№7 Шілде, 2023
Түйін сөздер: Алтын Орда,сауда, Ұлы жібек жолы, ақша,қала
Аннотация: Мақалада Алтын Орда империясы кезеңінде сауда-саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргендігі, бұл турасында Ұлы Жібек Жолының маңызы, Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа –айналдырылуы, қираған қала мәдениетінің қайта жанданып, даму жолына түсуі жайлы қарастырылады. Сонамен қатар, Алтын Орда өзгермей қалған жоқ, мұсылмандық Шығыстан көп нәрсе: қолөнер, сәулет өнерін, моншаны, изразецнер, өрнекті безендіру, әшекеріен астрологиясын, қарапайым көшпелілерге қарағанда неғұрлым жетік мінез-құлық пен талғам алып, сондай-ақ, Мемлеынғындарымен отырықшы аймақтар пайда болдамығаны қарастырылады.
Түйін сөздер: Алтын Орда,сауда, Ұлы жібек жолы, ақша,қала
Манғол шапқыншылы кезеңінде жаулап алған жерлердегі әлеуметтік-экономикалық және қала мәдениеті, бәрі бәрі толығымен қираған болатын. Орталық Азия мен Қазақстан территориясындағы көпшілік қалалар қирады. Дегенмен де екі жарым ғасырдай өмір сүрген Алтын Орда халықаралық сауданың дамуына өзіндік қол таңбасын қалдыра алды. Қираған қалаларды қалпына келтіріп сауданың дамуына зор күш салды. Осы халықаралық сауда саттықтың қалыптасына Алтын Орда хандары ықыласты еді. Осының арқасында оысы өңірлерде қала дамуы көркейе бастаған болатын. Бұған дейін ешқашан Еуропа мен Азия арасындағы сауда көлемі Алтын Орда кезіндегідей құлаш жайған емес.
Манғол шапқыншылығы қазақ даласындағы отырықшы және қала мәдениетінің дамуына едәуір тоқтатып тастады. Жазба деректерде қалалардың қираған сұмдық көрінісімен баяндалады. Сондай-ақ, Жетісу даласының қаңырап қалғандығы суреттеледі.
Дегенмеайжолында орналасқан мекендер бойына қайта қан жүгірді. Алтын Орда тұсында ақша соғу мәселесі де жолға қойыла басрт Алтын Орда астанасы — Сарай қаласы туралы ең алғашқы деректерді Рубрук қалдырды. Ол осы қалада 1254 ж. болды. Мемлекеттің барлық аймақтарында қала және ауыл тұрғындарымен отырықшы аймақтар пайдr>алпы саны 150 ге жуық қала қала, мыңдаған елді мекендер бой көтерді. Алтын Орда хандары қала мәдениетін көркейтуге, қолөнер мен сауда ісін жандандыруға күш жұмсады.
Алтын Орда өзгермей қалған жоқ, мұсылмандық Шығыстан көп нәрсе: қолөнер, сәулет өнерін, моншаны, изразецнер, өрнекті безендіру, әшекейлі ыдыс, парсы өлеңдерін, араб геометриясы мен астрологиясын, қарапайым көшпелілерге қарағанда неғұрлым жетік мінез-құлық пен талғам алып, үйренді. «Орда мәдениеті белгілі бір мұсылмандық-жерортатеңіздік сипатқа ие болды» деп санайды, батыстың белгілі шығыстанушысы К.Босворт, бұған Алтын Орданың ХІІІ ғасырдың екеніші жартысы мен ХІҮ ғасырдың бірінші жартысында Анатолиямен, Сириямен және Египетпен кең әрі тығыз байланыс жасауы себепші болды.
Алтын Орданың астанасы Сарай мен оның басқа да қалаларында көптеген қалалардың өкілдері тұрды. Сарайда бәрі де дамып, қалыптасу үстінде болатын, онда әр түрлі діндер мен мәдениеттер тоғысады, ордалықтар өздері жаулап алған елдерінен тұтқын етіп айдап әкелген он саусағынан өнер тамған шебер қолөнершілер Алтын Орда қалаларын салуға және Алтын Орданың синкретикалық мәдениетін жасауға қатысты.
Алтын Орда дәуірінде Ұлы дала экономикасы жаңа сипатта гүлдене бастады. Сауда және халықаралық қатынастарының орталығына айналды. Қытай деректерінде былай деп жазылған: «Шынғыс хан Шығыс пен Батысты байланыстыратын шекараларда өз мүддесін жүргізді, қамалдар мен бастиондарды жермен-жексен етті. Осыдан кейін ғана экономикалық және мәдени қатынастар жақсарып, Шығыс пен Батыстың гүлдену кезеңі басталды». Ислам дінінің таралуымен қалаларда мешіттердің, кесенелердің өсуі көрінеді.
Алтын Орда хандары Ұлы Жібек жолының дамына күш салды. Еуропадан Қытайға қатынайтын керуендердің қауіпсіздігі Алтын Орда хандары ерекше көңіл бөлген мәселелердің ең бастысы болды. Бұл керуен жолдарымен тек Еуропа мен Қытай саудагерлері ғана емес, орыс князьдіктерін, Қырымннан, Кавказдан, Бұлғардан, Хорезмнен және Орта Азиядан, Алтайдан, Сібір мен Манғолиядан да қатынады.
Алтын Орда ол кезде сол дәуірдің бүкіл саудагерлері бас қосатын жер секілді көрінетін. Мұсылман саяхатшылары әл-Омари мен ибн Баттута соған куә болған. Олар Алтын Орда астанасында дүниенің түкпір-түкпірінен келген сансыз саудагер тұратынын жазады. Жібек матасын алу үшін Қытайға барудың қажеті жоғын, оны Алтын Орда базарларынан-ақ алуға болатынан хабарлайды. Міне Алтын Орда базарларының қаншалықты дамығанын осы жерден аңғаруға болады. І.Есенберлиннің Алтын Орда кітабында да саудаға қатысты тағы былаайша жазылады. Батыс пен Шығыс арасындағы көне Жібек жолының сауда-саттығы Қыдайдан Иранға тек жібек, Үндістаннан Жағропаға меруерт, маржан, асыл тастар, орыс жерінен құндыз, түлкі, бұлғын, ақ тиын терілері ғана жеткізіліп қоймаған, асыл тастармен қатар, Фердаусидің «Шахнамасы», «аристотель логикасының комментариясын» жазған Абу Насыр әл Фарабидің еңбектері, әл-Бирунидің шығыстың ұлы ғалымдары ра-Рази, Али-ибн Аббастың дәрігерлік ғылымдарын жалғастырған Ибн Синаның дәрігерлік канондары осы Жібек жолы арқылы Батысқа келген. Ал ол жақтан Шығысқа, Демокрит, Сакрат, Платон, Аристотель, Птолемейлердің философиялық және ғылыми трактатары, Архимедтің, Эвклидтің геометриялары жеткен. [4. 197б] осылайша Алтын Орда дәуірі кезінде де Жібек жолы адам баласының мәдени рухани өркендеуіне үлесін қоса берген. Он жеті жыл Құбылай ханның Ордасында қызмет еткен Венеция куеці Марко Поло осы жолымен жүріп Шығыс елдеріне жеткен. Ол «Кітәбі» бойынша 1247 жылы М.Санудо жасаған дүние жүзілік картаға Грузия, Дербент, Қытай түсірілген.
Маңғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге, кейбір жағымды жақтары да болған. Маңғол үкіметері сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасайды, жер жердің бәріне көлік қатынасы қызметінің тұтас жүйесін енгізеді. Бұл алыс қиянда жатқан халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар орнатылады. [5. 107 б]
Сауда-саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргені белгілі. Бұл турасында Ұлы Жібек Жолы туралы айтпасақ та түсінікті. Ал Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа ¬айналдырды. Әсіресе, Сарай-Бату, Сарай-Берке, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты қала-кенттерде сауда мен қолөнер өркендеп, ғылым, мәдениет, әдебиет, көркемөнер дамыды. Мысалы, 1357 жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдеби шығармасы «Наһжи ұл фарадис» кітабын жазды.
Алтын Орда аумағының басым бөлігін ертеден мал шаруашылығымен айналысқан көшпенділер иемденеді. Сонымен қатар, олардың арасында егін шаруашылығы және қала мәдениеті өркендеген ірі орталықтар да болды. Ол қалалар Қырым, Солтүстік Кавказ, Бұлғар, Еділдің төменгі ағысы және Хорезм еді. Бату ханнан бастап кейінгі көптеген хандар қала мәдениетін дамытып, қолөнер кәсібін оң жолға қоюға және халықаралық сауданы өркендетуге барынша күш жұмсады.
Еуропадан Қытайға қатынайтын керуендердің қауіпсіздігі Алтын Орда хандары ерекше көңіл бөлген мәселелердің ең бастысы еді. Бұл керуен жолдарымен тек Еуропа мен Қытай саудагерлері ғана емес, орыс князьдіктерінен, Қырымнан, Кавказдан, Бұлғардан, Хорезмнен және Орта Азиядан, Алтайдан, Сібір мен Моңғолиядан да қатынады.
Осылайша, 1234 ж. қыс айларына қарай, жас мемлекет бірітіндеп дами бастайды, оның ішінде сауда басты орынға шықты. Жаңа құрылғанына қарамастан, мемлекет күшті болады. Даланың алып мемлекетімен көршілес орналасқан ұсақ князьдіктер қарым-қатынас орнатуға асығады.
Мәселен, Масудбек ханның тұсында алтын динарлар соғуға жарлық беріледі. 1271 жылы Масудбектің ақша реформасы мемлекетті күміс теңгемен қамтамасыз етті. Осылайша қала өмірі мен ақша сауданың дамуы үшін алғышартар жасалды. Одан кейін экономиканың дамуына Кебек ханның 1321 жылғы ақша реформасы себеп болды. Шағатай ұрпағының атынан соғылған жаңа күміс ақша «кебеки» деп аталды. Алтын Орда ханы Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады.
Алтын ақшаны шығару құқығы бар ең ірі қалалар: Сарай, Сарай әл-Жедід, Хорезм, Орда-Базар, Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Моқшы, Шехр әл-Жедід және басқалары болған. Осы қалалар тек қана қолөнер және сауда орталықтары ғана емес, сонымен қатар ірі әкімшілік, мәдени орталықтар да болған.
Тоқта ханның биік басына отырған жылдары Құлағу мемлекеті басшысының ауысқан кезіне тұспа-тұс келді. Жаңа илхан болып Кейхатун сайланады. Ол таққа отырғанда Алтын Орда мен Мәмлүк сұлтандығымен бейбіт келісім жасасты.Бұл келісім саудагерлер мен олардың керуендеріне жабық болып келген Кавказ таулары арқылы сауда керуен жолдарын жандандырады.
Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласы болатын. Көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Мемлекет халқы этникалық жағынан біркелкі боған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ және тағы басқа тайпалар мекендеген.
Осылайша Алтын Орда тұсында қала мәдениеті және сауда дұрыс жолға қойылып көркейіп дамыды. Керуендерге Алтын Орда ханы жағдай жасап, тонау шапқыншылық болмауын тікелей өздері қадағалап отырды. Осы сауда арқылы жер жерлерден бағалы тауарлар әкелініп, білім – ғылым жүйесі де өз кезегінде көркейді.
Есмырза Ұлжалғас Асқарқызы, Түркістан қаласы