№12 Желтоқсан, 2023
Асқар Сүлейменов… Қарағайға қарсы біткен бұтақтай өз заманының ақиқатын қалам ұшымен жеткізген Асқар есімі – жастардың сүйіктісіне айналған. Рухы кенен, жан күйі қазақтың қоңыр сазына суарылған ол, бонт күшінің құдіретін танытып келеді.
Жазушы Әбіш Кекілбаев «Асқар Сүлейменов – тереңнен суырып, таңдайды қуырып айтатын, ешқашан ешкімге, ештеңеге ұқсамай, елден ерек мүсінделген жан» деп Асқар шыңына баға берсе, қаламгер Герольд Бельгер: «Асқар – тума шешен. Орысша-қазақшаға теңдей жүйрік. Жұрттың бәрін аузына қаратып, таңдандыра ұйыта сөйлейді. Ол батысшыл болатын. Чаадаевты ерекше қадірлейтін. Ницше, Шк Белль, Хемингуэй деп сөйлейтін. Бетховен, Брамс, Моцартқа тәнті болатын. Малер симфонияларын таң атқанша тыңдайтын. Тәттімбет деп тебіренетін. Бірақ сөз жүзінде қанша батысшыл болса да, менің пайымдауымша, ол табиғатынан шығыс адамы еді. Болмысты көбінесе шығысша қабылдайтын. Қалай болғанда да, Асқар жаратылысы бөлек жан еді» деп текті сарын иесінің тұлғасын тап басып баға береді.
Кесек жазушы не сөйлесе де түбірден тартып, алыстан сермеп сөйледі. Не жазса да соңғы бақайшағына дейін сөлін сығып, ұлттық қазынаны толықтырып отырды. Сірә, шын майталман – дәстүршіл. Пушкиннің байронизмнен арылған соң ұлттық поэзияға біржолаға бет қоюы, Шекспирдің туған елінің фольклорымен астасып жатуы пікірімізге тұздық. Асқар Сүлейменов ақылы асқан интелегент бола тұра, ұлттық тамырдан ажыраған жоқ. Керісінше Тәттімбетті Бетховен, Моцартпен салыстырып, күй тілін ұғынуға күш салды. Бар болмысымен ұлтты сүйіп, сол ұлттың өзіне айналды. «Шашылып түскен тіркестеріндегі» бір пікірінде: «Әр сөздiң өз ұяты бар. Жақсы кiтап – ұяттың антологиясы. Жақсы кiтапта ұят сөз де ұятын төкпей көрiнедi» десе, келесі бір тәмсілде: «Гимн: «Елiм-ай», «Кiсен ашқан», не «Қаракесек», «Менiң Қазақстаным» деп ұлттық танымның шеңберінен тіл қатады.
Жазушының «Бесатар» повесі күрделі дүниелерді образ арқылы астарлап беретін аллегон. жайдан хабар берсе керек. Ғалым Ұ.Еркінбай: «Бесатар» – бір авторлық стратегияны практика жүзінде көрсеткен шығарма. Тікелей генетикалық ерекшелігімізді сақ дқты көрсеткен. Ерекшелігі бес саусақтың саласындай анық байқалады. Ішкі мәтін энергетикасы көзге ұрып тұр», – деген қордалы пікір айтады.
Оқиға сюжеті «Иноземцев. 1916 ж., 7 июль, сәске», «Крейгель», «Сәруар, Төлеген», «Сәруар, Крейгель», «Қарала», «Сәруар», «Төрехан», «Мұқағали», «Сәруар, Крейгель», «Төрехан, Сәруар», «Мұқағали, Иноземцев», «Сәруар, 1916 ж., 8-июль, Бесін» деген тақырыптар бойынша дамып отырады. Негізгі кейіпкерлердің басынан өткен бір-ақ күндік оқиға баяндалып отырғандықтан, «Крейгель, Сәруар, Төрехан» тақырыпшалары 2–3 рет қайталанады. «Бесатар» повесіндегі бесатар образы символ, яғни империялық патшалықтың қанды қол өкіметінің жүйесіз саясаты, тізеге басуы, езгіге салуы, атып-жаныштауын тұспалдайды. Тарихшы Мәмбет Қойгелді Алаш арыстарының еңбегін, азаттық үшін күрескен қаламгерлердің «Қарсылық әдебиетінің» негізін қалағанын айта келіп, Асқар Сүлейменовті тоталитарлық идеологияға қарсы қалам сілтеген сол тұлғалардың ізбасары ретінде атайды. Ал жазушы Смағұл Елубай: «Қазақтың қарсылық қозғалысының Асқар Сүлейменов сияқты көрнекті өкілдері қағазға ғана жүгінді. Қарсылығын солай білдірді. Сөйтіп барып «Бесатарды» қолға алды. «Бесатар» қызыл империяға қарсы атылған оқ болатын» – деп келелі пікір өрбітеді.
Иә, Сүлейменов феномені тереңдіктің, күрескерліктің баламасы іспетті. Сірә, даншпандық деген ұғымның екінші аты тереңдік болса керек. Сыншы Таласбек Әсемқұлов «Кемеңгердің өмітың ауқымды болмысын ашады. Мақалада: «Асекеңнің өнері сан-қырлы еді. Баяғы бір ғұламаның айтқан «жан таланты» («талант души»). Оның көптеген салада профессионал-эксперт болғандығы осы «жанның талантынан» болса керек. Асқар Сүлейменовтың күй талғамай, қандай қалыпта тұрса да, тіпті қатты сырқаттанып жатқанда да кез-келген тақырыпта кемел пікір айта алатындығы таңқалдыратын. Міне, оның бойындағы осы көркем қасиеттердің ең бірегейі — оның саз өнеріне деген құштарлығы, музыкалық сыншылығы еді. Және оның бұл тараптағы эрудициясы мен танымы сөз арасында елеусіз ғана айта салған, немқұрайды пікірінен жарқырап көрініп тұратын» – деген салмағы ауыр жолдар бар. Расында, Асқар Сүлейменов күрделі тұлға, кемелдік өріндегі жазушы. Ақын Бауыржан Жақыптың жазушыға арнаған өлеңінде толғаныс пен тебіреніс байқалады.
Оның жойқын шабысына
Асқар десе, көз алдыма
сұлу жүйрік ат келер,
Құсжолында жанған күні
Асекеңнің шырағы,
Құсжолына жеткен шығар
Асекеңнің пырағы.
Жазушының туындылары, сыни еңбектері өз болмысы секілді шым-шытырық. Сейдахмет Бердіқұлов «Асекеңе ел түсінетіндей аудармашы табыңдар» деп әзілдеген екен, ал Ғабит Мүсірепов «теңеулері рабайсыз ауыр құрылған сөйлемдері барын» айтқан.
Асқар Сүлейменов – болашақтың жазушысы. Шын өнерге төреші болар адуынды ұрпақ қазақ барда өсіп-өркендей бермек.
Тортай Үсен