. Борхес сөзіне сенсек, алғашқы туындылар соғыс, шайқас хақында болыпты. Өмір үшін, ұлт ары, жер дауы үшін болған күрестер жыр болып туыпты, хатқа түсіпті. Ұлтымыздың ауыз әдебиетіне бажайласақ, «Қобыланды», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» жырлары батырлық дастандар. Ғашықтық дастандар, «Бозжігіт», «Сейфүлмәлік», «Таһир-Зүхра», «Ләйлі-Мәжнүн» сынды Шығыстық дастандар бір төбе. Ал алдыңғы бастау бұлақтардан шөлі қана сусындаған «Құлагер» поэмасының ауқымы бөлек. Бір өзі бір дәуірдей, бір өзі заман сұсын, қоғам келбетін, қазақ жанын суреттеген ірі шығарма.
Поэмада түйенің шудасындай тығыз, ат жағындай ірі-ірі сөздер өрген. Бір әрібі түссе бүтін мағынасы жоғалар нығыздалған тармақтар, бір-бірінен ажырағысыз бой-бой суреттер кескінделген.
Қырдағы қара сойыл бақандаған,
Қарада қара жүрек қаһарланған.
Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған.
Таза тас сияқтанған күміс кесек,
Жапырақ секілденген таза төсек.
Жүрегін жуықтаса жаралаған,
Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек.
Ақын образын сомдауда ақын шеберлігі анық аңғарылады. Жалпыдан шыққан жалқының жан күйі, тосын сезімдері, «тазалықты қолына ұстаған текті құстай» болмысын асқақтата, шабыттан шырқайды. Ортасын олқы көрген дара, шөміштілерерraph —>
Әйтеуір Құлагерді мініп баптап,
Жалғыз жан жапан түзге
кеткен ақтап.
алып қашқан,
Арамнан, айналадан, кірден сақтап.
Міне, осы шумақта Ақан бар, оның тағдыры, бітімі бар. Сонымен Ақан сері осында тұра тұрсын, біз келесіге көшейік.
> >Поэманың «Ас» атты бөлімінде қазақтың дархан көңілі, асқан пұрінеді. Құрық тимеген, қылау түспеген көңілдердің дидар-ғанибеті, ыс береке-бірлігі баян етіледі.
Шірен/p—>
Міне, бұл қазаққа ғана түсінікті, қазасоктер.
Тояттап ріraph —>
Қып-қызы билер жатыр
қымыз құсқан.
наелдің тыныс-тіршілігін, қып-қызыл билердің қымыз құсқан, түйе кекірікке тойған сұлбасын көресіз. Ақын назарынан ең ұсақ бөлшектер де тыс қалмайды. «Жүз-жүзден жүрген жігіт даяшыға, Ақ көбік мінген аттың жаясында», «Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр, кедейлер отын шауып арқалап жүр», «Бір жерде табақ теуіп етке өкпелеп, боқтасып бір үй жатыр жерді сабап», «Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп, қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған», «Саудагер мата сатқан сөз қатып тұр, қылжақтап бір тоқалға тұштақтаған».