№8 Тамыз, 2023
Құлжабай Қасымов атындағы № 28 ІТ мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ақын Мұқағали Мақатаевтың «Әр өлеңі – бір әлем» атты лирикалық кеш өткізді. Сан сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаевқа арналған лирикалық кешке Жетісу жерінің қаламгерлері қатысты. Аталған іс-шарада оқушылар мен келген қонақтар арасында Мұқағалидың жыр маржаны, сонымен қатар тәуелсіздік жылдарынан беегндыларына түрткі болған өзекті ойлары, қаламгер шығармалары туралы ой қозғалды.
Өзімен егіз поэзиясын «Әр өлеңі – бір әлем» етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай, талай болашақтарға көшеді. Сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ сала отырып, жыр сүйер қауым көгінде әсем әуен қалықтады, тебірене жыр оқыдық.
Жақындық сеземін-
Жерден де, аспаннан.
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мырмй. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйерлері куә. Ақынның жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақйт сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса дейміз.
Бұрынғы ерлердің атадан алып қалған аманаты мен серті «Өзі үшін туып, елі үшін өлу» болатын. Жалынды жастар жүрегі елім, туған жерім деп соғатынына куә болдық. «Ойлай алмаған, тереңге бойлай алмас» деген. Даналық тағылымды көре білген, көргенін бойына біткен дарынды таланты мен жыр жолдары арқылы өрбіткен шынайы суреткердің шығармасын оқу жаныңды байытады. Сондай авторлардың бірі, кеш қонағы, Есболат Айдабосынның қазақ әдебиеті жайлы терең ойлары тіұйғандай әсер етті. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі баспадан шыққан кітаптар өте көптігін, оның ішінде жас оқырманға оқитыны бар, мүлде қажетсіз басқа мақсатта шығарылғандары барын да атап өтті. Сөз арасында, «Кітап сөресінде беті ашылмай сіресіп тұрған кітаптың көз жасынан асқан ауырлық жоқ шығар. Ал баспадан шыққан туынды оқырманның қолынан түспейтін сүйікті кітабына айналуы – үлкен бақыт» деді. Есболат Айдабосынның тағы бір елең еткізген «Біз 3-5 жылға кітап шығаруды қоя тұрып, осы шыққан көркем шығармаларды оқытып алсақ жақсы болар еді» деген ойы. Бұл ойдың астарында бізге, ұстаздарға салмақ сала айтылғанын байқалды. Олай дегенім, Жүсіпбек Аймауытов сонау 1918 жылы «Абай» журналында жазған мақаласында: «Оқығандар! Ойланыңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойынымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» деп ұстаздықтың салмағын нақтылап беріпті. Уақыттың өз қолымен тұрғызған алтын көпірі осы ойға жетелейді. Ұлтқа қызмет еткен өмірі өнеге тұтар жанның сөзін сүйсіне оқып, көкірегің ашылады. Мәдениет дегеніміздің өзі – «өз ұлтыңа ұлтан болу».
Кездесу кешіміздің қонақтарымен болған келелі кеңес, тұшымды ойлары оқушыға арманы мен мақсатын айқындауға үлкен себеп болды. «Сөзі райлының, жүзі шырайлы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Асыл өз жерінен шыққан желтоқсанға қатысқан ерлер жайлы поэмасынан үзінді оқыды, кейіпкерлері жайлы естеліктер айтты. Салмақты да, адамға қанат бітірер әдемі лебіздерінің әсерінен 9а-сынып оқушысы Жакенова Сабина «Асыл ағалар, мен де Сіздер сияқты өз елімнің ерлері, ерліктері жайлы өлең жазамын» дегені тыңдап отырып қосыла тебірендік, толқыдық. «Тілегіңе жет, жас талап!» дедік. Бұл — талай ұрпақтың рухани қажетіне жарары дәлелдеуді керек етпейтін бұлжымас ұстаным, қасиетті қағида. Ақынның арман мен мақсат жайлы ойды қарапайым тілмен түсінікті, әрі оңай жеткізгенімен, астарында батпандай салмақ жатты. Жазылған том-том зерттеу еңбектер мен көркем шығармалар сәндік үшін көрмеге қойылғандай беті ашылмай әдемі боп тұруы бір басқа. Ал оқырманның сол жазылған туындылардан көңілге ой түюі бір басқа. Жас оқырмандар жарыса өлең оқыды, оқыған шығармалары жайлы ойларымен бөлісті.
Иә, ерлердің есім ұмытылмақ емес. Еліміздегі талай мұқтаждың жанына жалау болып, жетім мен жесірдің көз жасын құрғатқан, халқымыздың ықыласы мен алғысына бөленген дарынды журналист — Бейсен Құранбек ағамыз бір жазбасында «Білу — бөлек, түсіну — басқа. Бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол — ниеттің, тілектің, батаның күші» деген екен. Бейсен Құранбекті бар қазағы жақсы көрді. Оның аз ғұмырдың қадірін білдіріп өткен өмірі — өнеге, ғұмыры — ғибрат, сөзің — нұр еді ғой.
Бабалар арманы, бабалар үміті үзілген жоқ. Әрине, айтуға оңай… Әркімнің өмірден алар еншісі — ақыл ой қабілеті мен идеясының өтімділігін дәйектей білер шешендігіне тәуелді болар кезеңге келдік.
Кітаптың даналық тұжырымдары тек білім емес, әдеп әлемнің айнасы. Ал сол кітаптарды жазған авторларының жас буынмен кездесу, ақыл-кеңесін айтып рухани баюына үлес қосуы ерекше әсерге бөлейтін өте құнды екені көрсетті. Бұл ретте ақындардың “ Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші” деген нақылдың түп-төркінін, жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді.
Құрманғалиева Раушан Рысбекқызы, Талдықорған қаласы, Құлжабай Қасымов атындағы № 28 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі