№7 Шілде, 2023

Көшпенді салт – дәстүрдің тарихы ұзақ құнды жәдігерге бай. Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнердің ең ежелгісі және кең тарағаны.Тарихи-ғылыми деректерге  жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек  өнері  ежелгі  замандардан  бастау алып келе  жатыр . Адамзат еңбек құралын ойлап тапқан кезден бастап орнаменттердің символдық, магиялық мәні болды. Өз үйін безендіруге деген ұмтылыс барлық дәуір адамдарында болған. Біздің заманымыздан бұрынғы  X-XII ғасырлардағы сақ, ғұн дәуірінде ыдыс-аяққа, киімге геометриялық, ғарыштық өрнектер қарапайым сызықтармен, табиғи бояулар арқылы салынды. Қаңлы-үйсін заманына келгенде геометриялық өрнектермен қоса хайуанаттардың, құстардың бейнесі абстракталып, стилденіп бейнеленді. VI-VIII ғасырларда Алтай, мен Атырау аралығында Түрік қағанаты құрылды. Бұл кездің қолөнер туындылары мен өрнектері бұрынғы дәстүрді сақтай отырып, зооморфтық өрнектер ою сұлбасына айналып, аң мен жануарлар бейнесін тұспалдайтын абстракті өрнек болып қалыптасты. Түрік қағанаты өмір сүрген кезеңдерде  қолөнер шеберлері үй жиһаздары, киім-кешек, ер-тұрман, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар жәры дүниелерді жасай бастады. Қараханид мемлекетінің  басқа елдермен мәдени байланысының жақсы дамуына байланысты фарфор бұйымдарын, ыдыс-аяқты, зергерлік бұйымдарды әрлеуде ою-өрнек элементі кеңінен қолданылды.

Тарихи дерек көздеріне жүгінсек те, бүгінгі материалдарға қарасақ та қазақ ою-өрнектерінің ішіндегі ең көп кездесетін түрі зооморфтық оюлар. X ғасырдың алды-артындағы мезгілде Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі елді мекенде сәулет өнерінің аса жоғары деңгейде дамығандығы жұртқа белгілі. Өз дәуірінің сәулет өнеріндегі ең үздік туынды саналатын Айша бибі кесенесі (X-XII ғасырлар) сәулет өнері мен өрнек туындысының құнды мұражайы іспетті. Оның қабырғалары мен мұнаралары геометриялық, өсімдік және аралас өрнекті кірпіштермен қаланған. Ою-өрнектердің біртіндеп өзгеруін тұңғыш зерттеген ғалым Төлеутай Басенов: «Айша бибі кесенесін құрайтын алпыс түрлі ою-өрнек біздің тарихымызда ерекше орын алады – , дей келіп, –сол алпыс түрлі ою элементі Айша бибі кесенесінде ғана толық кездеседі», – дейді. Бұл ою элементтері сан ғасырлар бойы халық арасында таралып, белгілі өзгерістерге түсіп, үздіксіз кемелденіп отырды. Созақ қаласынан (XVII-XVIII ғасырлар) қақ ортасына барлық жағы тепе-тең «өмір ағашы» бейнеленген пияла табылған. Ал, Пазырық қорғанынан табылған текеметтегі бейнеленген «өмір ағашы» өз алдына бір ғылыми жаңалық есептеледі. Бұлар белгілі тұрақтылыққа ие және дербес мағынасы бар, айырым мақсатпен қолданылатын ою түрлері.

  Ою-өрнектің  атауы  мен  түрлері өте  көп. Көп ғалымдар  бүгінге  дейін 300-дей  түрін   анықтаған. Соның ішінде  мүйіз тектес  ою  көп тараған.  Бұған елімізде  ұзақ жылдар  жүргізілген  археологиялық  зерттеулердің   нәтижесінде   анықталған ежелгі  мәдениеттің  үлгілері дәлел бола  алады. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу  болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа , сүйекке  сала бастаған.  Заман ағымына қарай  ою-өрнектер де дами  түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді.

Өсімдік типтес ою-өрнектер /гүлі, жапрағы,—уар, аң-құс, балық/

Космогониялық өрнектер/ дөңгелек, ирек, шимай, торкөз/.

Төл өнеnbмдары көп үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін  ғылыми  тұрғыда  талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен , олардың жасаған  тұжырымының  бәрі  де қазақ ою-өрнектерінің  ішкі  ұлттың табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді.

Кезінде  белгілі этнограф Садық Қасыманов 200-дей оюдың атауы мен 50-ге жуық  ою-өрнектің  мазмұнын ашты.

Белгілі архитектор Төлеутай Бәсенов өсімдік тектес ою-өрнектің сұлбасын  қағазға  түсірген. Ал  бүгінгі  таңда  суретші – шебер, оюшы  көне  ою-өрнекті сабақтастыра отырып,  жаңа ою-өрнек  түрлерін   дамытып  келеді. Ою-өрнек өнерінің маңызы бүгінгі  таңда арта  түсуде. Ендігі  міндет – ұлттық дүниетаным  ерекшелігін  танытатын  осы  өнер саласын  заман  талабына   сай   жетілдіріп көркем, рухани  қазына  ретінде  пайдалана  білу.
Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, халық тұрмысымен біте қайнасып кеткен өнер екені белгілі.
Ою композициясы да күрделіленіп, үздіксіз туындай беретін бағытқа қарай дамыды. Сонымен бірге әр бір нұсқа өзіне хас атау еншілей бастады. Бұл атаулар тарихтан жеткен ескі жазбаларда ұшырамайды. Оларды біз халықтық лексиканың мүмкіндігі бойынша, дәстүрлі өнер туындыларының айшықтарына қарай отырып табамыз.

Бұл күндері «ою» мен «өрнекті» бір мағынада қолданып жүрміз. Бұларды жеке-жеке бұтарлар болсақ, біраз сырдың беті ашылады. Ою дегеніміз осы сөздің түбір тұлғасында тұрғандағы беретін мағынасы сияқты, затты ойып, қиып, қиюластырып, жапсырып жасаудан туындаған атау да, «өрнек» оюға қарағанда нәзігірек, қарапайымдау жай айшықтардың, оюдың қосымша көркемдеуіштерінің, жалпы геомертиялық сарындағы бедерлердің жалпы атауы. Ою да, өрнек те әртүрлі бұйымдарда қатар қолданылады, бірін-бірі толықтырып тұрады. «Ою» сырмақ, текемет, тұскиіз, киім-кешек, қару-жарақ, т.б. тұрмыстық бұйымдарда көбірек қолданылады. «өрнек» алаша, бау-басқұр, зергерлік бұйымдары, ат абзелдері қатарлы дүниелерге көбірек істетіледі. Дегенмен, әрқандай бір бұйымда бұлар қатар қолданылады да, «ою-өрнек» болып қос сөз тұлғасында беріледі.

​»Қуанышты  қалып» фэн-шуй жобасының авторы әрі жетекшісі Елена Гомер ою-өрнектердің магиялық күшке ие екенін дәлелдеп келеді. Ал ғылыми тұрғыдан алғанда ою-өрнектердің тотемдік, сиқырлы символдар мен мазмұндық мағынасы толығымен әлі күнге дейін зерттелген жоқ. Түркітанушы Мұрат Әджи оюлар түркі тектес халықтардың барлығына ортақ екенін алға тартады. Қазақтың ою-өрнектерінен «крест» пен төртбұрыш, өмір шиыршықтары анық көрініс тапқан. «Крест» ұғымының «қайқы қылыштан» туындағанын өзінің еңбектерінде түсіндірген. Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұлан да «қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» дейді.

Расымен де, бала кезден тұтынған бұйымдардан оюларды көріп өссек те, әрқайсысының өз мағынасы мен қолданылу ерекшеліктері бар екенін ойламайтынбыз. Бүгінде заманауи стильдегі киімдерден оюларды көріп жүрміз. иім үлгілерін тынымсыз зерттеген атақты шебер Сабыркүл Асанова: «Кей уақытта подиумннгайшықтарын үлкендеу, түрлерін өте жарқын етіп жасау керек болады. Оюдың көлемі кіші болып қалса, мінбеден көріақ ою-өрнектің орналасу ретінде емес, оның кең көлемде насихатталуында» дейді. (жалғас> >

Елкеева Индира Бекназарқызы, Нартай Бекежановтың  меморң trong>