№12 Желтоқсан, 2023
Біз бүгін ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалысын мақтанышпен айтатын болдық. Неге? Өйткені,олар ұлтына қалтқысыз еңбек сіңіріпті, ақ сөйлеп, адал жүріпті. Қоғамымызды бүгін толғандырып жатқан президенттік, демократиялық билік мәслесн осыдан тоқсан жыл бұрын айтыпты. Бұл – ертегі емес, дерегі бар істер. Қалай дегенде Алаш ұранын жаңаша көтерген кез – алаулы, абыройлы, тағылымды шағымыз. Біз реті келсе ол уақыттың «ине-жібіне дейін» қалдырмай зерделегеніміз абзал. Бұл бақилық болған оларға емес, бізге керек. Мәселен, Алаш зиялылары қолданған мақал-мәтел, нақыл сөздерді алайық. Әрине, олардың бірі қазірде қолданылады, бірі қазірде ұмытылған. Біз үшін басты шарт: зиялылар белгілі-белгісіз мақал-мәтелді қандай жағдайда (ситуация), не. ртық болмас еді. Сондай-ақ, сөз мәйегі саналатын нақылдарды олардың қолдануы мен қағазға қаттауы, кейінгілерге аманат етуі – айта қаларлықтай факт.
Төменде біз ой мен тіл қадірін білетін журнал оқырмандарына Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, С.Садуақасұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы, т.б. зиялылардың еңбектерінен ұшырастырған мақал-мәтелдерді ұсынуды жөн көрдік.
1.Көңіл жетсе, қол жетпейді,
Айналып бастан бұлт кетпейді.
2.Тісі шыққан балаға
Шайнап берген ас болмас.
3.Қол ағаш мықты болса,
Киіз қазық жерге кіреді.
4.Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес.
5.Күштіге сыйынсаң – құдайға сыйын.
6.Көм бойыңды, жасыр ойыңды
7.Молданың соққан жері отқа күймейді.
8.Алдамасаң, сатпайсың!
9.Атым келіссе тоным келіспейді,
Тоным келіссе атым келіспейді.
10.Ұлу жесем де өлмеймін.
11.Ертеңгісіне есек қайғырады.
12.Қонақ байғұста ерік бар ма,
Май берсе де жей береді
13.Бір Аллаға сыйындық,
не қылса да ерік өзінде.
14.Біреу өлмей, біреу күн көрмейді.
15.Атты қамшымен айдама, сұлымен айда.
16.Жамандықты ұмыт, жақсылықты ұмытпа.
17.Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
18.Жібекті ұстай алмаған жүн етеді.
19.й нсыз бұрқын бағады
22.Әркім барына мәзір.
23.Кеміссіз келін түспейді.
24.Өгізді қойшы –
Өлген қойшы,
Түйелі қойшы –
Тұрған қойшы,
Жаяу қойшы,
Жатқан қойшы,
кп25.Тентекті тентек десең,
Бөркі қара қазандай болады.
26.Тілеп алған ауруға ем жоқ.
27.Құр сөйлеп білген жігіт жігіт емес,
Қышыған жерңді айтқан жігіт – жігіт.
28.Бейнеттен қашсаң дөңбекке
29.Ғайыпты пайғамбар да болжамаған.
30.Алша піс, аузыма түс!
31.Берген перне бұзады.
32.Бермейтін сараң болмайды, сұрауы жетпейді.
33.Құлшылықты жасырып қылған қабыл.
34.Түйе тұзға тоқтайды,
Жігіт қызғ дr> Төркін десе, қыз тұтпайды.
36.Киімі жаманды ит қабады,
Пиғылы жаманды тәңірі табады.
37.Ит – опа, қатын – жапа.
38.Қарға табанымен басып жейді,
Сұңқар шашып жейді.
39.Кісі ойға тоймайды.
Бөрі қойға тоймайды
40.Ішкен – мас, жеген – тоқ.
41.Өшкен өнді, өлген тірілдалқалмайды.
43.Қырғыз көп пе, жұлдыз көп пе?
44.Көп не айтады,
Азға қылған қорлығын айтады,
Аз не айтады,
Көптен көрген зорлығын айтады.
45.Өсекті қожа менен молда айтады,
Басқадан олар тіпті оңды айтады.
46.Ордалы құлан ақсағанын білмейді.
47.Жаман би жанға салар.
48.Азған елге жаман би болады.
49.Ауыл иті ала болса да,
Бөрі көрсе бірігер.
50.Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.
51.Молданың айтқанын істе, қылғанын қылма.
52.Жаңа қонаққа ескі қонақ орын бермек.
53.Жаман құдайшыл келеді.
54.Өзі ұры жұрттың бәрін ұры дейді,
Өзі қары жұрттың бәрін қары дейді.
55.Қойды шартық бүлдіреді,
Елді қортық бүлдіреді.
56.Батырды бәрекелді өлтіреді
57.Теңі келсе, тегін бер.
58.Қатын ерге қарайды,
Ер жерге қарайды.
59.Ақырзаман боларда кемпір мен шал жігіттік қылар.
60.Керуен қосы жүре түзеледі.
61.Әкенің жақсысы жездедей
62.Бес тиын қоян – он тиын зиян.
63.Мал – баласы, жер – анасы.
64.Көпірден досың болса, беліңде айбалтаң болсын.
65.Тура сөз туғанынан айырады.
66.Жалғыз қаздың үні шықпас.
67.Борыш көркі – төлеу.
68.Ақ та болсаң ант ішпе, айрандай жұғар.
69.Соқырдың тілегі – екі көзі,
70.Кірсіз – Ай, мінсіз – Құдай,
71.Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес.
72.Соқырмен оттас болсаң көзіңді қысып жүр.
73.Заманына қарай амалы.
74.Керуенге ермек едің, көшіп бақ.
75.Хамал (ай аты) келмей жұтқа,
Қажы келмей дауға жарымадық.
76.Ат сыры иесіне белгілі.
77.Судан өткенше ұлағым, өтіп болған соң…ғым
78.Бас десе, құлақ деп.
79.Алыс пен жақынды жортқан біледі№
Дихан Қамзабекұлы