№12 желтоқсан, 2023
Тайпалап жорға болып салдырған күй,
Мейірін тыңдағанның қандырғандтып
Аққуды аспандағы қондырған күй —
деп күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген. Қазақ халқы өзінің көңіл-күйі мен арманын, қоғамға деген көзқашеді. Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес, мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр. Қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырған, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Өнер бойынша әдебиеттер бөлімінде «Тарих. Тұлға. Тағылым» жобасы аясында Қазақ халқының ұлы күйші – композиторы, дүниежүзілік мәдениеттің аса биік тұлғасы ел мақтанышы – Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Күй тәңірі — Құрманғазы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
Шараның басты мақсаты ұлы күйші, дарынды композитордың өмір жолы, күйлердің шығу тылихаттау. Ол бүкіл әлемге қазақтың музыкалық мәденитін, еш жұрттың әуеніне ұқсамайтын дала сазының құндылығын дәлелдеп, ұрпағына өшпес мұра қалдырды. Күйші күйлені, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер-халықтың азатығы мен жеке тұлға бостандығы.
Оқырмандар конференциясы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Назқоныр» домбырашылар ансамблінің орындауындағы «Саранжап»,«Балбырауын» күйлерімен ашылды.
Шара барысында баяндамашылар Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, PhD философия докторы Райымбергенов Абдрашид Искакович күйшінің күй тарихын, ғұмырлық шежіресін тереңірек түсіндіріп шәкірті атаулы оқу орынның 2 курс студенті Тауаш Ақылбек «Машина», «Сарыарқа» күйін орындады.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі музыка пәнінің оқытушылары Қарғабаева Айгүл Бақытбекқызы, Құрманғазы күйлерінің шығу тарихына тоқталып «Қайран шешем», «Адай» «Сарыарқа» «Қызыл қайың» «Кішкентай», «Балбырауын» күйлерін тарту еттіп, «Серпер»,«Қызыл қайың»,«Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш», «Ақжелең» секілді күйлерін адам рухының асқақтығын танытатын, тыңдаушының жігерін оятып, серпілдіретін шығармаларын оқырмандарға таныстырды.
Кенжеғалиева Индира Жалғасовна, Құрманғазының өмірі мен шығармашылығына баяндама оқып, жалпы орта білім беретін «Білім» мектеп -гимназиясының 9 сынып оқушысы Жаңбырбаев Жұмақожа «Влияние творчества Курмангазы Сагирбаева на развитие музыкальной культуры Казахстана» тақырыбында баяндамасын жасап, «Адай» күйін орындады. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Абдирова Ғазиза Алпысбайқызы Құрманғазының «Аш бөрі» әнін тарту етті.
Кітапхана директоры Хакимова Сұлушаш Максимқызы оқырман конференциясының қонақтары мен қатысушыларына алғысын жеткізді.
Қатысушылар күй құдыретінен нәр алып, «Құрманғазы және дала сазы» тақырыбында жасақталған кітап көрмесімен танысты.
Шараға Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университеті, Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, АГУ «Тарлан» колледж студенттері, №33 орта мектеп оқушылары қатысты.
Күй атадан балаға мұра болып қалған, ғасырлар бойы бірге жасап келе жатқан өнер қазынасы. Күй – мыңдаған ұлт, ұлыстардың ішінде тек қазаққа ғана тән өнер. Қазақ халқының күйлерінде қазақтың шынайы тазалығы, мінезінің кеңдігі, батылдығы және дархандығы өзіндік ерекшелігі бар. Келешек ұрпаққа жеріміздің байлығын ғана емес, өнеріміздің де бай мұрасын таза, адал күйінде табыстап, күй өнері мәңгілік жасай береді деген сенімдеміз.
Бақытгүл Айназарова, Ақтөбе облыстық Сақтаған Бәйішев атындағы
әмбебап ғылыми кітапханасы, Өнер бойыша әдебиеттер бөлімінің қызметкері