№12 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік – бұл мехнат пен арпалыстың, еліміздің неше ғасырлар бойы азаттықты аңсаған қайсар рухының өтеуі іспетті теңдессіз құндылық. Елім деп еміренген жас боздақтың жан күйзелсіне жамау болған жалқы үміт – ертеңге, еркіндік таңына деген алпамса сенім болатын. Ақтабан болып азапты жол кешкен, аштықта шыбындай қырылған, зиялылары ажал оғына і а өсіп өркендеріне, мәңгілікке қадам басарына сеніміміз кәміл.
Мұстафа Ататүрік өз елі азаттық алған тұста «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр – ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті» деп тебіренген екен. Расында, азаттық — халықтың жаны, ұлттың тірегі. Тәуелсіздік күні — тарқамас той, сарқылмас думан. Алты Алаштың мерейі асқан, рухы көтерілген күн.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Елдігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауғаіні тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тннп келелі пікір білдірген болатын. Еліміздің сан ғасырлық шежіресінде рухымызды көтеріп, жас ұрпаққа ғибрат берер, кеудемізге жалын сыйлар жоғарғы ерліктер мен ұлы тұлғаларымыздан кенде емеспіз. Ақиқық ақын Мұқағали Мақатаев қаншама қазынаны тереңіне жасырған қазақ даласы жайлы толағай жырлар тудырған болатын.
Ойхой, қазақ даласы!
He көрмедің?!
Қанша қурап, қаншама көгермедің?!
Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой,
Асанның шерге оранған өлеңдерін.
Ойхой, қазақ даласы!
He көрмедің?!
Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірінде қаламды қару еткен ағартушылық жол тұғырға шықты. «Толқынды толқын қуады, толқыннан толқын туады» дегендей, бірегей тұлғаларымыздың соңынан Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар елді алаш туы астында мемлекет болуға, азат ұрпақ атануға үндеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» десе, Мағжан Жұмабаев «Не көрсем де Алаш үшін көргенім, маған атақ ұлтым үшін өлгенім!» деген биік азаматтық сарынмен айды алақанмен жабуға тырысқан өктемдікке сес көрсетті. Міне, осы бір қатерлі ұмтылыстардың түбірінде жалғыз ғана Тәуелсіздік атты киелі ұғым жатыр еді. Иә, азат Отаннан артық қандай ұғым болсын. Жазушы К.Г. Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды» десе, алыптардың бірі И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы — туған жер» деп қордалы пікір айтады. Дана халқымыз «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін асылсаң өлмейсің» деп қалай дөп басып айтқан?!
Алаш армандаған тәуелсіздік таңы, міне, бүгін туды. Қаншама қазақ баласы өзінің азат елінде туылып, қазақ тілінің бай мұрасымен еркін қауышты. Әлемде дербес тәуелсіздігі, жеке сипаты қалмаған қаншама ұлт бар, шүкір, қазақ елі жерінің көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын байтақ мекенде ынтымақпен тыныстап отыр.
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,
қош келдің!
Иә, Тәуелсіздік таңының ұрпақтары осылай жырлайды. Көсіле сөйлеп, еркін толғайды. Өйткені азаттық алдымен ойды, ақылды шідерден босатып, жанымызды сенім гүліне толтырады. Сенімі терең жастар ұлттың дамуы жолында қай биікті де бағындырары сөзсіз. Ендігі ел алдындағы міндет – кең жеріміз бен тілімізді сақтау, оны болашаққа аманат ету. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс. Батыста Бозжыра мен Шерқала, күнгейде Ақсу-Жабағылы мен Сайрам-Өгем, Жетісуда Хан Тәңірі мен Шарын, Көлсай мен Қайыңды, Қапал- Арасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыста Мұзтау мен Шыңғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары, Арқада Бурабай мен Баянауыл, Ұлытау мен Қарқаралы, теріскейде Имантау мен Айыртау және басқа да көрікті жерлеріміз жетіп артылады. Жер жәннатын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бәрі өзімізде бар. Жастарға осындай керемет табиғатымызды танытып, оны қадірлеуге баулуымыз керек» деп өзгенің қаңсығын таңсық қылғанша, өз құндылықтарымызға баса мән беруді назарға алуға үндеген болатын.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің жетістіктері аз болған жоқ. Егемендік алған мезеттерде рәміздерімізді бекітіп, дүниежүзіндегі ұлттық мемлекеттерді мойындайтын алып ұйымның төріне көк байрағымызды тігіп, БҰҰ-ның толыққанды мүшесі атандық. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын жариялап, сонымен қатар тарих жылын жариялап ұлтымыздың тарихын түгендеп, сананы жаңғырту үрдісі жүргізілді. Айдай әлемге аты шыққан бас қаламыз Астананы тұрғызылып, Қазақстан тарихындағы үшінші ғарышкер – Айдын Айымбетов ғарышқа самғады.Сондай-ақ ел тарихындағы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы бүкіл республика және ТМД елдері арасында аталып өтіліп, елімізде жаһан жұртын жинаған EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы сынды мерейтойлар жалпыхалықтық деңгейде аталып өтілді. Міне, бұл біздің іргелі жетістіктеріміздің бір бөлігі ғана, бұдан өзге қаншама ауқымды жеңістеріміз, тас тұғырдан әлем көзіне қанат қаққан айдарлы тұстарымыз бар.
Еркіндік таңымен таласып туған жаңа заман жастары тәуелсіздік ұғымын өзгеше сезінеді. Сондықтан да ерекше жырлайды.
Отаным,
есем көп, есем көп өткеннің өрінде,
Шерленер көз шығы кеппеген төңірек.
Бір есем қайтпаса дұшпанның кегіне,
Тәңірім, мені күл етуге әмір ет!
Иә, «Отан оттан да ыстық». Тарихи санасы қалыптасқан, ұлттық танымы терең әрбір қазақ үшін Тәуелсіздік күнінің қадірі биік, беделі жоғары. Бұл күн – біздің айымыз оңынан туған күн. Тәңіріміз бізге азаттық атты алып ұғымды сыйға тартқан күн. Ендеше, елім деп жүрегі езіліп, жаны буырқанған әр ұлан үшін тәуелсіздік күнінің мәні жыл өткен сайын арта бермек!
Тортай Үсен