№12 Желтоқсан, 2023

Бүгінгі қазақ киносы бұл өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреулердің есімін елге мәшһүр етудің, қоржынын қампайтудың, ең құрығанда, тәп-тәуір күнкөріс көзін жасайтын құралына айналған секілді. Күні кеше сахнаға шығып алып, бет-аузын қисаңдатып елді күлдірмек болатын сайқымазақ КВН-шы да кино түсіргіш болып шыға келді. Азаттық алған елдің ұлттық дүниетанымын, ұлттық өнерін паш етудің ең мықты құралы кино десек, қуатты да киелі бұл өнер бүгінде өзінің тілі мен ділінен, діні мен ғұрпынан, салт-дәстүрінен мақұрым, өзгенің қаңсығын таңсыа пшілігі – асфальтта өскен, орыстілділігін ақтау үшін «қазақша да білеміз ғой» дейтін «цивильный ұрпақ».

Даллестің талабына сай кеп тұрмыз
Қазір жігіт ағасы жасынан асқан, ілім-білімді кеңес кезінде алғандардың ішінде де, ісінде де «туған жер, туған ұлт, туған тіл сияқты киелі болмыстың басты компоненттері әр фильмде менмұндалап тұрсын» деген ниет, пиғыл жоқ. Олардың ең басты арманы, мақсат-мүддесі – шет елдер ұйымдастыратын кинофестивальдерге қатысып, жүлде алып, атағын шығару, қаржы-қаражатқа кенеліп, қарық болу ғана. Ал ондай фестивальдер қазақтың рухани, мәдени-ұлттық ерекшеліктерін емес, кешелі-бүгінгі күйзелісін, амалсыздан, тағдыр тәлкегінің кесірінен болатын адамға жат қылықтарын көрсеткісі келеді. Ондай фильмдерге көрермен көп келіп, мол қаражат табатынын олар жақсы біледі. Ал біздің баспасөз бен телеарналар осындай фильмдер түсіріп жүлде алғандарды жер-көкке сыйғызбай жарыса жарнамалап, мақтап жатады. Өз қасіретіне өзі мәз бола қуанатын мұндай сорлылық бізден басқа ешбір ұлтта жоқ.
Ал өзбектің, түркімен мен әзербайжанның режиссерлері түсірген әр фильмде олардың ұлттық белгілері мен нышандары әр сәтте асқақтап көрінеді де тұрады. Кезінде қазақ ұлтының талай ғасырлық тағдырынан тенніп түсірілген «Көшпенділер» фильмі ұлттық тарихымызды, атағы жер жарған тарихи тұлғаларымызды қандай күлкілі күйге душар еткенін айтқанбыз да, баспасөзде жариялағанбыз да. Айтпақшы, аты исі қазаққа әйгілі ақсақал актеріміз сол кезде осы фильмді: «Прокаты керемет болғалы тұр», – деп мақтағаны бар. Атағы дардай ақсақалдың сол айтқаны айнымай келмек түгілі, «Көшпенділер» өзіне жұмсалған қаражатты да өтей алған жоқ.
Киносүйер қауымға аты-жөні әжептәуір таныс Серік Апрымовтың «Соңғы аялдама», Рашид Нұғымановтың «Ине», Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» сияқты фильмдеріндегі кейіпкерлердің рухани діңгегі ұлттық рухтан ат шаптырым алыс жатыр. Алысыңыз не, Апрымовтың «…аялдамасындағы», әсіресе «Аңшысындағы» еркек пен қатынның ат үстінде шауып келе жатып жасаған «төсек қатынасын» көрген адам қазақтан өткен жабайы халық жоқ деп қалуы да ықтимал. Қазақ киносына келген әлдекімдердің, өздеріне өздері «жаңа толқын» деп ат қойып алған бұл топтың, ұлттық рухтан, ұлттық жаратылыс пен ұлттық сана-сезімнен алшақтығы былай тұрсын, соның бәріне бұлар ашықтан-ашық қарсы шығып, қазақты ешқандай ұлттық рухы жоқ, өсуінен өшуі басым, жартылай жабайы тобыр қып көрсетуге күш салған ба деп қалдық.
Қазақ елі тәуелсіздігін жариялағаннан кейін он шақты жыл өткенде дүниеге келген киногерлер сол «Жаңа толқыннан» үлгі алып, солардың толқынына ілесушілер болды. Эмир (қазақша Әмір ғой) Байғазин, Әділхан Ержанов сияқты киногерлер бұл жағынан ұстаздарынан да асып түсті. Негізгі мақсат – «А» класы аталатын кинофестивальдерге қатысу. Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмінің синопсисі мынадай: «Дарик – раздолбай без будущего и прошлого, который попадает то ли в неопределенное прошлое, то ли неопределенное будущее. Оказавшись наедине с природой Дарику предстоит выживать, применяя все уловки, которые помогали уцелеть в городе. Но здесь в степи, прежде всего, необходимо собрать свое маленькое племя». Тіпті сол қазақ кейіпкерге қазақша есім таба алмай Дарик деп қоюының аржағында не жатыр деп ойлайсыз?
Кино – ұлттың ар-намысын, сана-сезімін, рухын асқақтатып тұратын әулиелік айнасы болуы керек. Әрине, оны тек «жақсымызды асырып, жаманымызды жасырып», өзімізді де, өзгені де алдарқататын өтіріктің құралына айналдыруға болмайды. Ол арқылы ел ішіндегі кемшілік, үстірттік, оғаштықтарымыздың бетін ашу керек те шығар. Тек олар сюжет барысында жекелеген кейіпкерлердің образы арқылы көрсетіліп отырғаны ләзім.
Кезінде АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының басшысы Аллен Даллес Кеңес Одағының халқын рухани азғындатудың ең ұтымды жолдарын айтқанын баспасөзден оқығанда «мынау неткен жауыз?» деп ойлап едік. Жауыз болса жауыз шығар, бірақ сол Аллен Даллес әдебиеттің, өнердің, оның ішінде киноның күшімен адам баласының санасын қалай құлдыратуға болатынын асқан біліктілікпен айтып берген екен. Ол былай деген: «Біз адам санасын секстің, қорлық-зорлықтың, азаптау¬дың, азғындық-сатқындықтың, қысқасы, кез келген хайуандықтың табынушысына айналдырушы, миына сіңіруші суреткер дегендерді барынша қолдап, көтермелей береміз. Әдебиет, театр, кино – бәрі адам баласының ең бір осал, арсыз, ождансыз сезімдерін бейнелеп, соларды асқақтатып, дәріптеп отырады. Адамды басыну, арсыздық, ұятсыздық, бетсіздік, суайттық, маскүнемдік, нашақорлық, бір-бірінен үрейленіп жүру, сатқындық, көргенсіздік, бетпақтық, халықтар арасындағы дұшпандық, тағылық, міне, осындай кесапат қылықтардың бәрі кең өркен жаяды. Біз осының бәрін адамдарға бала кезінен етін үйретіп, басты күшті жастарды осыларға баулуға жұмсаймыз. Жастарды жезөкшелік, санасыздық, көрсеқызарлық және басқа да түрлі азғындық, малғұндық жолға түсіреміз. Олардан жүзіқара, көргенсіз, өз ұлтынан безген космополиттер даярлап шығарамыз».
«Жаңа толқын» атанып жүргендердің, әсіресе С.Апырымовтың «Аңшы», «Соңғы аялдама» фильмсымақтарын көргенде Аллен Даллес әлгінде атап көрсеткен ұлттық қасірет пен сол қасіретті жасаушы малғұндар есіме түседі. Бұл қасірет тіпті қазақ киносында індетке айналып бара ма деген уайымға батамын.

«Шал» ма, «бомж» ба?


Тағы бір күйінетініміз – ұлттық болмысымызға, дүниетанымымызға, ата-бабадан мұра, мирас боп қалған ұлттық тәрбиеге ашықтан-ашық кереғар, маған не істей аласың дегендей қияңқылықпен түсірілген фильмдер шетел фестивалінде керемет жүлде алыпты, көрермен залды басына көтеріп қол шапалақтапты, қазақты әлемге танытыпты деп телеарналар мен газеттердің шулап жататыны. Осы шіркіндер сол жүлде алған фильмдер арқылы қазақты басқа елдер жабайы, тәлім-тәрбиеден, адамгершілік дегеннен жұрдай, әнебір шенді кісі айтқандай «үңгірдің адамдары» деп ойлап қалатынын шынымен білмей ме екен, әлде газеттің беті мен телеэфирдің уақытын мақтаншақтықпен толтырсақ болды дей ме екен?
Әлгінде біз сөз еткен Әділхан (Ержанов) деген жігіт, естуімізше, он шақты фильм түсірген, тіс қаққан сақа режиссер көрінеді. Және ол сол фильмдерінің сценариін шетелдік мамандармен бірлесіп жазады дейді. Ал енді оның кинотуындыларын көрсең, өз ұлтыңнан өзің безіп кеткің келеді. Осы туралы талантты да ұлтшыл режиссер Жаңабек Жетіруов¬тың пікірін сұрағанымда, «бетті бастым, қатты састым, тура қаштым жалма-жан» деп қоя салу керек екенін ұқтым. Әділхан фильмдерінің кейіпкерлері – түгел қазақ. Уақиға Қазақстанда өтіп жатыр. Қарап отырсаңыз, сол қазақтардың бәрі – бір-бірімен қырқысып, айтысып-тартысып, бір-бірінің ар-намысын таптап жүрген біреулер. Әйтеуір арасында басқа ұлттың бір өкілі бар. Фильмдегі нағыз адам да сол. Болып жатқан уақиғалардың түгелі – орашолақтықпен ойдан шығарылып жатқан гипертрофиялық, яғни шамадан тыс ұлғайтылған «шындық». Оның «Қап-қара адам» деген (Черный, черный человек) фильмі Азия Оскары сыйлығын алды. Ал осы фильмдегі кейіпкерлердің ішінде жібі түзу бір адам тауып көріңізші. Шетінен қусымақ, шетінен жылмақай, сатқын. Тек бір орыс қана шыншыл, әділ адам екен. Алыстағы жайылымда малға күтім жасап, малды күтіп-бағып жүрген де – орыс. Қазақтарыңның жүрісі анау. Яғни қазақ өзінің ата кәсібі – мал бағудан да қалып, оның малын орыс бағып беріп отыр. Тәуелсіз Қазақстан қазағының жер бетіндегі тіршілікке мүлде жарамай қалғанын осыдан артық кім айта алады? Бұл өз ұлтын өзі қорлау демегенде не дер едіңіз? Қазақ киносы өз елінде кімге қызмет етіп отыр сонда?
Бүгінде аты-жөні елге белгілі Е.Тұрсыновтың «Шалын» да көргенбіз. Әп дегеннен айтайық, фильмнің басты кейіпкері –қазақтың ақсақалы дегеннен гөрі, қазіргі тілмен айтқанда, БОМЖ (без определенного места жительства) деуге келіңкірейді. «Шалды» бір көрген адам Ермек Тұрсыновқа: «Пайғамбар жасынан асып кеткен қазақ ақсақалының басынан өткергенін көрсетуге бағышталған бұл фильмге шалды емес, не маскүнем, не үйсіз-күйсіз қаңғыбас, түрінен адам шошырлық пендені не мақсатпен алдың?» десе, режиссер не деп жауап берер екен? Расын айтсақ, «Қазақты осындай жиіркенішті қып көрсеткісі келген бе, әлде шетелдіктер осындай жабайыны көріп, мұндай да адамдар бар екен ғой деп таңдансын деді ме» деген де күпірлеу ойға кеттік. Сол шалдың өзі бағып келе жатқан бір қора қоймен бірге қыстыгүні тал түсте адасып қаңғып кеткенін көргенде, бұл да қазақты есалаң біреу ғып көрсетудің амалы емес пе деп қалдық.
Режиссердің ондай есуас қазақ шалын қайдан көргенін, кімнен естігенін немесе қандай кітаптан оқығанын қайдам, жәй көрермен біз: «Қой, қазақта мұндай есуас шал болған емес», – дедік. Неге дейсіз бе? Өйткені қазақтың кез келген ең аңқау шалының өзі фильмдегідей ауыл айналасында емес, құлан өтпес, құс ұшпас мидай далада да алдындағы малымен бірге адасып қаңғалақтап кетпейді. Қазақ шалы өзі келе жатқан алқаптың бір түп бұтасына, яғни оның қандай шөп екеніне қарап-ақ өзінің қай тұста келе жатқанын бірден аңғара қояды. Ал оны білмей қалса, алдындағы бір қора қой қалай қарай жүрсе соның соңынан еріп отырады. Қой ауылды, яғни өз мекенін өзі-ақ тауып келеді. Сонда бұл қалай дейміз іштей: Тұрсынов соның ешқайсысынан бейхабар ма, әлде шетелдік кино байқауындағы сарапшыларды қазақ шалын осындай ақымақ қып көрсету арқылы таңғалдырғысы келді ме?
«Тренинг личного роста», режиссеры – Фархад Шарипов деген жігіт екен. Бұл фильмнен де қазақ елінің, қазақ деген ұлттың болмысын, рухын, мәдениетін, не салт-дәстүрінің бір ұштығын іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Қалауыңыз ақша үшін ар-намысын сата салу, билік пен мансап үшін өмірлік ұстанымдарының бәрінен ада болу, соны ғана місе тұту болса, міне, фильм! Арақ-шарап ішу, түнгі клубтағы ызы-шу, қым-қуыт тірлік. Ал оның кейінгі түсірген «18 герц», «Схема» деген фильмдері Қазақстандағы нашақорлық туралы көрінеді, бұларды біздің көрермен көрген де емес, тек шетелдік фестивальдерде ғана көрсетіліпті. Сонда біз өз еліміздегі адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін киногерлер қалай түсіріп жатқанын, ол фильмдер жат жұрттық көрермендерге бізді қай қырымыздан көрсететінін білмей, неге бейхабар отыра беруіміз керек?! Бұл – ұлттық идеологиямыздың ең қуатты саласы емес пе?! Бұл жоғарғы буындағы өкімет орындарының ең алдымен айналысар шаруасы болуы керек еді. Қайталап айтайық, шетелдік фестивальдер жүлдесі ешқашан қазақтың ұлттық рухын, ұлттық салт-дәстүрі мен жандүниесінің ерекшелігін дәріптеген фильмдерге берілмейді. Олар әлгінде өзіміз мысалға келтірген Аллен Даллестің халықты рухани азғындату жоспарына сайма-сай келетін фильмдерге беріледі. Міне, біздің ұлттық, елдік идеологиямыздың басында отырған және мәдениет министрлігіндегі азаматтар назардан тыс қалдырып келе жатқан бір бейқамдық осы. Мұны жедел қолға алмасақ, йдparagraph —>

«Томиристің» «жаңалығы»
Кейінгі қазақ киносындағы ең бір бюджеті мол фильмдер түсірумен аты шыққан режиссер – Ақан Сатаев. Оның бір ғана «Жау¬жүрек мың баласы» бабалар тарихын бұрмалаудың «үздік» үлгісі болды. Бұл жерде әрі би, әрі батыр Сартай бабамыздың осы фильмдегідей 15-16 жасында емес, 90-нан асып бақилық болғанын, ал оның сүйіктісі Зере деген жап-жас қыз ата-анасының үйінде отырып, Сартайдан жүкті болып қалуы, сөйте тұра екіқабат күйінде елден ұялмай үй тігіп, шаңырақ көтерісіп жүруі сияқты ұлттық салт-санаға қарама-қарсы әлде әдейі, әлде білместікпен түсірілген көріністер туралы айтып жатудың да қажеті шамалы. Кезінде бұл туралы баспасөзде мақала да жариялағанбыз. Оған не сценарийші, не режиссер үн қатқан жоқ. Ал енді бір тарихшы: «Сартай батыр деген ойдан шығарылған не аңыз, не ертегі», – деп соқты. Сол байғұс тарихшы Сартай батыр туралы мағлұмат кемеңгер жазушы Ә.Кекілбаевтың, Ресей елшісі әрі тыңшысы Тевкелеевтің күнделігінде бар екенінен, оның кейін патша әскерімен қақтығысы (полковник Гарбердің отрядын талқандағаны) туралы мағлұматтардан мақұрым екен. Тіпті бұл фильм 15-16 жасар отан қорғау¬шы қазақтың мың бозбаласы туралы ертегі десе, олар оның басшысы Сартайдың есімін өзгертіп, басқа есім беруі керек еді ғой.
Алғашқы «дүниесінің» «Рэкетир» деген атауының өзі-ақ қандай бағыттағы маман екенін көрсетіп тұрған адамға тұтас түркі халықтарына ортақ тарихи тұлға – Тұмар ханым туралы фильм түсіру қалайша сеніп тапсырылды? Сірә, елдік, ұлттық ұғым, оларды өнеге тұту дегендердің бүгінгі қазақ киноөнерінде мүлде ұмыт болғанының бұлтартпас айғағы осы «Томирис» шығар. Бұл фильм кино тарихында болып көрмеген «жаңалықпен» есте қалды. Голливуд әйгілі Троя туралы фильмді грек тілінде түсірген жоқ. Ал біздің «Томирис» тіл ғылымында әлі ешкім бір-бірімен ләм-мим десіп көрмеген тілде түсірілген. Түсірушілер оны сақ тілі деп атаған екен. Бұл фильм қазақ тілінде түсірілуі керек еді. Өйткені ол Қазақ елінің қаражатына түсірілді ғой. Осы режиссер бір сөзінде: «Мен фильмді қазақ тілінде түсірмеймін, себебі көрермен оны түсінбейді», – депті. Бұл не деген астамшылық?! Сонда одан «Немене, қазақ тілін түсінбейтіндер сақ тілін түсіне ме екен?» деп сұраса ғой, шіркін. Фильмдегі негізгі уақиға – тарихта айтылып жүрген, яғни Томиристің Кир патшаға қарсы соғысы. Бірақ фильмдегі осы драмалық ситуацияға сене алмайсың. Өйткені Кир не үшін алба-жұлба киінген? Ол сұрқы жаман, сүреңсіз мидай қу медиенде үйсіз-күйсіз күнелтіп жүрген, әйтеуір бір тірі жандарды жаулауды не үшін мақсат еткен? Егер сақтар жер бетіндегі жұмақтай бау-бақшалы, сән-салтанатты зәулім сарайлары бар, табиғаты тамылжыған ғажайып мекенде тұрып жатса, ол соған қызығып бұл жерді басып алмақ болған екен ғой дер едік. Қайда-а? Әттең, режиссер, керісінше, көне дәуірдегі даланы сұрқай көрініске толтырып, өзінің тұмса табиғи бояуынан айырып, драмалық жағдаятты сенімсіз күйге түсірген. Сонда режиссердің көздегені не, әлде шетелдік фестивальдерде бүкіл түркінің арғы тегі сақтарды сол замандағы еуропалықтардан мәдениетті, еуропалықтардан әлдеқайда дамыған ел ғып көрсетіп алмайын деді ме екен?
Қазір көрерменнің әжептәуір ықыласына бөленген Рүстем Әбдіраштың ең тұңғыш фильмі өзінің ақын әкесі Жарасқан Әбдірашев туралы еді. Ақиқатын айтсақ, бұл фильм қазақ киносына өз көзқарасы, өз талап-талғамы бар жаңа бір суреткер келгенін паш етті. Көп ұзамай Елбасы туралы фильм жасауға ұсыныс алған бұл жігіт содан бері Назарбаев туралы төрт фильм түсіріп тастапты. Осыны ойлағанда бұл жігіттің қаншама күш-жігері, кино өнеріне деген қаншама ықыласы, басындағы бақ-дәулеті, атақ-даңқы бүгін бар, ертең жоқ бір адамды дәріптеуге зая кетті-ау деп қиналамын. Баяғыда Назарбаевтан он есе өткен көсем Сталин туралы фильмдер бүгінде мұрағат¬тарда әлде бар, әлде жоқ. Тоталитарлық жүйенің қара таңбасы күндердің күнінде бұл фильмдерге де басылары хақ!
Ал қазақ телеарналары түсіріп, көрсетіліп жатқан сериалдар – сөз қылуға да тұрмайтын арамтер дүниелер. Көзі ашық, зерделі адам ол туралы айтуға да намыстанады. Басты кесірдің бірі – ол жерде де фильм түсіруге қаржы бөлдіру үшін тамыр-таныстық, әмпей-жәмпейлік алда жүреді. Сол арқылы тендерге қатысып ұтып аласың да, өйтіп-бүйтіп бір нәрсе түсіріп өткізесің. Өздері ақшасын төлеп қойғасын арналар сенің «өніміңді» экраннан көрсетуге мәжбүр болады.
Осымен тоқтайық. Біз кино өнері саласындағы жағдаятты айтқанда біреу¬ді кемсіту, біреуді әуелету сияқты ішкі пиғылымыздың болмағаны аян. Қазақ¬станда атышулы кино сыншысы, кинотанушылар бар да шығар, ал біз өнер мен білімге деген көкірек көзі ашық жәй ғана көрермен санатында пікірімізді, дәлірек айтқанда, көптен бері көкейде жүрген назымызды, базынамызды, ұлттық өнер туралы уайымымызды жұртшылыққа жария етуді ғана мұрат тұттық. Біздің ойымызша, кино өнерінде кенже қалып келе жатуымыздың ең басты себебінің бірі – бізде рухани өмірдің қай саласына бас сұқсаң да ең әуелі сол салада жасап жатқан әр дүниеңнен өз ұлтының салт-дәстүрінің, ұлттық рухының, ұлттық санасы мен ұлт¬тық намысының нышаны мен мұндалап тұратын болсын деген ұстаным айтылмайды. Екінші себеп, жасыратыны жоқ, ол тамыр-таныстық пен парақорлық, яки жемқорлық па деп қорқамыз.
Бұған сіз не дейсіз, құрметті оқырман?

М.КЕНЖЕБАЙ