№12 Желтоқсан, 2023
Жақында Астана қаласының Есіл ауданындағы Е578 көшесіне Бопай ханымның есімі берілді. Бұл қаншама жыл қатудың үлгілі бір іс-шарасы болды.
Жазушы Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» тарихи романы XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың бас ханы Әбілхайырдың жары Бопай Сүйіндікқызының өмірнамасына арналған. Туындының басты кейіпкері Бибәтима – Бәтима – Бопай ханымның, Әбілхайыр ханның тағдыры төл тарихымызгеген шындық пен ақиқатты көз алдыңа әкеледі. Бұл – кеңес заманындағы бұрмаланған тарих туралы ақиқаттың кілтін ашқан құнды еңбек. Кітапты оқи отырып, тарихи сананың беріктігін, өлмейтінін, ескірмейтінін анық көреміз. Бопай ханымның қазақтарға тұтқынға түскен қалмақтың жаралыларына қалай көмектескенін оқығанда досына ғана емес, тіпті дұшпанына да мейірім танытатын қазақтай елді таныдық. Біз осы қасиетімізді бүгінде жалғастырып келеміз.
Еділ қалмағы мен Жайықтың казак-орысы бар, орыс билігінің арандатуымен естек ағайындардың соңғы кездегі шабуылдауының үдеуі және шығыстан ойраттар жан-жағынан қыспаққа алып тұрған жағдайдан шығудың амалын іздеп, соңғы рет Петербормен ынтымақтасу одағын жасаудың әрекеті сәтсіз аяқталғанынан бері хан ордасы бұдан былайғы жерде өз күшіне сүйеніп, тас-түйін болуға бекінген еді.
1731 жылдың 19 ақпанында Әбілхайыр ханның ордасын өз империясының құрамына қабылдау туралы патшайым Анна Иоанновна грамотаға қол қойды.
Орынбор генерал-губернаторы Иван Неплюевтің Әбілхайыр хан болып тұрғанда қазақтарды түбегейлі мойынсұндыруды іске асыра алмайтынына көзі әбден жетеді. Ендігі әрекеті бас хандықтан үміткер Барақ сұлтанды Әбілхайырға қарсы қойып, оған Әбілхайыр бұдан әрі жер басып тірі жүрмеуі йрқұрытуға болады, бірақ жеңуге болмайтынын түсінбей тұр. Барақтың сенімді серігі Сырымбет Әбілхайырды өлтіреді. Елді ел қыламын, мойнын жатқа идірмей, қантөгіссіз сақтау үшін жаным садаға, «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден айырылмайды» деп қолдан келгенінше арпалысып, небір дұшпанға дес бермеген ұлы тұлға Әбілхайыр өзгенің емес, өз іргесінен шыққан қаскөйдің қанды қолынан қапияда ажал құшады. Оның мүрдесі Қабырға өзенінің Өлкейікке құяр тұсындағы қорымда.
Біз тапқанынан жоғалтқаны көп елміз. Әдебиет – өмір айнасы. Мәди Айымбетовтің осы еңбегін оқып, айнадан көргендей шындықты көріп отырмын. Қазақ елі неге 3н алаған жандар болса, осы еңбекті оқысын. Автор қазақтың бас ханы Әбілхайырды ұлықтаған. Әбілхайыр сияқты тұлғаларды таныған ұрпақ кемелденіп өседі. Осы жерде Бопай ханымның немересі Тойғараға: «Орыстың пиғылына сеніп тіршілігіңді түземеңдер» деген ақылы дқаың да пиғылы түзу емес» тәрізді сөздері бүгінде де өміршең.
Мәди Айымбетов осы «Бопай ханым» еңбегінде бүкіл қазақ халқын тығырыққа тіреген бақталастық пен тақталастық, сатқындық екенін таза тарихи шындықпен көрсеткен.
Сұлушаш ҚҰЛМАЛИЕВА, зейнеткер ұстаз, Астана қаласы