№12 Желтоқсан, 2023

Сарырқаның төрінде бой көтерген елордамыз Астана қаласы жылдан-жылға өркендеп, жаңа қиялардан қияларға өтіп келеді. Дүниені кезіп шарқ ұрып, жерұйық іздеген Асан Қайғы желмаясына мініп желе жортып, Сарыарқаға ат басын шалдырып, Есілдің бойын көріп, «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен» деп тебірене баға берген екен. Ал Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау», деп өнегелі, дуалы сөз қалдырыпты.

Текті бабаларымыз арман еткен осынау алпамса мекен бүгінде самсаған ғимараағ айналды. Бұрын Қараөткел, Ақмола, Целиноград аталып, қазір төтркүл әлем көз тіккен ару Астана әлем назарында. Осы орайда мақтанышқа айналған қаламыздың көрікті жерлері жайлы атап өтуді жөн көрдік.

АҚОРДА – БАҒАНАЛЫ БАСТЫ ОРДА

Ақорда – ҚР Президентінің Резиденциясы. Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ақорданың құрылысы 2001 жылдың қыркүйегінде басталып, ресми тұсаукесері 2004 жылдың желтоқсанында өткен болатын. Ғимарат жер бетіндегі 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады. Мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар. «Ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді. Бұл ұғым шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны болып табылады. Ғимараттың бүкіл болмыс-бітімінен көкірегі ояу қазіргі толқын тың мәнерді – еуразиялық сәулеткерлік қолтаңбаны тани алар еді. Шығыстың сәулет үлгісімен фасадтар арқылы жарасымдылық тапқан бұл мәнерді басқаша атау мүмкін емес. Осы жағынан келгенде Ақорда Қазақстанда жаңа сәутыындысы. Ақорданың ішкі келбеті де ұлттық өнер мен дәстүрге бай. Байқап қарасақ, «Ақ үй» деген атау әлемнің біраз елінде кездеседі. Мәселен, Америка Президентінің бас кеңсесі де солай аталады. Ал, біздікі – Ақорда. Бұл жай Президент отыратын ақ үй ғана емес, қазақ халқы үшін терең мән-маңызға ие атаумен аталған бас кеңсе. Арқа төсіндегі 2 миллионға жуық тұрғыны бар, күн сайын қарыштап дамып келе жатқан бас қаламыздың төрінде тұрған Ақордада түрлі тарихи шешімдер шығарылып, еліміздің ертеңі үшін түрлі тың бастамалар туын желбіретіп жатады.

-strong>

«Хан Шатыр» сауда ерейтойына орай 2010 жылы ашылған болатын. Биіктігі — 200 метр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары бар. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар орналасқан.

Әйгілі сәулетші Норман Фостердің қиялынан туған сәулет ғажайыбы – «Хан Шатыр» Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба. Тағы бір атап өтетін жайт, «Хан Шатыр» «Forbes Style» журналының нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік 10 экоғимараттарының тізіміне енген.

Шатырдың ерекше қабаты оны Астана халқына үйреншікті болып кеткен боран мен аяздан қорғап, іште қысы-жазы қолайлы климат ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрдайым жайдарлы ауа-райы мен күн нұрының төгілуі – «Хан Шатырға» тән белгінің бірі. Түрлі климаттық белдеулерде өсетін жасыл-желектерді мұнда сатылы террасадан кездестіруге болады. Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген.

«ПИРАМИДА» – АЛЫСТАН КӨЗ ТАРТАДЫ

Пирамида – 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылған еді. Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, 1,500 орынды опера залы, қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы әу баста құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған. 60 градус бұрышта қиғаш қозғалатын лифттер де сарайдың бірегей туындысы болып саналады.

Бейбітшілік пен келісім сарайы – сәулет өнерінің ерекше туындысы. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани ынтымақтастықтың жаһандық орталығына айналды.

БӘЙТЕРЕК – БЕЙБІТШІЛІК ҰЯСЫ

Бәйтерек – Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Негізгі идеясы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өміргң жылы бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі – 97 м. Бұл сан кездейсоқ емес, 1997 лма ауысқан жылы болатын.

«Бәйтерек» қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ЗӘУЛІМ ҺӘМ ЕҢ ӘДЕМІ МЕШІТ

Елорда жамағатының иықтаса Аллаға сыйынар имандылық ордасы – Әзірет сұлтан мешіті. 12тіы 18 мың шаршы метрді құрайды. Ғибадат үйі үш қабаттан тұрады. 2012 жылы 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған болатын. Тұңғыш президент мешіттің ашылу салтанатында салмағы 40 келі болатын көне Құран Кәрімді сыйға тартты. Болжам бойынша XII ғасырда жазылған, Қазақстанға шамамен XIV ғасырда әкелінген Құран Кәрім кітабы қазіргі Түркістан облысынан табылған еді.

Ғибадат үйінің аумағында 745 көлікке арналған ашық аваз1, ені 28 метрлік күмбезді Орталық Азиядағы ең үлкен сәулет екенін айта кету керек. Әйнегі таза хрустальдан, негізгі бөлігі жезден жасалған салмағы 3 тонналық люстра арнайы Әзірет Сұлтан мешіті үшін дайындалған.

АСТАНА ОПЕРАДА – ЕҢ САПАЛЫ АКУСТИКА

Бас қаланың сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры келушілерді өзінің ерекше әсемдігімен таңдандырады. Орталық Азиядағы ең үлкен опера және балет театрының ашылу салтанаты 2013 жылы елорданың 15 жылдығына орай өтіп, бас қалаға баға жетпес сыйлық болған еді.
Жалпы аумағы 64 мың шаршы метрді құрайтын жаңа театр әу баста Миландағы «Ла Скала», Мадридтағы Корольдік опера, Мәскеудегі Үлкен немесе Нью-Йорктегі «Метрополитен-опера» сияқты әлемдік театрларының қатарына кіруге толық құқылы өнер шаңырағы ретінде ойластырылған болатын. Оны тұрғыанлері қатысқан. «Астана Опера» театры бүгінде ел көрермендерін әртүрлі бағалы қойылымдарымен таңдандырып келеді.

Б.Сәрсенхан