№8 Тамыз, 2023
Әлиев Сәрсенбай Сәлменұлы 1954 жылғы Атырау облысы, Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 1978 жылы Алматы көркем сурет училищесін, 1985 жылы Т. Жүргенов атындағы театр-көркем өнер институтын (казіргі Өнер Академиясын) бітірген. Қызмет жолын 1986 жылдан суретші редактор жұмысынан бастаған. «Мектеп» «Ана тілі», баспаларына көркем безендіруші суретшілік кызметін аткарып, талай жазушы-ақындардың кітаптарынын иллюстрациясын жасаған. 1988-1991 жылдары Қазақ совет энциклопедиясында ғылыми көркемдеуші редакторы болған. 1990 жылдан «Қазақстан журналистер Одағының» мүшесі 1984 ж. Ашхабадта өткен «Қазақстанның жас суретшілері» атты бүкілодақтық көрме қатысушысы. 2003 жылы Алматыда Ғалымдар үйіндегі «Ұлар» галлереясында мерейтойлық жеке көрмесі өтті. 2007 жылдан «Қазақстан суретшілер одағының» мүшесі, 2013 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет салсының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2016 жылы «Тау- Қайнар» баспасының «Ұлы дала қорғаушылары» және ментология жинағында «Махамбет пен Исатай» «Қайран Нарын», «күйші Махамбет» атты картиналары жарияланған. 2005 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалык Университетінің аға оқытушысы, кафедра қауымдастырылған профессоры.
1999 жылы Алматы қаласы, «Өлке» баспасы Атырау суретшілері жұмыстарының тұңғыш коллекциясын жинақтап, қол- өнер, кескіндеме, графика, мүсін өнерін жинақтап, «Атырау Нақыштары» атты альбомын шығарды.
Альбомның тұсаукесері мен Көрменің ашылуына Алматыдан суретшілерді шақырып, сол кітапқа кірген барлық суретшілер жиналып үлкен қуанышты кездесу болды.
2000 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы, «Юнеско» көлемінде аталып өтті. 2004 жылы Республикалық Махамбет қоры Алматыда, «Өлке» баспасында Махамбеттің кітапханасы 20 томдық жинақтық 19-кітабы, «Махамбетті көркем бейнесі». Қазақстан қылқалам шеберлері, мүсінші, графиктерінің әр жылдардағы Махамбет бейнесін сомдаған жұмыстары толық жинақталып шықты.
Кескіндемедегі «Махамбет пен Исатай» бейнелерін сомдаған суретші: Калимов Мұхит Қалымұлы. Реалистік кескіндеменің ұлттық нақышын таба білген Колориті асқақ, әрі романтикалы Махамбеттің екпінді өлең нақыштары іспеттес, ұлттық дүние танымы көрінісі Монументті образ кескінін бояу реңдері айқынырақ аша түсетін еңбектерімен Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Профессор атағын алған.
Мүсін өнеріңдегі, «Махамбет пен Исатай» бейнелерін сомдаған. Атырау қаласында қойылған ескерткіштің авторы Әбішев Бакытжан Әлімбайұлы. Жасаған Монументіті мүсіні, асқақтықты және романтикалық серпіліс байқалады және өзіндік қолтаңбасы көрінеді, бүгінгі күндері Атырау қаласында Ш.Сариев атындағы өнер мұражайындағы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жылдығына «Атадан Туған ардақты ер» атты суретшілердің Республикалық симпозиумы сол жоғарыда аталған үрдіс қазірде үздіксіз жалғасып келеді.
Махамбет Образын ойлау, оны бейнелеу, оны жырлау, ол туралы кітаптар оқып, жырларын жаттау жастарға патриоттық тәрбие берудегі үлкен мәні — мағынасы бар іс шаралар нағыз ұлттық тәрбие> , суретші Әбдірашит Сыдыханов. Бейнелеу өнері — көркем образ жасау барысында суретшінің бейнелеуші және айқындаушы құрал — тәсілдері (бояу түсі, оны жағу ештциялық кеңістік құрылым т.б) пайдалана отырып, жеке өзіне ғана тән қолтаңба сапасымен сездіру (сөйлеу), яғни эмоционалдык мазмұндық мәнді жеткізе білу әдісі. Әрине әр шығармаға нақты талдау жасау мүмкін емес, себебі шығармашылық көздері субьективті бастаулардан нәр алады.
Оның үстіне Мұсылмандық дүние танымда адам жаратушы емес. Керісінше адамды да, бүкіл әлемді де жаратқан жалғыз Алла. «Алла көрікті және сұлулықты ұнатады»-дейді. Дегенмен, оның сұлулығын көзбен көруге мүмкіндік жоқ. Оны санамен, ақылмен, сезіммен, көңілмен түсіне аламыз.
Сондықтан да Мұсылмандық түсінікте өнерді ақиқаттық шын суретке және санамен ұғынып, санамен анықталатын жалған суретке бөледі. Санамен анықталатын суреттің ұзындығы, ені, биіктігі, және тереңдігі болады. Ол адамның өтпелі көңіл-күйімен байланысты. Ал оның ақиқаттық қасиеті сана арқылы «Мақұл»-деп қана бағаланады. Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде;
«Сонан тапқан-шың асыл, тастай көрме»- деп Абай айтпақшы, суретші сыртқы көрініспен шектеле алмайды. Сурет және суретші жасап шығарған образды бағалайтын көрерменің еншісіне субьективті бастаулардың танымы тиеді екен. Соған байланысты өнер Индивидуальді сипат алады. Субьективті өнерге берілетін баға да субьективті.сонымен суретші шығармаларына назар салыңыз.