№8 Тамыз, 2023
Қазақ сөз ұстаған халық. Сөз қадірі өз қадірім деп білген бабаларымыз кесімді сөзге тоқтап, бір ауыз сөзбен дау бетін қайырған. Ұлт басына алағай да бұлағай заман орнағанда би-шешендеріміз елдік үшін рухани күр аһәм бірегейі, қазақтың төбе биі Төле би бабамыз.
Тарихтан белгілі, Төле би – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында іңа күнінен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, кісі танып, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім ала сусындаған.
Төле би он бес ж атылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түскен. Атақты би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір ортаққа бағындыруға, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруда белді жұмыстар атқарған. Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан.
Төле бидің тағылымды оқиғалары көп. Соның бірі бидің ұлына келін таңдау оқиғасы. Төле би ұлы ержеткен шағында оған келінді өзі таңдауға бекінеді. «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың ббимын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келін іздейді. Діттеген мақсатқа құлаш ұрған Төле би бір күні Түркімен еліне төрелік етуге шақырылады. Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Топтың ішінде Данагүл дейтін ақылы бөлек жаратылған кедейдің қызы да бар еді. Жолаушыларды көрген естияр қыз қасындағы бойжеткендерге: «Әй, қыздар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғарыдан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік, арасында ер бастаған батыр бар шығар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар, батасын алып, алғысына бөленейік. Атты кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, – деп инабат көрсетеді. Сезімі терең Төле би мұны алыстан көріп, қыздарды шақыртады. Данагүлдің бұйрығымен қыздар аттан түсіп, жаяу келіп сәлем береді. Данагүлді сөзге тартып, даналығын байқаған Төле би парасатты қызға құда түсіп, өзіне келін еткен екен. Сол Данагүл өз аймағына сыйлы, ақылына көркі сай, дана келін ретінде ел есінде жатталып қалған деседі. Міне, Төле бидің бізге жеткен хиккметті оқиғасының бірі осы.
Ат ауыздығымен су ішкен аласапыран сәттерде елге төрелік айтқан дана би сыздаған жараның ауызынан табылып отырады. Ұлтымыз Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны басынан өткеріп, тоз-тоз тарамдалған күй кешкен нәубет кезеңде ел тұтастығына қызмет етті. Соның бірі, Ордабасы жиыны кезінде жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болып, көш бастады. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда саңлақ би белсенділік танытты. Тарихи деректерде қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші болып барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы қыркүйектің 5-інде Абылайды тұтқыннан шығарып алған деседі. Белгілі ақын Әбрдірахман Асылбек «Төле бидің толғауы» атты өлеңінде:
Билікке келіп бас ұрса,
Турасын айтқан Төле едім.
Ағайын жігі ашылса,
Татулы етсем деп едім.
Қиқулы жауды қайырған,
Еңселі биік ел едім.
Құшағы досқа жайылған,
Даладай дархан кең едім!-деп толғайды. Шынында, туралыққа келгенде туғанына қарамаған текті бидің есімі ел есінде. Әрбір айтқан нақылдары ұлт жадында жаңғырып, бүгінге жетті.
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Міне, бұл Төле бидің тағылымды өнегесінің бірі. Сонымен қатар, «Нәрестенің бесігі — кең дүниенің есігі», «Өзіне келер ұятты өзі біліп тұрса игі», «Адамның басшысы — ақыл, шолушысы — ой, жетекшісі — талап, қорғаушысы — сабыр, сынаушысы — халық, таусылмайтыны — арман, ең қымбаттысы — ар сақтау, бәрінен ардақтысы — өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» деген тағылымы терең сара сөздері үлгі шашады.
Арғымақ баптап не керек – жабы қуып жеткен соң,
Ағайын-туған не керек – аңдысып күні өткен соң,
Бес күн дәурен өтеді – ажал қуып жеткен соң.
Төле би даналығы – брегей даналық, биік даналық. Өткенін таныған ұрпақ қана болашақ терезесін еркін қағары сөзсіз. Ұлттың рухани сардарының есімі жылдан жылға жаңғырып, келешек ұрпақ есімімен біте қайнасары сөзсіз.
Тортай Үсен
:c