№12 желтоқсан, 2023

Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында өткен «Мағжан жыры–мәңгілік» атты поэзия кеші қазақтың аяулы ақыны, алаш қайраткеріа баевтың 130 жылдығына арналды.

«Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ… Орыстың бейнешілдігін қазаққа аударды, өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді…» деген екен алаш қайраткері, жазушы Жүсіпбек Аймауытов ақын шығармашылығы қсы ақыны, алаш арысы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттап, сол арқылы олардың бойларына туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, жастарды ұлт әдебиетін сүюге, қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығына қызығушылықтарын оятуға баулу.
Шараға Жазушылар Одағының мүшесі, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Серік Сапарұлы Жетпісқалиев, Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары, оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш барысында ақын – ақын — жазушы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында, оның қиын да азапты тағдыры мен өмірден өтуіне байланысты айтылып жүрген ой-пікірлерге кеңінен тоқталып, жан-жақты әңгімелеп берді.


Шараға қатысушылар Мағжан ақынның лирикаға толы өлеңдерін жатқа оқып, поэзия тұңғиығына бойлады, домбыраның шанағынан күй де төгілді. Кеште ақынның «Туған жер», «Жер жүзіне», «Түркістан», «Қазақ тілі», «Балалық шақ», «Мен жастарға сенемін», «Бұлбұл», «Сағындым», «Жұлдыздан жүзік, Айдан алқа тағайып берейін», «Сарғайдым», «Қайғылы сұрақ», «Қарағым», «Сүй, жан сәулем» атты өлеңдері оқылып, кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығына орай ұйымдастырған «Мәңгі өшпес жыр қалдырған» атты көрме ұсынылды.
Жалғыз қазақ емес, күллі Тұран жерінен шыққан түркі текті халықтардың мақтанышына айналған, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдызындай жарқырап шыққан Мағжан ақын жырлары уақыт өткен сайын соны қырынан танылып, жаңа да жас оқырманын тауып отырары сөзсіз.
Айтқожина Жанар Жұрқабайқызы,
ет кітапханасының меңгерушісі