№7 Шілде, 2023
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысы мен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем кйын. Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының бір бөлігі – ұлттық қолөнер. Жас ұрпаққа халық өнерінің тарихи жолдарынан білім беру, өнер жолдарымен таныстыру, шығармашылық бағыттар мен шеберлік тәсілдерін түсіндіру, ертеде өткен дарын иелерінің сіңірген еңбектері мен шығармаларын, олар жасаған шеберлік дәстүрдің үлгісін бүгінгі күннің кәдесіне жарату ұлттық өнердің тарихи саласын айрықша өркендет&n;
Халқымыз көшпенді ел бола тұра жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп, үнемі ат үстінде жүрген. Міне осындай қолөнердің бірі қоржын деп аталатын бұйым. Қоржын — жүннен иірілген жіптен тоқылған қолөнер туындысы.
Қоржынның көптеген түрлері бар. Қоржынның түкті кілем, тақыр кілем, алаша тоқу әдісімен тоқылған түрлері және мал баққанда жолға алып шығатың өркешіне, аттың екі қапталына асып алуға ыңғайлы болғандықтан қоржынды өз қажеттеріне қарай, әр түрлі заттар алып жүруге пайдаланған.
ындай құндылықтарды дәріптеу мақсатында және мұражай қоры негізінде «Ұлттық қолөнер тәрбие көзі» тақырыбында уақытша көрме қойылған. Көрмеде қазақ халқының тоқыма бұйымдарының тіршілік қамы функциясын, сонымен қатар олардың жасалу материалдары мен техникасын, қолданыс аясын, шаруашылық, тұрмыстық және функцияларын ашу. Оның үстіне дәстүрлі тоқу мәдениетінің алуан түрлілігін көрсету.
Сонымен қатар түкті кілем тоқу әдісімен тоқылған қоржынды Атырау қаласы, Қосшағыл поселкесінің тұрғыны зейнеткер қолөнер шебері Тағанова Жаңылсын өз қолымен жасаған. Қоржынды 1978 жылы мұражай қорына тапсырған. Қоржынның беті түкті, иірілген жүнненжәектері бар. Төсегі қоңыр түсті, өрнектеріне ақ, көк, сары, қызыл түстер пайдаланылған. Қорымызда сақталған бұл қоржын ат қоржын түріне жатады. Атадан қалған осы асыл бұйымды халқымыз үй бұйымы ретінде бертінге дейін қолданып келсе, ал ауылдық жерлерде әлі де күнделікті қолданыста жүргенін байқауға болады.
Мұндай дүниелер қорымыздағы құнды жәдігерлердің ортасынан ойып орын алары анық.
Көрмеге қойылған тағы бір қоржынның түрі бұл құда қоржын деп аталатын қолөнер шебері Жамамбаева Әзима 1990 жылы жүз теру тәсілімен бетіне қызыл, жасыл, көк, сары жіптерден жүз теру өрнегімен тоқыған,н nbsp;Қоржын 2007 жылы мұражай қорын этнографиялық жәдігерлерге толықтыру мақсатында алынған. Жалпы құда қоржын — екі қалташасы бар аспалы сөмке. Бұл бізге ескіліктен жеткен. Қос қалташасын сан алуан сыйлыққа толтырып қызға құда түсуге барған құдалар жағы қыздың туыстары, үй ішіне арналған түрлі сыйлықтарын алып келеді. Заманында қоржын матадан немесе жануар терісінен тігілген болса, бүгінде бархыт матасынан тігіліп түрлі тастармен безендіріледі. Құда қоржын бізге жеткен үлгі өнегесі мол дәстүрлердің бірі. Заманның өзгеріп, ұрпақтың алмасуына, сананың өзгеруіне байланысты дәстүрлерде де өзгерістер болады. Бұл бір жағынншы. Жаңғырған салт-дәстүрлеріміздің халқымыз үшін дағдыға айналып, мұраға қалғанын және орындалып жатқанын ескермей кетуге болмас. Ең бастысы келесі толқынның мұны санасына сіңіріп жалғастыруға деген ниетінің болуы.
Сонымен қатар мұражай қорында кездесетін 1940-1950 жылдары тоқылған түкті қоржында бар. Бұл қоржынды 1931 жылы ашаршылық кезінде Қарақалпақстанға жер аударылып кеткен қазақтың қолөнер шебері Балкүнше Құрманқызының туындысы. Кейін 1971 жылы Балкүнше Құрманқызы Қарақалпақстандағы Сұлтан-Баба қойылымына жерленген. Бұл бұйымды күні бүгінге дейін немересі Құлмышев Сәндібай әжесінің тоқыған бұйымын ұзақ жылдар сақтап келген. Бұл көненің көзін 2017 жылы мұражай қорына тапсырды.
Қазақ қолөнерінің тағы бір түрі керме. Керме – үй жанындағы діңгек ағаштардың арасына керіп байланған арқан; оған қонақтар мініп келген көліктерін байлайды, таң асатын, суитын аттарды басын жоғары қаратып байлап ұстайды. Көбінесе, адам көп жиналатын той-томалақта, ас берілетін лғf=»https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%96-%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B5%D0%BA»>тері-терсекті, жас етті кептіру үшін де пайдаланады. Осындай әдемі қолөнер туындысp>->
Кермені, Атырау қаласының тұрғыны Нақов Ақылберді 1990 жылы Түркіменстан, Ауғанстан, Монғолия елдерінен көшіп келген қазақ халықтарының және маңғыстаулықтардан коллекция ретінде жинақтап сақтап келген. Керме түкті кілем тоқу тәсілімен және тықыр техникасын пайдалана отырып тоқылып, тігілген. Беті қызыл, қара қоңыр, сарғыш түсті жіппен тоқылып, астары ақшыл жүн жіппен әсемдеген. Кермені 2019 жылы мұражай қорына тапсырған.
Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізді дәріптеп, қастерлеп келе жатқан ұлттық өнерінің асыл тарихын рухани көне керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау, өскелең өмір талабы болып отыр. Бабамыздың рухани мұраларын жоғалтып алу тіпті қиын емес. Ал оны жандандыру, жаңаша құрастыру көп жағдайда қолдан келе бермейді.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының
«Жалпы тарих және Этнография» бөлімінің маманы Венера Шапикова